Қазақстан Республикасының Конституциялық заңдардың қалыптасу кезеңдері туралы қазақша реферат
Қазақстанның тәуелсіздігін жариялағанына тарихи өлшеммен онша көп уақыт өте қоймаса да, жаңа мемлекеттің конституциялық дамуының кейбір қорытындыларын шығаруға айтарлықтай негіз бар. Мемлекеттілікті құрудың бастаулары туралы әңгіме болатындықтан бұл мемлекеттану ғылымы үшін және мемлекеттік құрылыс практикасы үшін барлық уақытта да көкейкесті проблема.
1990 жылы 25-қазандағы Қазақ КСР-ының мемлкеттік егемендігі туралы Декларациясы осы кезеңнің конституциялық сипаттағы маңызды актісі болып табылады. Ол жай «көздеушілік Декларация» емес еді, оның нормативтік құқықтық сипаты болады.
Декларацияда Қазақ КСР-ның басқа республикалармен бірге КСРО-ға ерікті түрде бірігетін және олармен шарт негізінде өзара қарым-қытынас құратын егеменді мемлекет болып табылатындығы бірінші рет жарияланды. 1937 жылғы Конституцияда Қазақ КСР-ы, КСРО-ның басқа да тең құқылы республикалармен бірге, ерікті түрде берікті делінді. Ал Қазақ КСР-ның 1978 жылғы Конституциясында, тек кіріспесінде ғана Қазақ КСР-ы КСРО құрамындағы тең құқылы республика деп атап көрсетілді. Декларация Қазақстанның егемендігін ғана емес, сондай-ақ одақтас республикалар арасындағы шарттың қажеттігі туралы конституциялық идеяны да жариялады.
1991жылдың 15 ақпанында қабылданған, соған сәйкес Қазақ КСР-ның 1978 жылғы Конституциясына елеулі өзгерістер енгізілген «Жергілікті өзін-өзі басқару және Қазақ КСР-ы халық депутаттарының жергілікті Кеңестері туралы» Заңның маңызды конституциялық мәні бар. Онда жергілікті өзін-өзі басқару, оның жүйелері ұғымы бірінші рет берілді. Бұл мәселенің маңызы зор және 1993 жылғы және 1995 жылғы конституцияларды әр қырынан шешілді. Заң жергілікті өзін-өзі басқару жүйесіне халық депутатарының жергілікті Кеңестерін, аумақтық қоғамдық өзін-өзі басқару органдарын, сондай-ақ жергілікті референдумды, жиналыстарды (жиындарды), азаматтардың конференцияларын қамтыды және іс жүзінде оларды таратып жіберуге дейін қолданылды.
Конституциялық заңдардың орнықтырылуының екінші кезеңі Қазақстан Республикасы 1991 жылғы 10 желтоқсанда қабылданған «Қазақтың Кеңестік Социалистік Республикасының атауын өзгерту туралы» Заңнан басталады. Заң конституциялық деп аталмағанымен, Қазақ КСР Конституциясына және мемлекеттік егемендік туралы Деларацияға өзгерсітер енгізілгендіктен, ол іс жүзінде сондай заң болды. Бұл заңның мәні мынада, мемлекеттік ұйымдардың идеологиялық негізі Республика атауынан алынып тасталды.
Бұл заңның тағы бір мәні – бүкіл халықтың өзін-өзі саяси тануы: Республиканың көпұлтты халқының «өзін-өзі тану принципіне негізделген демократиялық,тәуелсіз, бейбіт сүйгіш, құқықтық мемлекет құру талпынысына орай» Қазақ КСР-ы Қазақстан Республикасы деп аталды. Мұнда ұлттың өзін өзі тануы айтылмайды. Алайда, таңғаларлығы, бұл идея 1991 жылдың 16 желтоқсанында, яғни, бар болғаны алты күннен кейін қабылданған «Мемлекеттік тәуелсіздік туралы» Заңда ескерілген жоқ. «Мемлекеттік тәуелсіздік туралы» Заңда Жоғарғы Кеңестің «Қазақстан халқының еркін білдіре, қазақ ұлтының өзін-өзі тану құқын сендіре отырып…, Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін жариялайтыны» айтылды.
