Легірленген болаттардың механикалық қасиеттері көміртекті болаттарға қарағанда жоғары. Бұл болаттар аз легірленген және легірленген болаттар болып екіге бөлінеді. Аз легірленген болаттардың пісірілгіштігі, коррозияға төзімділігі жоғары болады. Бұл болаттар пісіру конструкцияларын, құбырларды, ірі құрылыс бұйымдарын, көпірлерді жасау үшін қолданылады. Негізгі легірлеуші элементтер — марганец пен кремний. Мұндай болаттарға 18ГС, 25Г2С, 30ХГ2С, 15ГС және т.б маркалы болаттар жатады. Легірленген болаттарды термиялық немесе химиялық-термиялық өңдеусіз машина жасауға қолданбайды. Мұнда химиялық-термиялық өңдеу ретінде цементациялау қолданылады, соған сәйкес легірленген болаттар цементацияланатын және жақсартылатын болып бөлінеді. Цементацияланатын болаттарғааз көміртекті болаттар жатады, ал жақсартылатын болаттар құрамында көміртегі 0,5 пайызға дейін болады. Негізгі элементі хром. Легірленген болаттарда С мөлшері 0,4 пайыз шамасында.