Коституциялық құқықтық нормалардың құрылымы мен түрлері туралы қазақша реферат
Көптеген ғалымдарымыз конституциялық құқықтықө норманың ерекгелігін көбінесе оның оның құрылымы мен байланыстырады. Бұл – бір қарағанда орынды жағдай. Конституциялық құқықтық норманың ішкі құрылымын тану оның өзара байланысты бөліктерін тануға және құқықтық табиғатын ашуға кеңінен жол ашатын еді.
Қандай да болмасын құқықтық норманы ішкі элементерінің қатарына гипотеза, диспозиция және санкция жататындығы бізге құқық теориясынан белгілі.
Жалпы кең ауқымда қарайтын болсақ, норманың ішкі құрылымы өзара баәланысты элементтердің жиынтығын көрсетеді. Сонымен қатар норманық құрылымы ұғымын тек нақты құқықтық нормаға қатысты болуын айтуға болады. Құқықтық норма элементтерінің барлығы ғана бізге бұл норманың реттеушілік қасиетінің барлығын білдіреді. Оның кейбір құқық салаларын қолдану мүмкін емес. Солардың қатарына біз сөз етіп отырған конституциялық құқық емес саласы жатады. Бұл ойымыздың логикалық өрбуін О. В. Лучиннің оймен бекіте түссек: «Во-первых, регулятивное воздействие нормы право связано не столько с ее логической структурой, сколько с содержашимся в ней предписанием как релаьным велением, определяющим поведение участников обшественных отношений. Во-вторых, оно не учитывает соотношения обшего, особенного и единичного. Анализ правовой практики убеждает в несостоятельности попыток сконструировать структуру, пригодную длы любых правовыхнорм. Структурное пастроение, характерно для одних правовых норм, может окозаться неприемлимым для других»
Қандай да болмасын, конституциялық нормада элементтерінің толығымен немесе жарым жартылай болуы, оның алдында қойған мақсатына байланысты. Нақты қандай гипотеза, диспозиция т.б. көрініс табуы ол норма реттейтінқатынастардың ерекшелігіне, оның атқаратын қызметіне, аталған норманың мазмұнына, заң шығару саясатының екрекшелігіне, заң техникасының қолданатын әдіс-тәсілдерінің сипатына байланысты. Сондықтан да құқықтық нормасының құрылымын айқындауда өте асыра сілтеуге болмайтындығын ескерген В. С. Основиннің ойы өте орынды. Ю. А. Тихомиров «значительно чаще конституционная норма является неполной по своей структуре»,-деп дұрыс байқаған болатын.
Енді біз конституциялық нормаларда құқықтық нормасының ішкі құрылымының элементтері қандай дәрежеде көрініс табатындығын көңіл бөлейік.
Көптеген конституциялық нормалар диспозициядан құрылады. Диспозиция көптеген жағдайларда реттеушілік ауырлықтың барлығын өзі атқарады. Ал гипотеза болса, диспозицияның іс-әрекет жасауының бағыттарын, мақсатын анықтайды. Қандай да болмасын, норманы жүзеге асыру белгілі заңдық айғақтарды айқындаумен байланысты. Тәжірибе көрсетіп жатқандай конституциялық номалардың жүзеге аус негіздері өте айқын белгіленген. Сондықтан оны заңдық негіздерде бекіту ешқандай қажеттілік тудырмайды.
Сонымен қатар, конституциялық номалардың ішінде гипотеза көптеп кездеседі. Олардың қатарына норма-қағидаларды, норма-мақсатты және тыйым салатын нормаларды жатқызамыз. Кейбірде гипотеза бар конституциялық құқықтық нормаларды да кездестіреміз. Гипотеза конституиялық құқықтық норманың құрамдас бөлігі ретінде құрылымы жөнінен бірнеше түрлерге бөлінеді.
