Ақылды қыз білімге жүгірер,
Ақылсыз қыз сөзге ілігер.
Қырсыққан қыз бай таппас,
Қырсыз жігіт мал таппас.
Байғазыға байдың қызы.
Қызға бергенді Қыдыр өтер.
Қыздың құны қырық жеті.
Қыз ұзатқанның қызылы қалмас.
Шыққан қыз шиден әрі.
Қайтып келген қыз жаман,
Қайта шапқан жау жаман.
Жасауды жеті жастан жинасаң жетеді,
Алты жастан жинасаң асады.
Жасауы көп келіннің күйеуі жуас.
Тозбас жасау болмас,
Бас білмес асау болмас.
Ауру — астан,
Дау – қарындастан.
Бір қыз күйеуге шықса,
Мың қыз түс көреді.
Жақсы қыз — жағадағы құндыз,
Жақсы жігіт – аспандағы жұлдыз.
Жыршы қызға – сыршы күйеу.
Қыз назы қырық кісіні мас қылады.
Қыздың қабағында құт бар.
Қыздың қабағы күлімдесе – құт келеді.
Қыздың жолы қырық кісінің жолын бөгейді.
Қызда қырық көліктік бақыт бар.
Қыз бала кісінің кісісі.
Қыз – қонақ.
Қыз өссе елдің көркі
Гүл өссе жердің көркі.
Қыз ат байлатар.
Қыз ұшқан қу.
Қызға берген көрінбес.
Қыздың көзі қызылда.
Қызды ауыл өсекшіл.
Шыққан қыз шиден ары.
Қайтып келген қыз жаман,
Қайта шапқан жау жаман.
Төркін десе қыз төзбейді.
Тойған қыз төркінін танымас.
Қыз бала үйге жаққан бояу.
Қыз бала өкпешіл болса,
Қалың малы көп болар.
Қасынан қыз өтсе сексендегі шал басын көтерер.
Қыздың жолы жіңішке.
Қызы бар үйдің жеңгесі сүйкімді келеді.
Қызды ауылдың қызығы көп.
Қызды қымтам ұстаған ұялмайды.
Қыз бен жылқы жаудікі.
Күйеу жаман болса қызыңнан.
Ауылдан қыз кетсе, қызық та кетеді.
Қыздың ұяты шешеге.
Қызды асырап білмеген күң етер,
Жібекті түте алмаған жүн етер.
Қызым саған айтам, келінім сен тыңда.
Қызың өссе қылықтымен ауыл бол.
Қыз қылығымен.
Жынды қыз ашамайға мінді қыз.
Шешесіне қарап қызын ал,
Аяғына қарап асын іш.
Қызы бардың назы бар.
Қызға қырық үйден тыйым.
Қыз күнінде бәрі жақсы,
Жаман қатын қайдан шығады.
Қыз — өріс, ұл — қоныс.
Екі ауылдың арасын жол қосады,
Екі елдің арасын қыз қосады.
Қыздың жолы жіңішке.
Қыздың қырық жаны бар.
Судың түбін шым бекітер,
Даудың түбін қыз бекітер.
Отырған қыз орнын табады.
Қыз мінезді келсін,
Ұл өнерлі келсін.
Қыз баққаннан қысырақ баққан оңай.
Шешесі отырып, қызы сөйлегеннен без.
Жақсы қыз — жағадағы құндыз.
Қыздан туғанның қиыңы жоқ.
Қалыңсыз қыз болса да, кәдесіз күйеу болмайды.
Қызыңды құтты орнына қондырғанша күт,
Ұлыңды отау иесі болғанша күт.
Ақылды қыз білімге жүгінер,
Ақылсыз қыз сөзге ілігер.
Қызды кім айттырмайды,
қымызды кім ішпейді.
Қыз — жігіттікі,
Қымыз — көптікі.
Қыз түгіл қызыл шүберек те таба алмайсың