ҚЕХС бойынша есеп саясатындағы өзгерістер және оларды қолдану

ҚЕХС бойынша есеп саясатындағы өзгерістер және оларды қолдану туралы қазақша реферат

Есеп саясатындағы өзгерістер

Ұйым өзінің есеп саясатын, оны өзгерту қандай да болмасынСтандартпен немесе Түсіндірумен талап етілген қаржы есептілігі операцияның, басқа оқиғалардың немесе жағдайлардың ұйымның қаржылық жай-күйіне, оның қызметінің қаржылық нәтижелеріне немесе ақша қаражатының ағындарына әсер етуі туралы сенімді және неғұрлым маңызды ақпарат беруіне әкеп соғатын болған кезде ғана өзгертуге міндетті.

Қаржы есептілігін пайдаланушыларда ұйымның қаржы жағдайындағы, қызметінің қаржылық нәтижелеріндегі және ақша қаражаттарының қозғалысындағы үрдістерді айқындау үшін кейбір уақыт кезеңінде ұйымның қаржы есептілігін салыстыру мүмкіндігі болуы тиіс. Осылайша, әрбір кезеңде және кезеңнен кезеңге дейін, әдетте, есеп саясатындағы өзгеріс 14-параграфтағы критерийлердің біріне сәйкес келген жағдайларды қоспағанда, бірдей есеп саясаты қолданылады.

Мынадай іс-әрекеттер есеп саясатының өзгерістері болып табылмайды:

  • есеп саясатын бұрын болғандардан мәні бойынша айырмашылығы бар операцияларға, басқа оқиғаларға немесе жағдайларға қолдану;
  • жаңа есеп саясатын бұрын болмаған немесе маңызды болмаған операцияларға, басқа оқиғаларға немесе жағдайларға қолдану.

Активтерді қайта бағалау саясатын 16-«Негізгі құралдар» IAS Халықаралық стандартына немесе 38-«Материалдық емес активтер» IAS Халықаралық стандартына сәйкес бірінші қолдану есеп саясатының осы Стандартқа сәйкес емес, 16 IAS немесе 38 IAS-стандартына сәйкес қайта бағалау ретінде қарастырылатын өзгеруі болып табылады.

19-31-параграфтар 17-параграфта жазылған есеп саясатындағы осы өзгеріске қолданылмайды.

Есеп саясатындағы өзгерістерді қолдану 23-параграфтың ережелерін ескере отырып ұйым есеп саясатындағы қандай да болмасын Стандартты немесе Түсіндіруді нақты өтпелі ережелерге, егер олар бар болса, сәйкес алғашқы қолдану салдарынан болған өзгерісті, осы Стандарттың немесе Түсіндірудің өзін ескеруге міндетті және ұйым осы өзгеріске қолданылатын нақты өтпелі ережелер жоқ қандай да болмасын Стандартты немесе Түсіндірмені алғашқы қолданған кезде есеп саясатын ауыстырады немесе ол есеп саясатын ауыстырған кезде ол осы өзгерісті ретроспективалық түрде қолдануға міндетті.

Осы Стандарттың мақсаты үшін қандай да болмасын Стандартты немесе

Түсіндіруді мерзімінен бұрын қолдану есеп саясатын ерікті түрде өзгерту болып табылады.

Нақты операцияға, басқа оқиғаға немесе жағдайға қолданылуы мүмкін

Стандарт немесе Түсіндіру болмағанда, ұйымның басшылығы 13-параграфқа сәйкес есеп саясатын  қаржы есептілігінің стандарттарын әзірлеу үшін ұқсас концептуалдық негізді пайдаланатын стандарттарды әзірлейтін осындай өзге ұйымдардың неғұрлым жаңа құжаттарынан қолдана алады. Егер осындай құжаттарға өзгерістер енгізуден кейін ұйым есеп саясатына өзгерістер енгізуді шешсе, онда осындай өзгеріс есеп саясатындағы ерікті өзгеріс ретінде ескеріледі және ашылады.

Ретроспективалық қолдану

Есеп саясатындағы өзгеріс 20(а) немесе (b) параграфтарына сәйкес

ретроспективалық түрде қолданылған кезде 23-параграфтың ережелерін ескере отырып, ұйым  ең ерте ұсынылған кезеңдегі меншікті капиталының әрбір қозғалған құрамдас бөлігінің кіріс сальдосын және  есептілікте берілген алдыңғы әрбір кезеңде ашылған тиісті басқа сомаларды, егер жаңа есеп саясаты үнемі қолданылатын болса, түзетуге міндетті.

