Қазақстан Республикасында туризм кенже қалған саласы болып табылады. Қазіргі әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, бұл саланың маңызы өте жоғары. Қазақстан үшін келу туризмінің алатын орыны ерекше. Себебі біздің мемлекетте туризм ресурстары өте көп. Сондықтан бұл мақалада Қазақстанда келу туризмін талдау және оны дамытудың бағыттары қарастырылды.
Кілт сөздер: туризм, келу туризмі, көшбасшы аймақтар, орналастыру, тасымалдау, туристік өнім.
Қазақстан Республикасының статистика агенттігінің мәліметтеріне сәйкес 2007 жылдан бастап туристердің саны 59591 адамға өскен. Егер туризмнің түрлері бойынша қарастырсақ, онда келу туризмі бойынша адам санының азайғанын байқауға болады – 26021 туристі құрады, сонымен қатар ішкі туризм бойынша – 3620 адам болса, ал шығу туризмі бойынша керісінше оң нәтижеге ие болды – 89232 адам (кесте 1).
Кесте 1. Туризмнің түрлері бойынша қызмет көрсетілген келушілердің саны, адам.
2007 |
2008 |
2009 |
2010 |
2011 |
2010 жылмен салыстырғандағы өзгеріс |
Даму қарқыны (%) |
|
Қызмет көрсетілген келушілердің саны |
541930 | 473947 | 347413 | 459337 | 601521 | 142184 | 30,9 |
оның ішінде |
|||||||
келу туризмі |
62117 | 37937 | 31246 | 39 640 | 36096 | -3544 | — 9 |
шығу туризмі |
286691 | 261070 | 193951 | 261709 | 375923 | 114214 | 43 |
ішкі туризм |
193122 | 174940 | 122216 | 157988 | 189502 | 31514 | 20 |
Ақпарат көзі: www.stat.kz статистикалық мәліметтер |
2011 жылы шығу туризмінің динамикасында өсу қарқыны байқалса (43 %), ал ең төмен көрсеткішке келу туризмі ие болған (-9%). Соған қарамастан резидент емес туристердің дағдарыстан кейінгі кезеңде Қазақстанға деген қызығушылығы артып келе жатқаны қуантарлық жәйт болды [1].
2008-2010 жылдардағы отандық туристік салада болған төмендеу әлемдік экономикалық дағдарыс пен жалпы халықаралық туристік нарықта туризмнің даму қарқынының бәсеңдеуінде болды. Сондай-ақ, қазақстандықтардың демалу мақсатында шет елдерге шығу қарқынының төмендеуі тұрғындардың дағдарыс нәтижесінде сатып алу қабілеттілігінің орташа көрсеткішінің төмен болуымен сипатталады.
Егер туристік фирмалар, орналастыру мекемелер мен туризм саласында қызмет атқарып жүрген жеке кәсіпкерлердің тарапынан қызмет көрсетілген туристердің санына назар аударсақ, онда көрсеткіштердің орташа деңгейде екенін байқауға болады. Жалпы республика бойынша 2008 жылы бұл көрсеткіш 3073259 адамды құраған, ал ол дегеніміз жалпы қызмет көрсетілгендердің тек 22 % ғана. Соның ішінде келу туризмі бойынша — 618732(13 %), шығу туризмі бойынша — 270554 (5,2 %) және ішкі туризмге 2183973 адам (51,3 %) тиесілі болды. Туристік мекемелер мен орналастыру орындарының тарапынан қызмет көрсетілген туристер санының аз үлесін байқамау мүмкін емес.
Сондай-ақ, атап кететін жәйттердің бірі саяхаттаушылардың көп бөлігі өздерінің туысқандарында я болмаса жолдастарының үйлерінде немесе заңды емес жалдамалы пәтерлерде орналасуды жөн көрді. Отандық туристердің туризммен айналысатын қазақстандық кәсіпорындарға сенімсіздікпен қарауының бірден бір себебі көрсетілетін қызмет бағасының жоғару болуы және оның сапаға сай болмауында, сондықтан да болар саяхаттаушылардың көп бөлігі ұйымдастырылмаған туризм түрімен айналысуды қолға алған.
