Көркем шығармадағы реалия сөздерді аудару туралы қазақша реферат
«Нибелунгтер туралы хикая» эпосынан алынған келесі мысалдар негізінде аудармашылар реалия сөздерді аударған кезде негізінен қандай тәсілдерді қолдағанын қарастырайық.
1 кесте – «Нибелунгтер туралы хикая» эпосындағы аудармашылық трансформациялар
1 Авентюра |
||||
1 |
||||
Неміс тілі | Қазақ тілі | Қазақ тілі өз нұсқамыз | Орыс тілі | Ағылшын тілі өз нұсқамыз |
Burgunden-land | Бургундттар елі – транскрипция | Земля бургундов — транскрипция | Burgundy — калькалау | |
Ein junges Edelfräulein | Балғын қыз — генерализация | Девица юных лет — генерализация | A maid of honour (unmarried young woman attending a queen or princess) генерализация | |
Der König | Король — калькалау | Король — калькалау | A king (male sovereign ruler (esp. one whose position in hereditary) of an independent state) – калькалау |
1 кестенің жалғасы
Der Ritter | Мырза — модуляция | Сері (феодалдық Еуропадағы әскери-дворян тобына жататын адам) — калькалау | Витязь — модуляция | A knight (in the Middle Age) man, usually of noble birth, raised to honourable military rank (after serving as a page and squire) — калькалау |
Burgund | Бургундия – калькалау | Бургундия — калькалау | Burgundy — калькалау | |
Worms | Вормс – транслитера-ция | Вормс — транслитерация | Worms – транслитерация | |
Rhein | Рейн – транскрипция | Рейн — транскрипция | Rhein – транслитерация | |
Hagen von Tronje | Хаген фон Тронье — транскрипция | Троньеден Хаген – калькалау (von – компенсация) | Тронье Хаген — транскрипция | Hagen fon Tronye – транслитерация |
Ortwin vonMetz | Ортвин фон Метц – транслитера-ция | Метцтен Ортвин — калькалау | Ортвин Мецкий- транскрипция | Ortwin fon Metz – транслитерация |
Volker von Alzey | Альцейлік Фолькер – транскрипция | Фолькер Альцейский — транскрипция | Volker fon Alzey – транслитерация |
1 кестенің жалғасы
Der Markgraf | Маркграф – транслитера-ция | Маркграф — транслитерация | A margrave калькалау (hereditary title of a certain princes in the Holy Roman Empire comment) | |
Der Truchseß | Сарайдың күтіміне жауапты –сипаттама аударма | Стольник — калькалау | StewardФункционалдық аналог | |
Der Küchen-meister | Ас үйді тағам дайындауды жете меңгерген – сипаттама аударма | Бас аспазшы (ас пісіруші) ас үйде тағам дайындайтын (пісіретін) басты адам) – калькалау | Начальник над кухней – сипаттама аударма | The main chef of the kitchen – сипаттама аударма |
Die Gefolgs-männer | Тастап кету | Дружина – калькалау | regiment –калькалау | |
Der Stallmeister | Аттардың күтіміне жауапты – сипаттама аударма | Конюший — конкретизация | An equerry — калькалау (an officer of a prince or noble charged with the care of horses comment) |
1 кестенің жалғасы
Der Küchen-meister | Ас үйді тағам дайындауды жете меңгерген –сипаттама аударма | Басты аспазшы (ас пісіруші)ас үйде тағам дайындаушы | Начальник над кухней – сипаттама аударма | The main chef of the kitchen – сипаттама аударма |
Der Mundschenk | Құшырханаға жауапты – сипаттама аударма, сөз табының грамматика-лық ауыстырылуы (зат есім – сын есім мен сын есімнің сөз тіркесіне өзгерілді) | Виночерпий — калькалау | A cup-bearer (official of a royal or nobleman’s household who serves wine at a banquets) – калькалаусипаттама аударма | |
Der Kämmerer | Қазынаға жауапты – сипаттама аударма | Қазынашы (мекеменің, ұйымның ақшасын, бағалы затын сақтайтын, күтетін адам; | Человек, кто должен охранять – сипаттама аударма | A kamerger,chamberlain (officer who manages the household, a royal treasure of king, noble — comment) |
Die Fürsten | Тастап кету | Князьдар (ескі феодалдық Русьтегі әскер басшысы әрі өлке билеушісі)- генерализация | Тастап кету | The princes — калькалау (ruler, esp. of a small state; a member of a royal family — comment) |
Аталмыш оқу құралында неміс тіліндегі реалия сөздерді қазақ, орыс және ағылшын тілдеріне аудару кезінде қолданылған аудару тәсілдері қарастырылды. Аталмыш оқу құралында 1-авентюраның ғана талдауын ұсынып отырмыз. Кесте мәліметтерін талдай келе аудармашылар негізінен калькалау, транскрипция, транслитерация, сипаттамалы аударма сияқты аудару тәсілдерін қолданған.
