Кедендік бақылау туралы қазақша реферат
Кеден заңының маңызды бөлімдерін құрайтын кеден құқығының келесі институтына кедеп рәсімдеуі мсн кеден бақылауын жатқызуға болады.
Кедендік рәсімдеуі нақты анықталмаған кеден режимі бойынша тауарлар мол көлік кұралын тасымалдау мақсатындағы әрекеттерді жүзеге асыру мсн осы рәсімдеуді кеден заңына сәйкес аяктауды білдіреді.
Қазакстанның кеден шекарасы аркылы өткізілетін барлық тауарлар мен көлік құралдары кеден бақылауына жатады. Ол белгіленген ережелер бойынша жүргізіледі.
Кұжаттар мен мәліметтерді тексеру, тауарлар мен көлік қүралдарын тексеру, жеке тексеріс, тауарлар мен көлік кұралдарынын есебі, ауызша сұрау алу, есеп пен есеп беру жүйесін тексеру, қоймалар ғимаратын және кеден бақылауына жататын тауарлар мен көлік қүралдары орналаскан басқа да орындарды (адам өмірі мен денсаулығына, жануарлар мен өсім-діктерге кауіпсіз және тауарлар мен көлік қүралдарына зиян келтірмейтін техникалык құралдарды қолдану арқылы) тексеру — кеден бақылауының түрлері болып табылады.
Кеден рәсімдеуі кеден шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар мен көлік құралдарынын заңдылығын аныктайды және бекітуге жол береді, тәртіптерін және оның сақталуын анықтайды, баска да шаралар сырткы сауда мәмілесінің заңга сәйкестігін нактылайды және кеден бақылауын өткізуді қамтамасыз етеді.
Кеден бақылауының мақсаты экспорттық ақша түсімдерінің өз уақытында түсуін және толықтығын қамтамасыз ететін, сондай-ақ импорт мақсатында валюта қаражатын заңды және негізделген түрде пайдалануды қамтамасыз ету болып табылатын кеден органдарына жүктелген валюталық бақылаумен қатар жүргізіледі. Кеден заңы кеден рәсімдерін құрайтын келесі тараулардан тұрады: жалпы ережелер, алдын-ала жүргізілетін операциялар; уақытша сақтау; кедендік тасымалдау; мәлімдеу.
Кеден рәсімдеуі кеден органына кеден рәсімдеуіне бөлініп берілген орынға тауар мен көлік қүралдарының жеткізілгендігі жөнінде хабардар етілгеннен кейін және кедендік жүк декларациясын және басқа құжаттарды ұсынғаннан соң басталады. Кеден рәсімдеуі тиісті кеден органының қалауы бойынша сол жерде және оның қызмет орнының аймақтарында немесе мүдделі тұлғаның өтініші бойынша басқа да орындарда жүргізіледі. Мұндай жағдайда жалпы тәртіпті Кеден комитеті бекітеді.
Кеден рәсімдеуін жүргізуде (кеден органының талап етуі бойынша міндетті) тауарлар мен көлік құралдары иесінің өкілетті өкілі катысуға құқылы.
Кеден рәсімдеуін жүргізу барысында заңдарда көзделген тиісті органдар жүзеге асыратын малдәрігерлік, фитосанитарлық, экологиялық және мемлекеттік бақылаудың т. б. түрлері ескеріледі.
Рәсімделген немесе рәсімделуі аяқталмаған тауарлар мен көлік қүралдарын пайдалану мен оларға иелік етуге тыйым салынады. Нақты жағдаяттардың туу оқиғаларына байланысты шектеулер мен тыйым салуды пайдалану шарттарын кеден органы бекітеді.
Арнайы экономикалық аймақта (АЭА) кеден реттеулерін, соның ішінде кеден рәсімдеуін жүргізу өзекті проблема болып отыр. 1996 жылдың 16 қаңтарында Президенттің «Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақ туралы» Заң күші бар жарлығы (бұдан кейін — «Арнайы экономикалық аймақ туралы» жарлық) қабылданды.
Арнайы экономикалық аймақты еркін кеден аймағы деп жариялау, осы аймақтан экспортталған және осы аймаққа импортталған тауарларға арнайы режим енгізу кез келген уақытта жалған қүжаттарды рәсімдеу мен айналысатын контрабанданың етек алуына әкеледі.
