Құмкөл кен орнын игерудің тарихы және қазіргі жағдайы жөніндегі қысқаша мәлімет

Мұнай кен орнын игерудің жобасын жасаған кезде, оны талдап, баға беру керек. Оның үстіне жобамен жасалған варианттар шама келгенше экономикалық тиімділікте болуы керек.

Құмкөл мұнай кен орнында газды мұнайлы қабаты бор және юра шөгінділерінен құралған. М-1, М-2 қабаттарымен Ю-1, Ю-2, Ю-3 және Ю-4 қабаттарында мұнай жиналған. Кен орнын қазу скважиналары 300×600 сеткасы бойынша нұсқа ішінен су айдау қамтылған. Осының бәрі мұнай өткізгіштікті көтеру әдістерімен байланысты. Бұған себеп болған кейбір өнімді қабаттардың қысымының жеткіліксіз болуы.

Жоба бойынша 2 вариант қаралған. Оның ішінде экономикалық вариант тиімді деп есептеледі. Осы бойынша 1182 ұңғысы қазылуы керек. Жалпы алынатын өнім 156-568 мың тонна.

Кен орнын игеру мерзімі 50 жыл. Жалпы кен орны бойынша 25млн   тонна мұнай өндірілуі керек.

Сұйық пен газ өндіру және су айдаудың өзгерісін талдау Құмкөл мұнай кен орнының игерілуі 1990 жылы мамыр айынан баталады. 1991 жылдан бастап мұнаймен бірге су және газ қосылып шыға бастады. 1991 жылы 1192,43 мың тонна сұйық өндірілсе, оның 1169,25 мың тоннасы мұнай, сулану 1,94%, газ өндіру 92,99 млн м3 болады.

1992 жылы 1993,04 мың тонна сүйықтың 1318,5 мың тоннасы мүнай сулануы 3,26%, газ өндіру 87,59 млн м болады.

 

1993 жылы «Южказнефтегаз» өндірістік бірлестігі бойынша белгіленген шаралар арқасында мұнай өндіру 1677,5 мың тонна, газ өндіру 111,73 млн м3 болады.

Мұнай фонтандық және штангілі терең сорапты тәсілдермен өндіріледі. Терең сораптың НСН-95, 44; 30, 15 жэне НСН-25, НСН-57, 30 түрлері қолданылады. Жыл басынан бері 3 қондырғы тобы іске қосылды (ГУ-8, ГУ-14, ГУ-16) және 2 өлшеу қондырғысы.

2000 жылы 23 жаңа ұңғылар енгізілді (НН 1004, 2056, 2057, 1015, 2050, 2054, 2055, 1005, 1006, 1007, 2025, 2026, 2027, 2034, 2035, 2036, 1002, 1003,1012,2018,2019,2011).

Механикаландырылған тәсілге 11 үңғы аударылды: NN 347, 150, 1013, 346, 343, 134, 124, 342, 1009, 135, 340.

1993 жылы су айдау 1207,620 мың м3 болды. Игеру басынан бері 1922,825 м3 . Айдауға керекті судың 3613,6 мың м3 жетпейді, яғни 64,6% сулану 4,8%.

2002 жылы кен орны бойынша 1805,623 мың тонна мұнай, 125,7 млн м3 газ және 1925,6 мың тонна сұйық өндірді. Кен орны бойынша өнімнің орташа сулануы 70% құрады. Осы жылдың ішінде 5 топтық қондырғы орташа тәуліктік шығымы 2-объект бойынша 37,5 тонна және 3-объект скважиналары енгізілді.

120 ұңғының тәуліктік өнімі 5679 мұнайды кұрайды. Бір ұңғының орташа    тәулік   шығымы   35   тоннаға   есептелген.   Яғни, шығымның жобадағы   деңгейден   жоғары   болуы   44%   құрайды. Жобаға сәйкес мұнай өндірудің жылдық көлемі 1800 мың тонна. 187 өндіру ұңғылардың тұрғызу қарастырылған.

