Жоспар:
I) Кіріспе
II) Негізгі бөлім
1. Қазақстан Республикасының машина жасауды дамыту жөніндегі 2010 — 2014 жылдарға арналған бағдарлама.
2. Машина жасау кешенінің қазіргі заманғы жай-күйін бағалау
3. Саланың күшті және әлсіз жақтарын, мүмкіндіктері мен қауіп-қатерлерді талдау
4. Мұнай-газ,
Тау-кен металлургиясы, Темір жол машиналары, Ауыл шаруашылығы машиналары, Электр жабдығы, Автомобиль жасау
5. Саланы дамытудың негізгі проблемалары.Саланы дамытуда мемлекеттік реттеудің қолданыстағы
саясатын талдау. Қоршаған ортаға әсерді бағалау.
6. Бағдарламаның мақсаты, міндеттері, нысаналы индикаторлары және оны іске асыру нәтижелерінің көрсеткіштері. Бағдарламаны іске асыру кезеңдері. Қажетті ресурстар.
III) Қорытынды
IV) Пайдаланылған әдебиеттер.
Машина жасау бүкіл әлемде ұлттық өнеркәсіптің технологиялық деңгейінің көрсеткіші ретінде қабылданады. Бұл сала жанама салаларды дамыту үшін мультипликативтік әсер береді, халықтың жұмыспен қамтылуын бірнеше рет ұлғайтады және сол арқылы тұтастай алғанда экономиканың бәсекеге қабілеттігін қамтамасыз етеді.
Ендеше, Қазақстан экономикасының өсуі машина жасаудың озық өсуімен қатар жүруі тиіс. Бұл өнеркәсіп кәсіпорындарындағы механикаландыру деңгейін арттыруға және республика экономикасы салаларындағы еңбек өнімділігін ұлғайтуға мүмкіндік береді.
Қазақстан Республикасында машина жасауды дамыту жөніндегі 2010 — 2014 жылдарға арналған бағдарламаны әзірлеу үшін негіздеме Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 14 сәуірдегі № 302 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасын Үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 — 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі Іс-шаралар жоспарының 5-тармағы болып табылады.
Бағдарлама жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды жоғары технологиялық және қазіргі заманғы жабдықпен жаңғыртуға, халықаралық стандарттың бәсекеге қабілетті өнімін шығару бойынша жаңа кәсіпорындар құруға, барлық жұмыс істеп тұрған отандық машина жасау кәсіпорындарының байланыстары мен кооперациясын дамытуға бағытталған.
Бағдарламаны саланы жүргізілген маркетингтік зерттеулер негізінде айқындалған бәсекеге қабілетті өнімді шығаруға бағытталған жаңа сапалық деңгейде қалпына келтіруді және дамытуды бастауға, оның өндіріс көлемін ұлғайтуға және тұрақты өткізу нарықтарын табуға арналған, сонымен қатар қайта жаңарту, жаңғырту, техникалық қайта жарақтандыру және өндірістің озық шетелдік технологиялары мен кәсіпорындарды басқару менеджментін енгізу есебінен жұмыс істеп тұрған машина жасау кәсіпорындарын жедел дамыту және машиналардың, технологиялар мен жабдықтардың жаңа түрлерін жасауға бағытталған барынша тиімді, ғылыми-техникалық және технологиялық әзірлемелерді игеру негізінде өнім сапасын тұрақты жетілдіру бағдарламасы ретінде қарастыру керек.
Қазақстан Республикасының машина жасауды дамыту жөніндегі 2010 — 2014 жылдарға арналған бағдарлама. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 қыркүйектегі N 1002 Қаулысы «Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 14 сәуірдегі № 302 қаулысын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында машина жасауды дамыту жөніндегі 2010 — 2014 жылдарға арналған бағдарлама бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі мүдделі министрліктермен, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдерімен бірлесіп, Бағдарламада көзделген іс-шаралардың тиісінше және уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін.
3. Жауапты орталық және жергілікті атқарушы органдар, ұлттық холдингтер, компаниялар және ұйымдар «Салалық бағдарламаларды әзірлеу және мониторингілеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 18 наурыздағы № 218 қаулысымен бекітілген салалық бағдарламаларды әзірлеу және мониторингілеу ережесіне сәйкес Бағдарламаның іске асырылу барысы туралы ақпарат берсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары — Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрі .Ө. Исекешевке жүктелсін.
5. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Отандық машина жасауды дамыту жөніндегі шаралар кешенін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 29 қарашадағы № 1115 қаулысы;
2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 20 шілдедегі № 1101 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 18-тармағы
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Бағдарламаның паспорты.
Атауы: Қазақстан Республикасында машина жасауды дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған бағдарлама.
Әзірлеуге арналған негіздеме: Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 14 сәуірдегі № 302 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 — 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының 5-тармағы
Жауапты орындаушы: Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі
Мақсаты: Қосылған құны жоғары түпкі өнім өндіруді ұлғайту есебінен ішкі нарықтың қажеттілігін барынша қанағаттандыру және экспортты кеңейту
Міндеттер: 1. Технологиялық жаңғыртуды ынталандыру және
жаңа өндірістер құру
2. Ішкі нарықтың мүмкіндіктерін тиімді
пайдалану
3. Машина жасау өнімінің экспортын қолдау және
дамыту
4. Машина жасау саласын дамытуды қажетті
кадрлармен қамтамасыз ету
Іске асыру мерзімдері: 2010 — 2014 жылдар
Нысаналы жалпы қосылған құнды 74 %-ға өсіру. Саладағыиндикаторлар еңбек өнімділігін жылына бір адамға 7 592 мың теңгеге дейін ұлғайту. Өндіріс көлемін 588 млрд. теңгеге дейін ұлғайту.
Қаржыландыру: Бағдарламаны қаржыландыру даму институттарының және қаражаты, кәсіпорындардың өз қаражаты, отандықкөлемдері және шетелдік инвестициялар мен республикалық бюджетте көзделетін қаражат шегінде жүзеге асырылады. 2010 — 2014 жылдарға арналған республикалық бюджет есебінен қаржыландырудың қажетті көлемі 2 430,182 млн. теңгені құрайды. Соның ішінде:
2010 жылы — 439,173 млн. теңге;
2011 жылы — 1 991, 009 млн. теңге;
2012 жылы — көзделіп отырған жоқ;
2013 — 2014 ж.ж. — 2013 — 2015 жылдарға арналған республикалық бюджетті бекіту кезінде көзделеді.
Машина жасау кешенінің қазіргі заманғы жай-күйін бағалау. Қазіргі кезде Қазақстанда машина жасау экономикалық қызметтің мынадай түрлерін қамтиды: машиналар мен жабдықтардан басқа, дайын металл бұйымдары өндірісі; компьютерлерді, электрондық және оптикалық өнім өндірісі; электр жабдығы өндірісі; басқа санаттарға қосылмаған машиналар мен жабдықтар өндірісі; автокөлік құралдары, трейлерлер мен жартылай тіркемелер өндірісі; өзге де көлік құралдары өндірісі; машиналар мен жабдықтарды жөндеу және орнату.
2008 жылғы ішкі өндіріс көлемі 303 млрд. теңгені құрады. Экспорт көлемі — 154,5 млрд. теңге, ол өз кезегінде экспорттың жалпы көлемінің 2 % — ын құрайды.
2009 жылдың қорытындылары бойынша 282,5 млрд. теңге сомасына өнім өндірілген, бұл 2008 жылмен салыстырғанда (303 млрд. теңге) 6,8 %-ға төмендеген. Оның ішінде машиналар мен жабдықтар 115,5 млрд. теңгеге, электр жабдықтары 61,5 млрд. теңгеге, көлік құралдары 105,5 млрд. теңгеге өндірілген, алдыңғы жылмен салыстырғанда өндірілген машиналар мен жабдықтар көлемі құндық көріністе 9,8 %-ға, электр жабдығы — 13,4 %-ға төмендеп, ал көлік құралдары 1,4 %-ға ұлғайған. Машина жасау секторы 2008 жылға дейін барынша жоғары қарқынмен өсті, 2008 жылы басқалармен салыстырғанда дағдарысқа орай көп зардап шекті. Бұл бірінші кезекте машина жасау өніміне сұраныстың инвестициялық сипатымен байланысты. Соңғы жылдары машина жасау өніміне сұраныс өсімінің өзекті драйвері мұнай-газ саласына инвестициялардың өсуі және құрылысты ауқымды дамыту болды. Дағдарыс басталғалы бері тұтынушы сала компаниялары бірінші кезекте операциялық қызметтің тиімділігін сақтай отырып, өндірісті ұлғайтуға және жаңғыртуға ауқымды инвестициялардан бас тартты. Оның үстіне қаржы саласындағы дағдарыс халыққа арналған кредиттік ресурстардың қол жетімділігін төмендетуге әкелді, бұл да сұраныстың, мысалы автоөнеркәсіп өніміне сұраныстың азаюына әкелді.
Қазақстанның өнеркәсіп өндірісінің жалпы көлеміндегі машина жасау өнімінің үлесі 1990 жылғы 15,9 %-дан 2008 жылы 3,0 %-ға дейін төмендеді, ал 2009 жылы 2008 жылмен салыстырғанда ол өсіп, 3,2,%-ды құрады
Өңдеуші өнеркәсіптегі машина жасау саласының үлесі 9,5 %-ды құрайды. Өнеркәсіп кәсіпорындарының жалпы көлемінде машина жасау өнімін өндірушілері тек 6 %-ды құрайды. Машина жасау саласы үшін кадрларды даярлау Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар облыстарында 5 мамандық бойынша 19 техникалық және кәсіптік білім беру (бұдан әрі — ТжКБ) орындарында (8 біліктілік бойынша) және 18 жоғары оқу орнында (050712 — Машина жасау мамандығы бойынша) жүргізіледі.
Бүгінгі күні машина жасау саласының инвестициялық жобаларын іске асыру бойынша кадрларға деген қажеттілік осы Бағдарламаның 1-қосымшасына сәйкес 6 299 адамды құрайды.
