Дүние жүзінің экономикалық және әлеуметтік географиясын оқытудағы сарамандық жұмыстар

Дүние жүзінің экономикалық және әлеуметтік географиясын оқытудағы  сарамандық жұмыстар туралы қазақша реферат

          Адамзат өмір сүріп отырған әлем өзара тығыз байланысты әрі өзара тәуелді. Біздің бәріміз бір планетада қатарласа тіршілік етеміз, ал бұл планетамызды  бөлшектеп танып білу өте қиын.

Дүние жүзінің экономикалық және әлеуметтік географиясы курсы арқылы бөліп жаруға келмейтін тұтас дүниенің қазіргі заманғы көрінісін көруге болады. Оның табиғи ресурстары мен халықтары туралы, дүниежүзілік шаруашылық, оның ғылыми-техникалық революция жағдайындағы даму беталыстары жайында түсінік алуға болады. Қазіргі заманның келелі проблемаларын ұғынуға болады. Көптеген жаңа географиялық, экономикалық, социологиялық (социология – қоғам жайындағы, адамдардың әрекет-құлқы туралы ғылым.), демографиялық және басқа да ұғымдармен, терминдермен танысатын ілім.

Дүние жүзінің экономикалық және әлеуметтік географиясы – бұл адамзат қоғамының аумақтық ұйымдасуын зерттейтін қоғамдық географиялық ғылым. Экономикалық және әлеуметтік географияда географияның, экономика және социологияның элементтері тоғысатындықтан, ол географиялық қана емес, сонымен қатар экономикалық, социологиялық зерттеу әдістерін де кеңінен қолданады.

Қай ғылым болса да бір орында тұрып қалмайды. Соңғы ондаған жылдар бойында экономикалық география да көп өзгеріп, енді әлеуметтік және экономикалық география деп аталатын болды. Мұның мәнісі экономикалық және әлеуметтік салалар өзара ажырағысыз байланысты. Өйткені өндіріс өндіру үшін емес, адамдардың мұқтаждығын өтеу үшін, олардың материалдық және рухани қажеттерін қамтамасыз ету үшін жұмыс істейді және ғылыми-техникалық ревалюция дәуірінде өндірістің өзі де станокпен не компьютермен жұмыс істейтін, зертханада не егістікте еңбек ететін адамдардың білім деңгейінің қандай болатынына барынша байдланысты.  Өндіріс адамның тұрмыс жағдайына, оны қоршаған ортаның, демалатын жағдайының қандай болатынына тәуелді. Шаруашылықты негізгі  өндіргіш  күш   болып  табылатын адамдардан, адам факторынан бөле жарып  қарауға болмайды. Міне, сондықтан да экономикалық география әлеуметтік көзқарас тұрғысын қамтып және адамға барынша назар аударып, әлеуметтік географиямен жымдасып кетті.

Дүниежүзілік экономикалық және әлеуметтік географиясы пәнінен оқушыларға қойылатын талаптар.

Оқушылар нені білуі керек?

— қазіргі дүниежүзі картасы жағдайы, қазіргі дүниедегі мемлекеттер түрі мен топтасуы;

— дүние жүзі мемлекеттерінің әкімшілік басқару құрлысы мен басқару түрі;

— «демографиялық жарылыс», «көші-қон», «урбандалу» (урбанизация) түсініктері;

— ғылыми-техникалық революцияның өндіріс саласына араласуы мен әсері;

— әлемдік өндірістің өзіндік белгісі;

— әлемдегі өндіретін және шығаратын өндіріс салалары;

— әлемдік ауыл шаруашылығының өзіндік белгісі;

— ірі өндірістік және ауыл шаруашылық аудандары;

— жаяу, теңіз, өзен және авиациялық транспорттың өзіндік бегілері;

— дамыған мемлекеттердің әлеуметтік-экономикалық өсу деңгейі;

Оқушылар не істей білу керек?

1. Дүние жүзінің экономиқалық және әлеуметтік географиясының басқа ғылымдармен байланысын білу керек.

2.  Дүние жүзінің саяси картасын білу.

3.   Кескін картаға өндіріс орындарын түсіру.

4.   Халықтың орналасуы  мен заңдылықтарын анықтау білу.

5.   Халықтың саны мен жыныстық құрамын статистикалық материалдар арқылы анықтау.

7.   Дамушы елдерге сипаттама беру.

8.  Әр түрлі шаруашылық салалары арасында байланысты табу.

9.  Дүние жүзінің шаруашылығының дамуын болжау.

10.  Дүние жүзіндегі елдерге салыстырмалы сипаттама беру.

11.  Өндірістік байланыс сызбасын сызу.

12.  «Үлкен жетіліктегі» елдердің табиғат ресурстарын бағалау.

13.  Дүние жүзінің табиғи экономикалық факторларының мамандандыруға тигізетін әсерін анықтау.

14.   Сыртқы экономикалық байланыстарын болжау және бағалау.