КИІЗ ҮЙ математикалық тұрғыдан қарастыру

«КИІЗ  ҮЙ: математикалық тұрғыдан қарастыру» қазақ тілінде жазылған реферат, www.Malimetter.kz сайты үшін

Мақсаты:

Қазақ  халқының  көрнекті туындысы болып табылатын  киіз үйді математикалық тұрғыдан арифметикалық  зерттеу 

Міндеттері:

  • Халқымыздың баспанасы туралы жалпы мәлімет
  •  Киіз үйдің обсерваториялық  ерекшелігін  дәлелдеу 

Болжамы:

Қазақ халқымыздың ешбір елге ұқсамайтын дүние танымы мен ғылыми түсініктері – ұлы даналық екендігін баршаға жеткізу 

Күтілетін нәтиже:

Осы жобадағы мәліметтер арқылы келешек жас буын   халқымыздың дана, шебер екендігінің тағы бір дәлелі – киіз үйді ғылыми қырынан танып, ата – бабадан қалған мирастың  қадір – қасиетіне көз жеткізеді. 

Қазақ халқының сан ғасырлық ақыл — ойының, өмірлік тәжірибесінің, табиғатты түсінуінің , оған икемделуінің  ең көрнекті туындысы – киіз үй. Өмір сүру ерекшелігіне қарай, көшіп – қонуға ыңғайлы, әрі жеңіл, әрі қолайлы баспананың пайда болуы табиғатқа бейімделу еді. Сонымен қоса, бұл табиғи заңдылық. Бүкіл жан-жануарлардың баспаналары дөңгелек, сера пішінді болатындығы белгілі. Мысалы, аю, қасқыр апандары дөңгелек үңгір етіп жасалады. Апанның ауыздары оңтүстік—шығысқа қарап қазылады. Торғайдың, құстардың  ұясы да сфера пішінді болады. Міне қазақтың киіз үйі де,  осындай заңдылық бойынша жасалған.

Киіз үйдің құрылымдық ерекшелігін қарасақ, жинақылығы мен ыңғайлылығы, өз алдына, сәулеттік шешімі мен пішіні сырт тұлғасы мен өзі  ерекше сұлулығымен дараланып тұрады. Ғалымдар мен мамандар киіз үйді сәулет өнерінің әлемдік ең озық үлгісінің бірі деген пікірде. Шындығында, бұл асыра айтқандық емес. 

Кереге  — киіз үйдің қабырғасы. Оның бір қанатында 14 ерісі, 9 сағанақ, 9 балашық болады. Алты қанат  үйдің сағанақтары мен балашықтарының саны 108. Бұл сан Шығыс елдерінде ежелден аспан саны болып есептеледі. Ал, үй сырытынан айналдыра

тартатын белдеу, аспан белдеуі – көк көген (зодиак шеңбері) . Сонда белдеу бойында 12 шоқжұлдыз,  12 мүшелдік жануарлар, 12 сағат күн, 12 сағат түн бәрі де өз орын-орнымен сәйкестендірілген. Сол сияқты тәулік саны, тәуліктегі сағат сандары киіз үй құрылымда сәйкестендіріп, есептеулер жүргізген. Бір сөзбен айтқанда, киіз үй обсерватория қызметін атқарады. Өлшемдер жүргізуге өте қолайлы, мысалы, тіліміздегі сөз тіркестері: «сиыр сәске» , «тал түс» , «құланиек , «ұлу іңір» уақыттың мөлшерлі бейнесі, мүшелдік жануарлардың уақыт есебіне қолданылғандығын көрсетеді. Тәулік қосарланған 12 сағатқа  бөлінеді де, мүшелдік жануарлар арқылы таңбаланады.  

Тышқан сағаты (0-2), сиыр (2-4), барыс (4-6) , қоян (6-8), ұлу (8-10), жылан (10-12), жылқы (12-14), қой (14-16), мешін (16-18 ), тауық (18-20), ит (20-22), доңыз (22-24). Мысалы, таңертеңгі сағат 9:00- ді «Ұлу сағаты» дейді. «Жылқы» десе – сағ 12:00, т.с.с. Бұл есепті жүргізу үшін уықтар қолданылады. Уықтың ұзындығы 12-16 қарыс мөлшерінде жасалады. Ал , саны бір үйде 45-120 болады, үйдің қанат санына қарай  45,60,72,90,120 уық болады. Уақыт өлшемін білдіретін «сүт пісірім», «бие сауым» , «ет пісірім» деген сөздер мен «күн тұсау бойы» , «шідер бойы», «арқан бойы» көтерілді деп айтамыз. 