Машина жасау өнімінің импорты мен экспорты
|
2007 ж. | 2008 ж. | 2009 ж. | |||
Импорт | Экспорт | Импорт | Экспорт | Импорт | Экспорт | |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
Барлығы, млрд. теңге, оның ішінде: | 4012,7 | 5852,4 | 4558,0 | 8563,4 | 4190,3 | 6371,4 |
ТМД елдері | 1788,4 | 976,1 | 2104,9 | 1332,7 | 1780,0 | 1001,7 |
әлемнің басқа да елдері | 2224,2 | 4876,3 | 2453,2 | 7230,7 | 2410,3 | 5371,2 |
оның ішінде: | ||||||
Машиналар, жабдық және механизмдер, электр техникалық жабдық | 1078,9 | 42,9 | 1209,3 | 55,0 | 1140,0 | 40,3 |
ТМД елдері | 245,5 | 34,3 | 287,4 | 40,6 | 233,8 | 25,6 |
әлемнің басқа да елдері | 833,4 | 8,6 | 921,9 | 14,4 | 906,1 | 14,8 |
Жер үсті, әуе және су көлігі құралдары | 698,5 | 69,9 | 551,5 | 96,5 | 421,9 | 16,2 |
ТМД елдері | 199,9 | 16,1 | 182,5 | 26,0 | 125,1 | 5,3 |
әлемнің басқа да елдері | 498,6 | 53,8 | 369,0 | 70,5 | 296,8 | 10,9 |
Оптикалық, өлшем, бақылау, аспаптары мен аппараттары | 91,7 | 2,2 | 100,8 | 3,0 | 93,8 | 2,5 |
ТМД елдері | 17,4 | 0,7 | 18,2 | 1,3 | 15,9 | 0,9 |
әлемнің басқа да елдері | 74,3 | 1,5 | 82,6 | 1,8 | 77,9 | 1,6 |
Машина жасауда аталғандардың барлығы: | 1869,2 | 115,0 | 1861,6 | 154,5 | 1655,7 | 59,0 |
ТМД елдері | 462,8 | 51,1 | 488,2 | 67,9 | 374,9 | 31,7 |
әлемнің басқа да елдері | 1406,3 | 63,8 | 1373,5 | 86,6 | 1280,8 | 27,2 |
Қазақстандағы машина жасау өніміне деген қазіргі сұраныс импорт есебінен толықтай қанағаттандырылады, ол ішкі өндіріс пен импорттан 5 еседен астамға артық: 2009 жылы импорт көлемі 1655,7 млрд. теңгені , ал ішкі өндіріс 282,5 млрд. теңгені құрады.
Қазақстанның негізгі сауда әріптесі Ресей болып табылады — оның үлесі машина жасау өнімі импортында 19 %-ды және экспортта 31 %-ды құрайды. Ресейден басқа машина жасау өнімінің негізгі импорттаушылары: Германия (11 %), Қытай (11 %), АҚШ (10 %) және Жапония (6 %) болып табылады. Қазақстаннан машина жасау өнімі экспортының негізгі бағыттары Ресейден кейін: Ұлыбритания (экспоттың 15 %-ы), Түркия (13 %), Германия (7 %) және Швейцария (6 %) болып табылады. Импорт құрылымында автомобильдер, станоктар, мұнай-газ, тау-кен шахта және металлургиялық машиналар жасау өнімі, ауыл шаруашылығына арналған тұрмыстық техника мен техника 40 %-дан асады.
Экспорт құрылымында компоненттер, электр техникасы мен электр жабдығы, сондай-ақ автомобильдер басым.
Өндірістің дамушылығы мен бәсекеге қабілетінің көрсеткіші ретінде машина жасау өнімінің сыртқы сауда айналымы саланың экспортқа бағдарланушылығының әлсіздігін көрсетіп отыр. Машина жасау өнімінің импортқа айтарлықтай тәуелділігі де саланың төмен дамығанын көрсетеді.
Саланың күшті және әлсіз жақтарын, мүмкіндіктері мен қауіп-қатерлерді талдау. Қазақстанда машина жасауды одан әрі дамыту стратегиясын дамыту мен айқындауды объективті талдау үшін оның күшті және әлсіз жақтарын, сондай-ақ қолда бар мүмкіндіктер мен қауіп-қатерлерді нақты айқындау қажет.
Төменде келтірілген кестеде Қазақстандағы машина жасаудың негізгі күшті және әлсіз жақтары, мүмкіндіктері мен қауіп-қатерлер ұсынылған. Одан арғы шараларды айқындау үшін келеңсіз факторларды жою, қауіп-қатерлердің алдын алу және сонымен бірге оң факторларды күшейту, мүмкіндіктерді пайдалану қажет.
Машина жасау жағдайын SWОТ — талдау
Күшті жақтары: 1. Ішкі сұраныстың бірінші кезекте жанама салалар тарапынан артуы. 2. Көліктік және энергетикалық инфрақұрылымның негізгі өндірістік кластерде болуы. 3. Ірі кәсіпорындарда өндірістік инфрақұрылымның болуы. 4. Қолда бар машина жасау кәсіпорындары. |
Әлсіз жақтары: 1. Ішкі нарықтың тіпті болашақта да салыстырмалы кіші көлемі. 2. Білікті кадрлар тапшылығы, соның ішінде мамандардың шет елге кетуі. 3. Қазақстанның машина жасау өнімінің бәсеке қабілеттігі деңгейінің төмендігі (негізгі қорлар тозуының жоғары болуы, қуаттардың төмен жүктемесі себебінен және т.б.). |
Мүмкіндіктері: 1. Ресей Федерациясымен және Беларусь Республикасымен Кеден одағына кіруіне байланысты нарықтың кеңеюі. 2. Белгілі бір сегменттерде және тауашаларда технологиялық көшбасылар болып табылатын АҚШ және Еуропа компанияларымен бірлескен кәсіпорындар құру есебінен технологиялар трансферті (дағдарыс мүмкіндіктерін қолдана отырып). 3. Елдің ішкі және халықаралық кооперацияларының дамуы, соның ішінде әлемдегі ірі шикізат және төменгі шектегі компонентті базаларды жеткізушілер ретінде Ресей және Қытайға жақындықты 1 пайдалану. |
Қауіп-қатерлер: 1. Шикізат тауарларына баға мен сұраныстың және өз кезегінде Қазақстанның машина жасау өніміне ішкі сұраныстың қысқаруына әкелетін әлемдік дағдарыс ұзақтығының сипаттамасы. 2. Басқа елдердің машина жасау кәсіпорындары тарапынан бәсекелестік. 3. Білікті кадрлардың жас шамасының ұлғаюы. |
Мұнай-газ машиналарын жасау. Отандық мұнай-газ машиналарын жасауды дамыту басымдығы мұнай-газ секторы машина жасау өндірісінің ірі тұтынушысы болып табылуына негізделген.
2008 жылы Қазақстан Республикасының нарық көлемі 168 млрд. теңгені құрады, оның 12 %-ын отандық өнімді сату құрады. Қалған мұнай-газ жабдықтарына қажеттілікті импорт қанағаттандырды, оның көлемі 2008 жылы 150 млрд. дерлік теңгені құрады.
Қазақстан кәсіпорындары бұрғылау, ұңғымаларды жөндеу, мұнай мен газды өндіру, дайындау, тасымалдау, өңдеу үшін әртүрлі күрделі жабдықтарды шығаруды іске асырады, бұл теңіз платформалары өндірісін игеруге мүмкіндік береді.
Қазақстан Республикасында 2008 жылы 250 астам атаулы мұнай-газ машиналарын және олардың бөлшектерін жасау ойдағыдай игерілді, олардың көбі әлемдік стандарт бойынша өндіріледі.
Осы сегменттің басымдығы мұнай-газ жабдықтарына сұраныс бірінші кезекте Қазақстандағы мынадай негізгі кен орындарында мұнай өндіру көлемінің ұлғаюына негізделген: Теңіз, Қарашығанақ және Қашаған. Өндіруші ірі компаниялардың жоспарына сәйкес 2020 жылға мұнай өндіру көлемі 2,4 есе ұлғаяды. Бұдан басқа, Қазақстан Республикасында Каспий қайраңында жаңа ірі кен орындарын игеру бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Сұраныстың жоғарлауының екінші маңызды факторы технологиялық артта қалудың және мұнай өңдеу өнеркәсібі қуатының тозуы, сондай-ақ мұнай және газ құбырларының тозуы болып табылады. Қазақстан Республикасында мұнай және газ құбырлары жалпы ұзындығының 80 %-ы 20-30 жылдан астам жөндеусіз пайдаланылуда.
Қазақстан Республикасында мұнай-газ машина жасау өнімі өндірісі
Көрсеткіш атауы | 2005 | 2006 | 2007 | 2008 | 2009 |
Сұйықты қайта айдауға арналған ортадан тепкші сорғы; өзге сорғылар; сұйық көтергіштер, дана | 7115 | 5758 | 7773 | 10253 | 12900 |
Мұнай-газ өңдеу жабдықтары, млн.теңге | 535 | 366 | 133 | 148 | 398 |
Мұнай кәсіпшілік жабдықтары, млн.теңге | 1547 | 1434 | 1902 | 1386 | 1452 |
Кестеде деректеріне сәйкес республикада сорғылар және көтергіштер өндірісінің өсуі байқалады (2009 жылы өсу қарқыны 2005 жылмен салыстырғанда 181 %-ды құрады). 2008 жылға дейін өнімнің мына түрлері бойынша өндірістің төмендеуі байқалды: мұнай кәсіпшілігі жабдықтары және мұнай-газ өңдеу жабдықтары, бірақ 2009 жылы 2008 жылмен салыстырғанда өсуі өнім түрлері бойынша өсу байқалады: мұнай-газ өңдеу — жабдықтары 2,7 есеге дейін, ал мұнай кәсіпшілігі жабдықтары 4,8 %-ға өсті.
Тау-кен металлургиясы машиналарын жасау. Әсіресе 2008 жылдың соңына дейін шикізаттық өріс кезеңінде Қазақстан Республикасында көмір, кендер мен металлургия өндіруді белсенді даму нәтижесінде тау-кен металлургиялық машина жасау саланың тез өсетін сегменттерінің бірі болып табылады.