Егер қызмет көрсетілген туристердің санын аймақтар бойынша қарастырсақ, онда 2-кестеде көрсетілген Қазақстан аймақтарының арасында көшбасшыларға назар аударайық [1].
Кесте 2.Туризм түрлері бойынша көшбасшы аймақтардың үлесі 2011 ж., %.
Жалпы қызмет көрсетілген туристер саны |
Келу туризмі |
Шығу туризмі |
Ішкі туризм |
||||||
Алматы қ. |
22,2 |
Алматы қ. |
35,7 |
Алматы қ. |
54,0 |
Астана қ. |
14,9 |
||
Астана қ. |
14,4 |
Атырау облысы |
27,8 |
Астана қ. |
15,3 |
Алматы қ. |
14,5 |
||
Алматы облысы |
10,3 |
Астана қ. |
12,2 |
Қарағанды облысы |
5,1 |
Алматы облысы |
13,9 |
||
Шығыс Қазақстан облысы |
9,9 |
Маңғыстау облысы |
7,0 |
Маңғыстау облысы |
4,5 |
Шығыс Қазақстан облысы |
12,8 |
||
Атырау облысы |
8,0 |
Қарағанды облысы |
3,9 |
Шығыс Қазақстан облысы |
0,03 |
Қарағанды облысы |
9,2 |
||
Қарағанды облысы |
7,8 |
Шығыс Қазақстан облысы |
0,03 |
Ақтөбе облысы |
0,02 |
Ақмола облысы |
7,4 |
||
Ескерту — Статистика агенттігінің мәліметтері бойынша автор тарапынан құрастырылған | |||||||||
АХМЕТ ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №1, 2013 |
|||||||||
Туристерге қызмет көрсету бойынша және жалпы туризмнің даму деңгейі бойынша еш күмәнсіз Алматы мен Астана қалалары алдыңғы қатарлы қалалардың бірі болып саналады.
Аталып өткен қалаларда басқа аймақтармен салыстырғанда туризм инфрақұрылымы мен көрсетілетін қызмет сапасы жоғары болып келеді, сонымен қатар Астана мен Алматы қаласында туристік нысандардың бар болуы мен оның көптігі отандық туристер мен шетел туристерін қызықтырмай қоймайды. Бұл екі қала сонымен қатар Қазақстанның іскерлік орталығы ретінде танымал және онда орналасқан көптеген шетелдік компаниялар мен отандық іскерлік ұйымдардың бар болуы аталмыш қалаларда іскерлік туризмнің дамуына өз септігін тигізуде. Сондай-ақ, сол қалалардағы жоғары табысты халықтың көп бөлігі ішкі туризмнің дамуына өз үлесін қосуда.
Келу және шығу туризмі және көрсеткіштер мен аймақтар бойынша көшбасшылық әртүрлі болып тұр. Жоғарыда аталып кеткен екі қаладан басқа келу туризмі бойынша оң көрсеткіштерге Атырау облысы, Маңғыстау облысы және Қарағанды облысы ие болды. Сонымен қатар шетелдік туристерге қызмет көрсету бойынша Атырау облысы екінші орынға орнықты және оның үлесі Астана қаласы, Маңғыстау, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарын қоса алғанда асып кеткенін байқауға болады. Бұл жалпы айтқанда мұнайлы өлкедегі іскерлік туризмнің қарқынды дамуымен де түсіндірілуі мүмкін.
Сондай-ақ, тізімдегі көшбасшы аймақтардағы ішкі туризмнің даму қарқыны да қуантуда. Бұл көрсеткіш аймақтар арасында соншалықты әралуандылығымен сипатталмады, ал ол өз кезегінде аталмыш аймақтардың отандық туристер арасында саяхаттау дестинациясы ретінде қызығушылық білдірумен қоса, сол аймақтардағы туристік мекемелердің қызметтерінің оң нәтижесі деп білуге болады. Сонымен қатар бұл тізімде шипажайлық нысандарға бай және көшбасшы ретінде танылған Ақмола облысы мен Оңтүстік Қазақстан облысының болмауы таңқалдырады.
