Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясын оқытудағы сарамандық жұмыстар туралы қазақша реферат
Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясы курсынан оқушылар республиканың және оның жекелеген экономикалық аудандарының халқымен, шаруашылығының даму және орналасу заңдылықтарымен танысады. Географияның бұған дейінгі курысынан Қазақстан жөнінде экономикалық-географиялық мағлұмматтар алғандарымен, оқушылар егемендікке ие болған республиканың алдында тұрған мәселелерін пайымдау үшін мүлде аздық етеді. Жаңаша жағдайларда ойдағыдай жұмыс жүргізу үшін, ең алдымен, республика табиғатының, тарихы мен шаруашылығының өзіндік ерекшеліктерін жақсы білетін, белгілі бір аумақтың табиғи-тарихи дамуында орын алатын ауытқушылықтардың бәрін ескере отырып, дұрыс шешім қабылдай алатын, яғни экономикалық және экологиялық тұрғыдан алғанда жаңаша ойлай алатын, терең экономикалық білімі бар мамандар қажет болады. Осыған орай өзге елдердегі секілді, Қазақстандағы көптеген шиеленіскен әлеуметтік-экономикалық мәселер көбінесе адамдар өміріндегі «географиялық фактордың» ерекшелігі мен рөлін жете түсінбеуден немесе бұрмаланудан пайда болғанын және пайда болатынын еске салу орынды. Мектепте өз республикасының экономикалық және әлеуметтік географиясын тереңдете оқытудың объективтік қажеттігі осыған байланысты, өйткені оқушылардың бәрі де осында туып, осында ер жеткендер. Қазақстанның жергілікті географиялық ерекшеліктерін жақсы білу оқушыларға экономиканың күрделі мәселерін жақсы айыра білуге, республикадағы қазіргі шаруашылық жағдайды дұрыс бағалап, бүгінде саяси дербестік пен тәуелсіздікке ие болып отырған Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуындағы ірі өзгерістердің мәнін түсінуге көметеседі.
Қазақстан Республикасы – егеменді, демократиялық және біртұтас мемлекет. Оның экономикасының жетекші салалары болып табылатын түсті және қара металлургияның, көмір, мұнай және химия өнеркәсібінің, астық шаруашылығы мен етті-жүнді қой шаруашылығының мемлекетаралық зор маңызы бар.
Сондықтан Қазақстан Достастық елдерімен және олардың экономикалық аудандарымен тығыс байланыс орнатып келеді, онсыз қазіргі заманғы шаруашылықты серпінді әрі жан-жақты дамыту мүмкін емес. Бұған қоса, Қазақстан дүние жүзінің басқа да елдерімен, ең алдымен, Қиыр, Таяу және Орта Шығыс елдерімен экономикалық байланыстарын дамыта түсуге ұмтылуда.
Қазақстан Республикасының қазіргі экономикалық және әлеуметтік географиясы тұтас алғанда өндіргіш күштерді орналастырудың негізгі принциптерін жүзеге асыру, өндірісті шикізат пен отынды аудандарына, сондай-ақ тұтынушыларға жақындату нәтижесінде қалыптасқан. Қазақстанның барлық түпкірлерінде экономикалық орталықтардың пайда болуы, кеңінен дамыған аумақтық еңбек бөлінісіне негізделген республика ішіндегі экономикалық аудандарды қоса алғанда, ірі өнеркәсіп тораптары мен аумақтық-өндірістік кешендердің қалыптасуы республикада мүлде жаңа экономикалық және әлеуметтік географияны қалыптастырудың барынша айқын көрсеткіштері болып табылады.
2002 жылы қабылданған Қазақстан Республикасы жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес орта мектептің 9- сыныбында географияны оқытуға 34 сағат берілген. Бұл тақырыптық жоспар Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 12.05. 2004 ж. №403 Бұйрығымен бекітілген, жалпы орта білім беретін мектептердің 8-9 сыныптарына арналған география бағдарламасы (Алматы, 2004 ж.) және 9- сыеыпқа арналған «Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясы» (авторлары Е.Ахметов, Н.Кәрменова, Ш.Кәрібаева, Б.Асубаев. Мектеп, 2005 ж.) жаңа буын оқулығы негізінде жасалынған.
