Пайда, олжа туралы қазақша мақал-мәтелдер

Мал өсірсен қой өсір,

Өнімі оның көл-көсір.

Құдаңның тайын алғың келсе,

Құлынды биесін сұра.

Ат аунаған жерде түк қалар.

Байдан пайда құтылмас.

Жамау тапқан жарлы болмас.

Аспандағы сұңқардан қолдағы тұрымтай артық.

Қайырсыз пайдадан — қайырлы залал.

Оңай олжа оңалтпас.

Артық олжа — басқа еңбек.

Өлі арыстаннан тірі тышқан артық.

Таңдағы тауықтан сол күнгі жұмыртқа артық.

Жолдағы құйрықтан қолдағы өкпем артық.

Керек тастың ауырлығы жоқ.

Шығасы шықпай кіресі кірмейді.

Бір жоқ бір жоқты табады.

Өлген сиыр сүтті болады.

Саудада достық жоқ.

Жоғалған пышақтың сабы алтын.

Оңай олжа тұрмас қолға.

Желмен келген желмен кетеді.

Ханның қасында болғанша, судың басында бол.

Саудагер құнықса, сақалын күзеп сатар.

Алтын базарында бағалы.

Алдың — ұттың,

Саттың — жұттың.

Ала қойды бөле қырыққан жүнге жарымас.

Сүйекпен ұрған ит қыңсыламайды.

Ит төлеуі бір күшік.

Ортақ өгізден оңаша бұзау артық.