Қазақстан Республикасының Қылмыстық ісжүргізу құқығының түсінігі, маңызы және мақсаты

Қазақстан Республикасының Қылмыстық ісжүргізу құқығының түсінігі, маңызы және мақсаты туралы қазақша реферат

Жоспары:

  1. Қылмыстық процестің міндеттері мен принциптері;
  2. Қылмыстық ізге түсу;
  3. Ақтау, қылмытық процесті жүргізуші органның заңсыз іс-әрекеттерімен келтірілген зиянды өтеу;

Лекция мақсаты: Білімгерлерге қылмыстық іс жүргізудегі қылмыстық процестің принциптері, қылмыстық іс бойынша іс жүргізу, іс жүргізу мерзімдері, қылмыстық процеске қатысушы мемлекеттік органдар мен тұлғалар, дәлелдемелер мен дәлелдеу, іс жүргізушілік мәжбүрлеу шаралары, қылмыстық процестегі мүліктік мәселелер, қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу, бірінші сатыдағы сотта іс жүргізу, соттың заңды күшіне енбеген үкімдерді мен қаулыларын қайта қарау, сот шешімдерін орындау, соттың заңды күшіне енген шешімдерін қайта қарау жөнінде іс жүргізу, қылмыстық істердің жекелеген санаттары бойынша іс жүргізудің ерекшеліктерін, айрықша іс жүргізу туралы терең мәнде ұғым беру.

Лекция мәтіні: Дәлелдемлер негізінде анықтаушы, тергеуші, прокурор және сот заңда белгіленген тәртіппен ҚР Қылмыстық кодексінде көзделген әрекеттердің болғандығын немесе болмағандығын, айыпталушының бұл әрекетті жасағандығын немесе жасамағандығын және айыпталушының кінәлілігін не кінәлі емес екендігін, сондай-ақ істі дұрыс шешу үшін маңызы бар өзге де мән-жайларды анықтайтын заңды түрде алынған іс жүзіндегі деректер қылмыстық іс бойынша дәлелдемелер болып табылвды.

Қылмыстық істі  дұрыс шешу үшін маңызы бар іс жүзіндегі деректер сезіктінің, айыпталушының, жәбірленушінің, куәнің көрсетулерімен, сарапшының қорытындысымен, заттай айғақтармен, іс жүргізу әрекеттерінің хаттамаларымен және өзге де құжаттармен анықталады ( ҚІЖК-нің 115-бабы ).

Іс жүзіндегі деректер, егер олар ҚР ҚІЖК-нің талаптарын бұза отырып, процеске қатысушыларды олардың заңмен кепілдік берілген құқықтарынан айыру немесе оларды қысу жолымен немесе қылмыстық процестің өзге де ережедерін бұзумен, оның ішінде;

қинау, күш қолдану, қорқыту, алдау, сонымен бірге өзгеде заңсыз іс-әрекеттер арқылы;

оларға түсіндірмеудің, толық немесе дұрыс түсіндірмеудің салдарынан туындаған қылмыстық процеске қатысушы адамдардың өз құқықтары мен міндеттеріне қатысты жаңылуын пайдалану арқылы;

іс жүргізу іс-әрекетін осы қылмыстық іс бойынша іс жүргізуді жүзеге асыруға құқығы жоқ адамның жүргізуіне байланысты;

іс жүргізу іс-әрекетіне қарсылық білдіруге жататын адамның қатысуына байланысты;

белгісіз көзден, не сот отырысында анықтала адмайтын көзден;

дәлелдеу барысында осы заманғы ғылыми білімге қайшы келетін әдістерді қолдану арқылы алынып, олар істі тергеу немесе сотта қарау кезінде алынған іс жүзіндегі деректердің дұрыстығына ықпал етсе немесе ықпал ету мүмкін болса, дәлел ретінде пайдалануға жол берілмейді деп танылуы тиіс (ҚІЖК-нің 116-бабы )

Қылмыстық іс бойынша дәлелдеуге;

оқиға мен қылмыстық заңда көзделген қылмыс құрамының белгілері (қылмыстың жасалу уақыты, болған жері, әдісі және басқа да мән-жайлар);

қылмыстық заңмен тыйым салынған әрекетті кімнің жасағандығы;

адамның қылмыстық заңмен тыйым салынған әрекетті жасаудағы кінәлілігі, оның кінәсінің нысаны, жасалған әрекеттің себеп-дәлелдері, заңдық және іс жүзіндегі қателіктер;

айыпталушының жауаптылығының дәрежесі мен сипатына әсер ететін мән-жайлар;

айыпталушының жеке басын сипаттайтын мән-жайлар;

жасалған қылмыстың зардаптары;

қылмыспен келтірілген зиянның сипаты мен мөлшері;

әрекеттің қылмыстылығын жоққа шығаратын мән-жайлар;

қылмыстық жауаптылық пен жазадан босатуға әкеп соқтыратын мән-жайлар жатады ( ҚІЖК-нің 117-бабы ).

