Қазіргі қазақ тілінің фонетикалық жүйесі

жоспары 

1.Фонетика және оның зерттеу нысаны.

2. Қазақ тілінің фонетикалық жүйесінің басқа жүйелерден айырмашылығы.

Дыбыстың аккустикалық қызметі. Аккустика дегеніміз дыбысты зерттейтін физиканың бір саласы.(akustikos — естілу)

Акустикалық тұрғыдан алғанда дыбыс қандай да болсын бір дененің белгілі бір ортада теңселіп қозғалуының нәтижесінде пайда болады да, құлаққа естіледі.Дыбыс өтетін орта-ауа кеңістігі.Акустика дыбыстағы төмендегі белгілерді ажыратады:

1)Дыбыс ырғағы.

2)Дыбыс күші.

3)Дыбыс әуені.

4)Дыбыстың созыңқылығы.

Дыбыс ырғағы уақыт мөлшерінің ішіндегі дірілдің санына байланысты болады.Дірілдің саны неғұрлым көбейе берсе дыбыстың ырғағы соғұрлым күшейе береді.Адам құлағы бір секунд ішінде 16-дан,20000-ға дейінгі дірілдің нәтижесінде пайда болған дыбысты ести алады.Сөйлеу дыбыстың күші өкпеден шыққан ауа күшінің дауыс шымылдығына түсетін қысымымен айқындалады.Сөйлеу дыбыстың ырғағы дауыс шымылдығының ұзындығы және оның қысылу қалпына қарай айқындалады.

Тіл дыбыстарының түрлері. Тілдің барлығында да тіл дыбыстарды екі топқа бөледі.Дауыстылар мен дауыссыздар.Негізгі ортақ белгісі олардың буын құрау қызметі. Дыбыстарды дауыстылар мен дауыссыздар деп топтастырғанда олардың акустикалық жақтары мен физиалогиалық жақтары да еске алынады.Акустикалық тұрғыдан қарағанда дауыстылар мен дауыссыздарды бір-бірінен ажырату музыкальді үн (тон)және салдырға негізделеді.Дауыстыларда үн басым болады.Дауыссыздарда салдыр басым .Осыған орай ұяң немесе санор дыбыстарды дауыстылардың немесе дауыссыздардың қатарына тікелей теліп қою өте қиын.Физиологиалық тұрғыдан алып қарағанда дауыстыларды айту үстінде шыққан ауа бірінші, кедергіге ұшырамай еркін шығады; екінші, дыбысталу мүшелеріне күш түспей, оның қалпы жайдары болады; үшінші, ауа баяу шығады (а,о,у). Ал, дауыссыздарды айтқанда фонациялық ауа бірінші, кедіргіге ұшырап, тосқауылмен айтылады; екінші, тосқауылдан өту кезінде дыбысталу мүшелеріне күш түселеді; үшінші, ауаның шығу қарқыны күштірек болады. Сонымен дауыссыз дыбыстар 2 топқа бөлінеді. Үнді және үнсіз (салдыр) дыбыстар. Салдыр дыбыстар ұяң және қатаң деген 2 топқа бөлінеді. Дауссыз дыбыстардың жүйесі консонантизм деп аталады.

Дауысты дыбыстар жүйесі вокализм терминімен аталады. Дауысты дыбыстарға тән артикуляцияға тән ерекшелік оларда музыкальды үннің болуы.Дыбыстардың классификациялық 2 түрі бар. Оның 1-физиологиялық классификация; 2-акустикалық классификация. Физиологиялық классификация акустикалық классификацияға қарағанда әлдеқайда қолайлы. Дауыстылар сөйлеу мүшелерінің негізгі үш түрінің қатысымы мен қалпына қарап, атап айтқанда 1- тілдің қалпына; 2- еріннің қалпына; 3- жақтың ашылу қалпына қарай топтастырылады.

  1. Тілдің артқы таңдайға қарай жиырылып, бүктеліңкіреп айтылуынан жуан дауыстылар жасалады (а,о,ұ,ы т.б.), ал тілдің таңдайдың алдыңғы жағына жақындап айтылуынан жіңішке дауыстылар жасалады (ә,е,й,і,ү т.б.).
  2. Еріннің қатысуына қарай еріндік және езулік болып бөлінеді (о,ө,ұ,ү,у — еріндік).
  3. Жақтың ашылу қалпына қарай дауыстылар ашық және қысаң болып бөлінеді.
  4. Қысаң (ұ,ү,ы,і).

Тілде келте, қысқа, созылыңқы дауыстылар да болады.

Дауысты дыбыстар кестесеі

 

Еріннің қатысына қарай Иектің (жақтың) қатысына қарай Тілдің қатысына қарай
Еріндік дауыстылар Езулік дауыстылар Ашық дауыстылар Қысаң дауыстылар Жуан дауыстылар Жіңішке дауыстылар
О, Ө, У, Ұ, Ү А, Ә, Ы, І, (Э) А, Ә, О, Ө, Е Ы, І, (И), У, Ұ, Ү А, О, (У), Ұ, (И) Ә, Ө, Ү, І, Е, (И), (У)

Бұл кестедегі и, у дыбыстары сөз немесе буын ыңғайына қарап бірде жуан, бірде жіңішке болып айтылады. Тіліміздегі жалаң дауысты фонема э болғанымен, қазақ сөздерінде е жазылатындықтан, кестеде бұл фонема е (э) түрінде көрсетілді.

Дауыссыз дыбыстар (Консонантизм)

Дауыссыз дыбыстардың артикуляциялық ерекшелігі: а) дауыссыздарды айтқанда өкпеден шыққан ауа әйтеуір бір кедергіге ұшырайды. ә) дауыссыздарды айтқанда үн бәсең, солғын болады. б) дауыссыз фонемалар буын құрай алмайды. в) дауыссыз фонемаларды айтқанда дауыс шымылдығы баяу дірілдейді яғни пассив қатысады.

Дауыссыз дыбыстар дегеніміз — өкпеден шыққан ауаның кедергіге ұшырап шығуынан жасалатын дыбыстар. Қазіргі қазақ тілінде 25 дауыссыз дыбыс бар: б,в,г,ғ,д,ж,з,й,к,л,м,н,п,р,с,т,(у), һ,ф,х,ц,ч,ш,қ,ң.

Дауыссыз дыбыстарды айтқанда өкпеден шыққан ауа сөйлеу мүшелеріне соқтығып, одан салдыр пайда болады. Сондықтан да дауыссыз дыбыстарда үнге салыдр араласады.

Дауыссыз дыбыстар кестесі
Қатаң дауыссыздар Ұяң дауыссыздар Үнді дауыссыздар
П,ф,к,қ,т,с,ш,щ,х,ц,ч Б,в,г,ғ,д,з,ж,һ Р,л,,й,у,м,н,ң
Айтылу ерекшелігіне байланысты
Шұғыл Ызың
п,б,т,д,қ,к,г,ч,ц;

 в,ф,г,ғ,з,ш,щ,ж,х,һ