Машина жасау өніміне ішкі сұраныс көлемі Қазақстан Республикасының тау-кен өнеркәсібі мен металлургиясы үшін 2008 жылы 145 млрд. теңгені құрады. Сұраныстың елеулі бөлігі машина жасау өнімінің импорты есебінен қанағаттандырылып, ішкі өндіріс көлемі 27 млрд. теңгені құрады (сұраныстың 18 %-ы).
Импорт алмастыруға бағытталған мемлекеттік саясат 2008 жылдары Қазақстан Республикасының өзіндік өндірісінің ішкі сұраныс үлесін өсіруге ынталандырды, ол 2006 жылы 2 есеге дейін өсіп, 16 % құрады (2006 жылы 8 %). Одан әрі мемлекеттік қолдау көрсету және салада ннжинирингтік қызмет пен технологиялар трансфертін дамыту кезінде ішкі өндіріс ішкі сұранысты 2014 жылға қарай 30 %-ға дейін қанағаттандыруы мүмкін
Тау-кен шахталары жабдығы зауыттарының жай-күйіне жүргізілген талдау олардың бірқатары бұрын шығарған номенклатураларды қалпына келтіруге немесе жаңа өндірісті ұйымдастыруға қабілетті екенін көрсетеді.
Тау-кен металлургиясы машиналарын жасауда отандық өнімі ішінде барынша перспективалық салалар: өздігінен жүретін бұрғылау және тиеу-көлік жабдығы, гидравликалық және пневматикалық перфораторлар, редукторлар, таспалық конвейерлер, прокат жабдығының ауқымды номенклатурасы, қосалқы бөлшектер өндірісі және т.б. болып табылады.
Қазақстан Республикасында тау-кен және металлургиялық машина жасау өніміне сұраныс көлемі орташа жылдық серпінмен 7 % өседі деп болжанып отыр.
Сегмент өніміне сұраныстың өсуінің негізгі факторлары мыналар болып табылады:
пайдалы қазбалар көлемі мен болат және басқа да қорытпалары көлемінің ұлғаюы;
тау-кен металлургия секторының негізгі қорларын жаңарту қажеттілігі.
Тау-кен металлургия машиналарын жасау өнімі өндірісі
Көрсеткіш атауы | Өлшем бірлігі | 2005 | 2006 | 2007 | 2008 | 2009 |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
Тау-кен өндіру өнеркәсібіне арналған машиналар | дана | 184 | 480 | 430 | 372 | 341 |
Пайдалы қазбаларды өндіруге және құрылысқа арналған машиналар мен жабдықтар өндірісі | млн. теңге | 9 168,0 | 11 233,1 | 21 201,4 | 27 948,2 | 25401,8 |
Металлургияға арналған машиналар және жабдықтар өндірісі | млн. теңге | 7 548,7 | 7 763,4 | 11 180,8 | 14 657,2 | 12 054,6 |
Көтеру көліктік жабдықтары өндірісі | млн. теңге | 3 625,6 | 4 131,3 | 5 397,8 | 6 785,6 | 7866,0 |
Келтірілген кесте деректері бойынша өнімнің мына түрлері бойынша өндірістің төмендеуі байқалады: тау-кен өндіру өнеркәсібіне арналған машиналар (2009 жылы 2008 жылмен салыстырғанда 8,3 %-ға төмендеді), машина және пайдалы қазбаларды өндіруге және құрылыс өндірісі (9 %-ға), металлургияға арналған машиналар және жабдықтар өндірісі (17,7 %-ға).
Темір жол машиналарын жасау. Әлемдік машина жасау өндірісінің жалпы көлемінде темір жол машинасын жасаудың үлесі аз — 1 % қамтиды. Осыған қарамастан, темір жол машиналарын және жабдықтарын сату өсімінің серпіні орта есеппен жылына 23 %-ды құрады — бұл саладағы ең жоғарғы көрсеткіштердің бірі болып табылады.
Қазақстандағы жалпы локомотив паркі — 1 689 локомотивті, оның ішінде, 578,5 электровозды, 1 110,5 тепловоз және 29 паровозды құрайды. Пайдалану паркі 1220 бірлікті (78 %-ы мүкәммалдық).
2009 жылы Қазақстан Республикасының жалпы жүк вагондары паркі 94 348 бірлікті құрады, оның ішінде 59 381 бірлігі (63 %) мүкәммалдық, ал 34 967 бірлігі (37 %) — жекеменшік болып табылады. Пайдаланатын парктің жалпы мүкәммал вагондар санындағы үлесі 75 % (44 563 бірлікті) құрайды. Жүк вагондарының қызмет мерзімі және техникалық жағдайы бойынша істен шығуы жаңару және мүкәммал паркін толықтырудан айтарлықтай озық болып отыр.
Қазақстан Республикасының темір жол машиналарын жасау өніміне ішкі сұранысты жүк вагондары мен локомотивтердің негізі тұтынушысы — «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі — «ҚТЖ» ҰК АҚ) қалыптастырады. Компанияның жоспарына сәйкес 2014 жылға дейін жыл сайын шамамен 1,4 — 5,2 мың вагон және 100 локомотив сатып алынады, сондай-ақ қолда бар вагондар мен локомотивтер паркіне күрделі жөндеу жүргізіледі. Темір жол машиналарын жасау өніміне сұраныстың өсуіне негіз болатын негізгі факторлар жүк айналымының өсуі мен темір жол техникасы паркі тозуының жоғарылығы болып табылады.
Экономика үшін көлік түрі ретіндегі темір жолдың жоғары маңызы (жүк тасымалының 60 %-ы, жолаушылар тасымалының 50 %-ы темір жол арқылы жүреді) экономиканың жоспарланып отырған өсімімен біріге жүк тасмалының өсуіне алып келеді (темір жол жүк тасымалы өсуінің орташа жылдық болжамы 2008 — 2014 жылдар аралығында жылына — 4 %-ды құрайды).
Сұраныстың өсуіне әсер ететін басқа маңызды фактор жұмыс істеп тұрған техника паркі тозуының жоғары болуы болып табылады. Қазақстанда пайдаланылатын тепловоздардың орташа тозуы 75 %-дан асады, жолаушылар вагондарының сындарлы тозу шегінің 70 %-ынан асады.
Қазақстандағы жиынтық импорт 2008 жылы 97,7 млрд. теңге сомасына шамамен 5,5 мың әр түрлі үлгідегі жүк вагондарын құрады (шамамен 45 %-ы цистерналарға тиесілі), бұл импортты-алмастыратын өндірістер құруға маңызды әлеует қалыптастырады.
Жоспарға сәйкес «ҚТЖ» ҰК АҚ отандық тауар өндірушілер игеретін темір жол өнімінің номенклатурасын 2 мыңнан 5 мың атауға дейін ұлғайтуды және отандық тауар өндірушілерден машина жасау өнімін сатып алудың көлемін он есеге ұлғайтуды жоспарлап отыр.
Ауыл шаруашылығы машиналарын жасау. Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылығы машиналары мен жабдықтары нарығының көлемі 2008 жылы 127 млрд. теңгені, тұрақты бағалардағы өсім қарқыны — 6,6 %-ды құрады. Бұл ретте сұраныстың 90 %-ы импорттық техника жеткізілімдерінің есебінен қанағаттандырылды. Ауыл шаруашылығы машиналарын жасау өнімі экспортының көлемі 2008 жылы шамамен 2 млрд. теңгені құрады.
Қазақстан Республикасындағы тракторлар паркі 137 мың бірлікті, астық жинау комбайндары — 45 мың машинаны, дән себетін машина — 91 мың бірлікті, егін оратын машина — 15 мыңды құрады. 2001 — 2007 жылдардағы техниканы жаңғыртудың жылдық орташа қарқыны 0,8 — 3,2 %-ды құрады, бұл 10 — 12 жылға машиналардың орташа қызмет көрсету мезгіліне шарттасқан оңтайлы деңгейінен 8-10 %-ға төмен. Жаңартудың төмен қарқыны техникалар тозуының жоғары болуына алып келді: Қазақстан Республикасында машиналардың шамамен 85 %-ы амортизациялау мерзімінен тыс пайдаланылады. Мәселен, комбайнның қызмет көрсету мерзімі 8-10 жылдан аспайтын болғанымен, комбайндар паркінің 70 %-ы 16 жылдан астам мерзім бойы пайдаланады. Барлық қолда бар
машиналардың ішінде тракторлардың 74 %-ы, астық жинайтын комбайндардың 60 %-ы, егін оратын машиналардың 71 %-ы және егін себетін машиналардың 77 %-ы есептен шығарып алуға жатады.
Тозудың жоғары болуынан басқа болашақта сұраныс ауыл шаруашылығы машиналарымен қамтамасыз етуді арттыру қажеттілігіне байланысты болады. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында астықты алқаптың 1000 га жеріне — 4, ал Канадада — 9, Италияда — 17, Германияда — 20 комбайн келеді. Машинамен жеткіліксіз қамтамасыз ету агротехникалық операцияларды (жер жырту, егін жинау және т.б.) орындау уақытын ұлғайтуға алып келеді, бұл нәтижесінде егіннің сапасын төмендетеді.
Қазақстанның трактор паркінің құрылымында жалпы мақсаттағы тракторлардың шамамен үштен екісін: «Кировец» типі 5 тарту класының, Т-150К 3 тарту класының дөңгелекті тракторлары, шынжыр табанды тракторлардың үштен бірі Т-4А, Т-95.4 4 тарту класының және ДТ-75М 3 тарту класының тракторлары құрайды. Қазақстан Республикасының шаруа қожалықтарында 65 мыңнан астам МТЗ-80/82, ЮМЗ-8040.2 1,4 тарту класының дөңгелекті тракторлары пайдаланылады.