Ретроспективалық қолдануды шектеу

19(а) немесе (b) параграфы ретроспективалық қолдануды талап етсе, есеп саясатындағы өзгерісті, осы өзгерісті немесе осы өзгерістің нақты кезеңге әсер етуін не оның кумулятивтік әсер етуін анықтауға мүмкін болмаған жағдайларды қоспағанда, міндетті түрде ретроспективалық қолдануы тиіс.

Есеп саясатындағы өзгерістің есептілікте бір немесе одан көп ұсынылған өткен кезеңдерді қамтитын салыстырмалы ақпаратқа нақты кезеңге қатысты әсер ету аспектілерін айқындауға шын мәнінде мүмкін болмаған кезде, ұйым жаңа есеп саясатын ретроспективалық қолдануға мүмкін болып табылатын, ағымдағы кезең болуы мүмкін ең ерте кезеңнің басындағы жағдай бойынша активтер мен міндеттемелердің баланстық құнына қолдануға міндетті және осы кезеңдегі меншікті капиталдың қозғалған әрбір құрамдас бөлігінің кіріс сальдосына тиісті түзету жүргізуге міндетті.

Ағымдағы кезеңнің басында жаңа есеп саясатын алдыңғы барлық өткен кезеңге қолданудың кумулятивтік әсер етуін айқындауға шын мәнінде мүмкін болмағанда, ұйым тиісті салыстыру ақпаратын жаңа есеп саясатын неғұрлым ерте шын мәніндегі ықтимал күнмен перспективалы түрде қолдану үшін түзетуге міндетті.

Ұйым жаңа есеп саясатын ретроспективалы түрде қолданған кезде, ол осы жаңа саясатты қаншалықты нақты жүзеге асырылатындай уақыт бойынша арттағы алыс өткен кезеңдердің салыстырмалы ақпаратына қолданады. Қандай да болмасын өткен кезеңге ретроспективалық қолдану, егер  осы кезеңнің кіріс және сол сияқты шығыс балансындағы сомасына тиісті кумулятивтік әсер етудегі мүмкін болмаса, шын мәнінде жүзеге асырылмайтын болып табылады. Қаржы есептілігінде ұсынылғандықтан өткен болып табылатын кезеңге қатысты жиынтық түзетудің сомасы ең ерте ұсынылған кезеңдердің меншікті капиталының қозғалған әрбір құрамдас бөлігінің кіріс сальдосына қолданылады. Әдетте түзету бөлінбеген пайдаға қатысты түзетіледі. Сонымен қатар, осы түзету меншікті капиталдың өзге құрамдас бөлігіне қатысты да түзетіледі (мысалы, қандай да болмасын Стандарттың немесе Түсіндірудің талаптарын сақтау үшін). Өткен кезеңдер туралы, қаржы көрсеткіштерінің тарихи мәліметтері сияқты кез келген өзге ақпарат та сондай-ақ  қаншалықты нақты жүзеге асырылатындай тым арттағы уақыт бойынша алыс түзетіледі.

Ұйым үшін қандай да болмасын жаңа есеп саясатын, ол осы саясатты қолданудың барлық өткен кезеңге тиісті кумулятивтік әсер етуін айқындай алмағандықтан, ретроспективалық түрде қолдануға шын мәнінде мүмкін болмаған кезде, ұйым 25-параграфқа сәйкес осы жаңа саясатты ол үшін нақты мүмкін болмайтын ең ерте кезеңнің басынан бері перспективалық түрде қолданады. Осылайша, ол осы күнге дейін пайда болған активтерді, міндеттемелерді және меншікті капиталды кумулятивтік түзетудің тиісті бөлігін негізге алады. Есеп саясатына өзгеріс жасауға, тіпті егер осы саясатты шын мәнінде перспективалық түрде қандай да болмасын өткен кезеңге қолдануға мүмкін болмаса да, рұқсат етіледі. 50-53-параграфтарда жаңа есеп саясатын бір немесе одан көп өткен кезеңдерге қолдануға шын мәнінде мүмкін болмайтын жағдайларға арналған нұсқау бар.