Осы конституциялық заңда тәуелсіздік бірінші рет жарияланды, онда тәуелсіз мемлекетке тән элементтер: біртұтас азаматтық, аумақтық, дербестік, мемлекеттік органдардың дербес жүйесі, тәуелсіз мемлекет мәртебесіне сәйкес дербес экономикалық жүйе, жеке Қарулы Күштің болуы орнықтырылды. Сөйтіп, Қазақстан әлемдік қауымдастыққа дербес мемлекет ретінді енді.
Конституциялық заңның қалыптасуының екінші кезеңіндегі бір ерекшелігі, мемлекеттік тәуелсіздік туралы заңға қайшы келмегендігі, Қазақ КСР-ы Конституциясының нормалары, КРСО мен Қазақ КСР-ының заңдары одан әрі қолданылды.
Осы кезеңде Қазақ КСР-ының 1978 жылғы Конституциясына елеулі өзгерістер енгізген бірқатар заңдар қабылданды. Айталық, 1991 жылдың 20 желтоқсанында қабылданған «Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» конституциялық заң КСРО азаматтығын алудың жаңа негізін белгіледі және азаматтық туралы заңның коституциялық мәртебесі Қазақстан Республикасының 1993 жылғы Конституциясымен танылды. Бұл мән-жайды атап көрсеткен жөн, өйткені 1995 жылғы Конституция азаматтық туралы заңды енді конституциялық заңдардың қатарына жатқызбайды.
Мемлекеттік органдар жүйесіне 1992 жылғы 5 маусымдағы «Конституциялық сот туралы» Заң елеулі өзгерістер енгізді. Бұл органның тағдыры өте күрделі болды. Конституциялық сотты 1993 жылғы Конституция танығанымен, екі жылдан сәл ғана астам уақыт өмір сүріп, 1995 жылғы Конституция қабылданғанға дейін-ақ тарих қойнауына кетті.
Демек, бірінші және екінші кезеңде Қазақстан Республикасының конституциялық заңдары социолистік конституцияға – тәуелді мемлекеттік ұйымдардың Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жолымен дамыды. Бұлар заң шығарушылардың қамтылмасты қамтимын деген нәтижесіз талпынысы еді. 1992 жылғы маусымына дейін Қазақ КСР Коснтитуциясының 51-бабына өзгерістер енгізілді. Одақтық Конституцияға негізделген, мықтап идеяландырылған Конституциясыны ешқандай өзгеріс пен толықтыру жақсарта да, лайықтандыра да алмас еді. әрине, заң шығарушылар мұны түсінді, сондықтан 1991 жылдың өзінде жаңа Конституцияның жобасын әзірлеу жөнінде Конституциялық комиссия және жұмыс тобы құрылды.
Қазақстан Республикасының конституциялық заңдары қалыптасуының үшінші кезеңі Жоғарғы Кеңестің 1993 жылғы қаңтарда жаңа Конституцияны қабылдаудан басталды. Бұл Қазақстан мемлекеттік және қоғамдық құрылысының мүлдем жаңаша белгіленген тарихи құқықтық акт болды. Әрине, Конституция Қазақстанның мемлекеттік егемендігі жарияланған кезден бастап шығарылған конституциялық заңдардың көптеген құқықт ық нормаларын, принциптері мен идеяларын қабылдады. Халықтық егемендік, мемлекеттің тәуелсіздігі, билік бөлісу принципі, қазақ тілін мемлекеттік тіл деп тану, Президентті мемлекеттің және атқарушы биліктің біртұтас жүйесінің басшысы ретінде тану, сот органдарын – Жоғарғы, Конституциялық және Жоғары Төрелік сотты, прокуратуаны тану осының қатарына жатады.