Ауыл шаруашылығы машиналарын жасау өнімін өндіру
Көрсеткіш атауы | Өлшем бірлігі | 2005 | 2006 | 2007 | 2008 | 2009 |
Ауыл шаруашылығы тракторлары өндірісі | млн теңге | 2 240,9 | 2 433,0 | 3 246,8 | 5 532 | 4 686,1 |
Ауыл және орман шаруашылығына арналған өзге де машиналар мен жабдықтар өндірісі | млн. теңге | 4 329,6 | 4 243,6 | 8 853,2 | 12 198,6 | 12 112,8 |
Қатарлық жатқалар | дана | 338 | 222 | 259 | 367 | 188 |
Ауыл шаруашылығы тауарлары (2005 жылмен салыстырғанда 2009 жылғы өсім қарқыны 209 %-ды, ал 2008 жылмен салыстырғанда 84,7 %-ды құрады), ауыл және орман шаруашылығына арналған өзге де машиналар мен жабдықтар (2005 жылмен салыстырғанда 2009 жылғы өсім қарқыны 280 %-ды ал 2008 жылмен салыстырғанда 99,3 %-ды құрады) өндірісінде тепе-тең емес серпін байқалады, қатарлық жаткалар өндірісі 2009 жылы 2008 жылмен салыстырғанда 2 есеге қысқарды .
Қазақстанның ауыл шаруашылығы машиналары мен жабдықтары нарығын қазіргі кезде түгелге дерліктей импорт өнімдері иеленеді. Отандық өндірушілер барынша басым үлеске ауыл шаруашылығы машиналары (сиыр сауу кешені, ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеуге арналған машиналар т.б.) сегментінде, компоненттер мен қосалқы бөлшектер сегментінде — 50 %-дан астам, комбайндар мен аспа жабдығы сегментінде ең аз үлеске ие.
Бүгінде Қазақстанда астық жинау комбайндары өндірісі Қостанай дизель зауытының базасындағы «АгромашХолдинг» акционерлік қоғамында (бұдан әрі — АҚ) ғана жүргізіледі. 2008 жылы 467 комбайн құрастырылды.
Қазақстан Республикасында ауыл шаруашылығы машиналарын жасауды дамыту үшін 3 және 4 сыныпты астық жинау комбайндары, дөңгелекті тракторлар, аспа жабдығы мен астық және жемдік дақылдарды қайта өңдеуге арналған машиналар сегментінде барынша жоғары әлеует бар.
Қазақстан Республикасында оның әртүрлі өңірлерінің климаттық жағдайларына барынша бейімделген аспа жабдығын жасайтын жағдайлары бар. Паркті жаңарту және өңделетін жердің ұлғаюына орай оған елеулі сұраныс та бар.
Электр жабдығы. 2008 жылы Қазақстан Республикасында нарық көлемі 159 млрд. теңгені құрады, олардың 26 %-ын отандық өнімді сату құрады. Сегмент өніміндегі қажеттіліктің елеулі бөлігі 2008 жылы көлемі шамамен 118 млрд. теңгені құрған импорт есебінен қанағаттандырылады.
2008 жылы Қазақстанның электр жабдығы экспорты өнімінің 79 %-ын Рессей импорттады және Ресеймен отандық импорт көлемі орташа есеппен жылына 62 %-ға өсті.
Қолда бар өндірістердің арасында 2008 жылғы Қазақстан Республикасының электр жабдықтары экспортының төрттен үшінен астамын аккумуляторлар мен трансформаторлар өндірісі иеленді
Бұдан өзге, Қазақстан Республикасында мыналар өндіріледі:
электрлік тізбекті қайта қосу немесе қорғауға арналған аппаратура;
электр конденсаторлары;
электр қозғалтқыштары;
оқшауланған өткізгіштер мен кабельдер (оның ішінде оптикалық талшықты) және т.б
Электр жабдықтары өндірісі
Көрсеткіш атауы | Өлшем бірлігі | 2005 | 2006 | 2007 | 2008 | 2009 |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
Электрлік трансформаторлар | мың кВа | 650 | 1308 | 1587 | 2056 | 1511 |
Электр аккумуляторлары мен олардың бөліктері | млн. теңге | 4337 | 4151 | 6737 | 8523 | 4070 |
Қозғалтқыштар мен көлік құралдарына арналған электр жабдықтарын өндіру | млн. теңге | 25,6 | 28,6 | 32,4 | 23,6 | 32,1 |
Қозғалтқыштар мен көлік құралдарына арналған электр жабдықтарынан басқа, өзге де электр жабдықтарын өндіру | млн. теңге | 4 110,6 | 5 681,3 | 6 771,2 | 2 949,5 | 4 433,9 |
Электр қозғалтқыштары, генераторлар мен трансформаторлар өндірісі | млн. теңге | 8 898,1 | 10 799,3 | 13 189,2 | 14 142,1 | 13 464,8 |
Кестедегі деректерге сәйкес 2009 жылы өткен жылмен салыстырғанда республикада электрлік трансформаторлар (27 %-ға) және аккумуляторлар (52 %-ға) өндірісінің көлемі төмендеген, қозғалтқыштар мен көлік құралдарына арналған электр жабдықтары өндірісінің көлемі 36 %-ға, өзге де электр жабдықтары өндірісінің көлемі 50 %-ға артқаны байқалады.
Электр энергетикасының негізгі қорлары айтарлықтай тозған. Бөлу желілерінің тозуы сарапшылардың бағалауы бойынша 70 %-дан асады. Олардың ұзындығы 370 мың км құрайды; басым бөлігі 30-35 жыл бұрын салынған болатын. Бұл электр жабдықтарына, атап айтқанда, трансформаторларға және оқшауланған өткізгіштерге жоғары жедел сұранысқа әкеледі.
Электр жабдығына сұранысты дамытудың екінші маңызды факторы электр энергиясы генерациясының көлемін арттыру болып табылады. Болжамдарға сәйкес таяу бес жылда Қазақстан Республикасы Бірыңғай энергетика жүйесі бойынша барынша электр жүктемесі шамамен ширекке ұлғаяды. Бұл үшін жинақтаушы қуаттылықтар мен электр жүйесінің құрылысын дамыту қажет.
Ауылдық жерлерде 112 мың км астам 110 кВ және одан төмен кернеулі жоғары вольтты желілерін, жиынтық қуаты 4,13 млн. кВт 110 және 35 кВ кернеулі 614 бөлу қосалқы станцияларын және жиынтық қуаты 4,3 млн. кВт астам 23,7 мың тұтыну қосалқы станцияларын салу қажет.
Автомобиль жасау. Қазақстан Республикасының автомобиль жасау сегменті саладағы барынша ішкі сұранысқа ие және 2008 жылы машина жасау өнімдерінің көлемі 16 %-ды құрады, бұл ретте 2004 — 2007 жылдар кезеңінде халық табысының артуы мен жеңіл автомобильдерді сатып алу арқасында нарық 28 %-ға өсті. Қазақстандық автокөлік нарығы сол бұрынғы күйінде молықпай отыр. Егер Еуропада 1000 тұрғынға орташа алғанда 450 — 500 жеңіл автомобильдерден келсе, Ресейде бұл көрсеткіш 231 автомобильді құрайды, ал Қазақстанда 2008 жылы автомобильдендіру деңгейі 1000 тұрғанға 164 автомобильді құрады.
Республикалық автокөлік паркі 2 621,1 мың жеңіл, 370,5 мың жүк автокөлік құралдары және 92,4 мың автобус (Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің 2010 жылғы 1 қаңтардағы жай-күйі бойынша мәліметтері) бар.
Автомобильдер паркі жоғары тозуымен сипатталады. 12 жылдан астам пайдаланылған автокөлік құралдарының үлес салмағы 63 %-ды, оның ішінде автобустар 57 %-ды, жеңіл автомобильдер 59 %-ды және жүк автомобильдері 84 %-ды құрайды.
Қазақстан Республикасында автомобиль жасау өніміне ішкі сұраныстың көлемі 2008 жылы 300 млрд. теңгеден асты. Сұраныстың айтарлықтай бөлігі машина жасау өнімі импортының есебінен қанағаттандырылды — ішкі өндіріс көлемі 14 млрд. теңгені (сұраныстың 5 % -ы)құрады.
Автомобиль жасаудың негізгі өнімдерін өндіру кестеде көрсетілген.
Автомобиль жасау өнімдері өндірісі
Көрсеткіш атауы | 2005 | 2006 | 2007 | 2008 | 2009 |
Жеңіл жолаушылар автомобильдері, дана | 2268 | 2945 | 6311 | 3271 | 1245 |
Он немесе одан көп адам тасымалдайтын автомобильдер, дана | 91 | 119 | 40 | 115 | 2 |
Жүк автомобильдері, дана | 144 | 1523 | 2043 | 1013 | 353 |
Арнайы және мамандандырылған автомобильдер, дана | 132 | 170 | 321 | 61 | 80 |
Тіркемелер және жартылай тіркемелер; контейнерлер, дана | 213 | 136 | 99 | 57 | 38 |
«АЗИЯ АВТО» АҚ 2003 жылдан бері жеңіл автомобильдер шығарумен айналысады және «General Motors» (Сhevrolet және Саdilaс маркалары); «Volkswagen» (Skoda маркасы), «КІА Моtоrs» (КІА маркасы), «АВТОВАЗ» (LADАмаркасы) компанияларының әріптесі болып табылады. Жаңа автомобильдер сегментінде 2008 — 2009 жылдары қазақстандық зауыт өнімі 10-12 %-ды иемденді.
Кеден одағына (бұдан әрі — КО) кіру және кейіннен импорттық баж салығының ұлғаюы әлемдік жетекші автомобиль компанияларымен және бірлескен құрастырмалы өндірістерді ұйымдастыру үшін КО елдері аумағындағы өнім экспорты жақсы ынталандыру болып табылады.
«АЗИЯ АВТО» АҚ ресейлік он тоғыз және белорустық бір зауытпен қатар, импорттық баж салығын төлемей өз өнімін КО аумағы бойынша орналастыруға құқығы бар кәсіпорындардың ресми тізбесіне енгізілген. Бұл Қазақстанда шығарылатын автомобильдерді сату үшін нарық көлемін ұлғайту республикада толық циклді (дәнекерлеу, бояу, құрастыру) автоөндірісті ұйымдастыруға, автокомпоненттер өндірісін құруға, құрастырылатын автомобильдердегі қазақстандық қамтудың ауқымын біртіндеп көтеруге мүмкіндік береді.