Шығу туризмі бойынша көбінесе туристер демалу, рекреация және бос уақытын қызықты өткізу мақсатында саяхаттаған. Ал туристердің сыртқа шығудың қалған мақсаттары болып коммерциялық, яғни шоп-туризм (29%) және іскерлік пен кәсіби мақсаттағы саяхаттарды (18,7%) атап кетуге болады. Шығу туризмі көбінесе сатып алу қабілеттілігі жоғары әлеуметтік топтар арасында кеңінен тараған. Жоғары таптағы адамдар көп жағдайда дайын туристік өнімді «all-inclusive» алғанды жөн көреді, яғни оның құрамына міндетті түрде орналастыру, тамақтандыру, көңіл көтеру мен ұшып келу құны кіру міндетті. Қазақстандықтардың арасында танымал шетелдік бағыттардың бірі болып Түркия (30%), Қытай (23,1%), Біріккен Араб Әмірлігін (11,3%) атауға болады. Қазақстанда туристік саланың негізгі міндеті келу және ішкі туризмін дамыту болып табылады [1].
Көптеген дамыған елдерде туризмнің тұрақты дамуында келу туризм мен ішкі туризмнің тепе-теңдігі байқалады. Жалпы ұлттық туризмнің табысты қызмет етуі үшін келу және шығу туризмнің арақатынасы 3:1 тең болуы керек. Бүгінгі таңда өкінішке орай шығу туризмі келу туризмге қарағанда басым болып келеді. 2011 жылы оның арақатынасы 340 мың адамға тең болды.
Соңғы жылдары келу туризмінің салмақ үлесінің өскенін байқауға болады. Бұл жайтты эксперттік зерттеулер мен статистикалық мәліметтер де дәлелдеуде.
2010 жылы сапар мақсаттары бойынша жалпы үлес салмақтың көп бөлігі 78% -ы жеке мақсаттағы туризмге тиесілі болды. Сонымен қатар зерттеу кезеңі барысында саяхаттау мақсаттары бойынша жеке туризм тұрақтылық танытқан. Сондай-ақ, талдау барысында қызметтік мақсаттағы саяхаттау үлесінің 2009 және 2010 жылдары төмендегенін байқауға болады
Келу туризмі мемлекеттің төлеу балансына орасан ықпалын тигізеді. Әрбір келген турист тауарлар мен қызметтерді тұтыну барысында қабылдаушы мемлекеттің бюджетін толықтырумен қатар, төлеу балансының қарқынын күшейтеді және де ұлттық, аймақтық құрылымдар мен серіктестіктерге және копорацияларға, сондай-ақ орта және кіші кәсіпорындар мен үй шаруашылықтарына табыс әкеліп отырады. Адамдардың қозғалысы жұмысбастылық саласындағы көптеген мәселелерді шешпей қоймай, әлеуметтік-мәдени және экономикалық кешенді белсендендіреді, сонымен қоса мәдениет пен демалу саласының қызметтің саны мен сапасы арқылы байытады. Келушілердің қарқынына сай елдің мәдениеті де байып отырады.
Туризм саласында статистикалық мәліметтерді есептеуде бірізділіктің болмауы аталмыш салада шынайы жағдайды суреттеуге мүмкіндік болмай отыр. Атап айтқанда 2004 жылға дейін туристік кәсіпорындар тарапынан кіру туризмі бойынша қызмет көрсетілген туристердің санының жоқ болуы. Аталмыш жәйт не ақпараттардың болмауында немесе ұйымдаспаған келу туризмінің ұйымдасқан келу туризмінен басым болуы я болмаса екі жәйттің бір уақытта болуынан туындап отырғаны хақ. Аталған көрсеткіштің үлесінің көп бөлігі әуе көлігіне тиесілі болған, бұл яғни ТМД тыс келген туристердің бөлігі болуы мүмкін (кесте 3) [1].
Резидент еместерге орналастыру мекемелерінде қызмет көрсету бойынша мәліметтерге сай (кесте 4) 85 %-дан көбі жоғары санатты қонақүйлерде орналасуға ниет білдірген.
Туристік фирмалар тарапынан келу туризмі бойынша қызмет көрсетілгендердің көбі Алматы және Астана қалаларына тиесілі болды, ал ол өз кезегінде бұл қалалардың бизнес-саяхаттар негізінде тартымды екендігінің дәлелі.