Оқу құралының кіріспе сөзінде біз терминологиялық аппаратты анықтадық: аударма, эквивалентсіз лексика, лакуна, аудару үдерісі, реалия, реалия сөздердің топтары, реалия сөздерді аудару тәсілдері. Екіншіден, реалия сөздерді аудару кезінде кездесетін қиыншылықтар анықталды және аудару тәсілдері сипатталды.
Сонымен, жоғарыда айтылғандарды жүйелей келе төмендегідей қорытынды жасауға болады:
1) Ең негізгі критерийлердің бірі – шығарманың коммуникативті құндылығы. Коммуникативті функция іске асқан кезде белгілі бір коммуникативті әсер берілетінін білеміз. Яғни, аудармашының негізгі мақсаты әр түрлі тілдерде сөйлейтін, қатынасқа түсетін коммуниканттардың арасындағы лингвоэтникалық бөгеттерді бұзу және бір тіл шегінде коммуникацияны мүмкін ету. Басқа сөзбен айтқанда, әр түрлі лингвоэтникалық топтарға жататын коммуниканттардың қатынасын мүмкіндігінше тиімді жасау;
2) Реалия сөздер эквивалентсіз лексика тобына жатады. Бұл басқа халықтың тілінде, оның сөздігінде эквиваленті жоқ лексика. Алайда, тіл амалдары арқылы біз осы реалия сөздерді жеткізе аламыз. Соған қарамастан, реалия сөздер басқа халықтың тілінде уақытша жоқ лексикалық бірлік деп айтуға болады.
Эквивалентсіз лексика – бұл басқа тілдің лексикалық бірліктері арасында толық немесе жартылай сәйкес лексикалық бірліктері (сөздер және тұрақты сөз тіркестер) жоқ лексика. Негізінен, эквивалентсіз лексикаға реалия сөздер, уақытша эквивалентсіз терминдер, эквивалентсіз сөздер жатады.
Ұлттық-мәдени ерекшеліктер тек қана эквивалентсіз лексикада көрініс таппайды. Сонымен қатар берілген тілде басқа тілдегі сөздердің және мағыналардың болмауы. Яғни, лакуналар – тілдің семантикалық картасындағы ақ дақтар.
3) Тіл аралық эквиваленттілік деңгейінде реалия сөздердің семантикасын денотат, конотат және коммуникативті-функционалды маңыздылық деңгейлерінде қарастыруға болады. Демек, тіларалық эквиваленттіліктің негізгі түрлері: денотаттық, конотаттық және коммуникативті-функционалдық;
4) Реалия сөздердің түпкі мағынасы осы тілде сөйлейтін адамдардың фондық білімдерімен, өзінің практикалық тәжірибиесімен, халықтың мәдени-тарихи салт-дәстүрлерімен өте тығыз байланысты. Осы шарттарды есепке алмау жартылай эквиваленттердің туындауына әкеледі.
5) Аударма әдеби-тілдік интерпретация ретінде анықталады. Ал аудару үдерісі, жаңа мәліметтің туындауы ретінде анықталады. Аудару тәсілдері — аудармашының бағдарламалық тәсілдері ретінде қарастырылады. Соның арқасында түпнұсқа және аударма арасында жоғары деңгейге жету мүмкін.
Реалия сөздерді аудару әдістері – аударма зерттеулерінде түпкі мәселелердің бірі ретінде әлі күнге дейін шешімін толық тапқан жоқ. Бұл тек қана аударматанушылардың пікірлеріне байланысты емес, сонымен қатар осы мәселені шешуге ықпал ететін бөгде факторларға да байланысты.