Ең тартымды сегмент сұраныс құрылымының 48 %-ын құрайтын жеңіл автомобиль өндірісі, сондай-ақ қолда бар парктегі жоғары тозумен және экономиканың әлеуетті өсуімен байланысты жүк автомобильдері өндірісі болып табылады. Мысалы, «АЗИЯ АВТО» АҚ (жеңіл автокөліктері), «Камаз инжиниринг» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (бұдан әрі — ЖШС) (жүк автокөліктері), «Агромашхолдинг» АҚ («Sang Yong» жолсызда жүретін көліктер) негізінде автомобиль құрастыру жоспарланып отыр.
Саланы дамытудың негізгі проблемалары. Қазақстан Республикасының машина жасау саласын дамытуға мынадай проблемалар кедергі болады:
1) өндірістің тиімділігін арттыруға кедергі келтіретін жабдық тозуының жоғары деңгейі (43 — 80 %);
2) машина жасау өнімінің бәсекеге қабілеттілігінің төмендігі, ауқымсыз номенклатура және қазақстандық машина жасау өнімін тұтынудың үлесінің төмендігі;
3) өнеркәсіптік-өндірістік қорлардың белсенді бөлігінің, төмен техникалық жағдайы және саладағы инновациялық белсенділіктің мардымсыз деңгейі;
4) қолда бар өндірістік қуаттарды толық пайдаланбау;
5) саланың инвестициялық тартымсыздығы және кәсіпорындарда айналым қаражатының жеткіліксіздігі;
6) ірі металлургиялық өндірушілердің машина жасау кәсіпорындарына қатысты жосықсыз баға саясаты;
7) өндіріс және кәсіпорынды басқару саласында білікті кадрлардың тапшылығы;
8) машина жасау кешені инфрақұрылымының жеткіліксіз дамуы: инфрақұрылымның маңызды бөлігін (ғылыми-зерттеу институттары, конструкторлық бюролар, тәжірибе-экспериментальдық базалар, сынақтар мен техникалық бақылау орталықтары) жоғалту, стандарттау, сертификаттау жөніндегі ұйымдардың болмауы, т.б.;
9) республиканың машина жасау кәсіпорындары мен таяу шетел кәсіпорындарының және жетекші әлемдік соған ұқсас өнім өндірушілердің арасындағы кооперациялық байланыстар деңгейінің төмендігі;
10) мемлекеттік сатып алу саласындағы нормативтік құқықтық актілердің жетілмегендігі;
11) технологиялық болжау тетігінің болмауы;
12) өндірісте қосылған құны жоғары ғылымды қажетсінетін өнімнің, жоғары технологиялық бұйымдар үлесінің төмендігі;
13) көптеген кәсіпорындар өнімді жекелеген мөлшерлерде және ұсақ партиялармен шығаруды жалғастыруда, бұл кәсіпорындардың экономикалық көрсеткіштерінде (бағада) теріс көрініс табады, яғни, сұрыпы мен сапасы бойынша соған ұқсас өнім импортына себеп болып табылады;
14) кәсіпорындардың қазіргі заманғы сапа менеджменті жүйесінің болмауы, өндірісті басқарудың әлсіз маркетингі мен менеджменті;
15) сатудан кейінгі машина жасау өнімдері сервисі деңгейінің төмендігі;
16) мұнай және т.б. компаниялар мен ұйымдардың жер қойнауын пайдаланушыларды техникалық қайта жарақтау жоспарлары туралы ақпараттың болмауы.
Саланы дамытуда мемлекеттік реттеудің қолданыстағы
саясатын талдау. «Экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларындағы меншіктің мемлекеттік мониторингі туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 қарашадағы заңында машина жасау басқа салалармен қатар экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларына жатқызылған.
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 29 қарашада № 1115 қаулысымен бекітілген Отандық машина жасауды дамыту жөніндегі шаралар кешені іске асырылу үстінде, оның іске асырылу барысын талдау онда қойылған міндеттер толығымен орындалып жатқанын көрсетеді.
Машина жасау саласына мемлекеттік қолдау шараларын көрсету мақсатында жеткілікті қайта өңдеу тауарлары өлшемдерін 50 %-дан 30 %-ға дейін төмендетуді көздейтін «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 15 қазандағы № 1054 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 қаңтардағы № 62 қаулысы қабылданды.
Сондай-ақ, бәсекеге қабілетті отандық автокөлік құрастыру өндірісі өнімін құру мақсатында «Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес айқындалған, «Еркін қойма» кеден режимі қолданылатын аумақта өндірілген және Қазақстан Республикасы кеден аумағының қалған бөлігіне сатылатын, сату бойынша айналымдар қосылған құн салығынан босатылатын қазақстандық тауарлардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 14 сәуірдегі № 355 қаулысына толықтырулар енгізілді.
Қазақстанда мемлекеттік қолдау көрсету шараларын жасау нәтижесінде дөңгелекті және шынжыр табанды тракторлар, комбайндар, жүк және жеңіл автокөліктері, тұрмыстық техникалар, мұнай-газ жабдықтары және т.б. құрастыру өндірістері құрылды.
Елде жүргізілген жұмысқа қарамастан, әзірге машина жасаудың негізгі проблемалары шешілген жоқ: оның өсуі тұрақсыз, кәсіпорындардың жүктемесі әлсіз, инновациялық белсенділік төмен, түпкілікті өнімді шығаратын кәсіпорындардың үлесі төмен және т.б.
Қоршаған ортаға әсерді бағалау. Қоршаған ортаға түсетін өнеркәсіп шығарындылары ірі көлемі ішінде машина жасауға оның болмашы бөлігі — 1 — 2 % тиесілі. Бұл көлемге машина жасау кешенінің маңызды құрамдас бөлігі болып табылатын әскери бағдарланған салалар, қорғаныс өнеркәсібі кәсіпорындарының шығарындылары да жатады.
Қазақстан Республикасында 2016 жылға дейін есептелген табиғатты қорғау шараларының кешені жүргізіледі. Зиянды заттардың шығарындыларын азайту үшін негізгі табиғатты қорғау шаралары жоспарланды және орындалды.
Кәсіпорындарда атмосфераға ластаушы заттардың шығарындыларын қысқарту мақсатында газ тазалау қазандарын күрделі жөндеу, атмосфераға құрамында кремний бар шаң шығарындыларын қысқарту мақсатында пештерді газбен тазалау жүргізіледі. Шығарындыларды азайту брикеттер мен күйдірілген шекемтастарды пайдалану есебінен жүргізіліп жатыр. Санитарлық қорғау аймағын жайластыру: учаскелерді жоспарлау, аймаққа шаң жүктемесін төмендету мақсатында ағаш және бұта отырғызу жүргізіледі.
Зауыттардың өнеркәсіп алаңдарында топырақ суларын азайту бойынша іс-шаралар, су жоғалтуды қысқарту және жерасты сулары мен топырақтың ластануын болдырмау мақсатында түрлі мақсаттағы суағарларды күрделі жөндеулер және олардың жай-күйіне мониторинг жүргізе отырып, жерасты суларын қорғау бойынша іс-шара өткізіледі.
Кәсіпорындардың көпшілігінде ИСО 14001 халықаралық стандартының талаптарына сәйкес қоршаған ортаны қорғау жөніндегі экологиялық менеджмент жүйесі әзірленіп, енгізілді. Бұл жүйе күш-жігерді барынша маңызды проблемаларға бағыттауға мүмкіндік беретін қоршаған ортаға әсерді тұрақты талдауды болжайды.
Энергия ресурстары шығынын төмендету шеңберінде белгілі бір жұмыс жүргізіледі. Бірқатар кәсіпорындарда өндірісті қайта жаңарту және жаңғырту жүзеге асырылды, жабдықтар ауыстырылды. Ірі кәсіпорындарда жыл сайын энергия ресурстарының азаю жағына шығыстарының үлестік нормалары қайта қаралады.
Алдын ала талдау негізінен энергияны қажетсінудің төмендеуі электр энергиясы шығындарын үнемдеу жолымен, ал еңбек өнімділігінің артуы жабдықты жаңғыртудың есебінен жүреді.
Пайдаланылатын тәсілдерден басқа энергетикалық және материалдық ресурстарды болмашы өсімімен жалпы ішкі өнімді ұлғайтуға мүмкіндік беретін ғылымды қажетсінетін өндірістерді құру бойынша белсенді жұмыс жүргізу қажет.
Қазіргі уақытта машина жасаушы кәсіпорындар инвестициялар тарту және парникті жаңа технологияларды қолдануға, газдардың шығарындыларын қысқарту, энергияны және ресурсты үнемдеу, жерді және орман отырғызуды рекультивациялау жолымен саланың экологиялық қауіпсіздігі мен тұрақты дамуын қамтамасыз етуге бағытталған жобаларды іске асыру бойынша жұмыс жүргізуде.
Бағдарламаның мақсаты, міндеттері, нысаналы индикаторлары және оны іске асыру нәтижелерінің көрсеткіштері.
Бағдарламаның мақсаты
Қазақстан Республикасында машина жасауды дамыту жөніндегі 2010 — 2014 жылдарға арналған Бағдарламаның негізгі мақсаты қосылған құны жоғары түпкі өнім өндіруді ұлғайту есебінен ішкі нарықтың қажеттілігін барынша қанағаттандыру және экспортты кеңейту болып табылады.
Бағдарламаның негізгі міндеттері
1. Технологиялық жаңғыртуды ынталандыру және жаңа өндірістер құру.
2. Ішкі нарықтың мүмкіндіктерін тиімді пайдалану.
3. Машина жасау өнімінің экспортын қолдау және дамыту.
4. Машина жасау саласын дамытуды қажетті кадрлармен қамтамасыз ету.
Нысаналы индикаторлар
Бағдарламаны іске асыру мыналарды қамтамасыз етеді:
1. Жалпы қосылған құн салығының 74 %-ға өсіру.
2. Саладағы еңбек өнімділігін жылына бір адамға 7 592 мың теңгеге ұлғайту.
3. Өндіріс көлемін 588 млрд. теңгеге дейін ұлғайту.
Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтижелер көрсеткішері кестеде көрсетілген.
Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтижелер көрсеткіштері
№ | Негізгі көрсеткіштер | Өлшем бірлік | Күтілетін нәтижелер | ||||
2010 | 2011 | 2012 | 2013 | 2014 | |||
1 | Көлік машинасын жасау, соның ішінде: | ||||||
жеңіл автомобильдер мен құрамдас бөліктерді жинақтауыштарды өндіруді оқшаулау деңгейі | % | — | 5 | 10 | 20 | 30 | |
жол-құрылыс техникасын өндіру | бірлік | — | 200 | 200 | 200 | 200 | |
мамандандырылған платформа өндіру | бірлік | — | 300 | 300 | 300 | 300 | |
темір жол арбасын өндіру | бірлік | — | — | 5000 | 5000 | 5000 | |
хоппер-вагон өндіру | бірлік | — | 300 | 400 | 500 | 600 | |
2 | Ауыл шаруашылығы машиналарын жасау, соның ішінде: | ||||||
комбайндарды өндіру | бірлік | — | 500 | 600 | 700 | 800 | |
трактор өндіру | бірлік | 1000 | 1000 | 1000 | 1000 | 1000 | |
3 | Мұнай-газ машиналарын жасау, соның ішінде: | ||||||
газ айдайтын агрегат өндіру | бірлік | — | — | — | 8 | 8 | |
газ-турбина электр станциясын өндіру | бірлік | — | — | — | 6 | 6 | |
4 | Тау-кен машиналарын жасау — өнім шығару көлемін ұлғайту | % | 110 | 140 | 175 | 210 | 270 |
5 | Электр техникалық машиналарын жасау — өнім шығару көлемін ұлғайту | % | 106 | 115 | 135 | 155 | 170 |
Бағдарламаны іске асыру кезеңдері. Бағдарламаның орындалуы оны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары арқылы жүзеге асырылады.
Бірінші кезең (2010 — 2011 жылдар) — машина жасау кәсіпорындарында технологиялық аудит жүргізу, салалық конструкторлық бюро құру және саланың инфрақұрылымын нығайту.
Бірінші кезеңнің мақсаттары мен нәтижелері:
жалпы қосылған құнның 2012 жылға 10 %-ға өсуі
машина жасау өнімінің өндіріс көлемін 2012 жылға 10 %-ға ұлғайту;
саладағы еңбек өнімділігін 2012 жылға 64 %-ға ұлғайту
Екінші кезең (2012 — 2014 жылдар) — машина жасау кәсіпорындарының потенциалын жүзеге асыру, интенсивті өсу. Бұл кезеңде бірінші кезеңде алынған позитивті нәтижелерді тарату, саланы қолдау мақсатыңда қолда бар инфрақұрылымдарды жүйелі нығайту және жаңа инфрақұрылымдарды құру, саланы жүйелі нығайту, мұнай-газ, тау-кен металлургиялық, ауылшаруашылық, электрлік техника және темір жол машина жасау салалары үшін жаңа өнім түрлерін игеру жүзеге асырылады.
Нәтиже көрсеткіштеріне қол жеткізу үшін саланы дамыту бойынша келесі негізгі іс-шараларды жүзеге асыру қажет:
1. Шығарылатын ассортиментті кеңейту жөніндегі икемді өндірістер құру мақсатында жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды жаңғырту және машина жасау өнімінің жаңа түрлерін игеру.
Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды жаңғырту және қолда бар кәсіпорындарды қайта құрылымдау машина жасау кәсіпорындарында технологиялық аудит жүргізу нәтижесі бойынша, перспективті технологияларды сатып алу/енгізуге инновациялық гранттарды беру арқылы, өндірістік процестердің үнемділігін қамтамасыз ететін басқарушылық технологияларды енгізу арқылы жүзеге асырылады.
2014 жылға қарай «Өскемен арматура зауыты» АҚ-ның өндірістік қуаты жаңғыртылады, Өскемен қаласы.
Сондай-ақ, Қостанай қаласы «Агромашхолдинг» АҚ-ның ауыл шаруашылығы техникасын қызмет көрсету бойынша сауда-сервистік орталықтары жаңғыртылатын болады.
2. Бөлшектер мен құрамдас бөліктер өндірісін игеру арқылы оқшаулау деңгейін ұлғайта отырып, ірі құрастыру өндірістерін ұйымдастыру.
Қазақстанды индустрияландырудың 2010 — 2014 жылдарға арналған картасына енген инвестициялық жобалардың шеңберінде бөлшектер мен құрамдас бөліктер өндірісін игеру арқылы оқшаулау деңгейін ұлғайта отырып, мынадай ірі құрастыру өндірістерін ұйымдастыру жобаларын жүзеге асыру қарастырылады: «Жолаушы вагондарының өндірісі», «Электровоздар өндірісін ұйымдастыру», «Өскемен қаласында толық циклді автозауыт және автоқұрамдар шығаратын технопарк салу». Негізгі инвестициялық жобалар осы Бағдарламаның 2-қосымшасында келтірілген. 3. Қосылған құны жоғары машина жасау өнімін өндіру бойынша қазіргі заманғы жаңа кәсіпорындар құру.
Көлік машинасын жасауда 2014 жылға қарай Қарағанды және Қостанай қалаларында оқшаулау деңгейін 30 %-ға дейін жеткізе отырып, жеңіл автомобильдер құрастырып өндіру ұйымдастырылатын болады.
Қазақстанды индустрияландырудың 2010 — 2014 жылдарға арналған картасына енген инвестициялық жобалардың шеңберінде инвестициялық жобаларды жүзеге асыру жоспарлануда:
Өскемен қаласында «Азия Авто» АҚ базасында құрамдас бөліктердің өндірісі ұйымдастырылады, соның ішінде: пластиктен жасалған өнімдер (бампер, панель), резинатехникалық өнімдер, пайдаланылған жүйелер, жанар-май бактары, Аталған жобаны жүзеге асыруға инвестиция көлемі 74 млрд. теңгені құрайды.
Қостанай қаласында «Агромашхолдинг» АҚ-ның базасында жылына 200 бірлік көлемінде жол-құрылысы техникасын өндіру жолға қойылады (автогрейдерлер, жаппай тиегіштер, гидравликалық экскаваторлар, тракторлар). Инвестиция көлемі 2,1 млрд. теңге.
Темір жол машинасын жасауда да инвестициялық жобалар жүзеге асырылады:
«Таман» ЖШС, Екібастұз қаласы жүк вагондарын өндіру, қуаты жылына 2500 бірлік. Инвестиция көлемі 7,6 млрд. теңгені құрайды.
«Байтерек А» ЖШС, Атбасар қаласы, электровоздарды құрастырып шығару, қуаты жылына 50 бірлік. Инвестиция көлемі 9,9 млрд. теңгеден астамды құрайды.
Бұдан басқа, Астана қаласында «Локомотив Лизинг» ЖШС локомотивтер өндірісі ұлғайтылатын болады.
Аталған жобаларды жүзеге асыру есебінен локомотивтер мен жүк вагондарының өндірісі ұлғаяды.
Петропавл қаласында «ЗИКСТО» АҚ базасында қуаты жылына 1200 бірлікке дейінгі мамандандырылған платформа, жылына 5000 бірлік темір жол арбасын, жылына 400 бірлік хоппер-вагон өндіру игеріледі. Аталған өндірістерді жүзеге асыру үшін инвестиция көлемі 832 млн. теңгені құрайды.
Өскемен қаласында «Шығысмашзауыты» АҚ базасында және Қарағанды қаласында «Пархоменко атындагы Қарағанды машина жасау зауыты» АҚ базасында ірі габаритті құйма өндіру, оның ішінде темір жол машинасын жасаудың мұқтажы үшін жылдық шығару көлемі 30 мың тонна болатын өндірістер ұйымдастырылатын болады. «Шығысмашзауыты». АҚ жобасын жүзеге асыру үшін қаржы көлемі 7,1 млрд, теңге, «Пархоменко атындағы Қарағанды машина жасау зауыты» АҚ — 3,1 млрд. теңгені құрайды.
Ауыл шаруашылығы машиналарын жасауда 2014 жылға қарай өнім шығару 2 есеге ұлғаятын болады.
Қостанай қаласында «Агромашхолдинг» АҚ-ң базасында «Енисей» және «Еssil» комбайндарын жасау жылына 800 бірлікке дейін ұлғаятын болады.
Қазақстанды индустрияландырудың 2010 — 2014 жылдарға арналған картасына енген инвестициялық жобалардың шеңберінде инвестициялық жобаларды жүзеге асыру жоспарлануда:
Семей қаласында «СемАз» ЖШС базасында қуаты жылына 1 мың бірлік көлемінде «Беларусь» тракторларын құрастырып шығару ұйымдастырылатын болады. Инвестиция көлемі 1,36 млрд. теңгені құрайды.
Ақмола облысы Ақкөл қаласында «Астакар» ЖШС базасында «ЛЕМКЕН» герман фирмасымен бірлесіп аспалы жабдық жасау, оның ішінде: культиваторлар қуаты 34 бірлікке дейін, тырмалар қуаты 25 бірлікке дейін, бүріккіштер қуаты 12 бірлікке дейін, шөп шабатын машиналар қуаты 36 бірлікке дейін ұйымдастырылатын болады. Инвестиция көлемі 85 млн. теңгені құрайды.
Елдің ірі облыстарында ауыл шаруашылығы техникасын сату және қызмет көрсету бойынша тоғыз сауда-сервистік орталықтан тұратын желі құрылады, атап айтқанда: Солтүстік Қазақстан облысында екеу, Шығыс Қазақстан облысында біреу, Ақмола облысында үшеу, Қостанай, Батыс Қазақстан және Алматы облыстарында бір-бірден.
Мұнай-газ машиналарын жасауда 2014 жылға қарай отандық өнім үлесін 22 %-ға артып, өнім шығару 2,5 есеге артады, оның ішінде: құбыр арматурасы, сұйықтық сорғыштары, ұтқыр-бұрғылау қондырғылары, сыйымдылық құралдары қондырғылары.
