Құмкөл кен орнының 1-игеру объектісі бір өнімді Ю-1 қабатты қамтиды. Мұндағы алғашқы мұнай алу қоры 23,184 млн тоннаны құрайды. Мұнда кен орнының барлық қорларының 23,3 пайызы шоғырланғын. 2001 жылы «Южнефтегаз» өндірістік бірлестігі бойынша белгіленген шаралар арқасында мұнай өндіру 259,66 мың тонна, газ өндіру 59,5 млн м3 болды. Қабаттан алынған су мөлшері 15,13 мың тоннаны қүрады. Өнімнің сулануы 9,8 пайыз. Мүнай негізінен фонтандық тәсілмен өндірілді.
1-объект бойынша қазіргі барлық айдау қоры 34 ұңғыны құрайды. Су айдау, су бөлу пункті СБП (ВРП) бір ББСС (БКНС) және үш сорап арқылы жүзеге асады. Шығу қысымы 9,7-9,8 МПа. 2001 жылы қабатқа 382,563 мың м3, ал игеруден бері 2518,966 мың м3 су айдалды. Су алудын компенсациясын 38,3 пайызды құрайды. Мұнай өндіруді тұрақтандыру үшін мынадай профилактикалық шаралар жүргізіледі.
Ыстық мұнаймен және ыстық сумен өңдеу штуцерлер мен шығу желілеріне ыстық бумен тазалау. Ұңғы шығымдылығының объектіде азаюына себеп болушылар: СКҚ-ның (НКТ) бойына Парафинның жиналуы, су мен газдың көрініс беруі, ұңғы түбіне Құмның жиналуы. Ұңғыны жер асты жөңдеу бригадасы мұндай кездерде ұңғының түбін жауып, құмдардан тазартады.
3-объектіде газ факторы өте жоғары (83,5 м /тәу). Кейбір ұңғыда кұбыр аралық кеңістікте газ жиналған. Оның себебі пайдалану тізбегі дұрыс цементтелмеген. МГӨБ-де ұңғыны күрделі жөндеу бигадасы болмағандықтан, оны 2002 жылға құрып, қажетті жұмыстарды жүргізді. Игеруден бастап 2002 жылдың аяғына дейінгі аралықта кен орнының 1-объектісінен 931,147 мың тонна мұнай алынды. Алғышқы қордан өндірілген мұнай 9,2 пайызды құрады.
Жиналған сұйық өндіру 232,967 мың тонна, ал орташа сулану 8,6 пайыз. Қабатқа 298,135 мың м3 су айдайды, бұл жағдайда компенсация 27,2 пайызды құрады. Сұйық бойынша ұңғының орташа шығымы 24,3 т/тәу, мұнай бойынша 23,8 т/тәулікке тең болды. Бір ұңғының орташа қабылдағышы 145 м /тәу. 01.01.2000 жылға қарағанда игерудің басынан бері кен орнының 3-объектісінен 2546,052 мың тонна мұнай алынған. Бастапқы алынатын қорларға қарағанда қорды игеру дәрежесі 11 пайызды қүрайды.
2001 жылы 3-объект бойынша 32,264. млн м3 газ өндірілген. Бүкіл кеніш бойынша газ өндіруді есептеу тереңдік сапа алуды зерттеу мәліметтері бойынша, газдық фактор шамасына байланысты жургізіледі. Топтық қондырғы мен өлшеу қондырғыларындағы өлшеу аппараттырының жетімсіздігіне байланысты газды ұңғы бойынша есептеу жүргізілмейді. Объектілер және кеніш бойынша негізгі игеру көрсеткіштері.
Қабат қысымның өзгеру динамикасы
2002 жылы 3-объектіге айдалған барлық су мөлшері 1632,885 мың м3. 2002 жылдың 1-кварталында ұңгының көпшілігі тоқтап Қалды, бұл қабат энергиясының күйіне әсер етті.
Ақпан және наурыз айларында 1 -ші және 2-ші объектілерде Қабат қысымы шамасының өсуі белгіленеді: 0,63-0,67 МПа, 2-объектіде 1,75 МПа. Сәуір айында барлық нақты ұңғыларда қысымның түсуі көрінеді, объектідегі өлшенген орташа қысым 10,45 МПа.
Қабат қысымының төмендеуі көрінетін 2-ші бір участок, жаңа ұңғылар 2002 жылдың 2-бөлігінде берілген бұл үңғылар әзірге еріген газ режимінде жұмыс істейді. Су айдау ұйымдастыру жағдайларына байланысты кешігуде.