Конституцияның мәні

Конституцияның мәні туралы қазақша реферат

Қазақстан Республикасының Конституциясы – демократиялық, өркениетті даму жолына түскен мемлекет пен қоғамның негізі, басты нормативтік актісі. Конституция қоғамдық өмірдің барлық салаларын өз нәрімен сусындататын зор ауқымды саяси-құқықтық күшті бойына жинақтаған. Конституция мемлекеттік және қоғамдық құрылысты, оның болашаққа бағытталған ұйымдастырылуы мен қызметі принциптерін белгілейді. Онда адамдар мен азаматтардың, мемлекеттің қайнар көзі және әлеуметтік негізі ретінде бүкіл халықтың конституциялық мәртебесі бекітіледі. Конституция тек конституциялық құқықтың ғана емес, сондай-ақ ұлттық құқықтың барлық салаларының да қайнар көзі болып табылады. Сондықтан оған басқа нормативтік құқықтық актілерде кездеспейтін сипаттар тән.

1.  Конституцияны Қазақстан халқы қабылдады. Сондықтан Коституцияда халықтың оның  мәнін сипаттайтын еркі білдірілген. Социализм кезінде де Конституция халықтың еркін білдіреді деп есептелді. Осыған орай халық еңбекшілерден – жұмысшы табынан, шаруалар мен еңбек интеллигенциясынан тұратындығы атап көрсетілді. Халықтың бұлайша сипаттау кез келген әлеуметтік құбылысқа, марсшіл-лениншіл ілімге тән таптық көзқарасқа негізделді.

Қазақстан Республикасының Конституциясы 1993 жылы халықтың таптық сипаттамасынан тұңғыш рет бас тартты. Онда енді жұмысщы табы туралы, шаруа джәне еңбек интеллигенциясы туралы сөз болған жоқ. Жалпы «еңбекші» термині 1993 жылғы Констьитуцияда да, 1995 жылғы Конституцияда да қолданылмайды. Дегенмен, Конституцияның екеуінде де халық туралы айтылады. Қазақстан Республикасының Конституциясында халық тұрғындардың бүкіләлеуметтік қабатын жинақтаған тұтас әлеуметтік-саяси құқылыс ретінде ұғынылады. Осыған орай, «халық» ұғымы Қазақстан Конституциясына сәйкес,  біріншіден, ол байлық жағдайына қарай әлеуметтік қабаттарға, таптарға бөлінбеушілікті білдіреді, сөз жоқ, бұл маңызды конституциялық фактор болып табылады.

Конституцияда мемлекет әлеуметтік, яғни, бүкіл өкілі ретінде табылады. Бұл мемлекеттің тұрғындардың қандай да болсын тобына екінші бір тобын кемсіту арқылыбасымдық бермейтіндігін білдіреді. Мемлекет тиісінше, олардың әлеуметтік жағдайларына қарай тұрғындардың барлық қабаттарына қамқорлық көрсетуі тиіс. Қазақстан Республикасының Конституциясы бүкіл халықты әлеметтік топтарға бөлмей, олардың құқықтарын шектемей конституциялықұқықтық қатынастар субъектісі ретінде таниды. Екіншіден, халық ұғымына көпұлтты қоғам жағдайында қазақ ұлты, басқа да барлық ұлттық топтар жатады. Бұл, мемлекеттік бүкіл халықтың әлеуметтік базалық негізін құрайтын қазақ ұлтына ерекше: құқықтық, саяси, әлеуметтік, экономикалық және мәдени жеңілдіктер берілмейтіндігін білдіреді.

Қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде тану жеңілдіктер  қатарына жатпайды, тек  мемлекеттің барлық жерде және қайда ад болсын ұлттық нысаны бойынша ұлттық болып табылатын сипатына жатады. Орыс тілін ресми қолданыс тілі ретінде тану да бұл салада жеңілдік бермейтіндігін көрсетеді.

Сөйтіп, халықты Қазақстан Республикасының Конституциясын жасаушы деп тану оның мәндік сипатын білдіреді. Сондықтан Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конституциясы: «Біз, Қазақстан халқы… осы Конституцияны қабылдаймыз» деген сөздермен басталады. Қазақ халқы Конституцияны референдумның қорытындысымен қабылдады. Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулыар республикалық референдум арқылы енгізілуі мүмкін. Басқаша айтқанда, халық  Конституцияны  қабылдап қана қойған жоқ, ол Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар да енгізе алады.  Әрине,  Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жобасын Президент Парламентінің қарауына бере алады. Алайда, мұндай жағдайда да халық сырт қалмайды. Парламент халықтың жоғары өкілетті органы, сондықтан ол Конституцияға енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды халықтың атынан қабылдайды.