Алматы қаласында «Алматы ауыр машина жасау зауыты» АҚ, «Белкамит» бірлескен кәсіпорны» АҚ, «Имсталькон» АҚ базаларында; Өскемен қаласында «Өскемен арматура зауыты» АҚ, «Шығысмашзауыты» АҚ, «Машзауыты» АҚ базаларында; Петропавл қаласында «Петропавл ауыр машина жасау зауыты» АҚ, «Мұнаймаш» АҚ, «Қазмұнайгазмаш» АҚ базаларында; Ақтөбе қаласында «Ақтөбе мұнай құрылғылары зауыты» АҚ базасында құбыр арматурасы, сұйықтық сорғыштары мен ұтқыр — бұрғылау қондырғылары өндірісі дамитын болады.
Орал қаласында «Батыс Қазақстан машина жасау компаниясы» АҚ базасында жылына 8 бірлік газ айдайтын агрегат және жылына 6 бірлік газ-турбина электр станциясын өндіру игеріледі. Инвестиция көлемі 3 млрд. теңге.
Атырау қаласында «ҚазТурбоЖөндеу Сервистік орталығы» ЖШС базасында газ-құбыр қондырғылары мен жабдығын жөндеу мен сервистік қызмет көрсету, оның ішінде 18 күрделі және 12 ағымдағы жөндеу ұйымдастырылатын болады. Аталған жоба «ҚазТурбоЖөндеу» ЖШС компаниясымен «Siemens» герман компаниясы арасындағы лицензиялық келісімді жүзеге асыру арқылы енгізіледі. Инвестиция көлемі 5,2 млрд. теңге.
Кен машиналарын жасауда 2014 жылға қарай прокатты орнақ, рольганг, шахталық гидробагандар, гидрожылжытқыштар өндірісін дамыта отырып, «Алматы ауыр машина жасау зауыты» АҚ, «Целингормаш» ЖШС (Степногорск қаласы) секілді және Қарағанды машина жасау консорциумының кәсіпорындары өндірісін дамыту арқылы өнім шығару көлемі 2,7 есе артады.
Сонымен қатар Қарағанды машина жасау консорциумының базасында гидравликалық және пневматикалық перфораторлар, өздігінен жүретін бұрғылау және тиеу-көлік жабдығын өндіру игеріледі.
Электр техникалық машиналарын жасауда 2014 жылға қарай өнім шығару 1,77 есеге артады.
Талдықорған қаласында «Қайнар АКБ» ЖШС қорғасын аккумуляторларының өндірісі ұлғаяды, қуаты 600 мың бірлік. Аталған өндірісте инвестиция көлемі 570 млн. теңгені құрайды.
Кентау қаласында «ҚазТрансформатор» АҚ-да трансформаторлар өндірісі 2010 жылы 2 млн.кВА-тан 2014 жылы 4 млн.кВА дейін ұлғаяды, сондай-ақ кернеулігі 220 вольт және одан да жоғары, қуаты 1 млн.кВА дейін трансформаторлар шығару игеріледі.
Павлодар қаласында «Қазэнергокабель» АҚ базасында және Сарань қаласында «Қазцентрэлектропровод» ЖШС негізінде, «EAST INDUSTRY COMPANY ltd» ЖШС базасында оқшаулағышпен оралған сым жасау артады, қуаты жылына 33 600 км. Инвестиция көлемі 753 млн. теңгені құрайды.
Инвестициялық жобаларды жүзеге асыру Қазақстанды индустрияландырудың 2010 — 2014 жылдарға арналған картасы шеңберінде инвестициялық жобалар жүзеге асырылады.
Жүзеге асыруға ұсынылатын саладағы негізгі инвестициялық жобалар осы Бағдарламаның 2-қосымшасында көрсетілген.
Қорғаныс өнеркәсібінде 2014 жылға қарай қазіргі бар проблемаларды шешуге және республиканың мемлекеттік қорғаныс тапсырысындағы қазақстандық қамтудың үлесін барынша ұлғайту үшін нақты әлеует құруға бағытталған бағдарламалық шаралар іске асырылатын болады.
Қазақстанның қорғаныс өнеркәсібі кешені кәсіпорындарын дамытудың негізгі бағыттары мемлекеттің скери ұйымының әскери мақсаттағы тауарларына деген барынша перспективалы қажеттіліктермен айқындалатын болады.
Мемлекеттік органдар мен қорғаныс кәсіпорындары қазақстандық әскери мақсаттағы өнімдердің экспортын ұлғайту жөнінде тиімді, келісілген шаралар қабылдайтын болады.
Мемлекет пен қорғаныс кешенінің қорғаныс өндірісі саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарының саны мен сапасын ұлғайтуға бағытталған өзара іс-қимылы жанданатын болады.
Қорғаныс өнеркәсібін дамыту бойынша шаралар қорғаныс өнеркәсібі саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыратын өкілетті мемлекеттік органмен қабылданады.
Мемлекеттік қолдаудың секторалдық және жобалық шаралары Білікті кадр ресурстарымен қамтамасыз етуі.
Білім беру жүйесі басымды салалардың ағымдағы қажеттілігін кадрлардың қажетті санымен қамтамасыз етеді. Алайда, перспективті қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін басымды салалардағы жаңа жобаларды жүзеге асыру үшін кадрлық қажеттіліктер туралы мәліметтерді ескеру қажет. Осылайша, білім беру жүйесі мамандандырылған кадрлармен бүгінгі күннің міндеттерін ғана емес, сонымен қатар саланың болашақтағы жалпы дамуын да қамтамасыз етуі қажет.
Жаңа ірі кәсіпорындардың ашылуы кезінде саланың интенсивті даму қажеттіліктері мамандандырылған кадрлардың қосымша санын талап етеді.
Машина жасау саласы үшін 16 мамандық бойынша: бақылау-өлшеу құралдарын және автоматиканы жөндеуші, бақылау-өлшеу құралдары және автоматика бойынша темір ұстасы, темір ұстасы-электрлік монтаждаушы, қырнаушы, жонушы, кең профильді станокшы, темір ұстасы-сайманшы, механика-құрастыру жұмыстарының темір ұстасы, темір ұстасы-жөндеуші, техник-механик, дәнекерлеуші (барлық атауы), электрлік газ дәнекерлеуші, жылжымалы құрамды жөндеу бойынша темір ұстасы, электр құралдарын жөндеу бойынша темір ұстасы-электрші, машина жасау саласы үшін технологиялық құралдарды жөндеуші кадрларға қажеттілік жоғары оқу орындарында және Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар облыстарында 19 ТжКБ оқу орнында кадрлар даярлау есебінен өтелетін болады.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 005 «Білім және ғылым объектілерінің құрылысы және қайта жөндеу» бағдарламасы бойынша Республикалық бюджеттен бөлінген қаражаттардың шеңберінде 2012 жылы Өскемен қаласында 700 оқушы орынға арналған машина жасау саласы үшін Өңіраралық кадрларды даярлау және қайта даярлау жөніндегі орталық салу басталады. Республикалық бюджеттен қаржыландыру көлемі 2 300 млн. теңгеден астам құрайды.
Дамыған елдердің алдыңғы қатарлы машина жасау кәсіпорындарында басқару кадрларының біліктілігін арттыру кәсіпорындардың жеке қаражаты есебінен қамтамасыз етіледі.
Мысалы, «Агромашхолдинг» АҚ-ның басқарушы кадрлары «Ssang Yong» компаниясында (Оңтүстік Корея), «АЗИЯ АВТО» АҚ «Volkswagen» концерні зауыттарында (Германия), «Daewoo Bus Казахстан» АҚ «Daewoo Bus Global Corporation» компаниясында (Оңтүстік Корея), «Lokomotiv-leasing» ЖШС «General Electric» компаниясында (АҚШ) және т.б. өз біліктілігін арттыратын болады.
өз қызметін ел аумағында жүзеге асыратын шетелдік инжинирингтік компаниялар үшін (жылына персонал санының кемінде 30 %) қазақстандық кадрларды оқыту және біліктілігін арттыру мақсатында компаниялардың жанында оқу орталығының болуы жөніндегі міндетті талаптар енгізіледі.
Техникалық регламенттерді енгізу. Экспортқа шығарылатын өнімнің сапасын дүниежүзілік ұқсас деңгейіне дейін жоғарылату, шетелдерде отандық өнімнің тартымдылығын жоғарылату мақсатында технологиялық регламенттерді ендіру, халықаралық талаптарға сәйкес мемлекеттік стандарттарды әзірлеу және енгізу қарастырылады.
2010 — 2014 жылдар аралығында 013 «Техникалық реттеу және метрология саласындағы қызметтер бюджеттік бағдарламасы шеңберінде: автокөлік құралдарының; объектілерді қорғау үшін өрт техникасының; желдету жүйелерінің, төмен вольтті жабдықтардың; ауыл шаруашылығы және ағаш дайындау тракторларының, тіркемелері мен машиналарының; мұнай-газ кәсіпшілігінің; бұрғылау, геологиялық барлау және геофизикалық жабдықтардың; стационарлық компрессорлық тоңазыту қондырғыларының; ауыл шаруашылығы шикізатын және өсімдік шаруашылығы өнімін өңдеу жабдығының; ауыл шаруашылығы шикізатын және мал шаруашылығы өнімін өңдеу жабдығының, су жылытатын және бу қазандарының, шахтаға көтеру қондырғыларының; қысыммен жұмыс істейтін жабдықтың; лифтілердің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар бойынша 14 техникалық регламент және 169 мемлекеттік стандарт әзірленеді және енгізілетін болады (оның ішінде сынақ әдістеріне — 98, өнімге — 80 және менеджмент жүйесіне — 7).
Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Техникалық реттеу және сапа инфрақұрылымын құру бойынша бағдарламасының шеңберінде машина жасау өнімін өндіруді метрологиялық қамтамасыз ету және оның қауіпсіздігі мен сапасын бақылау үшін геометриялық шама мен физика-химиялық өлшемдердің мемлекеттік эталондары жетілдіріледі.
Техникалық регламенттер мен стандарттар, сонымен қатар оларды орындамағаны үшін жауапкершілік шаралары өз қызметінде пайдалану үшін машина жасау өнімін өндіретін және тұтынатын өнеркәсіп кәсіпорындарына, мамандандырылған орталықтар мен зертханаларға жіберілетін болады. Аталған құжаттар Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің сайтында орналастырылады.
Инновацияларды дамыту және технологиялық жаңғыртуға жәрдемдесу. Инновацияларды дамыту және технологиялық жаңғыртуға жәрдемдесу мақсатында Ғылымды, инновацияларды дамыту және технологиялық жаңғыртуға жәрдемдесу бағдарламасы шеңберінде сегменттер бойынша кәсіпорындардың қажеттіліктеріне қызмет көрсету үшін 5 конструкторлық — ауыл шаруашылығы, электр техникалық, кен, көлік және мұнай-газ машиналарын жасау бюросын құру.
Машина жасау кәсіпорындарының негізгі қорларын жаңарту және технологиялық қайта жарақтандыру үшін жеңілдікті шартпен жабдықтар лизингі ұйымдастырылады.
Жыл сайын «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ, «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ арқылы жабдықтарды ауыстыруға жеңілдікпен кредит беруге кредиттер бойынша ставкаларды субсидиялау және жеңілдікті жағдайлармен жабдықтар лизингін беру үшін қаражат бөлінетін болады.
Корпоративтік табыс салығы бойынша салық салынатын базаны ҒЗТК бойынша нәтижелерді енгізу шығыстарының 150 %-на қысқарту жолымен ҒЗТК дамытуды ынталандыру мақсатында өкілетті мемлекеттік органмен Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін болады.
Тікелей инвестициялар үшін тартымды жағдай жасау. Лизингтік компанияларға өндірісті қаржыландыру кезінде ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің өтінімдері болмаса да, лизингке одан әрі беру үшін ауыл шаруашылығы техникасын отандық өндірушілерден сатып алуды жүзеге асыруға мүмкіндік беру бойынша мәселелер талқыланады.
Жер қойнауын пайдаланушылардың, ұлттық компаниялардың және мемлекеттік органдардың сала кәсіпорындарының тауарларын, жұмыстарын және қызметтерін басымдықпен сатып алуы үшін саланың дамуын қолдау «Отандық әлеуетті өнім берушілердің санаттарын мемлекеттік қолдау шараларын айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1353 қаулысының орындалуын бақылау және мониторингті күшейту арқылы жүзеге асырылатын болады.
Ауыл шаруашылығы техникасына ішкі сұраныс «ҚазАгроҚаржы» АҚ базасында отандық өндірістің техникасын жылдық 4 % жеңілдік шартпен лизингке сатып алу есебінен қамтамасыз етіледі.
Отандық машина жасау өніміне ішкі сұраныс отандық машина жасау өнімін сатып алуға арналған кредиттер бойынша сыйақының бір бөлігін өтеу тетігін пысықтау арқылы қамтамасыз етіледі.
Автомобиль машинасын жасау өніміне атқарушы биліктің мемлекеттік органдары, олардың аумақтық органдары мен ведомстволық бағыныстағы мекемелер үшін автомобиль техникасын сатып алу мәселесі «Отандық әлеуетті өнім берушілердің санаттарын мемлекеттік қолдау шараларын айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1353 қаулысының орындалуын бақылау және мониторингті күшейту арқылы пысықталады.
Сауда саясаты. Қазақстандық машина жасау өнімдерін Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Ауғанстан нарықтарына ілгерілету:
ақпараттық, сараптамалық қызмет көрсету;
өндірушілерге экспорттық нарықтар бойынша маркетингтік-талдау ақпараттарын ұсыну;
экспорттаушыларға көмек ретінде нұсқаулық материалдарды жариялау;
нақты өнімдердің тауарлық белгілерін жылжыту;
шетелдерде сауда миссияларын ұйымдастыру;
шетелдік өкілеттіліктер желісін құру.
Машина жасау өнімін экспорттаушыларды гранттық қолдау өз өнімдерін экспортқа шығаруға байланысты шаралар бойынша экспортшы шығындарының 50 %-ың орнын толтыру, оның ішінде:
сыртқы нарықта нақты өнімді (қызметті) жылжыту (брендинг) және айналдыру;
шетелде тауар белгісін тіркеу және сертификаттау рәсімдері;
экспортты басқару сферасындағы кәсіпорын қызметкерлерін оқыту;
қызметінің алғашқы үш жыл көлемінде шет елде өкілеттілік/өкіл/шоу-бөлме/офис ашу;
саланың экспорттық өнімдерінің, нарық сегменттерінің, аймақтарының каталогтары;
франшизаларды тарту;
ағылшын тілінде экспортшының веб-сайтын құру және іске қосу;
нақты нарыққа нақты өнім (қызмет) түрімен кіру бойынша маркетингтік зерттеулер.
Қазақстандық машина жасау өнімінің экспортын жылжыту үшін қаржылық ынталандыру жасау 022 «Экспорттаушы — 2020» бағыты шеңберінде қазақстандық тауарлардың экспортын сыртқы нарықтарға жылжытуға жәрдемдесу» Республикалық бюджеттік бағдарламасымен қарастырылған экспортты қолдау шараларына шығындардың орнын толтыру шеңберінде жүзеге асырылады.
Қажетті ресурстар. Бағдарламаны қаржыландыру даму институттары қаражатының, кәсіпорындардың меншікті қаражатының, отандық және шетелдік инвестициялардың есебінен және республикалық бюджетте көзделетін қаражат шегінде жүзеге асырылады.
Республикалық бюджет есебінен қажетті қаржыландыру көлемі 2 430,182 млн. теңгені құрайды:
100 млн. теңге технологиялық жаңғыртуды ынталандыру және жаңа өндірістер құруға;
2 330,182 млн. теңге саланы мамандандырылған кадрлармен қамтамасыз ету үшін оқу орнын соғуға.
Оның ішінде:
2010 жылы — 439,173 млн. теңге;
2011 жылы — 1 991,009 млн. теңге;
2012 жылы — көзделмеген;
2013 — 2014 ж.ж. — 2013 — 2015 жылдарға бюджетті бекіту кезінде көзделеді.
Инвестициялық жобалардың жүзеге асырылуы негізінен кәсіпорындардың меншік қаражаты және қарыз қаражаттар есебінен жоспарланып отыр, барлығы — 425 242,15 млн. теңге.
Оның ішінде:
2010 жылы — 22673,4 млн. теңге;
2011 жылы — 263 830 млн. теңге;
2012 жылы — 54 380 млн. теңге;
2013 жылы — 9261 млн. теңге;
2014 жылы — 75 097,75 млн. теңге.
Қорытынды
Машина жасау кешені — шаруашылыктың әр түрлі салаларына құрал-жабдық, елдің корғаныс жағдайы үшін кару-жарақ, халыққа қажетті тауарлар шығарумен айқындалады. Машина жасау дамыған елдерде айрықша орынға ие. Оның үлесіне өнеркәсіп өнімінің 36—40%-ы, индустрияда жұмыс істейтіндердің 34%-ы тиесілі. Қазіргі заманғы машина жасау — 300-ден астам өндіріс түрін біріктіретін, ғылымды ең көп қажет ететін, шығаратын өнім түрі бірнеше миллионмен есептелетін аса күрделі сала. Сондықтан халықаралық деңгейде ұйымдасу тиімді болып есептеледі. Ғылымды көп қажет ететін бұл салада өнім көлемі бойынша Жапония, АҚШ, Азиядағы жаңа индустриялық елдер, Қытай, Батыс Еуропа елдері жетекші орынға ие. Қазақстандағы машина жасау кешенінің құрамында 2500-ден аса өнім түрлерін шығаратын 370 зауыт бар. Кеңестер Одағы ыдырағанға дейін еліміз аумағындағы қорғаныс-өнеркәсіп кешені құрамында 50 жоғары технологиялық зауыт жұмыс істеді. Олар әскери техника, қару-жарақ және оқ-дәрі шығарды. Алматы, Орал, Зырян, Петропавл қалаларында орналасқан жетекші зауыттар орта қашықтықтағы зымырандар, әскери-теңіз флоты үшін торпедо, атқыш қару-жарақ, зымыран техникаларының микросызбаларын шығаратын. Қазір де бұл зауыттар Қазақстан мен ТМД елдерінің Қарулы күштеріне арналған өнімдер шығарады. Қазақстанда қазіргі таңда металлургия, ауылшаруашылық және көліктік машина жасау салаларына айрықша басымдылық берілуі тиіс. Өйткені дәл осы бағыттар ел экономикасындағы көптеген өндірістік салалардың дамуына жағдай туғызу арқылы Қазақстанның экспорттық әлеуетінің өсуіне айтарлықтай ықпал ететіні анық. Ұлт Көшбасшысы, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөліп, ауыл шаруашылығын, соның ішінде мал шаруашылығын дамытуға айрықша назар аударып отырғандықтан, біз үшін, ең алдымен диқандарымыз бен шаруаларымызды заманауи ауылшаруашылық машиналарымен қамтамасыз ету өте-мөте маңызды. Қазақстан алға қойған мақсаттарына жетіп, дүниежүзілік қауымдастық арасынан өзінің лайықты орнын аламын десе, машина жасау өнеркәсібіне деген көзқарас пен мемлекеттік қолдауды түбегейлі өзгертуі қажет.
Пайдаланылған әдебиеттер:
- Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясы: Жалпы білім беретін мектептің 9-сыныбына арналған оқулық /В. Усиков, Т. Казановская, А. сикова, Г. Зөбенова. 2-басылымы, өңделген. — Алматы: Атамұра, 2009
- Дүниежүзіне жалпы шолу. ТМД елдері. Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математика бағытындағы 10-сыныбына арналған оқулық/ Ө. Бейсенова, К. Каймулдинова, С. Әбілмөжінова, т.б. — Өңд., толықт. 2-бас. — Алматы: Мектеп, 2010. — 304 б., сур
- Мендебаев, Т. М. Машина жасау технологиясының негiздерi: [жоғары оқу орындары техн. мамандықтарының студ. арналған оқу құралы] / Т. М. Мендебаев. — Алматы: Эверо, 2005. — 321 б.
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 14 сәуірдегі № 302 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасын Үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 — 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама.
- Байбатша Ә.Б.Жалпы геология (Жер динамикасы): Оқулық.Алматы: ҚазҰТУ. -364 б. Сурет- 132. Кесте-30. Әдебиеттер тізімі 15 атay. ISBN 987-601-228-001-2.