Ашып көрсету

Қандай да болмасын Стандартты немесе Түсіндіруді бастапқы қолдану ағымдағы кезеңге немесе қандай да болмасын өткен кезеңге әсер еткен не тиісті түзету сомасын айқындауға шын мәнінде мүмкін болмағанды қоспағанда, осындай әсер еткен не болашақ кезеңдерге әсер ете алатын кезде, ұйым мынадай ақпаратты ашып көрсетуге міндетті:

  • осы Стандарттың немесе Түсіндірудің атауы;
  • мұны қолдануға болған кезде – есеп саясатының осы өзгерісі оның өтпелі ережелеріне сәйкес орындалған фактісі;
  • есеп саясатының өзгеру сипаты;
  • мұны қолдануға болған кезде – тиісті өтпелі ережелердің сипаты;
  • мұны қолдануға болған кезде – болашақ кезеңдерге әсер ете алатын өтпелі ережелер;
  • ағымдағы кезең және есептілікте берілген әрбір өткен кезең бойынша нақты жүзеге асыруға болатындай дәрежеде – тиісті түзетулердің сомасын;
  • қаржы есептілігіндегі әрбір қозғалған сызықты бап бойынша;
  • егер ұйымға 33-«Акцияға келетін пайда» IAS Халықаралық стандарты қолданылса – акцияға базалық және қосарланған пайда бойынша;
  • қаржылық есепте берілген алдыңғы кезеңдерге қатысты тиісті түзету сомасын – бұған нақты мүмкін болған дәрежеге дейін;
  • егер 19(а) және (b) параграфта талап етілетін ретроспективалық қолдану қандай да болмасын алдыңғы кезең бойынша немесе берілген кезеңмен салыстырғанда неғұрлым ерте кезеңдер бойынша шын мәнінде мүмкін болмаса – осы жағдайдың болуына әкеп соққан жағдайлар және осы өзгеріс есеп саясатында қандай түрде және қай уақыттан бері қолданылғанын сипаттау.

Келесі кезеңдердің қаржы есептілігінде ақпаратты осы ашып көрсетуді қайталау қажет емес.

Есеп саясатын ерікті түрде өзгерту ағымдағы кезеңге немесе қандай да болмасын өткен кезеңге әсер еткен не тиісті түзету сомасын айқындауға шын мәнінде мүмкін болмағанды қоспағанда, осындай әсер еткен не болашақ кезеңдерге әсер ете алатын кезде, ұйым мынадай ақпаратты ашып көрсетуге міндетті:

  • есеп саясатының өзгеру сипаты;
  • осы жаңа есеп саясатын қолдану сенімді және неғұрлым маңызды ақпарат беретін себептер;
  • ағымдағы кезең және есептілікте берілген әрбір өткен кезең бойынша нақты жүзеге асыруға болатындай дәрежеде – тиісті түзетулердің сомасын;
  • қаржы есептілігіндегі әрбір қозғалған сызықты бап бойынша;
  • егер ұйымға 33-«Акцияға келетін пайда» IAS Халықаралық стандарты қолданылса – акцияға базалық және таратылған пайда бойынша;
  • қаржылық есепте берілген алдыңғы кезеңдерге қатысты тиісті түзету сомасын – бұған нақты мүмкін болған дәрежеге дейін;
  • егер ретроспективалық қолдану қандай да болмасын алдыңғы кезең бойынша немесе берілген кезеңмен салыстырғанда неғұрлым ерте кезеңдер бойынша  шын мәнінде мүмкін болмаса – осы жағдайдың болуына әкеп соққан жағдайлар және осы өзгеріс есеп саясатында қандай түрде және қай уақыттан бері қолданылғанын сипаттау.

Келесі кезеңдердің қаржы есептілігінде ақпаратты осы ашып көрсетуді қайталау қажет емес.

Ұйым қандай да болмасын жарияланған, бірақ күшіне енгізілмеген жаңа Стандартты немесе Түсіндіруді әлі қабылдамаса, ұйым мыналарды ашуға міндетті:

  • осы фактіні;
  • белгілі немесе осы жаңа Стандартты немесе Түсіндіруді қолдану ұйымның қаржы есептілігіне бастапқы қолдану кезеңінде ықтимал әсер етуді бағалау үшін маңызды, тиімді жобаланған ақпаратты.

Ұйым 30-параграфты сақтаған кезде мынадай ақпарат ашып көрсету қарастырылады:

  • жаңа Стандарттың немесе Түсіндірудің атауы;
  • есеп саясатындағы алда болатын өзгерістің немесе өзгерістердің сипаты;
  • басталар кезде Стандартты немесе Түсіндіруді қолдану міндетті болатын күні;
  • ұйым осы Стандартты немесе Түсіндіруді бастапқы қолдануды жоспарлаған күн;
  • күтіліп отырғандай осы Стандартты немесе Түсіндіруді бастапқы қолданудың ұйымның қаржы есептілігіне әсер етуін талқылау;
  • егер осы әсер ету белгісіз немесе тиімді болжауға болса – осы себеп бойынша өтініш.