(Тақырыптық жоспар №1 қосымшада сипатталады)
(Халықтың орналасу географиясы №2 қосымшада сипатталады)
Одан әрі әр жылдардағы қала, ауыл қоныстарындағы халық санының өзгеру диаграммасы (пайызбен).
(Халық санының өзгеру диаграммасы №3 қосымшада сипатталады)
Әлемдік өркениетке ұмтылған елімізде оқыту мен тәрбие берудің сан түрлі жолдары қарастырылады. Жүзден жүйрік мыңнан тұлпар шығару үшін, вундеркинг даялау бағытында бұрынғы дағдылы сабақ өтізу тәсілдері ескірген. Сабақтың табиғатына сай әдіс-тәсіл іздеп, жаңалық енгізе оқыту технологиясы басты назарда. Өзге оқу пәндер сияқты жаратылыс пәндерінің ішінде географияның үздіксіздігі есепте тұр. Географиядан жаңа әдіспен үздіксіз білім берудің технологиясы жасалуда. Үздіксіз деген ұғым мектепке дейінгі мекемелерде, мектептегі түрлі әдіс – сарамандық, сыныптан тыс әр түрлі жолдармен, жоғарғы оқу орнының берген білім, өмірге жолдама алғаннан кейінгі білім жемісін қамтиды.
Географиядан оқу пәндерінде саралай оқыту және дамыта оқыту үрдісі бар. Екеуінде де білім түрлі әдіс-тәсілдермен олардың өзара байланысы негізінде беріледі.
Соңғы кезде 9-10 сыныптардағы географиядан сарамандық жұмыстарда Шаталовтың педагогикалық технологиясының ішіндегі тірек-сызбалары әр пәнге пайдалануға кеңес бергендей. Бұлар ауызекі сөзді қысқартып, нақты ойды жеткізеді. Тірек-сызба сызу оқушыны ойлауға, тез шешеім қабылдауға жетелеп, ойын айтып жеткізуге итермелейді. Тірек-сызбалар арасында түсіндірме сөздер, қажетті сандық көрсеткіштер жазылады.
Негізгі осы үш тақырып болады да, олардың әрқайсысына жеке-жеке толықтырылып, сызба құрылады. Осы үш кешенді тақырыпты бір-бірінен ажыратып тастауға болмайды. Қай ел болмасын оның географиялық орнын физикалық; экономикалық, саяси тұрғыдан біліп алмай шаруашылығына баға берілмейді. Елдің физикалық-географиялық орнын білу бұрынғы алған білімді қайталау, әрі бекіту болып табылады. Экономикалық-географиялық, саяси-географиялық орнына сипаттама жаңа ұғым болып табылады. Экономикалық-географиялық орны төрт шартпен орындалады. Бұл ұғым оқушыларға еліміздің кескін картасын сыздырып, көрші елдерін жаздыру, Астананы белгілеу, көлік кешенін анықтау арқылы толықтырылады. Көрші елдерінің экономикалық даму сипатын және бағытын анықтайды. Осы елдердің саяси орнын белгілейді. Бұл жұмыстар мұғалімнің нұсқауымен бағыт-бағдар беріле отырып орындалады. Сызба-нұсқаның ерекшелігі оқушыны жаңа ойға жетелеп, ғылыми дүниетанымын ұштайды. Сызбаның негізгі тақырыбын белгілеп, қосымша сызбалар арқылы негізгі ойдың көлемі ұлғаяды. Сызбаның басты ерекшелігі:
1. Дәлдігі ескеріліп, эстетикалық талғаммен сызылуы.
2. Қосымша түсініктердің берілуі.
3. Терминдерге талдау.
4. Диаграмма, графиктерді талдау және сызу талабы мідеттеледі.
