Былтыр республика үкіметі қабылдаған “2000-2002 жылдары кедейлікпен және жұмыссыздықпен күрес” жөніндегі бағдарламаны жүзеге асыру мақсатында өткен жылы кедейліктің ауқымы қысқарту және жұмыссыздықтың деңгейін төмендету бағытында жұмыспен қамту саясатын белсенді жүргізу және кедей азаматтарымызға атаулы көмек көрсету арқылы біраз жұмыс атқарылды.
Әлеуметтік қамсыздандыруға және әлеуметтік көмек көрсету 2000 жылы мемлекеттік және жергілікті бюджеттен жоспар бойынша қараған 21.599,3 миллион теңгенің орнына 16.650,3 миллион теңге бөлініп, игерілді, яғни не бәрі жоспар 77,3 пайыз орындалды. Бағдарлама бойынша оның ЖІӨ-дегі үлес салмағы 0,8 пайыз болып белгіленсе іс жүзінде 0,7 пайыз болды.
2001 жылдың 1 қаңтарында ресми тіркелген жұмыссыздық деңгейі экономикалық белсенді халықтың 3,7 пайыз болды. Қазақстан Республикасы статистика жөніндегі агентінің сараптамалық бағалауы бойынша 2000 жылдың аяғында жұмыссыздықтың жалпы көлемі жыл басындағы 13,5 пайыз
орнына 12,8 пайызға дейін төмендеді.
Жұмыссыздықтың деңгейін анықтаудың негізгі факторы ретінде (Халықаралық еңбек ұйымының әдістемесіне сәйкес) жұмыссыздық нақты санын білу тетігін жетілдіру қажет, оны 2001 жылдан бастап әр тоқсан сайын статистика жөніндегі агенттік жүргізетін болады.
2001 жылы 1 қаңтарға жұмыспен қамту орталықтарына өтінішпен барған азаматтар саны 368,2 мың адам болды, ал 2000 жылғы 1 қаңтарда ондайлардың саны 362,4 мың болғанды. Ауылдаы жерде жұмыс іздеуші адамдар саны 115,4 мыңға жетті, яғни 1999 жылғыдан 5 пайыз өсті. Жұмыссыздық деңгейі Павлодар облысында 6,3 пайыз, Қызыл-ордада 6,0 пайыз, Маңғыстауда 5,8 пайыз және Атырау облысында 4,9 пайыз болды.
Жасаған талдау көрсеткендей, жоғарыдағы аймақтарда жұмыспен қамту органдарда өтінішпен барушылар санының біраз өсуінің себептерінің бірі – жұмыссыз ретінде тіркеуге деген ұмтылыстың ұлғаюы. Бұған өз кезегінде жұмыспен қамту бағдарламасына мезгілінде қаражат бөлінуі себеп болды. Мәселен, Павлодар облысында қаржы бөлу белгіленген мөлшердің 87 пайыздай, Қызыл-орда 72 пайыз, Маңғыстауда 85 пайыз және Атырауда 79 пайыз болды. Сондай-ақ жұмыспен қамту мәселесі жөніндегі органдардың құрылымы мен статусын күшейтуде өз әсерін тигізді.
Кедейлікпен және жұмыссыздықпен күрес бағдарламасының орындалуы үшін 2000 жылы 19.530,4 миллион теңге қаржы бөлу жоспарланғанды, нақты бөлінгені 16.650,3 миллион теңге, яғни жоспар 85 пайызға орындалды.
2001 жылдың 1 қаңтарындареспублика бойынша тұтас слғанда есепте 231,4 мың жұмыссыз адам тұрды, оның 22,2 мыңы ған материалдық көмек алды, 7,8 мыңы қоғамдық жұмысқа қатысты, 2,2 мыңы кәсіптік оқытуда біліктілігін көтеруде болды.
Сондай-ақ жұмыспен қамту бағдарламасын қаржыландырудың 80 пайызы жоғары көрсеткіші Шығыс Қазақстан (87 пайыз), Батыс Қазақстан (81 пайыз), Қарағанды (86 пайыз) облыстарында және Астана қаласында (81 пайыз) орын алады.
Алайда, қорыта айтқанда жұмысқа орналастыру жөніндегі органдарға өтініш жасап барған жұмыссыздар деңгейі орта есеппен 3,3 пайыз көлемінде ғана болуы бұл мәселеде халықтың оған сенімінің өте төмен деңгейде екендігін көрсетеді.