Қазақстанда келу туризмінің дамуына кері әсерін тигізетін факторлар қатарына келесілерді жатқызуға болады:
— шет елдерде мемлекетіміздің туристік мүмкіншілігі туралы жарнамалардың жоқтығы, соның ішінде мемлекет тарапынан қаржыландыратын халықаралық көрмелерде қатысу мен қызметтер;
— шетелдік туристерге қолайлы емес визалық тәртіп, соның ішінде виза құнының қымбаттылығы және оның ұзақ уақыт жасалуы ;
— дамымаған туристік ифрақұрылым, бар материалдық базалардың тозуы, туристік санаттағы («3 жұлдыз») қонақүйлердің жоқтығы;
— орналастыру мекемелері мен басқа да туристік инфрақұрылымға инвестиция тарту барысында қолайлы салықтық тәртіптің болмауы;
— туризм индустриясының барлық салаларында қызмет көрсету сапасының төмен болуы;
— қонақүйлерде орналастыру барысында баға мен сапа арақатынасының әр түрлі болуы.
IPK Groop компаниясының зерттеулерінің нәтижесі бойынша :
— Қазақстанның Азия нарығындағы танымдылығы 80 %, ал Еуропа нарығында 45 % құраған;
— сұралғандардың 44 %-на «Қазақстан» атауы қызығушылық тудырғанымен, Қазақстан – туристік бағыт ретінде ешқандай ассоциация әкелмеген;
— Қазақстан имиджі әлі күнге дейін бұрынғы Кеңес Одағымен және ислам дінімен қосарласып келеді, соған қарамастан болашақта туристік бағыт ретінде қолдануға болатын жағымды ассоциацияларды атауға болады. Олар: кең байтақ ел, дала мен шөлдер, ал Азияда болса футболмен танымалдыққа ие болуға болады [2].
Кесте 3. Келу туризмі бойынша келгендердің көлік құралын таңдауы, адам.
2007 ж. |
2008 ж. |
2009 ж. |
2010 ж. |
2011 ж. |
2011 ж. үлесі |
|
Әуе көлігі |
41268 |
28542 |
34545 |
51204 |
58596 |
94,3 |
Теміржол көлігі |
2126 |
1113 |
3979 |
3930 |
2571 |
4,1 |
Қалааралық автокөлігі |
401 |
809 |
614 |
860 |
452 |
0,7 |
Басқа да |
1195 |
903 |
734 |
209 |
498 |
0,9 |
Ескерту — статистикалық мәліметтері бойынша автор тарапынан құрастырылған |
Кесте 4. Санаттар бойынша орналастыру мекемелерінде қызмет көрсетілген резиденттер емес саны, адам.
Санаттар |
2006 ж. |
2007 ж. |
2008 ж. |
2009 ж. |
2010 ж. |
|||
Барлығы |
330817 |
548313 |
543022 |
483331 |
568440 |
|||
оның ішінде: | ||||||||
5-жұлдызды |
94693 |
137800 |
152853 |
129493 |
168603 |
|||
АХМЕТ ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №1, 2013 | ||||||||
4-жұлдызды |
93089 |
173365 |
131703 |
89750 |
111530 |
|
3-жұлдызды |
87100 |
172170 |
162978 |
143111 |
175678 |
|
2-жұлдызды |
10540 |
8583 |
16016 |
12306 |
10103 |
|
1-жұлдызды |
3080 |
3518 |
4352 |
4078 |
1988 |
|
санатсыз |
42216 |
52877 |
75120 |
104593 |
98817 |
|
Ескерту — статистикалық мәліметтері бойынша автор тарапынан құрастырылған. |
Келу туризмнің дамуына кері әсерін тигізіп келген мәселелер мен себептердің алдын алумен қатар, Қазақстанның туристік өнімін әлемдік туристік нарыққа шығару мақсатында шетелдік БАҚ өкілдеріне арнайы ақпараттық турлар ұйымдастырылып жүр. Атап кететіні 2008 жылдың шілде айында Канада, Голландия, Испания, Оңтүстік Корея, Греция, АҚШ және Жапония мемлекеттерінен келген БАҚ өкілдеріне ақпараттық турлар ұйымдастырылған. Соның нәтижесінде көптеген шетел тілдерінде Қазақстанның туристік әлеуеті туралы Еуропа және Азия мемлекеттерінің электрондық және баспа көздерінде мақалалар жарық көрді.
