Олар кремнийорганикалық полимерлердің ерітіндісі болып табылады және жоғары электроизоляциялық қасиеттерге ие, атмосфераның әсеріне, температураның төмендеуіне, күн радиациясына төзімді. Бұл материалды техникада қолданудың тиімділігінің бір ғана мысалын көрсетейік. Кремнийорганикалық лакты электродвигательдің электроизоляциясында қолданғанда, оның шахта жағдайындағы пайдалану мерзімі 6 есеге артады.
Силиконды смолаларды изоляциялық лак ретінде қолданады. Олар жоғары температураға төзімді және химиялық әсерлерге берік қорғағыш қабат болып табылады. Оларды әдетте инертті еріткіштерде қыздырғанда гидролизденетін және поликонденсацияланатын метилтрихлорсилан, диметилдихлорсилан, финилтрихлорсилан және дифенилдихлорсиландардан алады. Термотөзімді толтырғыштармен араласқан олар 5000С температурада бірнеше сағат және 2500С температурада бірнеше тәулік бойы қыздыруға шыдайды. Сонымен қатар смола, лак, пластмасс (композициялық пластмасс және қабатты пластмасс, шыныпластмасс) өндіруде қолданылады және қазіргі заманғы электротехникада кеңінен таралған.