2.  Қазақстан халқы Конституцияны қабылдайтын бірден-бір субъекті деп танудан оның құрылтайшылық сипаты туындайды.  Қазақстан халқы елдегі мемлекеттік биліктің бірден-бір қайнар көзі және егемендікті қолдаушы болып табылады. Сондықтан ол құрылтайшылық биліктің иесі. Нақ Конституция арқылы Қазақстан халқы мемлекетті құрады, оның басқару және құрылым нысандарын, әлеуметтік-экономикалық құрылыс негіздерін, адам мен азаматтық мәртебесін белгілейді. Тек халық, ал халық атынан тек Парламент қана мемлекеттің құрылым негіздеріне өзгерту енгізе алады. Сонымен бірге Конституцияда мемлекеттіліктің мейілінше мәнді кезеңдері тұрақтылық, біртұтастық принциптері тнығайтылған. Ол – мемлекеттік құрылымның біртұтас нысаны, басқарудың Президенттік нысаны және аумақтық тұтастық.

Қазақстан Республикасы Конституциясының құрылтайшылық сипаты оны қабылдау мен өзгерістер  енгізудің ерекше тәртібін, ұлттық құқықтық жүйені қалыптастыру мен дамытудағы мейілінше ерекше орнын, Парламент, президент, Үкімет үшін, лауазымды адамдар, сот органдары үшін, азаматтар үшін оның құқықтық қағидаларының еш шүбәсіздігін қамтамасыз етеді. Қазақстан Республикасы Конституциясының құрылтайшылық сипаты оның барлық нормативтік қағидаларының еш шүбәсіз танылатындығынан, басқа ешбір нормативтік құқықтық акт Конституция нормаларын ескерген, өмір шындығына сай келмейтін деп және басқалай тани алмайды. Мұндай ерекше сипат тек Конституцияға ғана тән. Бұл жағдайға назар аударып отырған себебіміз, конституциялық қағидаларға аттүсті айтылған сындаркейде жақсылық нысанындай есептеледі, Конституцияның қайсыбір нормаларына, киімді ауыстырған сияқты, өзгерістер енгізу туралы ұсыныстар айтылады. Мұндай акциялар ескінің, кеңістік кезінің сарқыны, ол кезде КСРО Жоғарғы Кеңесі мен одақтас республикалардың  Жоғарғы Кеңестерінің әр сессиясында  дерлік Конституцияға өзгерістер  мен толықтырулар жеңіл енгізіле беретін. Қазақ КСР-ның 1978 жылғы Конституциясыменг де осылац болды, айналып келгенде ол ешкімге қажеті жоқ жалаң нұсқаулық құжатқа айналды.

Әрине, бұдан Конституцияның жекелеген нормалары уақыт санына ұшырауы,  өскелең қоғамдық қатынас талаптарына сай келмеуі мүмкін емес деген ой тумаса керек. Қоғамдақ қатынас ылғи да қозғалыста, өзгерісте болады, сондықтан конституциялық нормаларды өзгерту қажеттігі де туындайды. Мұндай процесс өтпіелі үлгідегі қоғам үшін тән құбылыс. Нақ осындай қоғамда түбірлі өзгерістер мейілінше тез және жиі жүреді. Бұл процестің Конституцияның жағдайына әсер етпеуі мүмкін емес. Осыны ескере отырып,  өткеннен де сабақ алу керек. Конституцияның тұрақтылығын, оның беделінің жоғарылығын қатамасыз ету үшін мұндайқажеттілік туған жағдайда Конституцияға өзгерістер мен толықтыуларды Констьитуцияға тіркеуге болатындай етіп, жеке ерекше нормативтік акт ретінде рәсімдеу керек. Мұндай көзқарастың бірқатар сәтті жақтары бар. Біріншіден, Қазақстан Республикасы Конституциясының құрылтайшылық сипаты сақталады. Шын мәнінде, Қазақстан Республикасының  Конституциясы, бірнеше ондаған, жүздеген жылдардан бері өмір сүретін мемоекеттің қатардағы кезщекті Конституциясы емес. Ол жаңа құрылым және басқару нысандарымен, қоғамның экономикалық құрылысының жаңа негіздерімен және басқаларымен мүлдем жаңа үлгідегі мемлекетті құрады. Екіншіден, аталған құрылтайшылық сипатына орай Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конституциясы құқықтық мәдениеттің тарихи жадын белгілейді. Ол Қазақстан мемлекетінің  нақ  қазіргі кезеңдегі қалыптасу мен дамуының тарихи өзгерістер аясында туды. Сондықтан да ол өзіне айырықша мұқият қарауды, нақ осындай түрінде, қабылданған күйінде сақталуын атлап етеді. Үшіншіден,  ерекше құрылтайшылық сипаты мен тарихи мәні қасйетті акт ретінде азаматтардың Конституцияға деген қөұрмет сезімін қалыптастыру, бірінің соңынан бірі келетін ұрпақтардың алдында оның беделін тұрақты көтеру үшін де маңызды. Бұл орайда, әлдеқашан ескерген қағидаларының аз еместігіне қарамастан, оның басты актілердің негізі болып отырған АҚШ Конституциясын еске алған жөн. Көптеген қағидаларының тек тарихи-танымдық қана мәні бар болса да, дінге сенушілер үшін бірнеше мың жылдар бойғы діни жазбалар қасиетті сенім сияқты есептеледі.

