Сабақтың мақсаты: нәрсеге қарап сурет салу жолдарын үйрету. Зат өлшемдерінің пропорциялық қатынастарын табуға жаттығу. Бұйымның тұрмыста қолданылу қажеттілігімен оқушыларды таныстыру.
Сабақтың көрнекілігі: Керегенің өлшемдерінің қатынасын көрсетуге арналған таблица. Оқушылар үшін дәптер, қалам, өшіргіш шағын өлшемдердегі кереге.
Сабақтың кезеңдері: бірінші — керегенің қазақ халқының өміріндегі орны туралы әңгіме; екінші — нұсқаны көрнекті жерге орналастыру; үшінші — затты бейнелеу жолдарын көрсету; төртінші — нұсқаға қарап сурет салу.
Сабақтың барысы: кереге — киіз үй сүйегінің талдан, жіңішке қайыңнан жасалған төменгі қабырғасы. Кереге көздерінің көлеміне қарай: тор көзді (кішкене) және жел көзді (үлкен) болып екіге бөлінеді. Тор көзді керегеде уық байлайтын 20 бас, жел көзді кереге 17 бас болады. Кереге жасайтын тал мөн қайыңнын қабығын жастай аршып, көлңкеде кептіргеннен кейін қозға көміп жұмсартады. Сонан соң тезге салып, түзетіп жонады: Дайын болған кереге ағаштарын қайтадан тезге салып мүсіндейді. Бұдан соң оларды бір-бірімен косып, түйенің өгіздің мойын терісінен дайындалған таспамен көктейді, жосамен бояйды. Кейбір шеберлер керегені әр түсті бояуларымен сырлатып, к8міспен әшекейлейді. Жиюлы керегенің биіктігі 2м- дей, ені 75 см-дей болады. Ал жазған уақытта биіктігі сәл төмендеп, ені 2-2,5 м-ге дейін созылады. Кереге санына қарай киіз үй 4, 6, 8, 12 қанат етіп тұрғызылады. Хан ордасының кереге саны 30-ға дейін жетеді.