Кезекті аударма туралы қазақша реферат
Ауызша аударма кезекті, яғни сөйлеушінің сөзінен кейін немесе оның қандай да бір бөлігінен кейін, немесе сөйлеушінің сөзімен бір уақытта ілеспе түрде аударылуы мүмкін. Сұхбат аудармасы немесе аудармашының аударма тілі ретінде әр тілді кезекпе-кезек қолдануы арқылы екі жақты аударуы ауызша аударманың ерекше бір түрі болып табылады. Сонымен қатар, аударманың аралас түрлері де кездеседі: жазбаша мәтіннің ауызша аудармасы және магнитофон жазбасының жазбаша аудармасы. Аударманың бұл түрі үзбелі жүргізіледі, аудармашы сөйлеушінің орнын алға шығуы және дәрісхананың зейініне бөленуі арқылы оның орнын басады.
Кезекті аударма дегеніміз сөйлеушінің өз ойы аяқталғаннан кейін, аудармашының барынша қысқаша уақыт аралығында аудармалы аударуды бастайтын ауызша аударманың бір түрі. Мысалы, Despite all opposition these sections have organized a powerful trade-union movement. The mass of Civil Servants have successfully established important political rights for themselves.
Мемлекеттік қызметкерлер қарама-қайшылыққа қарамастан мықты жұмысшы бірлестігін ұйымдастырып саяси құқықтарына қол жеткізді.
Тез жазу әдістерін меңгеру бастапқы кезеңде қосымша қиындықтар туғызғанымен, кезекті аудармада қабылдау, анализ, синтез, тіпті біртіндеп аудару (іштей) жазбамен бір уақытта жүріп жатады. Бұл кезде адамның санасы бір уақытта жазуға да, тыңдауға да үлгеруі үшін екіге бөлінеді. Кезекті аударылатын мәтіндер бұл ауызша, дәйекті түрде берілетін, фонетикалық, морфологиялық, синтаксистік және стилистикалық секілді тілдің барлық деңгейлерінде өз орнын таба алатын қарым-қатынас құралы екенін ескеру қажет.
Ереже бойынша, диалогиялық мәтіннің аудармасында (әңгімелер, келіссөздер және т.б.) көлемі бойынша аз мәтіндер аударылады, бұл аудармашыдан жылдам реакция мен бір тілден екінші тілдегі анализ бен синтез процесіне шапшаң түрде өтуді талап етеді. Монологикалық мәтіннің аудармасында (сөз сөйлеулер, өтініштер, дәрістер және т.б.) бөліктердің ұзындығы бір жағынан мәтіннің айырмашылығымен (қисынды байланысымен, стилімен), ал екінші жағынан тыңдаушылар жағына түсінікті болуымен анықталады.
Абзацты-фразалық аудармада (phrasal interpreting) аудармашы қысқаша фразалар немесе сөйлемдер деңгейінде жұмыс істейді, кезекті аударманың бұл түрінде есте сақтауды талап ететін ақпарат көлемі салыстырмалы көп емес болғандықтан миға да жүк тигізбейді. Әдетте, абзацты-фразалық аударма жазбаны қажет етпейді. Дәл мәлімет беру үшін тек қысқаша мақалалардың болуы да жеткілікті.
Абзацты-фразалық аударма екі жақты аударманың ең кең тараған түрі болып табылады, себебі ол қабылдауларда, бейресми кездесулерде, дүкендерде, кәсіпорындарды аралау кезінде, жұмыста және күнделікті тілдесу кезінде кеңінен қолданылады. Жаңадан бастап жүрген аудармашылар аударманың дәл осы түрімен кезігеді.
Абзацты-фразалық аударма аудармашыдан алғыр ес, жеделділік, кез-келген жағдайда тез жөн таба білу, әңгіме айналымдарын жетік білуі және сөйлеу этикетінің болуын талап етеді, сонымен қатар, әңгіме барысында әр түрлі тақырыптар мен таңырқаларлық сұрақтар қойылып қалуы себепті ол жалпы білімпаз адам болуы керек.
Келіссөздер, интервью, әңгімелердің кезекті аудармасы (жазбасыз) аудармашының шапшаң жазуын қолдануды талап етпейтін, көбіне оперативтік зерденің тірегіне сүйенетін салыстырмалы қысқаша әңгіме алмасуларда қолданылады.
Жауапты келіссөздер, политикалық, экономика-қаржылық, заңды және басқа да сұрақтар бойынша өткізілетін ресми кездесулер, дәрістер барысында, сөз сөйлеу кезінде, дөңгелек үстелдер, семинарлар, баспасөз кездесулерінде, баспасөз маслихаты, және т.б. жағдайларда кезекті аударманың жазбалы түрі қолданылады.
Кезекті аударма түбегейлі адекваттылық пен дәлдікке қол жеткізуіне жағдай туғызады, әсіресе мұқият талқылауды талап ететін қиын мәселелерді толықтай талқылау кезінде маңызды. Аудармашының шапшаң жазуды қолдануы аударуды жүзеге асыратын әңгіменің сапалы әрі толықтай жазуын жасауға мүмкіндік береді.
Сонымен, жазбалы екіжақты аударма ауызша аударманың ішіндегі күрделі түрлерінің бірі болып табылады. Ол аудармашыдан жоғарғы кәсіпқорлық, тақырыптың терең білімділігін, тиісті психологиялық әзірлікті, өз-өзіне сенімділік пен сабырлықты талап етеді. Аударманың мазмұнымен қатар оның формасын жеткізу маңызды болғандықтан аударманың адекваттылық деңгейі де өседі.
Кино және видео аударма-ауызша аударманың бұл түрі аса күрделі және қызықты кәсіби мақсаттар қояды, бұл мағынада жазбаша аудармаға жуықтай келе ол шығармашылық үшін зор мүмкіндікпен ерекшеленеді, себебі кино-бұл өнер, және жанрдың ең үздік үлгілері XX ғасырдың дүниежүзілік мәдениетінің асылдары
болып табылады. Көркемөнердің жалпы түсінігін төмендетпеу, автордың ниетін, диалогтердің сапасын, сөйлеу мінездемелерін бұрмаламау, стилін сақтап, сол заманның қалпын және өзіндік қасиетін жеткізу маңызды да күрделі тапсырма. Фильмнің дайындықсыз ауызша аудармасында қателіктер жіберілгенімен, оларды минимумына түйістіруге тырысу керек.