Кәсіпкерлік қызметке тән айқындалмау нәтижесінде қаржы есептілігінің көптеген баптары дәл есептелмейді, тек бағалануы ғана мүмкін. Бағалау ең жаңа қол жеткізілетін, сенімді ақпаратқа негізделген пайымдауды білдіреді. Мысалы, мыналарды бағалау қажеттілігі туындауы мүмкін:

  • сенімсіз борыштарды;
  • қорлардың ескіруін;
  • пайдалы қызмет ету мерзімдерін немесе амортизацияланған активтерден экономикалық пайда алудың күтілетін схемасын;
  • кепілдік берілген міндеттемелерді.

қаржы активтерінің немесе қаржы міндеттемелерінің әділ құнын;

Негізделген есептік бағалауларды пайдалану қаржы есептілігін дайындаудың маңызды бөлігі болып табылады және оны шынайы жасамайды.

Есептік бағалау, егер ол негізделген жағдай өзгерсе немесе жаңа ақпарат

тың пайда болуы немесе тәжірибе жинақтаудың нәтижесінде қайта қаралуы мүмкін. Бағалауларды қайта қарау өз табиғатында  өткен кезеңдерге жатпайды және түзетілген қателер болып табылмайды.

Бағалаудың қолданылатын негізіндегі өзгеріс – есептік бағалаудағы өзгеріс емес, есеп саясатындағы өзгеріс. Есеп саясатының өзгерісін есептік бағалаудың өзгерісінен айыру қиын болған кезде, бұл өзгеріс есептік бағалаудың өзгерісі ретінде қарастырылады.

37-параграф қолданылатын өзгерістерді қоспағанда, қандай да болмасын есептік бағалаудағы өзгерістің нәтижесі міндетті түрде оны пайдаға немесе залалға енгізу арқылы перспективалық түрде танылуы тиіс:

·        өзгеріс болған кезеңде, егер ол осы кезеңге ғана әсер етсе;

  • өзгеріс болған кезеңде және болашақ кезеңдерде, егер ол қайсысына да болмасын әсер етсе.

Есептік бағалаудағы өзгеріс активтердің және міндеттемелердің өзгеруін туғызғанға дейінгі дәрежеде немесе меншікті капиталдың бабына байланысты болса, ол міндетті түрде осы өзгеріс кезеңіндегі тиісті активтің, міндеттемелердің немесе меншікті капитал баптарының баланстық құнын түзету арқылы танылуы тиіс.

Есептік бағалау өзгерісінің әсер етуін перспективалық тану осы өзгерістің операцияларға, басқа оқиғаларға және жағдайларға есептік бағалаудағы өзгеріс болған күннен бастап қолданылатынын білдіреді. Есептік бағалаудағы өзгеріс ағымдағы кезеңнің пайдасына немесе залалына ғана не ағымдағы және сол сияқты болашақ кезеңдердің пайдасына және залалына әсер етуі мүмкін. Мысалы, сенімсіз борыштардың сомаларын есептік бағалаудағы өзгеріс ағымдағы кезеңнің пайдасына немесе залалына ғана әсер етеді және сондықтан ағымдағы кезеңде танылады. Дегенмен пайдалы қызмет етудің бағаланған мерзімінің немесе амортизацияланған активтен экономикалық пайда алудың жобаланған схемасының өзгерісі ағымдағы кезеңде және активтің пайдалы қызмет етуінің қалған мерзімінің әрбір келесі кезеңіндегі амортизациялық шығыстарға әсер етеді. Екі жағдайда да ағымдағы кезеңге қатысты өзгерістердің әсер етуі ағымдағы кезеңде табыс немесе шығыс ретінде танылады. Болашақ кезеңдерге тиісті әсер ету, егер ол болса, осы болашақ кезеңдердегі табыс немесе шығыс ретінде танылады.

Ашып көрсету

Ұйым ағымдағы кезеңде әсер ететін немесе күтіліп отырғандай, осы әсер етуді бағалауға шын мәнінде мүмкін болмаған кезде осындай ақпарат ашу жағдайларын қоспағанда, болашақ кезеңдердегі әсер ететін осындай есептік бағалаудағы өзгерістің сипатын және сомасын ашып көрсетуге міндетті.

Егер болашақ кезеңдерге әсер ету сомасы оны бағалауға шын мәнінде мүмкін болмағандықтан ашып көрсетілмесе, ұйым осы фактіні ашып көрсетуге міндетті.