Гипотезаның ішінде жай және күрднлі дегендерді бөлуге болады. Жай гипотезада диспозицияның әрекет етуі тек бір жағдаймен немесе бір фактымен байланыстырылады. Мысалы, Қазақстан Республикасы Конституциясының 12-бабының 2-тармағы: Адам құқықтыры мен бостандықтары әркімге тумасынан жазылған, олар абсолютті деп танылады, оларды ешкім айыра алмайды, заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілердің мазмұны мен қолданылуы осыған қарай анықталды. Ал, күрделі гипотезада, диспозицияның қолданылуы бірнеше фактілер мен жағдайларға байланысты. Оған мысал, Қазақстан Республикасы Конституциясының 41-бабының 2-тармағын, яғни: «Республика Президенті болып тумасынан Республика азаматы болып табылатын, қырық жасқа толған, мемлекеттік тілді рекін меңгерген әрі Қазақстанда кемінде он бес жыл бойы тұратын Республика азаматы сайлана алады».
Конституциялық норманың гипотезасын, сонымен қатар басқа да негіздері бойынша негіздеуге болады. Альтернативті гипотезаларды біз кездестіреміз. Аты айтып тұрғандай ондай гипотеза бойынша норманың диспозициясының қолданылуы бірнеше жағдайлармен байланытырылады. Гипотезаларды айқындық дәрежесі бойынша абсолютті айқын немесе салыстырмалы айқын деп ажыратамыз. Абсолютті айқын гипотезада конституциялық норма диспозицияның жүзеге асуының өмірлік негіздері нақты айқын белгіленеді. Мұндай жағдайға төтенше жағдайларда азаматтардың құқықтыры мен бостандықтарын шектеуді жатқызамыз. Сонымен қатар Президентті орнынан тайдыруға қатысты нормаларды келтіруге болады. Ал салыстармалы гипотезада диспозицияның жүзеге асу негіздері көрсетілгенімен оны қолдану жағдайы нақты белгіленбейді. Оны қолдан жағдайы субъектінің еркіне қалдырылады. Оған Ресей Федерациячы Конституциясының 59-бабының 3-тармағында: «Гражданин Российской Федрации в случае. Если его убеждениям или вероисповеданию противоречит несение военной службы, а также в иных установленных федеральным законом случаях имеет право на замену ее альтернативности гражданской службой»,-делінген.
Құқық нормасының санкциясы мәселесіне келетін болсақ, онда біз бұл мәселеде көптеген пікірлердің қайшылығын көреміз. Жалпы қалыптасқан көзқарас бойынша, санкция дегеніміз – құқық нормасының диспозициясын бұзған жағдайда туындайтын салдардың дәрежесі мұндай жағдайларда әр түрлі айқындалады. Енді осы жерде құқық теориясындағы санкция мәселесіне қатысты пікірлерді С. Н. Братусь, О. Э. Лейст айтып кеткен.
Конституциялық құқытық норманың санкциясы әрқашан да жасалған теріс әрекетке қарсы мемлекеттік теріс баға ретінде көрінс табады. Конституциялық норманың санкциясының қатарына Қазақстан Республикасының Президентін орнынан тайдыру, Парламетті тарату, Үкіметті отставкаға жіберу т.б. жатқызамыз.
Шын мәнінде, конституциялық норманың құрамында санкцияның алатын орны өте маңызды емес. Сондықтан да, кейінгі кездерде заң түзу ісінде конституцияда және басқа да конституциялық заңдарда санкцияның орнын және оның атқаратын қызметін күшейту қажет.
Қорыта келгенде, конституциялық норманың құрамына бір жақты бағалауға болмайды. Оның жеке элементтерін нақты жағдайларға байланысты айқындау қажет. Кейбір жағдайларда конституциялық норманың санкциясы мен гипотезасы болмауы, оның мүлдем құқытық сипатының болмайтындығын білдірмейді.