2001 жылдың аяғында  өндіріс    объектілерін   тұрғызу   93,3% құрады. Қабат   қысымын  ұстау үшін, игерудің   технологиялық   схемасы қарастырған үш игеру объектілеріне, тоғыз нүктелі схема бойынша қабатқа су айдау жүргізіледі. Қазіргі барлық су аңдау қоры 44 ұңғыны құрайды. Су айдау, су бөлу пункті арқылы (ВРП) СБП, бір ББСС (БКНС), 3 сорап жұмыс істейді, шығу қысымы 10,7-10,8 МПа құрайды.

Жылына ұңғылар бойынша қабатқа айдаған су көлемі 2-кестеде көрсетілген. 1-объектіге су айдау ұңғылары (НН 24, 101, 102, 103, 104, 1001, 1008, 1021) арқылы жүзеге асады және 30 өндіру ұңғылары әсер етеді.

Айдау аймағынан алысырақ жатқандықтан 2 және 3 қатардағы (NN 1015, 1014, 1009, 1010, 1004, 1005, 1006, 105) ұңғылары әсер аймағынан тыс қалады. 1999 жылдан бері 3-объектіде бар болғаны 3 айдау ұңғылары (NN 303, 3001, 3008) жұмыс істейді және айдаумен 13 өндіру ұңғылары қамтиды. 1999 жылы бойында қабатқа 296,352 м3 су, ал игеруден бастап 5314,44 м3 су айдалған. Жылына мұнайлы қабаттарға бар болғаны 2013,635 м3 су айдалды.

Объектілер бойынша алуды қайтару ретіне 78,8; 58,3; 82,3% құрайды. Мұнай өндіруді тұрақтандыру үшін мынадай прафилакти-калық шаралар жүргізілді. Ыстық мұнаймен өңдеу (934 рет), ыстық сумен (40 рет) және штуцерлер мен шығу желілерін ыстық бумен тазалау. Ұңғы шығымының кен орнында азаюына себеп, парафиннің көтергіш құбырдың (НКТ) бойына жиналуы, су мен газ пайда болуымен, ұңғы түбіне құм жиналуда. Жер асты ұңғы жөндеу бригадасы мұндай жағдай кезінде ұңғы түбін жуып, құмдардан тазартады.

Кен орны бойынша мұнай өндіруді арттыру негізінен жаңа ұңғыларды енгізу арқасында болады. 2001 жылы пайдалануға 95 өндіру ұңғысы берілді. Олар бойынша өндіру 462,527 мың тонна мұнайды құрайды.  Ал  игерудің  көрсеткіштерінде  мұнай  өндірудің төмендеуі

көрінеді. Бұл сол уақыттағы Сібір жеңіл мұнайының келмеуіне байланысты ұңғылардың бір бөлігін (2-объектте) тоқтатуға мәжбүр болды. Өйткені Құмкөл кен орнының мұнайы қою, сондықтан Сібір жеңіл мұнайымен араластыру керек. Қаңтар айы бойынша 89 мың тонна мұнай және 95,77 мың тонна сұйық алынады. Ол 2000 жылдың алдыңғы айларынан өндіру деңгейі екі есе төмен.

Айдау ұңғыларының орташа қабылдағышы 2,94 м /тәу болғанда,

қабатқа су айдау 218,6 мың м3 болды. Бұл кезде су айдаумен өндіру 161,4% құрады. Наурыз айында 1-объектінің сулануына байланысты және қысымның көбеюіне байланысты, ұңғы төңірегінің қабылдауы нашарлап, көптеген ұңғыларда сулану артты. Соның есерінен «Мұнай газ ғылыми зерттеу және жобалау» институтының ұсынысы бойынша су айдау тоқталды.

Сәуір айынан бастап, тоқтатылған ұңғыларды жұмысқа қосуға байланысты мұнай өндіру өсе бастады. Оның өзінде мамыр айында 194,7 мың тонна деңгейіне жетіп тұрақтанды. Мұнай өндірудің одан әрі өсуі, ай сайын 5-15 аралығында жаңа өндіру ұңғыларының іске қосылуына байланысты болды.

2002 жылы айдауға 10 жаңа ұңғы енгізілді, оның ішінде 1-объектіде 2 ұңғы (N 1009, 1017), 2-объектіде 5 ұңғы (Ш 2012, 2061, 2075, 2078, 2802) және 3-объектіде 3 ұңғы (NN 3015, 3017, 3023). Жұмыс істемей тұрған қордан 3 ұңғы іске қосылды.