3.  Бір жағынан, мемлекеттің, екінші жағынан, қоғамның негізгі заңы ретінде қолданылуы Конституцияның  маңызды ерекшелігі болып табылады. Бұл халықтың мемоекеттік биліктің қайнар көзі және қоғамның әлеуметтік базхасы ретіндегі мәртебесімен байланысты. Конституция мемлекетті оның барлық атрибуттарымен құрады. Ол оның егемендігі барлық элементтерімен: аумағымен, жоғарғы билігімен, азаматтығымен, дербес заңдарымен және басқаларымен орнықтырады. Конституция мемлекеттің, мемлекеттік органдардың қоғаммен, қоғамдық институттармен өзара қатынасының негізін қалайды. Конституция қоғамдық: экономикалық, ұйымдық, әлеуметтік, діни, жекелік құрылыстың негіздерін анықтайды. Сондықтан мемлекет қана емес, оның институттары да Конституцияның құқықтық қағидаларын, идеяларын жинақтайды. Осыған байланысты қоғам, оны құрушылар өз қызметін Конституцияға негіздеуі тиіс. Жекелеген заңдардың қайсыбір жекелеген қоғамдық институттарға: саяси партияларға, діни, мәдени бірлестіктерге және басқаларына қатынасы болуы мүмкін. Мақсаты мен әрекеті конституцияылық  құрылысты  күштеп өзгертуді, республиканың тұтастығын бұзуды көздейтін қоғамдық бірлестіктер құруға және олардың қызметіне тыйым салатын Конституцияның нормативтік ережелері тура және тікелей қолданылады. Сондықтан құқық қорғаушы органдар осы іспеттес құбылыстарға қарсы шара қолданғанда тікелей Конституцияны басшылыққа алады.

Конституция қоғамдық қатынастардың базалық, түпкі негіздерін реттей отырып, қоғам өмірінің барлық салаларын қамтымайды. Осыған байланысты методологиялық мәні бар маңызда ьбір мәселеге тоқтала кеткен жөн.

Кеңістік және одан кейінгі кезеңдегі заң әдебиеттерінде құқықтық қатынастар құқықпен реттелетін қоғамдық қатынастар ретінде сипатталады. Құқықтанушылар осы теориялық қағиданың дұрыстығына күдік келтірген жоқ. Шамасы, бұлай болатын социализм кезінде ешқандай жекелік болмады, ол танылмады. Барлығы да мемлекеттікі, қоғамдікі еді. Егер тереңдей ой жіберсек, онда социализм кезінде де мемлекеттік қана емес, сондай-ақ қоғамдық қатынастың да болғанын байқаймыз. Дегенмен, құқық қоғамдық қатынастарды реттейді деп саналып келеді. Демек, құқықтың кейбір салаларында, айталық, мемлекеттік және әкәмшілік құқықта қатынастардың мемлекеттік сипаты танылса да мемлекеттік қатынасты қоғамдық қатынас жұтып қойған болып шығады.

Капиталистік қатынасқа көшкен жағдайда, мемлекеттік сектормен бірге жеке сектор қалыптасқан және ең бастысы азаматтық қоғам және мемлекеттің енді бәрін қамтитын рөлі жойылғанкезде қатынастарды екі топқа бөліп, бөлшектеу қажет:

1)  тараптардың  бірі ретінде мемлекет қатысатын қатынас; менің пікірімше, мұның қатарында мемлекеттік-құқықтық қатынастарды атауға болады. Бұлар, билікпен және саяси құқықты бағындыру мен жүзеге асыруға қатысты қатынастарболып табылады деп ойлаймыз;

Таза қоғамдық, мемлекеттік институттар қатыспайтын қатынастар. Бұлар құқықпен реттелетін таза қоғамдық қатынастар. Алайда, Конституция құқықтық негізді белгілейтіндіктен ол бұл қатынастарға тура араласады. Қазақстан Республикасы Конституциясының  әрбір  адамның құқықтық субъектілігін танитын 13-бабының 1-тармағы, міне осының мысалы болып табылады. әр адамның жеке-жеке, азаматтардың кез келген бірлесу құқықтық жағынан тікелей Конституция арқылы қорғалатындығ осының дәлелі. Құқық қорғау органдыры, азаматтардың құқығы мен бостандығын қорғай отырып, Конституцияға сүйеніп қана қоймайды, оны басшылыққа алады. Сонымен бірге азаматтардан, олардың бірлестіктерінен, барлық қоғамдық иеституттардан Конституцияға құрметпен қарап талап етіледі. Конституцияның нормасын бұзу – көпұлтты Қазақстан халқының заңды еркіне қол сұғу болып табылады.