Конституция 1978 жылғы Коснтитуциясының кеибір қағидаларын қабылдады, айталық, Жоғарғы Кеңес бір палаталы өкілетті және заң шығарушы орган болып қалды, бірақ енді бүкіл билікті иеленген орган ретінде танылған жоқ. Оның өеілеттік тізбесі конституциялық тұрғыдан белгіленді. Бірақ СОКП үстемдігі, біртұтас саяси партияның басшылығымен жұмыс істеу кезіндегі Жоғарғы Кеңестен ерекшелігі 1993 жылғы Конституция бойынша Жоғарғы Кеңес заң тұрғысынан да, нақты істе де өзінің қызметін конституциялық құзіреті шеңберінде дербес жүргізе алатын болды. Жергілікті Кеңестер уәкілетті органдар ретінде сақталды. Азаматтардық көптеген құқықтыры мен бостандықтары негізінде Қазақ КСР 1978 жылғы Конституциясында жарияланған құқықтық қағидалар мен идеялар сақталды. Ол – барлық азаматтырдың тең құқылығы, саяси құқық, еңбеке ету құқығы, білім аду құқығы, денсаулық сақтау құқығы және басқалар. Азаматтардың тәуелсіз мемлекет кезеңіндегі негізгі жауапкершілігінің кеңестік кезеңдегі осындай жауапкершілігінен ешқендай ерекшелігі жоқ.
Қазақстан Республикасының 1993 жылғы Конституциясына бірқатар жаң қағидклка енгізілді. Айталық, Қазақстан Республикасы «өзін-өзі таныған қазақ ұлтының мемлекеттілік нысаны ретінде» жарияланды. Кіріспеде «қазақ мемлекеттілік» формуласы қолданылды. Бұл тек қазақ ұлтының өзін-өзі саяси танығандығын білдіреді. Басқаша айтқанда, мемлекеттік егмендік тек ұлттық егемендіктің жүзеге асу ретінде танылды. Сонымен бірге Конституция «Қазақстан халқы Республикадағы мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы болып табылатындығы» орнықтырды. Тисінше, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы Конституциясы мемлекеттік егемендік негізіне ұлттық емес, халықтық егемендікті қобылдады. Бұл қайшылықты диалектикалық қайшылық деуге бола қоймас. Ол, менің пікірімше, 1993 жылғы Конституция қабылданар қарсаңда ойдағыдай шешім таппаған көзқарастардың екі саяси-құқықтық жүйесінің әлі де жалғасып келе жатқан тексерісінің көрінісі.
Конституцияда «зиялы және біртұтас мемлекет» деген ұғым бірнеше рет қолданылды. Мемлекеттік зилылық сипаты діни бірлестіктердің мемлекеттен бөлінуінен көрінеді. Конституция мемлекеттің қандай да болсын бір дінге немесе атеизмге артықшылық бермейтіндігін жариялады. Діни бірлестіктер саяси мақсттар мен міндеттерді көздемеуі тиіс. Ақыр соңында, мемлекеттік органдардың және лауазымды адамдардың қызметіне заңсыз араласуға жол берілмеді. Мемлекеттік құрылым нысаны жағынан Қазақстан Республикасы біртұтас мемлекет болып табылады, демек, оның аумағында саяси да, сондай-ақ мәдени автономиялар құруға да мүмкіндік берілмейді. Бұл тарихи тұрғыдан белгіленген және саяси-құқытық жағынан өзін ақтады.
Конституциядағы заң шығарушы, атқарушы және сот билігі тармақтарының «тежемелік және тепе-теңдік жүйесін пайдалану арқылы олардың өзара қарым-қатынасын жасайтын» туралы қағиданы да жаңа қағида деп есесптеуге болады. Мұның қатарына Конституция Преззиденттің тыйым салуға қатысты институттар, Президенттің тыйым салуын еңсерудің, Президенттің қызметтін кетірілуін, Министрлер Кабинетінің тұтаՁ және оның әр мүшесінің жеке-жеке қызметтен кетірілуін, Жоғарғы Кеңестің ұсынысы бойынша Президенттің Министрлер Кабинетінің мүшесчін лауазымынан алуды жатқызады. Бұдан көрінгендей, тежемелік және тепе-теңдік құралдарының жиынтығы билікті бөлу принципін толық жүзеге асыру мүмкіндік бермейтіндей онша қомақты емес.