Егер тиісті құқықтық рәсімдердің шеңберінде керісінше дәлелденбесе, мына мән-жайлар;

жалпыға белгілі фактілер;

осы заманғы ғылымда, техникада, өнерде, кәсіпте жалпы қабылданған зерттеу әдістерінің дұрыстығы;

заңды күшіне енген соттың шешімімен белгіленген мән-жайлар;

адамның заңды білуі;

адамның өзінің қызметтік және кәсіби міндеттерін білуі;

олардың бар екендігін растайтын құжатты ұсынбаған және ол арнаулы даярлық немесе білім алған оқу орнын немесе басқа да мекемені көрсетпеген адамда арнаулы даярлықтың немесе білімнің болмауы дәлелсіз анықталған болып саналады ( ҚІЖК-нің 118-бабы ).

Сезіктінің, айыпталушының, жәбірленушінің, куәнің айғақтары, сарапшының қорытындысы, заттай дәлелдемелер, іс жүргізу әрекеттерінің хаттамалары және құжаттар ( ҚІЖК-нің 119-123-баптары ).

Дәлелдеу істі заңды, негізделген және әділ шешу үшін маңызы бар мән-жайларды анықтау мақсатында дәлелдемелерді жинаудан, зерттеуден, дәлелдемелерді пайдалануға қабылдаудан тұрады. Айыпталушының қылмыстық жауаптылығы мен кінәсінің бар екендігінің негізін дәлелдеу міндеті айыптаушыда болады ( ҚІЖК-нің 124-бабы ).

Дәлелдемелер, бұрын айтылғандай, олардың қайнар көздеріне сәйкес түрлерге бөлінеді. Дәлелдемелердің түрлеріне мыналар жатады:

1) сезіктінің жауабы;

2) айыпталушының жауабы;

3) жәбірленушінің жауабы;

4) куәнің жауабы;

5) арапшының қорытындысы;

6) затай дәлелдемелер;

7) іс жүргізу әрекеттерінің хаттамалары;

8) өзге құжаттар.

Бұл тізім одан әрі кеңейтілуге жатпайды және қылмыстық процесте қолданылатын дәлелдемелердің басқалай түрлері жоқ. Дәлелдемелердің түрлеріне ҚІЖК-нің 119-123-баптары арналған.

Сезіктінің жауабы. ҚІЖК 119-бабының 2-бөлігінде көрсетілгендей, сезікті өзіне қарсы туыпотырған сезік жөнінде, сондай-ақ іс бойынша маңызы бар өзіне белгілі басқа да мән-жайлар мен дәлелдемелер туралы айғақтар беруге құқылы. Сезікті жауап беруге міндетті емес, оның жауап беруден бас тартуға құқығ бар. Дегенмен, тергеуші немесе анықтаушы сезіктіден жауап алғанда оның жауабының өзі үшін маңызы болатындығын түсіндіруі тиіс. Яғни, сезіктінің жауабының екі жақты маңызы бар:

1) дәлелдемелердің түрі ретінде; 2) сезіктінің өз мүдделерін қорғауы үшін.

ҚІЖК 68-бабының 2-бөлігінде көрсетілген тәртіп бойынша сезікті ретінде ұсталған немесе айып тағылғанға дейін бұлтартпау шарасы қолданылған адамнан ол шаралардың қолданылуынан бастап жиырма төрт сағаттан кешіктірмей жауап алынуы тиіс. Мұндай жағдайларда сезікті өзі таңдаған немесе тағайындалған қорғаушымен жауап алғанға дейін жеке кездесуге құқылы.

Сезіктіден жауап алудың мақсаты оның қылмысқа қатыстылығын тексеру және оған байланысты дәлелдемелер жинау болып табылады. Ал сезікті өзінің қылмыс жасағандығын мойындап немесемойындамай жауап беруі мүмкін. Егер сезікті өзінің қылмысқа қатыстылығын мойындамайтын болса, ол осы жөнінде түсініктеме беру арқылы өз мүдделерін қорғай алады. Мәселен, ол өзінің қылмыс жасамағандығын растайтын куәлерді көрсетуі мүмкін. Қалай болғанда да тергеуші (анықтаушы) сезіктінің жауабын қылмыстық іс бойынша жиналған басқа дәлелдемелермен салыстыра отырып, оны айыпталушы ретінде жауапқа тарту үшін негіздің бар-жоғын шешуге міндетті. ҚІЖК-нің 142-бабына сәйкес, сезіктіге бұлтартпай шарасы қолданылған жағдайда, он тәуліктен кешіктірмей оған айып тағылмаған болса, ол сезікті болудан қалады және бұлтартпау шарасын қолдану тоқтатылады. Егер сезіктінің қылмыс жасағандығын көрсететін жеткілікті дәлелдемелер жиналған болса, онда тергеуші оны айыпталушы ретінде жауапқа тартып, бұл туралы дәлелді қаулы шығарады.