ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ҚОЗҒАУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ туралы қазақша реферат
Ұрлық, тонау мен қарақшылық жайлы қылмыстық іс қозғау үшін жиі себеп болып табылатында: жәбірленушілердің немесе олардың туыстарының арыздары, мемлекеттік, қоғамдық немесе жеке ұйымдардың лауазымды тұлғаларының, осы ұйымдарға жататын мүлікті ашық түрде ұрлап кету фактілері туралы немесе мүлікті тартып алу мақсатында олардың қызметкерлеріне шабуыл жасалғандығы туралы хабарлауы, медицина мекемелерінің шабуыл жасау нәтижесінде жәбірленген адамдарға көмек көрсеткені туралы хабарлауы, көзі көрген тұлғалардың тонау немесе қарақшылық шабуыл белгілері деп табылатын фактілер туралы арыздары, тергеушінің немесе анықтау органдарының қылмыс белгілерін табуы.
Әдетте тонау, ұрлық немесе қарақшылық белгілері бар оқиға туралы хабар алғаннан соң арызданушыдан жауап алынады. Егер арызданушы жәбірленуші болмай, көзі көрген немесе тиісті мекеме, кәсіпорын не болмаса ұйым әкімшілігінің өкілі болса, онда жедел түрде оқиға болған жерді күзетке алу шараларын қолдану, жәбірленушіні анықтау және одан оқиғаның мән-жайын анықтау керек. Сұрау салушы тұлға көп жағдайда, жәбірленушінің денесінен, киімінен және заттарынан табылған іздер(дене жарақаты, жыртылған не бүлінген киім) расында да оған қарсы күш қолданылғанын куәландыратынына көз жеткізуі мүмкін. Жедел түрде сезіктіні іздестіруді ұйымдастыру үшін, арызданушыға сұрақ салуды қысқа мерзімде өткізу керек.
Әдетте тонау, ұрлық пен қарақшылықты тергеудің алғашқы кезеңінде мына тергеу жағдайлары жиі кездеседі:
1. Ұрлық, тонау мен қарақшылық жасаған сезікті тұлға қылмыс орнында не болмаса дәл жасалғаннан соң ұсталған.
2.Қылмысты жасаған сезікті тұлға әлі ұсталмаған, бірақ тергеушінің қолында оны іздестіру мен ұстауды ұйымдастыруға мүмкіншілік беретін мәліметтер бар.
3. Қылмыс жасаған тұлға туралы құқық қорғау органдарында ақпарат жоқ немесе жоқтың қасы.
Аталған жағдайлардың біріншісінде тергеуші іс-әрекеттерінің келесі бағдарламасы мақсатқа сай болады: сезіктіні ұстау, оны жеке тінту, жауап алу, қажетті жағдайда – оны куәландыру; жәбірленушіден сұрақ-жауап алу, қажетті жағдайда оның киімдерін тексеру және куәландыру; оқиға болған жерді қарау; сезіктіден жауап алу; сезіктінің тұрғылықты жерін тінту; көз көрген куәлерден жауап алу; сот- медициналық, криминалистік және басқа сараптамалар тағайындау.
Екінші тергеу жағдайында алғашқы тергеу әрекеттерінің келесі жүйесі орынды: жәбірленушіден жауап алу, оны куәландыру және киімін қарау, куәгерлерден жауап ал; сот сараптамасын тағайындау; жедел іздестіру шаралары.
Үшінші жағдай үшін де жоғарыда аталған тергеу әрекеттерінен басқа, сезікті тұлғаларды анықтау мен ұрланған заттарды іздестіруге бағытталған жедел іздестіру шаралары тән.
Қылмыс жасалғаннан кейін өткен уақытқа байланысты «ізін суытпай» іздестіру ұйымдастырылады. Ол үшін тиісті ішкі істер органдары хабардар етілуі тиіс. Күрделі жағдайларда патрульдік- бекеттік қызмет, сондай-ақ қылмыскерлер автокөлікке жасырынуы мүмкін деген негіз болса, көлікті бақылау күшейтіледі. Жедел шаралар жиынтығы ұрланған мүліктердің өткізілуі мүмкін және қылмыскерлердің пайда болуы мүмкін жерлерде жүргізіледі.
Ұрлық, тонау мен қарақшылық шабуыл жасау қылмыстары бойынша болжау жасалғаннан кейін келесідей тергеу әреекттері жүргізіледі: ұстау;жеке тінту;сезіктіден жауап алу;жәбірленушіден және куәдан жауап алу;оқиға болған жерді қарау;сезіктіге жеке куәләндіру жүргізу;сезіктінің тұратын жайын тінту;жедел-іздестіру шараларын жүргізу;сараптама тағайындау.
Тергеу жоспарының логикалық негізі-тергеу болжаулары.Яғни тергеуді жүргізер алдында болжаулар жасағаннан кейін тергеуші іс-әрекеттерін жоспарлауға кіріседі.
Тергеуді жоспарлау дегеніміз-бұл уақыт пен күшті аз жұмсау үшін заң талабына сай болған қылмыстың барлық жағдайын анықтау мен кінәлілерді ұстау бойынша жасалынатын мазмұнның негіздемесін және жұмыс тәртібі мен қорытындыларын ойлау процесі.
Алғашқы тергеу әрекетінің типтік тергеу жағдаййлары (ситуациялары):
1) Ұрлық, тонау мен қарақшылық шабуыл жасаған тұлға қылмыс жасаған жерде немесе бірден содан кейін ұсталса:
2)Қылмыс жасаған тұлға туралы тергеушіде нақты мәлімет бар,бірақ ол әлі ұсталған жоқ;
3)Қылмыс жасаған тұлға туралы мәлімет толығымен жоқ немесе онша мәнді емес.
Ұрлық, тонау мен қарақшылық шабуыл жасауға себепші болған себептер мен шарттар.
1.Қылмыстық қолсұғушылықты жасаған субъектінің сапасын анықтайтын факторлар:
-ата-аналары қоғамға қарсы әрекеттерге жол беретін жағымсыз жанұяның әсері;
-бұрын сотталған тұлғалармен, ішімдікке әуестермен араласуға итермелейтін жас өспірімдердің қадағалауда болмайтындығы;
-қылмыс жасауға жақын тұлғалар,яғни төменгі мәдениеттілік,тиесілі білімнің және мамандығының болмауы;
-материалдық бағалы заттардағы нашар күзет.
2. Ұрлық, тонау мен қарақшылық шабуылды жасау ниетін жеңілдететін жағдайлар:
-бағалы заттардағы нашар күзет;
-бұзу қаруын, қаруды табу мүмкіндігі;
-күзеттік және күзеттік милиция қызметінің жетіспеушілігі;
-қоғамдық тәртіпті бұзуға айналадағы ортаның немқұрайлы қарауы;
-қылмыстың жасалуы мүмкін территорияларда жарықтың нашар болуы.