Конституция оның нормаларын тікелей қолдану туралы қағиданы орнықтырады. Конституция нормаларын тікелей қолданудың бірсыпыра нормалары бар. Ол, біріншіден, Парламент, Президенттен және Үкіметтен бастап жергілікті мемлекеттік органдарға дейінгі мемлекеттік органдардың заң шығарушылық қызметіне ықпал ету. Мұнда йықпал заң шығарушылық өкілеттігін анықтау жолымен сияқты, сондай-ақ мемлекеттік органдардың нормативтік актілерінің конституциялық нормаларға сәйкестік талабын белгілеу жолымен де жүзеге асырылады. Екіншіден, Конституцияның тікелей қлданылуы оның нормаларының мемлекеттік органдар, ұйымдар арқылы тікелей жүзеге асырылуын білдіреді. Конституцияда тура «Қазақстан Республикасының Конституциясына қайшы келетін заңды қолдануға соттың құқы жоқ» (104-бап) деп жазылған. Үшіншіден, азаматтар Конституцияға сүйеніп, өз құқытыры мен бостандықтарын пайдалануға және қорғауға құқылы. Тиісінше, Конституция адамдардың құқықтық санасын тікелей қалыптастырып, өмір салтына және қоғамдық күйге осылайша ықпал етеді. Төртіншіден, Конституцияның тікелей қолданылуы институттық қайта құрулардан көрінеді. Ол, атап айтқанда, Парламент, жергілікті өкілетті органдар сайлауларының, Президент сайлауының және басқа сайлаулардың Конституцияда қаралған мерзімді өткізілу тиістігін білдіреді.
1993 жылғы Конституция Жоғарғы Кеңестің заң шығару өкілеттігін беру институтын қарастырған жоқ. Алайда, Президентке тек жәй заңдық күші бар Жарлықтар шығарумен бірге, конституциялық заңдар шығару өкілеттігін бергендігіне қарамастан, республиканың Жоғарғы Кеңесі Президентке уақытша заң шығару өкілеттігін береді. Сондықтан Жоғарғы Кеңес 1993 жылғы 10 желтоқсандағы заңымен 1993 жылығ Конституцияға заң шығару өкілеттігін беру туралы елеулі өзгеріс деуге болады.
Конституциялық заңның қалыптасуының төртінші кезеңі 1995 жылы қабылданған Конституциямен байланысты. Бұл кезңе одан әрі жалғасуда. Осы Конституцияның бірқатар елеулі жаңа қырларына тоқталайын. Онда КСРО-ның да, Қазақ КСР-ының да не Конституциялары, не заңдары еске алынбайды. Конституция күшіне енген кезеңге дейін қолданылып келген Қазақстан Республикасы заңдарының Конституцияға қайшы келмейтін бөліктерінң одан әрі қолданылатыны туралы айтылады. Бұл өте үлкен мәселе, өйткені Қазақ КСР-ының көптеген кодекстері әлі жаңартылғанг жоқ. Оларды конституциялық нормаларға сәйкес келтіру – заң шығарушы органдардың міндеті. Менің пікірімше, атқарушылық билікке жақын тұрғанымен Президент енді бтліктің бірден-бір тармағына жатпайды. Қалыптасып үлгерген қоспалаталы Парламент орнықтырылды. Конституциялық Сот сот органы болып табылмайтын Конституциялық Кеңеспен алмастырылды. Жоғарғы соттың шеңберінде біртұтас жүйе орнықты. Құқық қорғау органдырын қайта құру қарастырылып, ол жүзеге асырылды. Осындай қайта құрулардың нәтижесінде мемлекеттік биліктің Президенттік басқару жүйесін тән жоғарғы және жергілікті органдарын қайта құрулар негізінен аяқталды.