Әр түрлі елдерде түрлі атауларға және жеңілдік режимдерге ие еркін экономикалық аймақтар бар, бірақ ондай аймақтарда мемлекеттің экономиканы көтеруге талпынуын және ішкі резервтердің жеткіліксіздігі кезінде инвесторларға экономикалық босаңсудағы шетел капиталының қүйылуына арналған бағыттарды көрсету арқылы біріктіреді.
Экономикалық аймақтын сипатты белгілері халықаралық тәжірибе көрсетіп отырғандай, уақытша салық төлеуден босатумен; экспортқа өндіру үшін пайдаланатын тауарлар импортын кеден бажынан босатумен; валюталық бақылаудың босаңдауымен; біріңғай әкімшілік орталық құрумен, толыктай шетелдік меншікке жататын фирмалар құруға рұксат етілуімен байланысты.
«Арнайы экономпкалық аймақ туралы» жарлық арнайы экономикалық аймақты еркін кеден аймақты режимі әрекет ететін Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тыс орналасқан аумақ ретінде бекітеді.
Еркін кеден аймағы режимі аумақ шегінде шаруашылық қызмет жүргізетін барлық жеке және заңды тұлғаларға отандық және импорттық өндіріс тауарларын бажсыз және салық салынбаған әкелім құкығына мүмкіндік береді. АЭА аумағында өндірілген немесе жеткілікті ұқсатылған тауарлар әкетілу негізінде алып шығу кеден баждарынан босатылады, сарапшы қызметкерлері қатыстырылады. Сынама мен үлгілерді кеден органдарының рұқсатымен мемлекеттік өкілеттігі бар басқа органдар да алуы мүмкін. Заң бойынша сынамалар мен үлгілер зерттеу мумкіндігін қамтамасыз ететіндей аз мөлшерде алынатындығы анықталған.
Сараптама кызметінің әрекетінің заңдылығы, олардың кызмет тәртібі ведомстволық актілермен анықталады, оған 1995 ж. Кеден комитеті бекіткен кеден сараптамасын ұйымдастыру және жүргізу тәртібі туралы, зерттеу немесе сараптама үшін тауарлар сынамалары мен үлгілерін алу, оларды сактау мен кайтару тәртібі туралы нүсқаулары жатады.
Әкелінген немесе әкетілетін тауарларға салынатын кеден баждары мен басқа да алымдарының дұрыс есептелуі мен кеден бақылауының жеткіліктігі шыққан шешімге байланысты болады. Сынама мен үлгі алу кеден рәсімдеуі үшін тауар мен оның жолдама қүжаттары ұсынылған жағдайда, сондай-ақ контрабанда және кеден ережесі бұзылғандығы туралы істі жүргізу мен қарау кезінде де алынады.
Негізгі кеден рәсімдеуі мен тауарлар мен көлік құралдарын белгілі бір кеден режиміне орналастыруға алдын ала кеден рәсімдеуі жатады, әкелінуге (әкетілуге) тыйым салынған тауарлар мен көлік құралдарын әкелуге (әкетуге) жол бермеуге, кедендік құралдарды сәйкестендіруге бағытталған алдын-ала жүргізілетін операцялар болып табылады.
Мүдделі түлғаның тілегі бойынша кеден органдары нақты тауарды немесе нақты шаруашылық операциясына байланысты топтастырылуына, кедендік бағасына, тауардың шыққан еліне байланысты алдын-ала шешім қабылдайды. Мұндай шешім қабылданғаны үшін Үкімет бекіткен мөлшерде төлем алынады.
Егер алдын-ала шешім шығаруға негіз болған фактілер мен жагдайлар өзгеріссіз қалатын болса, алдын-ала шығарылған шешім басқа да кеден органдары үшін міндетті болып табылады, онда заңдық күшін үш жыл (тауардың шыққан еліне қатысты) және бір жыл (басқа мәселелерге қатысты) ішінде жалғастырады.
Кеден аумағына тауарлар мен көлік құралдарын әкелу кезінде сондай-ақ кеден аумағынан тыс әкету кезіде коммерциялық мақсатын пайдаланбай әрі карай кеден органы бекіткен жерге белгіленген бағыт бойынша жеткізу кезінде тасымалдаушы кеден органдарына хабарлама бе-руге міндетті.
Кеден рәсімдеуі барлық мәліметтерді, бақылау үшін немесе үсынылған тауарды тексеру үшін талап етілген барлық қүжаттардың қолда барлығын тексеруден соң аяқталады.
