ҚЕХС бойынша есеп саясатын таңдау және қолдану

 ҚЕХС бойынша есеп саясатын таңдау және қолдану туралы қазақша реферат

Қандай да болмасын Стандарт немесе Түсіндіру қандай да болмасын операцияға, басқа оқиғаға немесе жағдайға тікелей қолданылған кезде есеп саясаты немесе осы объектіге қолданылатын саясаттар міндетті түрде осы Стандартты немесе Түсіндіруді қолдану және ХҚЕС жөніндегі кеңес осы Стандарт немесе Түсіндірме үшін шығарған барлық тиісті Ендіру жөніндегі нұсқаулықтарды қарау арқылы белгіленуі тиіс.

ХҚЕС-на ХҚЕС жөніндегі Кеңес шешкендей оларға қолданылатын операциялар, басқа оқиғалар және жағдайлар туралы маңызды және сенімді ақпарат бар осындай қаржы есептілігін алуға әкеп соғатын есеп саясаттары берілген. Осы саясаттарды оларды қолданудың әсер етуі маңызды болмайтын кезде қолданбаған жөн. Сонымен қатар ХҚЕС-на ұйымның қаржылық жағдайын, қызметінің және ақша ағындарының қаржылық нәтижелерін белгілі бір түрде ұсынуға қол жеткізу мақсатында жол берілген рұқсат бермеген немесе назар аудармай қалдырмаған және маңызсыз бас тартпаған жөн.

Халықаралық қаржы есептілігінің стандарттары жөніндегі Кеңес шығарған Стандарттарды ендіру жөніндегі нұсқаулық осы Стандарттардың бөлігі болып табылмайды және сондықтан қаржы есептілігіне қойылатын талаптар жоқ.

Операцияларға, басқа оқиғаларға немесе жағдайларға нақты қолданылатын осындай Стандарт немесе Түсіндіру болмағанда, ұйымның басшылығы мынадай ақпараттың пайда болуына әкеп соғатын есеп саясатын жасау және қолдану үшін өзінің пайымдауын қолдануға міндетті:

  • экономикалық шешімдер қабылдаған кезде пайдаланушылардың қажеттілігі тұрғысынан алғанда маңызды;
  • қаржы есептілігінің ұйымның қаржылық жай-күйін, қызметінің қаржылық нәтижелерін және ақша қаражатының қозғалысын шынайы беретіні;
  • операциялардың, басқа оқиғалардың және жағдайлардың тек заңды нысанын ғана емес, экономикалық маңызын көрсететіні;
  • бейтараптылығы, яғни алдын ала ойлауы жоқ;
  • сақ болуы;
  • барлық маңызды қатынастарда толық болып табылатыны тұрғысында сенімді.

10-параграфта жазылған пайымдауларды әзірлеу кезінде ұйымның басшылығы тиісті көздерді негізге алуы және олардың мынадай кезектілікке қолданылатынын зерттеуге міндетті:

  •    ұқсас және байланысты проблемаларды қозғайтын Стандарттарға және түсіндірулерге талаптар және ұсынымдар;
  • «Қағидаттардағы» тиісті анықтамалар, тану критерийлері және активтерді бағалау қағидаттары, міндеттемелер, кірістер мен шығыстар.

10-параграфта жазылған пайымдауларды әзірлеу кезінде ұйымның

басшылығы сондай-ақ қаржы есептілігінің стандарттарын әзірлеу үшін ұқсас концептуалдық негізді, басқа әдебиетті және салалық практиканы осы көздер 11-параграфқа қарама-қайшы келмейтіндей дәрежеге дейін пайдаланатын стандартты әзірлейтін өзге ұйымдардың неғұрлым жаңа құжаттарын қарай алады.

Есеп саясатының жүйелілігі

Ұйым өзінің есеп саясатын Стандарт немесе Түсіндіру басқа есеп саясаты қолданылу мүмкін баптарды санаттауды нақты талап еткен немесе рұсқат еткен жағдайларды қоспағанда, ұқсас операциялар, басқа оқиғалар және жағдайлар үшін жүйелі таңдауға және қолдануға міндетті. Егер Стандарт немесе Түсіндіру баптарды осындай категориялау талап етсе немесе рұқсат етсе, тиісті есеп саясаты міндетті түрде әрбір санатқа қатысты жүйелі таңдалуы және қолданылуы тиіс.