Аудару теориясы және практикасы бойынша көптеген дереккөздердің мәліметтерін жүйелей отырып, реалия сөздерді аудару кезінде жиі қолданылатын келесі аудару тәсілдерін белгіледік: транслитерация, транскрипция, калькалау, сипаттамалы аударма, тілде бар болған элементтердің арқасында жаңа сөздер мен сөз тіркестерін құрастыру.
Реалия сөздер белгілі бір халықтың ұлттық ерекшеліктерін анықтайтыны мәлім. Олар тілдік бірліктер ретінде аудармашыға үлкен қиындық келтіреді. Реалия сөздерді беру тәсілдерін таңдауда қатып қалған ереже немесе нақты берілген нұсқаулар жоқ. Сондықтан ұлттық ерекшеліктерді белгілейтін реалия сөздер аудармада ерекше сақ, әрі талғампаз болуды талап етеді.
Аударма туралы ұқсас қазақша рефераттар
Көркем аударма жалпы аударманың негізгі бөлігі ретінде
Аударманың адам қызметінің ең көне түрі екені даусыз. Әуел бастан аударма тілі басқа адамдардың бір-бірімен араласуына мүмкіндік тудырып, аса маңызды әлеуметтік қызмет атқарды. Жазбаша аудармалардың таралуы адамдарға басқа халықтардың мәдениетімен танысуына кең жол ашып, әдебиеттер мен мәдениеттердің араласып, баюына жағдай жасады.
Аударматанудағы барабарлық (эквиваленттілік) мәселелері
Аудару дәлдігі мәселесін филологтар бұрыннан бері қарастырып келе жатыр. Қазіргі кезде бұл мәселе әр түрлі аудармалық бағытта зерттелуде (Қазақстан мектебі: Г. И. Исина, А. Алдашева және т.б., Рессей мектебі: А. Т. Алексеева, В. Н. Комиссаров, Н. Р. Ткачев және т.б., Германия мектебі: Г. Егер, К. Райс, Е. Штойберг және т.б.). Жоғарыда аталған лингвисттердің зерттеулерінде назар эквиваленттілік терминіне аударылады [15, б. 134].
Реалия сөздер мәдени белгілер ретінде және оларды аудару мәселелері
Аударма теориясы және практикасы саласында жұмыс істеген С. И. Влахов және С. П. Флориндердің пікірінше, реалия сөздердің аудармасы екі рет шартты: қағида бойынша реалия сөздер аударылмайды (сөздік тәртіп бойынша) және қағида бойынша ол аудару тәсілімен(контекстте) жеткізіледі [28, б. 26].
«Нибелунгтер туралы хикая»: қысқаша мазмұны және «аудармада аударылмайтын» сөздер
«Нибелунгтер туралы хикая» адамзаттың ең белгілі эпикалық шығармаларының бірі. Егер де Еуропа әдебиетін қарастыратын болсақ, бұл хикая Гомердің, Дантенің дастандары сияқты бүкіл әлемге әйгілі шығармалардың қатарында тұрады.
«Нибелунгтер туралы хикая» ХІІІ ғасырдың аралығында пайда болды. Ол Германия және басқа Батыс Еуропада серілер немесе куртизан поэзиясы гүлденген кезде дүниеге келді.
Көркем шығармадағы реалия сөздерді аудару
«Нибелунгтер туралы хикая» эпосынан алынған келесі мысалдар негізінде аудармашылар реалия сөздерді аударған кезде негізінен қандай тәсілдерді қолдағанын қарастырайық.
Ағылшын тілінен Практикалық тапсырмалар
1. Шыңғысхан он адам бір адамға бағынсын деп бұйырған (біздіңше оны онбасыдейді), ал ол онбасы бір жүзбасыға бас иген [65, б. 6].
По высочайшему установлению Чингисхана десять воинов подчиняются одному десятнику — онбасы, а десять онбасы — одному сотнику – жузбасы[67, б. 5].
Ағылшын тілінен студенттердің теориялық білімін тексеруге арналған тапсырмалар
Студенттердің теориялық білімін тексеруге арналған тапсырмалар
Ағылшын тілінен пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Реферат, курстық жұмыс, дипломдық жұмыс жазған кезде қажетті пайдаланылған әдебиеттер тізімі