Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары жүйесi және құқыққорғау қызметiн жүзеге асыратын субъектлерi туралы қазақша реферат
Жоспары:
1.Сот билiгiнiң мәнi.
2.Судьялардың құқықтық жағдайы.
3.Судьялардың тәртiптiк жауапкершiлiгi.
4.Соттардың қызметiн қамтамасыз ету.
Лекция мақсаты: сiздерге сот, прокуратура органдары туралы, алдын-ала тергеу және анықтау органдары, әдiлет, адвокатура және құқықтәртiбi мен заңдылықты нығайтуға бағытталған, адамдардың құқықтарын және бостандықтарын қорғауға, мемлекеттiк және мемлекеттiк емес мекемелердiң құқықтарымен заңды мүдделерiн қорғауға бағытталған басқа да мекемелер туралы мәлiметтер беру.
Лекция мәтіні: “Құқыққорғау органдары” оқу пәнiне жататын органдар шеңберi әлi де өзгеруде. Себебi, жаңа құрылымдар (қаржы полициясы, сот әкiмшiлiгi бойынша комитет, экономикалық соттар) құрылуда немесе бұрынғы құрылымдар қысқартылуда (тергеу комитетi, салық полициясы), кейбiр органдар қайта құрылып, реформалануда (кеден комитетi қазiр кеден бақылау агенттiгiне, Конституциялық Сот Конституциялық Кеңеске). Бұл өзгерiстердiң барлығы нақты кезеңнiң және уақыттың талабы. Осыған сәйкес оларды оқып-бiлудiң дәстүрлi әдiс-тәсiлдерi де өзгередi.
Жалпы, “Құқыққорғау органдары” пәнi салалық құқықтық қылым емес, сала аралық құқық болып табылады. құқық саласы деп — бiртектi қоғамдық қатынастарды реттейтiн құқықтық нормалар жиынтығы және жүйесiн айтамыз, ал бұл пән әртүрлi құқық саласындағы құқық қорғау органдарына, нормативтiк—құқықтық актiлерiне негiзделедi.
“ҚР құқыққорғау органдары ” оқу пәні ретінде соттар, прокуратура, алдын-ала тергеу, әділет органдары, адвокатура туралы және азаматтардың, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға, құқық тәртібімен заңдылықты нығайтуға бағытталған қызметті жүзеге асырумен байланысты өзге де мекемелер туралы негiзгі мағлұматтар береді. ”Құқыққорғау органдары” пәні заң ғылымының бірі болып табылатындықтан басқа да заң ғылымдарымен тығыз байланысты. Атап айтқанда, Конституциялық құқықпен, қылмыстық іс-жүргізу және азаматтық іс-жүргізу құқықтарымен, әкімшілік құқықпен және т.б.
Конституциялық құқықта барлық мемлекеттік органдар жүйесіндегі құқыққорғау органдарының ролі мен орны, олардың ара-қатынасы жалпы түрде көрсетіледі, олардың құрылымы мен қызметі негізгі қағидалары анықталады. “құқық қорғау органдары” пәні өз кезегінде аталған органдарды кең тұрғыдан мәнін ашып көрсетеді.
Қылмыстық іс-жүргізу құқығы- қылмыстық істер өндірісімен байланысты түсіндіреді, ал “құқыққорғау органдары ” пәнi қылмыстық қудалауды жүзеге асыратын органдардың жүйесiн, құқықтық мәртебесiн анықтайды.
“Құқыққорғау органдары ” оқу пәні құқық қорғау қызметі және оны жүзеге асыратын мемлекеттік органдар мен өзге де мекемелер туралы негізгі мәліметтерді беретін заң ғылымы болып табылады.
“ҚР құқыққорғау органдары” пәнінің қайнар көздері болып мемлекет тарапынан қабылданған нормативтік құқықтық актілер табылады. Ол құқықтық актлер құқыққорғау органдарының жүйесiн ұйымдастырады.
құқыққорғау органдары туралы, олардың қызметі туралы көптеген нормативтік құқықтық актілер қабылданған. Сондықтан құқыққорғау органдарының ұйымдастыруының және қызметтерінің негіздерін оқып білу көптеген құқықтық актілерді қарастыруды талап етеді.