Сыртқы экономикалык кызметтің бұдан кейінгі заңдастырылуы Қазақстанда Үкіметтің біраз қаулылары бойынша мемлекет бақылауындағы (мысалы, 1996 жылгы 12 кашардағы № 298 каулы) экспорт пен импорпык стратегиялык маңызды өтімдер тізбесі сақталғанымен, Қазақстанда тауарлар мен көлік құралдарының экспортқа арналған кедендік босаңсуға әкеліп соғуы мүмкін.
Қазакстанда кедеп шекарасы аркылы өткізілетін тауарлар мен көлік қүралдары мәлімдеуге жатады. Мәлімдеу жөнінде алғаш рет 1993 жылғы 13 ақпандағы Министірлер Кабинетінің Қазақстан Республикасының кеден шекарасы аркылы тауарларды өткізу тәртібі мен мәлімдеу туралы» Қаулысында айтылған, осыған сәйкес 1993 жылдың 1 наурызынан бастап кеден органына кедендік жүк декларациясын ұсыну жолымен мәлімдеу енгізілді. Мәлімдеу тауарлар мен көлік қүралдарын кеден шекарасы арқылы тасымалдаушы тұлғанын кеден органына тауар туралы, мәмілеттің сипаты мен мазмұны жөніндегі барлық мәліметтерді заң, белгіленген (жазбаша, ауызша, электронды түрдегі беріліс және өзге де түрде) үлгі бойынша дәл мәлімдемені қүрайтын арыз арқылы жүргізілсді.
1995 жылы Кеден комитеті «Кедендік жүк декларациясын толтыру тәртібі туралы» нұсқауды бекітті.
Кеден дскларациясы кеден органы рәсімдеген сәттен бастап зандық құжат болып табылады. Кеден органының кеден декларацясын қабылдаудан бас тартуға қүқығы жоқ деген норма жеткілікті маңызды заңдық кепілдік болып табылады («Қазакстаи Республикасында кеден ісі туралы» заң күші бар Президент Жарлығыныц 199-бабы, 1999 жылы 16 шілдеден -Заң). Сонымен бірге жеткіліксіз мәліметті белгілі мерзім ішінде ұсыну міндетін жүктей отырып, уақытша немесе толық емес декларация беруге рүқсат етілген.
Декларация берілуі үшін кеден органына ұсынылатын декларацияны толтыруға негіз болатын және оны растайтын құжаттар:
— кеден рәсімдеуіне жататын тауарлар мен көлік қүралдарына меншік (билік ету немесе пайдалану) қүқығы;
— декларанттың кеден декларациясын өз атынан беру өкілеттігі;
— тауарларды өткізу фактісі;
— кеден қүны мен тауарлардың шығуы;
кеден төлемдері мен салықтарын төлеу және тарифтік жеңілдіктер мен тарифтік преференция бойынша салық төлеу мүмкіндігінің негізі;
— стандарттаудың міндетті талаптарға сәйкестігі;
— Қазақстан Ресиубликасының заңында және халықаралық келісім-шарттарда карастырылган өкілетті мемлекет органдарының тиісті рұқсаттары мен басқа да құжаттар.
Бұдан баска, кеден органы кеден декларациясының мазмұнындағы және кеден мақсаты үшін ұсынылған тексеру мақсатында қосымша мәліметтерді сұрақ қүжаттаруға, сондай-ақ жеткіліксіз қүжаттармен мәлімсттердің ұсыну мсрзімін сұрауға қүқылы.
Тиісті кеден рәсімдеуіне кеден брокері мен тасымалдаушы қатысуы мүмкін, бұл туралы ережені Үкімет бекітуі тиіс.
Занда қарастырылған жағдайдан басқа Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өткізілетін барлық тауарлар мен көлік құралдары кеден бақылауына жатады. Кеден бақылауы қүжаттар мен мәліметтерді тексеру. тауарлар меи көлік қүралдарын кедендік тексеру. Жеке тексеру жәнс т. б. белгіленген ережелер бойынша жүргізіледі.
Кеден бақылау анықталған кеден бақылауы аймағында, кедендік рәсімдеу немесе кеден органдары орналасқан жерлерде және кеден органы бекіткен басқа орналасу үшін рүқсат беруді қарастырады, ол үшін кеден бакылауына жататын тауарлар мен көлік құралдары орналастыруга тиіс аумақка және ғимаратқа кез келген түлғаның келуі үшін алдын ала кеден органына хабарлама, қажетті қүжаттар талап етіледі немесс бақылау жүктелген кеден органының қызметі жүзеге асырылады.
