ҰРЛЫҚ, ТОНАУ МЕН ҚАРАҚШЫЛЫҚ ШАБУЫЛДАРДЫ ТАБЫСТЫ АШУ ЖӘНЕ ТЕРГЕУДІҢ НЕГІЗГІ ТЕРГЕУ ӘРЕКЕТТЕРІ

ҰРЛЫҚ, ТОНАУ МЕН ҚАРАҚШЫЛЫҚ ШАБУЫЛДАРДЫ ТАБЫСТЫ АШУ ЖӘНЕ ТЕРГЕУДІҢ НЕГІЗГІ ТЕРГЕУ ӘРЕКЕТТЕРІ туралы қазақша реферат

       Ұрлық, тонау мен қарақшылықты тергеу барысында оқиға болған жерді қарау, қылмыскерлер мүлікті тартып алу үшін, алдымен жәбірленушінің қарсылығын не басқа да тосқауылдарды(әйнекті қирату, есікті сындыру және т.б.) жеңіп алуға мәжбүр болғанда, ең жақсы нәтижелер береді. Бірақ мұндай жағдайлар орын алмағанда да қарау жүргізуден бас тартпау керек. Тәжірибе көрсеткендей, оқиға болған жерді мұқиат және әдісін тауып қарағанда, қылмыстың материалдық іздерін әрқашан табуға болады.

Егер жәбірленушінің оқиға болған жерді қарауға қатысуға шамасы болса, оны сонда шақыру керек. Қарауға сарапшы- криминалист пен кинолог инспекторды қатыстыру да үлкен пайда әкеледі.

Қарау барысында тергеуші қол, аяқкиім, қан іздерін, қылмыскер не жәбірленуші тастаған не түсіріп алған заттарды және күрес іздерін табуға тырысуы тиіс. Кейде оқиға болған жерді қарау нәтижесінде қылмыскердің үстінде немесе  оның киімінде қандай іздер қалуы мүмкін екендігін  анықтауға болады. (мысалы оқиға болған жерден киімнен үзіліп түсіп қалған түйме табылса, ал ол жәбірленушінікі болмай шықса, онда ойша ол түйменің қылмыскердің киімінен түсуі мүмкіндігін болжауға болады).

Ұрлық, тонау мен қарақшылықты тергеу барысында қылмыс іздері мен заттай дәлелдемелер жиі қылмыс орнынан қашықтау жерлерден табылып жатады. Сондықтан қарау шекарасын қылмыскердің құрбанға жақындауы мүмкін жолдарын және мүмкін бағыттарын ескерту арқылы кеңейткен орынды.   Егер тонау немесе қарақшылық кезінде қылмыскер мен құрбанның арасында күрес болса, жәбірленушінің киімінде не болмаса жеке заттарында микробөлшектер қалуы мүмкін. Олар әдетте жұққан заттармен бірге алынады. Оқиға орнынан қылмыскер ұстауы мүмкін нәрсе табылса, иіс үлгісін алуы керек. Қарақшылық және тонау жайлы іс бойынша жәбірленушіден жауап алу оқиға болған жерді қараудан соң дереу жүргізіледі ал жеке жағдайларда қараудың алдында жүргізілуі мүмкін.

Қылмыстық оймен азаматтардың тұрғын үйлеріне кіру арқылы жасалған қарақшылықтың аса әдепсіздігі, қатыгездігі және айқын пайдакүнемдік – тойымсыздық бағыты, көп жағдайда, оларды тергеудің белгілі бір күрделілігін туғызып, тергеушіден бірқатар шарттарды есепке алуды талап етеді.

Жұртшылықтың қылмысқа қарсы күреске қатысуы құқық қорғау органдарының күшін анағұрлым арттырады, осы міндетті тікелей атқаратын, сонымен қатар еңбекші бұқараның мемлекеттік аппарат қызметімен  байланысының маңызды түрі болып табылады, оларға қарсы құқықтық заңның қолданысын бақылау мүмкіндігін туғызады, заңды құрметтеуді және құқық бұзушылыққа жол бермеу сезімдерін тәрбиелейді. Бұл саладағы жұмыста бұқаралық ақпарат құралдары (радио, теледидар, баспа) маңызды роль атқарады, өйткені олардан көмек сұрау тергеуден жасырынып жүрген  қылмыскерлер мен ұрланған мүліктерді іздестіруді табысты жүзеге асыруға, азаматтарға қарақшылық шабуыл жасауға мүмкіндік туғызатын мән-жайлар мен жағымсыз істердің себебін жою мақсатындаалдын алу жұмыстарын белсенді жүргізуге мүмкіндік береді. Ұрлық, тонау мен қарақшылық шабуыл жасау қылмыстары бойынша оқиға болған жерді қараудың дайындық сатысы оқиға туралы хабар алынғаннан кейін қаратуға дайындалады және нақ сол жерде жүзеге асырылатын дайындық әрекеттерін қамтиды.Оқиға туралы хабарланған бойда, тергеуші:

-не және қайда болғанын анықтап,оқиға орнындағы жабдықтарды қорғауды қамтамасыз ету үшін оқиға орнын қорғау туралы нұсқау жергілікті әкәмшілік немесе полиция органы арқылы беруге;

-қорғауды ұйымдастырушы қызметкерлерге мәліметтерді аса пайдалы болатын оқиғаны өз көзімен көрген тұлғаларды анықтау қажеттілігі туралы ескертуге;

-егер жәбірленушілер болса, оларға медициналық көмек көрсету туралы нұсқау беруге;

-полиция қызметкерлері сезікті тұлғаларды ұстауға және болған оқиғаның зиянды зардаптарын болдырмауға шара қолданған-қолданбағанын анықтауға;

-тергеу портфелінің,фотоаппараттың және қарау жүргізуге қажет басқа да құралдардың толық жинақталуын оқиға орнына шығу алдында тексеруге және қажетті мамандарды шақыруға міндетті.

Жауап алу барысында айыпкерге қойылатын сұрақтар тергеудің бастапқы кезеңінде жүргізілетін сезіктіден жауап алу барысында анықталған сұрақтарға ұқсас болады. Әдетте тонау және қарақшылық жайлы іс бойынша айыпкерлер жалған жауап беретінін естен шығармаған жөн. Сондықтан жауап алу кезінде дәлелдемені ұсыну тәжірибесі кең қолданылады, сонымен қатар айыпкердің еркіне қарамастан оның кінәлілігін дәлелдейтін мағлұматтарға, не екендігін анықтауға бағытталған тәсілдер, тергеушінің мағлұматтылығы туралы жауап алынушыда ұлғайтылған түсініктің тууы қолданылады.

Сұрақ-жауап барысында жәбірленушіден мейлінше толық және нақты жауап алуға тырысу қажет. Әсіресе қылмыскердің белгілері және ұрланған мүліктің белгілері мен ерекшеліктері егжей-тегжейлі суреттелуі тиіс. Қылмыскерді суреттеу барысында «ауызша суреттеу» ережелері мен терминдерін мүмкіндігінше кең қолданған жөн. Қылмыскердің ерекше белгілерін (меңдерін, қалдарын, тыртықтарын, сүйелдерін, татуировкаларын) және киімдерінің ерекшеліктерін анықтап жазып алу маңызды. Ұрланған заттарға келетін болсақ оларды хаттамаға егжей-тегжейлі суреттеумен қатар, жәбірленушіден ұрланған заттардың құжаттарын (төлқұжат, кепілдеме талоны) немесе оларға тиісті бұйымдарының (қосалқы түйме, мата қиындысы, фотоаппарат қорабы) сақталып қалған-қалмағанын анықтау қажет. Егер қылмыскерлер киімдерді алған болса, онда киімнің қалтасында не болғаны анықталады.

Қылмыс жасады деген сезікті тұлға ұсталмаған жағдайда, тергеу әрекеттерімен қатар, белсенді түрде сезіктіні айқындап, оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған жедел іздестіру шаралары жүргізілуі тиіс.

Жауап алғанда тергеуші мен жауап беруші адамның арасында белгілі бір қарым-қатынас қалыптасады.Психологиялық тұрғыдан ол қарым-қатынас олардың көзқарасында қайшылықтың бар-жоғына байланысты орнығады.Егер жауап беріп отырған  адам өз еркімен шындықты,істің мән-жайын толық айтып отырса, мұндай пікір қайшылығы жоқ жағдай деп есептеледі.

Ал егер  жауап беріп отырған адам жалған жауап беріп,істің кейбір мән-жайларын жасырып,айтқысы келмей жалтарса, мұндай жағдай келіспеушілік,яғни қайшылықты жағдай деп саналады.

Шабуылға ұшыраған жәбірленушіден жауап алу алдында оны жұбатып, оның қауіпсіздігіне құқық қорғау органдары кепілдік бере алатынын түсіндіру қажет. Одан кейін тергеуші келесі сұрақтарды анықтауы қажет:

—         Ұрлық, тонау мен қарақшылық шабуыл қайда және қашан болды;

—         жәбірленуші қандай себеппен қылмыс жасалған жерде болды;

—         Ұрлық, тонау мен қарақшылық шабуыл кезінде оқиға қалай дамыды(қылмыскер немесе қылмыскерлер нақтылы не істеді, не айтты, жәбірленушіге қатысты қолданған күш көрсету немесе күш көрсетем деп қорқыту неден байқалады және т.б.)