Конституциялық құқықтық нормалар жүйесіндегі маңызды теориялық мәселелер қатарына конституциялық нормаларды жіктеуді жатқызуға болады. Конституциялық құқытық нормаларды жіктеу арқылы біз оларды белгілі түрлерге ажыратып, бөлеміз. Конституциялық нормаларды белгілі түрлерге бөлу ол нормаларды қолдануда қайшылықтар тудырмайды. Конституциялық нормалардың типологиясында классификацияның алатын орны ерекше екендігін көптеген ғалымдардың мойындайтығын жоққа шығара алмайыз. Солардың бірі, В. О. Лучин болып табылады. Оның зерттеулерінің біріне конституциялық нормаларды классификациялаудың маңызы туралы пікірі.құқықөтық нормаларды ғылыми негіздерге сәйкес жіктеу, зерттеудің саралаушылық әрекет етуші құралы болып табылады және оны бағдарлаудың, қорытудың тұтастай базасының да қызметін атқарады. Ол құқықтық норманы зерттеуді оңайлата түседі, сонымен қатар өз кезегінде құқықтық талаптарды нақты және дұрыс белгіленуінің теориялық алғышарттарын қалыптастырады. Және де Конституцияны, жалпы құқықтық реттеу механизмін жетілдіруде үлкен рө атқарады.
Жалпы алып қарағанда, қандай да болмасын құқық нормасын типологиялау, классификциялау белгілі тұрғыда алып қарағанда, шартты болып табылады. Құқық нормасын жіктеу зерттеудің мақсатын байланысты болғандықтан құқы нормаларын әр түрлі негіздерге сәйкес, түрлеге бөлуге және топтастыруға болады. Бұл жағдайларға қарамастан құқықтық нормаларды, оның ішінде конституциялық құқықтық нормаларды жіктеу, әрқашанда маңызды және теориялық тұрғыда алып қарағанда өте бір шешуші фактордың қатарына жатады. Себебі, құқықтық номаларды дұрыс жіктеу сол нормалардың мән-маңызын олардың қоғамдық қатынастар жүйесіндегі атқаратын қызметтерінің ерекшеліктерін тануға мүмкіндік беріп қана қоймайды, құқықтық нормалардың жалпы алдына қойған мақсаттарын айқындауға жол ашады. Конституциялық номаларды топтастырып, бөліп көрсету оларды жіктеудің жалпы талаптарына сәйкес келуі қажет.
Бірншіден, топтастыруға жататын объектінің ерекшелігіне және екіншіден, сол объектіні топтастыруға және нақты жіктеуді мүмкіндік беретін, оның негізгі қаситеттерінің, жиынтықтарын көрсетуі қажет. Жалпы конституциялық құқықтық нормаларды жіктеудің негізіне сол конституциялық нормаларға тән барлық қасиеттер жата қоймайды, тек қана конституциялық нормалардың дамуының ішкі заңдылықтарын айқындайтын және оның мазмұнын тұрақты белгілерін көрсетуге мүмкіндік беретін айырықша, ерекше белгілері негіз болып табылады. Бұл жағдайларда конституциялық құқытық нормалардың жүйесінің ішкі бірлігінің ұқсастықтары, олардың арасындағы байланыс ескерілуі қажет. Біз жалпы құқықтық нормаларды жіктеудің тұтастай типологиясының болмайтындығын жақсы білеміз. Бұлд жерде біздің негізгі мақсатымыз конституциялық құқытық нормаларды белгілі бір негіздерге сәйкес жіктеудің методологиялық критерийлерін қалыптастыру болып табылады. Жоғарыда атап өткеніміздей, бұл бізге конституциялық құқытық нормалардың маңызды қасиеттерін ашып көрсетуге мүмкіндік беретін еді және оның маңызды белгілерін айқындаудың бірден-бір әдісі қызметін де атқаратын еді.
