Скважина қорларының өзгеру динамикасы

Құмкөл кен орны бойынша 2001 жылы пайдалану қоры 256 ұңғы болды. Оның ішінде істеп тұрғаны 138, істемейтіні -29, меңгеру және тұрғызуда -25. Істеп тұрған ұңғылар саны: 1-объектіде — 31, 2-объектіде -30, 3-объектіде 17. 2001 жылы 18 өндіру ұңғысы енгізілді. Жоспар бойынша — 50, механикаландырылған тәсілмен 24 ұңғы аударылды.

Пайдалану қоры фонтандық тәсілмен өндірілді. Ол қабат қысымының, онымен қоса қабат энергиясының төмендеуіне әкеліп соқты.

2002 жылы пайдалану — 295, істеп тұрғаны — 141 ұңғы, 84 ұңғы фонтандық тәсілмен, ал 57 ұңғы механикаландырылған тәсілмен өндіреді. Бір ұңғының тәуілігіне беретін орташа шығымы — 54 тонна. 2 және 3 объектілерде күнделікті қабат қысымы 9,7 МПа түсті, оның өзі сұйықты алу қарқынына, су айдау арқылы жетпей тұр. Өйткені, тұрғызу объектілері қанағатсыз жұмыс жасауда.

Ал 2002 жылдың қаңтарының бірінші жұлдызыңдағы пайдалану қорына келетін болсақ, осы уақыт ішінде 160 ұңғы өнім беріп түр, 101 ұңғы фонтанды, 59 ұңгы механикаландырылған тәсілмен жұмыс жасауда. Меңгеру мен тұрғызуда 80, оның ішінде 47 ұңғыда көтергіш құбыр мен фонтанды қондырғы жетіспейді. Жүмыссызы — 8 ұңғы, өйткені қабат қысымдары қаныққан қысымнан төмен. Консервацияда 50 ұңғы, оның 30-ы жинау қондырғыларынан қашық болғандықтан консервацияланған 20 пайдалану ұңғылары. Оның 10-ы (NN 240, 244, 2070, 2080, 242, 330, 336, 400, 431) меңгерген кезде таза газ шыққан. Сосын 10 ұңғы (NN 1013, 1002, 1003, 152, 240, 2046, 347, 345, 340, 2059) нұсқа үстінде болғандықтан 100 пайыз суланған.

Су айдау қоры 50 ұңғыдан тұрады, оның ішінде істеп тұрғаны 24 ұңғы, қалғандары әртүрлі себептермен тоқтап тұр. Су алатын ұңғылар саны 10, бірақ оның 5-6 ғана тұрақты жұмыс істейді. Құмкөл кен орнында 2002 жылдың аяғына дейін 457 ұңғы бұрғыланды. Жобамен салыстырғанда 86,3%> кұрайды. Сол қазылған ұңғылардың 296 — пайдалану, 77 — айдау, 2-газды қабатқа қазылған. 3 бақылау, 15 — су алатын 20 — барлау жэне 2 уақытша тоқтатылған ұңғылар.

Пайдалануға берген 457 ұңғы орнына 2003 жылдың аяғында шын мәнінде жұмыс істеп тұрған 415 ұңғы, 289 фонтандық тәсілмен және 126 механикалық тәсілмен жұмыс істейді. Қалғандары жұмыс жасамай тұрған 28 меңгерулер және тұрғызылған 15 ұңғы. Әр түрлі жағдаймен 43 ұңғы тоқтап тұр, оның өзі пайдалану қорының 16,6% процентін құрайды. Жұмыс істемей тұрған 28 мұнай ұңғысы, оның ішінде 21 фонтандық және штангалы терең сорапты тәсіліндегі 28 жұмыссыз тұрған ұңғының 17-сі газ факторының көбеюіне байланысты тоқтап тұр. Оның 4 ұңғысы (NN 1002, 1030, 2004, 2005) өнімнің азаюына байланысты механикалық тәсілге көшіруге мәжбүр болып тұр. Өндіретін 2 ұңғы фонтадық өндірудің азаюына байланысты айдау ұңғысы көшірілді. 2001 жылы айдау қорында 57 ұңғы, оның 37-сі нақты жұмыс жасап тұр. Тұрғызуды күтіп тұрғаны -16, жұмыссыз тұрғаны -4 (NN 100,301,302,304).