Сөз тіркестері  уықтың бойына түскен күн сәулесінінің жолынан көрінеді. Мысалы, уақыт (1-5мин.) дейінгі дәлдікпен өлшеуге болады. Егер, үйдегі уықтың саны 72 болса, әрбір екі уықтың арасы 5 градусқа тең. Сонда Күн сәулесі екі уықтың арасын 20 минутта жүріп өтеді. Ал үш уықтың арасын жүріп өтсе  40 минут, яғни, «бие сауым» дегеніміз осы.

           Аспан әлемінің кішірейтілген бейнесі немесе обсерватория деп отырғанымыз осы.   Шаңырақтан түскен Күн сәулесі ең төменгі нүктеге келуі , яғни, Күннің ең шырқау биікке ( зинит) шығуы, шілде айының 22-күніне келеді. Суреттердегі бұрыштардағы ай бейнелері 6 және 2 сандары.  Әдеттегі бақан шаңыраққа көлбей тіреледі. Көлбеу бұрышы – 62 градус, яғни, аспан экваторының галактика экваторына көлбеу бұрышы. Түңдіктің төрт бұрышы әлемнің төрт бағытын нұсқап тұр. Жабылған түңдіктің пішіні айналу пораболоиды, яғни көк күмбезінің кішірейтілген бейнесі. Сөйтіп, киіз үйдің кез келген бөлігі аспан әлімінің бейнесі болып шығады.

«Екі қошқардың басы бір қазанға сыймайды» деген мәтел де осы суретте айқын көрсетілген. Қой жылы мен тоқты жұлдызы суреттері екі шеңбердің бойында. Екі арасы, бір жағында-5, екінші жағында-7 бөлік. Ошақты центр деп алса екі бөліктің бұрыштары 5х30=150 градус, 7х30=210 градус.Бұл өз алдына үлкен бір әңгіме болатын астрономиялық және атомдық құрылыс көрінетін математикалық есеп.Әбжад есебі бойынша 150 – ҚН-қаф, Канон. 210 – РИ. Рәйун. ҚН деген канон(заң). Рәйун— шырын, нәрлі. Кереге жоғары жағына қарай тартыла береді де, уық арқылы күмбезге айналып кетеді. Уықтарды конустың жасаушылары деп есептесек, төбесіндегі бұрыш 108 градусқа тең. Киіз үйдің негізгі өлшемдері ерекше пропорциялы болып келеді.

Үйдің биіктігінің диаметріне қатынасы жуық мөлшерде 0,62 – ге тең. Бұл сан 26 киіз үйдегі негізгі коэффицент болып шығады. Киіз үй пішінінің айналу беттерін, яғни, дөңгелек болуы бұрыштардың болмауы киіз үйдің көркемдігін арттыра түседі. Ендеше, бұрышы жоқ киіз үйдің ішіндегі ауа тұрақты түрде алмасып (вентиляция) отырады. Киіз үйді ойлап шығарудың өзі ақиқат ғылымға негізделген. Міне, даналық! 

Қорытынды:

Қорыта келгенде, киіз үй өнер туындысы ғана емес,  халықтың астрономиялық, метериологиялық,  математикалық , физикалық, экономикалық және  басқа да өмірлік тәжірибесіндегі білімдерінің  айқын көрсеткіші.

            Пішін құрылымы ғана емес, киіз үйдің әшекей- өрнектері де терең ғылымға негізделіп жасалған. Ендеше, халқымыздың ғылыми зердесіне  тек таңырқап, таңдана қарап, мақтаныш етуіміз керек. 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 

1. «Шаңырақ» тұрмыстық энциклопедия 
2. Интернет 
3. «Іргетас.  Қазақтың салттары мен дәстүрлерінің жиынтығы»
4. «Сарыарқа» газеті  22. 10. 2009 ж.

Аханова Маржан Қайратқызы

Жезқазған политехникалық колледжінің

                                                                                  ВТ -21 тобының студенті

Ғылыми жетекшісі: Қазбекова Сәуле Мұхтарқызы