Мен өз жұмысымда мектептегі 9- сыныпта өткізген «Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясынан» Қазақстанның халқының орналасу географиясынан өткізілген №2 сарамандық жұмысты келтіріп отырмыз;
№2 сарамандық жұмыс.
Сабақтың тақырыбы: «Халқы және еңбек қоры».
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға Қазақстан халқының саны, ұлттық құрамының өзгеруіне миграцияның әсерін түсіндіру. Көп ұлтты мемлекет болуының себебін анықтау. Халықтарының орналасуы мен орналасу тығыздығына, статистикалық материалдармен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру.
Жаңа сабақ жоспары:
1.Қазақстанда тұратын халық саны, ұлттық құрамы.
2.Халықтың орналасуы (ауыл және қала халқы).
3.Халықтың табиғи өсуі.
4.Халық санының өсу графигін салу.
5.Ірі қалаарды кескін картаға салу.
6.Статистикалық материалдармен жұмыс істеу.
Бұрын жеке оқытылмаған тақырып болғандықтан, бұл сабақты өткенде «казахстан в цифрах», «Алматы» /Қазақстан» баспасы,1987ж./ кітаптарын пайдалану керек. Бұл статистикалық жинақта соңғы 20 жылдағы халық санының өсуі туралы толық мағлұмат берілген. Қазақстанда тұратын әр түрлі ұлт өкілдерінің сандық қатынастары пайыз түрінде көрсетілген. Табиғи өсу әрбір 1000 адамға шаққанда 1960 жылы 30,6 болса, 1986 жылы 18,1-ге дейін азайып кеткен. Халықтың әлеуметтік құрамы да көп өзгеріске ұшыраған. Мысалы, 1939 жылы халықтың 51 пайызы ғана жұмыс істесе 1979 ж. ол көрсетілім 0,6 пайызға көтерілген, ал 1995 жылға қарай нарық экономикасыны байланысты бұл көрсеткіш төмендеп республикамызда «жұмыссыз» адамдар саны көбейген. Қазақстан Республикасы халқының саны 1999 жылғы халық санағы бойынша 14 млн. 953 мың 126 адам. Оның 57,9 %-ы қалада, 44,1%-ы ауылдық жерде тұрады. Соңғы жүргізілген санақтың мәліметі бойынша ұлттық құрамы: қазақтар – 53,4%, орыстар – 32,1%, украйндар – 4,5%, ұйғырлар – 1%, кәрістер – 0,5%, тағы басқа халықтар тұрады. Қазақстанның кескін картасына ірі қалаларды, халықтың тығыздығын, халықтың ең аз және ең көп орналасқан аудандарын түсіру керек.
1-2 тапсырмадағы сызбада халық санының өсуі, оған әсер етуші себептер, орналасуы мен қоныстануына, оған әсер етуші себептер көрсетіледі. Оқушыладан қоныстанудың типтері сұралып, әр жылдардағы қала, ауыл халқының өсу-кему диаграммасы мен графигін салуға жаттықтыру. Тақырыпта оқушылар білімін тереңдетуді көздеп, урбандалу, субурбандалу, агломерация, қаланың атқаратын қызметі туралы тың ұғымдар түсіндіріледі. Халықтың орналасуы, қоныстануы, сирек және тығыз аудандар картадан анықталып, халықтың тығыздығын табуға тапсырма беріледі. Халықтың құрылымы, жас-жыныстық еңбек қорлары, этникалық топтары туралы ұғым беріледі. Еңбек қоры ұғымын ашу оқушылардан сұралады.
3-тапсырма.
Қала мен селодағы халық санының өзгеру графигінде кему мен өсу тенденциясы байқалады. Себебін түсіндіріңіз.
Халықтың қалаға шоғырлануынан урбандалу үрдісі жүреді.
4-тапсырма.
Халық санының өсу графигін салу.