NN 100, 301, 304 ұңғылары апатқа ұшырауларына байланысты тоқтап тұр. Жұмыс істеп тұрған өндіру ұңғылары. Мұнай шығыны бойынша таралуы келесі түрде көрінеді: кен орны бойынша барлығы -408 өндіру ұңғысы, оның ішінде 52 ұңғының шығымдылығы 10 тонна/тәу дейін, 11-ден 30 тонна/тәулікке дейін 91 ұңғы, 31-50 тонна/тәу 50 ұңғы, 51-70 тонна/тәулікке дейін 80 ұңғы, 20 ұңғы 71-90 т/тәу, 90 тонна/тәуліктен жоғары 8 ұңғы. Игерудің басынан бері кен орны бойынша 610092,3 мың м3 газ өндірілді, оның ішінде 1-объект бойынша

— 42273,9 мың м   , 2-объект бойынша — 379592,9 мың м , 3-объект бойынша — 179923,9 мың м3, 4-объект бойынша — 8301,6 мың м3. Қабаттағы қысым мен газды фактордың өзгеруі.

Кен    орнында   бірінші    қатардағы    аудандарда   мұнай   өндіру ұңғылары жылына 395 жэне 701 мың тонна мұнай береді. 2001 жылы бұл аудандарда кен орындарын игерудің технологиялық схемасының бұзылуына байланысты   1805,623  тонна мұнай  алынды.  2001   жылы қабат қысымы 118 ұңғыда тұрақты. Қысымы 258 ұңғыда өлшенді. 8 өндіру ұңғыларына режимдік зерттеу жүргізілді. (NN 232, 234, 239, 333, 339,   1010,  2027,  2081)  алынған  нәтижелер  бойынша индикаторлық қисық тұрғызылуы әсер етеді. Төменде игеру объектілеріндегі зерттеу жүргізілген ұңғылар саны көрсетілген.

1 -объект 40 ұңғы — 95 ұңғы,

2-объект 64 ұңғы — 136 ұңғы,

3-объект 14 ұңғы — 24 ұңғы.

Игеру объектілерінде қабат қысымының интенсивтік төмендеуі ұзақ пайдалану бойынша түсіндіріледі. Табиғи игеру режимде және өнім қабатында қабат қысымын қалыпты ұстау үшін системалық әсер етулерді ескертеміз. Кен орнын игерудің процесі N1 бүрғылау (1984) ұңғысын қазған кезде, қабаттарға газдардың бір-бірімен әсеріне байланысты құрылды. Бұл аймақтың құрылысының дұрыстығын анықтайды. Бұнымен байланысты КазНИПИ мұнай институтының N1 ұңғысын жабу жобасы дайындалды. Айдалған судың есебі және сұйықтың шығымын өлшеп, жазып отыру керек. Кейбір техникалық жағдайлар   қиындықтар  туғызады.   Өлшеу   приборларының  тереңдік манометрлерінің    кен   орнын    игеруді    бақылап    отыратын    арнайы техникалардың жетіспеуі – дәл мәлімет алуға кедергі келтірді.

Сұйықты тым көп алу нәтижесінде ұңғы төңірегінде судың жиналуына және әр ұңғыдағы судың 95%-ке дейін көтерілуіне себебін тигізді. Мысалы: N135 -30 пайыз, N151 -75 пайыз, N1006 -50 пайыз, N134 -80 пайыз, N134 -84 пайыз, N187 -70 пайыз, N1007 -79 пайыз, N139 — 85 пайыз, N1345 -80 пайыз, N2046 -80 пайыз, N348 -80 пайыз, N1009 -90 пайыз, N143 -90 пайыз, N11013 -95 пайыз.

Ұңғылардағы суланудың тез өсуі мұнайдың шығымын азайтып жібереді. 3-объектіде төмендеу орнын жаңа ұңғыларды енгізу арқылы толықтырылды