Конституциялық құқытық нормаларды жіктеудің мәні мен маңызын кішігірім талдай келгенде, мынындай қорытындыға келеміз. Біздің ойымызша, конституциялық құқықтық нормаларды жіктеудің негізі болып табылатын басты талаптардың қатарына мыналарды жатқызуға болыды:
Бірншіден, конституциялық реттеудің объектісінің ерекшелігін негізге алу;
Екіншіден, конституциялық құқытық нормалардың атқаратын қызметтерінің мазмұнын ескеру;
Үшіншіден, олардың конституциядық реттеу механизімінде атқаратын рөлінің ерекшелігіне көңіл аудару;
Төртіншіден, конституциялық құқытық нормалардың иерархиясы;
Бесіншіден, конституциялық құқытық нормалардың уақыт аясындағы жүзеге асуының шегі;
Алтыншыдан, конституциялық құқытық нормалар реттейтін қоғамдық қатынастардың аясы;
Жетіншіден, конституциялық құқытық нормалардың міндеттілік дәрежесі;
Сегізіншіден, конституциялық құқытық нормалардың айқындылық дәрежесі.
Республика қызметінің түбегейлі прициптері: қоғамдық таулық пен саяси тұрақтылық; бүкіл халықтың игілігін көздейтін экономиуалық даму; қазақстандық патриотизм; мемлекет өмірінің аса маңызды мәселелерін демократиялық әдістермен, оның ішінде республикалық референдумда немесе Парламентте дауыс бер арқылы шешу (1-бап).
Қазақстан Республикасы – Президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет.
Республиканың егемендігі бүкіл аумағын қамтиды. Мемлекет өз аумағының тұқтастығын, қол сұғылмауын және бөлінбеуін қамтамасыз етеді.
Республиканың әкімшілік – аумақтық бөлінісі, астананың орналасатын жері мен мәртебесі заңмен белгіленеді.
Қазақстан Республикасы және Қазақстан атауларының мәні барабар (2-бап).
Мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы – халық.
Халық билікті тікелей республикалық референдум және еркін сайлау арқылы жүзеге асырады, сондай-ақ өз билігін жүзеге асыруды мемлекеттік органдарға береді.
Қазақстан Республикасында билікті ешкім де иемденіп кете алмайды. Билікті иемденіп кетушілік заң бойынша қудаланылады.
Халық пен мемлекет атынан билік жүргізуге Республика Президентінің, сондай-ақ өзінің конституциялық өкілеттігі шегінде Парламенттің құқығы бар. Республика үкіметі мен өзге де мемлекеттік органда берілген өкілеттіктер шегінде ғана мемлекет атынан билік жүргізеді.
Республикада мемлекеттік билік біртұтас, ол Конституция мен заңдар негізінде заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөліну, олардың тежемелік әрі тепе-теңдік жүйесін пайдалану арқылы, өзара іс-қимыл жасау принциптеріне сәйкес жүзеге асырылады (3-бап) немесе:
Қазақстан Республикасының Президенті – мемлекеттің басшысы, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайтын, ел ішінде халықаралық қатынастарды Қазақстанның атынан өкілдік ететін ең жоғарғы лауазымды тұлға.
Республиканың Президенті – халық пен мемлекеттік билік бірлігінің, Конституцияның мызғымастығының, адам және азамат құқықтары мен бостандықтарының рәмізі әрі кепілі.
Республика Президенті мемлекеттік биліктің барлық тармағының келісіп жұмыс істеуін және өкімет органдарының халық алдындағы жауапкершілігін қамтамасыз етеді (35-бап).
Парламент Қазақстан Республикасының заң шығрушы қызметін жүзеге асыратын Республиканың ең жоғарғы өкілетті органы.
Парламенттің өкілеттігі оның бірінші сессиясы ашылған сәттен басталып, жаңадан сайланған Парламенттің бірінші сессиясы жұмысқа кіріскен кезде аяқталады.
Парламенттің өкілеттігі Конституцияда көзделген жағдайлар мен реттерде мерзімінен бұрын тоқтатылуы түмкін.
Парламенттің ұйымдастырылуы мен қызметі, оның депутаттарының құқықтық жағдайы конституциялық заңмен белгіленеді (49-бап).