1926 ж. – 6,03; 1939 ж. – 6,09; 1959 ж. – 9,3; 1989 ж. – 16,5; 1997 ж. – 15,9; 2002 ж. – 14,9;
5-тапсырма.
1. Тығыздық деген не?
2. Әрбір шаршы шақырымға келетін адам санын табу.
халық саны 14,9 млн.
жері 2,7 млн.шаршы км.
Қалалар қандай қызмет атқарады?
әкімшілік басқару, өндірістік, мәдени, тарихи, көлік торабы, қызмет көрсету.
Халықтың ұлт құрамы мен еңбек қоры.
Ұлттық құрамы өте күрделі. 130-дан астам ұлт тұрады.
Ірі ұлт: қазақ, орыс, украин, неміс, татар.
Уақ ұлт: корей, дүнген, болгар, молдаван, мордва, беларус, қарашай, алтай, шешен.
Еңбек қоры деген – халықтың еңбекке жарамды бөлігі.
Ерлер – 16-63 жасқа дейін.
Әйелдер – 16-58 жасқа дейін.
Ең белсенді жас – 27-55 жас арасы.
№6 сарамандық жұмыс.
Сабақтың тақырыбы: «Қазақстан металлургиясы»,
Сабақтың мақсаты: Қазақстанның қара металлургия салаларының орналасу факторын, салааралық байланыс географиясын, даму проблемасын түсіндіру.
Сабақ жоспары:
1.Атлас картасы арқылы негізгі қара металлургия аудандарын анықтау.
2.Қара металлургияның орналасу факторын анықтау.
3.Қара металлургиясы дамыған бір ауданға төмендегі жоспар бойынша анықтама жазу:
а) ауданның аты, географиялық орны.
ә) орналасу факторы
б) осы орналасудың тиімді жоспары
г) даму болашағы.
4.Кескін картаға толық және толық емес циклді кәсіпорындарды салу.
5. Қара металлургияның құрылымдық сызбасы мен салааралық байланыс сызбаларын сызу.
Бұл жұмысты жасағанда негізгі көңіл аударатын мәселе табиғат байлығын пайдалануға баға беру. Бір оқушыдан толық циклді зауыт, қайта өңдейтін зауыт және кен байыту комбинаттарының айырмашылығын сұрауға болады. Сынып тақтасына жоғарыдағы жоспарды жазып қояды да, магнитті тақтаға картаны іліп, түрлі түсті қағаздан жасалған бағдарламаларды пайдаланып, Қазақстанда өндірілетін байытылған кеннің қандай зауытта қорытылатынын көрсетуге болады. Сонда оқушыларға Қазақстан металлургиясының мүмкіндігі толық пайдаланылмайкеле жатқаны түсінікті болады. Қостанай облысындағы темір кені орнынан өндірілетін шикізат Қазақстанның териториясынан тыс жердегі зауыттарда қорытылатынын анықтайды. Қара металлургияның орналасу факторы
Қара металлургияның құрылымдық сызбасы:
Руда → байыту отын→ балқыту → шойын → қоспа қосу → болат балқыған болатты қалыптау → суарып шыңдау → дайын өнім (прокат). (Бұл толық циклды комбинат).
Қара металлургия өндірісің орнастыру шарты.
- Еңбек қорына
- Шикізатқа жақын орналыстыру
- Отынға
- Көлікке
Қара металлургияның салааралық байланысы сызбасы.
Бұл сарамандық жұмыстарда оқушыларда қара металлургияңың салалары шығаратын жаңа өнім түрлері туралы ұғым қалыптасады. Қара металлургияның құрылымдық сызбасынан рудадан дайын өнімге дейінгі жұмыс ырғағын, шойын мен болаттың айырмасын қандай жағдайда шойын болатқа айналатынын ұғады.
Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік география курсындағы сарамандық жұмыстарды әр түрлі әдіс-тәсілдерімен орындауға болады және барлық оқушыларға баға қою міндетті емес. Сарамандық жұмыстарды мұғалімнің өз қалауы бойынша басқаша да жүргізуге болады.