—         егер қылмыскерлер қаруланған болса, қандай қарумен қаруланған және оның белгілері;

—         Ұрлық, тонау мен қарақшылық шабуыл барысында жәбірленуші қандай әрекет жасады(қылмыстық әрекетті тоқтатуға немесе қылмыскерді ұстауға әрекет жасағаны-жасамағаны, қарсылық көрсеткені-көрсетпегені, көмекке шақырған-шақырмағаны және т.б.);

— Ұрлық, тонау мен қарақшылық шабуылдың жәбірленушіге келтірген     зардабы қандай(қылмыскер одан не алып кетті, материалдық зиянның мөлшері қандай, жәбірленушіге қандай дене жарақаты келтірілді.

—         қылмыскерлердің белгілері қандай, жәбірленуші қылмыскерді тани ала ма, олар қай бағытта жасырынды;

—         ұрланған бұйымдардың белгілері қандай;

—         Ұрлық, тонау мен қарақшылық шабуылдан кейін жәбірленуші не істеді;

—         болған оқиғаны кім көрді немесе кім көруі мүмкін және тағы басқалары.

Ұрлық, тонау мен қарақшылық шабуылдарды тергеудің келесі кезеңінде тануға ұсыну, айғақты оқиға орнында тексеру және де басқа да тергеу әрекеттері жүргізіледі.

Тану үшін көрсету-ҚР ҚІЖК-нің 228-бабында көзделген тәртіпке сәйкес жүргізілетін және танушы тұлға бұрын көрген объектімен ұқсастығының немесе айырмашылығының болуын шешу мақсатымен куәға, жәбірленушіге,сезіктіге енмесе айыпталушыға ұқсас объектілерді көрсетуден тұратын тергеу әрекеті.Нақтырақ айтқанда, оның барысында бірдейлестірудің арнайы түрі-танушы тұлғаның есінде қалған бейнені тануға ұсынылған объектінің белгілерімен  ойша салыстыру жүзеге асырылады.

Тонау қылмыстық  ісі  бойынша  сезікті адамның үйінде тінту жүргізілгенде үйде жалғыз тұратын, тінтілетін бір кәсіпкер адам басында ашуы келіп,асып-сасып абырай берген еді.Тінту орталана бөлменің бір бөлегі  тексерілгеннен кейін оның көңіл-күйі көтеріліп,тінтіп жатқан адамдармен қалжыңдаса бастады.Тергеуші тінтілуші еркектің көңіл-күйінің өзгеруін байқап қалып,дер кезінде оған мән берді, тексерілген объектілерді тағы бір мұқият қарап шығуды жөн көрді,әсіресе осы еркектің тапжылмай тұрып алған керует тұсы күдік келірді.Айтқандай,қайта тексергенде керуеттің алмалы арқалығының қуысынан толған ақша,тергеуге қажет құжаттар    және қылмыс қаруы табылды. Міне,сөйтіп тергеуші тінтіліп жатқан адамның психологиялық көңіл-күйіне дер кезінде дұрыс мән беруінің нәтижесінде іске керекті объектілерді тауып,тінтуді табысты аяқтады.Сондай-ақ тінтуде бір нәтиже беретін тактикалық,психологиялық әдіс-«ауызша барлау».Бұл тактикалық әдістің мәні тергеуші өзінің көмекшілеріне нұсқау берген болып немесе ақылдасқан болып,ауызша тінтілушіге естіртіп, қай жерлерді,қай нәрсені,не объектіні мұқият қарау керек еекендігін айтады.Сонымен бір мезгілде тінтілетін адамның психологиялық көңіл-күйін бақылайды. Затты тыққан жері аталғанда,өзін қанша ұстамды ұстаса да тінтілетін адам көбіне қобалжыған көңіл күйін білдіріп қояды, құты қашып  асып-сасып қалады.

Қарастырылып жатқан категориядағы іс бойынша тергеудің келесі кезеңінде әр түрлі сараптамалар тағайындалады: сот-медициналық (тірі тұлғалар мен заттай дәлелдемелер ), криминалистік(трасологиялық және қарутанушылық), сонымен қатар топырақтану, материалтану және басқа да сараптамалар.

Ұрлық, тонау мен қарақшылық ісі бойынша келесі сот сараптамалары жүргізіледі:

-дактилоскопиялық сараптама-пара затындағы немесе қабатындағы қылмыскердің ізін алу үшін;

-трассологиялық сараптама және т.б.

-фоноскопиялық (дыбыстық) сараптама.