Құқыққорғау органдары қызметiн реттейтiн нормативтік құқықтық актілерді мазмұнына байланысты бірнеше топтарға бөлуге болады:
v Жалпы сипаттағы актілер (Конституция, ҚК, ҚІЖК, АІЖК )
v Сот билігі, сот әділдігі туралы актілер
v Прокурорлық қадағалау және прокуратура органдары туралы актілер
v Ішкі істер органдары және қылмыстарды тергеу туралы актілер
v Заң көмегі және оны ұйымдастыру туралы актілер.
Мемлекеттiң және оның органдарының қызметi қоғам және мемлекет өмiрiнiң көптеген салаларын қамтиды. Оның iшiнде адам және азаматтардың құқықтарымен бостандықтарын, мемлекеттiк және мемлекеттiк емес мекемелермен ұйымдардың құқықтарымен заңды мүдделерiн қорғауға және құқық тәртiптi қамтамасыз етуге байланысты мәселелер маңызды мiндеттердiң қатарына жатады. Бұл мiндеттер Қазақстан Республикасы Конституциясының 11,31,39 баптарында және т.б. баптарында көрсетiлген.
Құқық қорғау қызметiнiң өзiне тән ерекшелiктерi бар. Бұл қызмет түрi конституциялық қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.
Құқық қорғау қызметiнiң қағидалары деп—құқық қорғау қызметiнiң мәнi мен мазмұнын анықтайтын және жалпы басшылыққа алынатын тұжырымдармен ережелердi айтамыз.
Сот әдiлдiгi- мемлекеттiң құқыққорғау қызметiнiң бiр бағыты. Сот әдiлдiгiн жүзеге асыру кезiнде сотқа мемлекеттiк мәжбүрлеу құқығы берiлген. Сот шешiмдерi мен судьяның талаптарын орындамау немесе өзгедей құрметтемеу заңмен белгiленген жауапкершiлiкке әкеп соғады.
Жалпы алғанда, сот әдiлдiгi дегенiмiз — қылмыстық, азаматтық, әкiмшiлiк және өзге де iстердi қарастыруды және шешудi заңда бекiтiлген тәртiптi сақтай отырып және мемлекеттiк мәжбүрлеу шараларын қолдану негiзiнде соттардың жүзеге асыратын құқыққорғау қызметi. Сот әдiлдiгiнiң мақсаты — соттардың құзiретiне жатқызылған барлық iстер бойынша әдiл талқылауды қамтамасыз ету.
Судьялардың тәуелсiздiгi және олардың тек Конституцияға және заңға бағынуы сот төрелiгiн жүзеге асырудың қажеттi шарты, iстiң ақиқаттығын ашудың кепiлi болып табылады. Сот төрелiгiн iске асыру жөнiндегi соттың қызметiне қандай да болсын араласуға жол берiлмейдi және ол заң бойынша жауапкершiлiкке әкеп соғады. Сот әдiлдiгiн жүзеге асыру кезiнде судьялар сот әдiлдiгiнiң конституциялық қағидаларын басшылыққа алулары қажет. Республиканың 1995 жылғы Конституциясының 77 бабында сот әдiлдiгiнiң мәнi мен негiзiн құрайтын аса маңызды қағидалары бiрiншi рет нысандалып, бекiтiлдi.
Сот әдiлдiгi қағидалары — Қазақстанда бiрегей сот жүйесiн ұйымдастыру мен оның қызметiн тiкелей реттейтiн жалпы құқықтық нормалар болып табылады.
Сот әдiлдiгiнiң қағидалары сот және сот құрылысы туралы заңдарды дамытуда, Қазақстан Республикасында заңдылықтың сақталуын, адамдар мен азаматтардың құқықтардың қорғалуын қамтамасыз етуде маңызды рол атқарады. Сот әдiлдiгiн жүзеге асыру кезiнде конституциялық қағидаларды бұзу әдiл төрелiкке қайшы сот қаулыларын шығаруға әкеп соқтырады және сот әдiлдiгiнiң мақсаттары мен мiндеттерiне қайшы келедi.