«Кеден ісі туралы» заң кедендік рәсімдеу мен кеден бақылауының жалпы ережелерінен тыс «шетелдік түлғалардың жекелеген категорияларына берілетін кеден жеңілдіктері» деп аталатын ерекшеліктерді карастырады (223-228-баптар).
Кеден бакылауына кажетті қүжаттар мен мәліметтерді мүдделі түлға ұсынады. Бүдан басқа, кеден органдары банктер мен ұйымдардан осы тұлғалардың есепшоттарының операциялары туралы және жай-күйі туралы мәлімет алуға, кеден мақсаты үшін тәжірибеде шешімін таппаған көптеген мәселелерге кезіктіретін қаржылық және сыртқы экономикалық қызметін тексеруге құкылы. Кеден бақылауына жәрдем көрсету үшін мамандар мсн сарапшылар тартылуы мүмкін. Жеке тексеру жүргізуден тысқары кеден органдары келік құралдарын мәжбүрлі түрде тоқтатуға, кеден органының рүқсатынсыз кеден аумағынан шығып кеткен теңіз, өзен және әуе кемелерін мәжбүрлі түрде кері қайтаруға, кез-келген уақытта тауарлар мен көлік қүралдарыныц тізімін жүргізуге, валюталық бақылауды жүзеге асыруға қүқылы.
«Кеден ісі туралы» заң бойынша алғаш рет интеллектуальдық меншік объектілерін қамтитын тауарлар тізімін алуды жүргізуі тиіс.
Тауарлар интеллектуальдық меншік объсктілеріне деген құқықты бұзатын белгілерді байқаған жағдайда кеден органдары оларды шығаруды тоқтатады.
Өндірістік үлгілер. патенттер, интегралдық микросхема типологиясы немесе ашылмаған акпараттары бар тауарларды шығару құкықтық иеленушінің мүддесін корғау үшін қажеттілікті қамтамасыз етуді декларанттың ұсынуы (бір айдан кем емес мерзімде) арқылы жүзеге асырылады.
Кеден заңы Қазақстандық кеден шекарасы аркылы өткізілетін тауарлар мен көлік құралдарына кеден бақылауын жасауға қатысты қосымша ережелсрді карастырады.
Кеден бакылауының күрамдас болігі рстінде валюта ба-қылауы ұлттық банкті бірқатар ведомстволық актілері қабылданғаннан кейін оны кеден органдарының қатысуына қосымша мүмкіндіктер туғызады.
1997 жылы 23 мамырда Кеден комитетінің келісімі бойынша Ұлтгық Банктің қаулысымен экспортгык-импорттық валюта бақылауын үйымдастыру жөніндегі ереже қабылданды.
Ресейде кеден органдары 1994 жылдан бастап-ақ мәмілелер құжатын бақылайды, ал Қазақстанда көрсетілген ереже кеден рәсімдеуін аяқтағанға дейін экспорт және импорт мәмілелерінің құжаттарын рәсімдеу тәртібін және кеден рәсімдеуінен кейін осыған ұқсас тәртіпті реттейді.
Бүгінгі таңда валюталық бақылауда қойылатын талаптардың арта түскендігін кеден қызметінің экономика және каржы саласында біліктендірілген мамандарды таңдап алуда жаңа әдіс-амалдар қажет.
Мемлекет валюталық бақылаудан басқа малдәрігерлік, фитосанитарлық, экологиялық және бақылаудың т.б. түрлерін қарастырады.
1999 жылғы 11 акпандағы «Өсімдіктер карантині туралы» Қазақстан Республикасының заңымен ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылатын өсімдіктер карантині бойынша мемлекеттік шараларды жүзеге асырудың кағидалары мен құқықтық негізі анықталған. Мұндағы фитосанитарлық қорғау дегенміз — республиканың өсімдік ресурстарын және өсімдік текті өнімдерді басқа мемлекеттерден тасып әкелуден, сондай-ақ республиканың карантиндік объектілерінің күшпен кіруінен қорғауға, олардың таралуы жағдайында — олардың таралу ошақтарын жергіліктендіру мен жоюға бағытталған мемлекет шараларының жүйесін қарастыратын құқықтық режим.