Шет елдерде Қазақстанның туризмін насихаттау мақсатында 7 әртүрлі тілде жалпы көлемі 146 мың тираж болатын ақпараттық парақшалар шығарылып таратылған болатын, сонымен қатар 20 мыңға жуық CD және DVD басылып шығарылды.
Бүгінгі таңда мемлекеттің негізгі бағыттарының бірі Қазақстанның туристік имиджін қалыптастыру және отандық туристік өнімді халықаралық нарыққа өткізу болып табылады. Аталмыш мақсаттарға қол жеткізу үшін Мадрид, Берлин, Пекин, Сеул, Токио және Лондон қалаларында өткізілген халықаралық туристік көрмелерде Қазақстанның қатысуы қамтамасыз етілді [2].
Сонымен қатар жыл сайын Алматы мен Астана қалаларында «Астана-демалыс» халықаралық деңгейде туристік көрмелер ұйымдастырылып отырады. Сонымен қоса маңызды іс-шаралардың бірі мемлекет туралы бейнебаяндама түсіріп, оның әлемнің танымал CNN, BBC, Euro news, Discovery арналарында көрсету болып табылады.
Қазақстан халықаралық туристік нарығында жаңа ойыншы болғандықтан оның бір уақытта бірнеше туристік өнімдерді ұсыну мүмкін емес. Болашақта барлық мемлекеттік және жеке меншік саласынан келетін инвестицияларды халықаралық нарықта бәсекеге қабілетті отандық туристік өнімді қалыптастыруға жұмсалуы тиіс. Бұндай өнімдер азар болса рентабельді болып келеді. IPK Group компаниясының зерттеулерінің нәтижесі бойынша Еуропадан келетін туристерге Қазақстандағы жағажай туризмі (32 %), біріккен турлар (20 %) және қалалық турлар (14 %) қызықтырар еді. Егер аталып кеткен сегменттің біреуі орындалмаған жағдайда Еуропалық туристерді Қазақстанға тарту қиыншылық тудыру мүмкін. Ал Азия мемлекеттерінен келетін туристерге біріккен турлар (50 %), қалалық турлар (18 %) және жағажай туризмі (15 %) қызық болар еді [2].
Бірақ соған қарамастан біздің ойымыз IPK Group компаниясының тарапынан ұсынылған нәтижелермен сәйкес келмейді. Біздің ойымызша Испания, Италия,
АХМЕТ ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №1, 2013 |
БАӘ, Доминики және Түркия жағажайларына үйреніп қалған Еуропалықтар республикамыздағы табиғи-климаттық жағдайлардың құбылмалы болуынан еліміздегі жағажай туризмге қызығушылық танытпауы мүмкін. Сонымен қатар алыс емес болашақта Қазақстанда қалалық туризмінің дамуы да күмәндік тудырып отыр. Бізде әлемдік брендтер: Париж, Рим, Прага, Петербор сияқты қалалармен бірдей деңгейде бәсекелестікке түсе алатын елімізде қалалар да жоқ.
Біздің пайымдауымызша әлемдік туристік нарықта бар туристік өнімдерден өзгеше отандық туристік өнім, экологиялық және қазақ халқының дәстүрі мен көшпенділердің өмірінің негізіндегі этнографикалық бренд құрастырып шетелдік туристерді елімізге тартуларымызға болар еді. Соған қоса нарықта жаңа бағыттарды үнемі іздеп отыратын танымдық туризммен айналысатын сегменттерді де ескеру қажет. Бірақ соның барлығына қарамастан ең алдымен Қазақстанда туристік инфрақұрылымды және жоғары білікті мамандарды даярлау алдыңғы қатарлы мақсатттардың бірі болып табылады.
ӘДЕБИЕТТЕР
- Қазақстан Республикасының статистика агенттігінің ресми сайты – www.stat.kz
- Қазақстан Республикасында туризмді дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы.