Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарының арақатынасы

 Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарының арақатынасы туралы туралы қазақша реферат

Қазақстан  Республикасының  Конституциясында  «қолданыстағы құқық»  ұғымына  жалпы  түсінік  берілген  және  ол  осы  тектес  актілерде  өте сирек  кездеседі. Оның  айқын сипатталуына  байланысты  «қолданыстағы құқық»  ұғымына  конституциялық түсініктеме беруге тура келеді. Қазақстан  Республикасының  Конституциясының Конституциялық Кеңесі төмендегіше түсіндіріледі: «Қазақстан  Республикасы  Конституциясының  4-бабының  1-тармағының  мән-мазмұны  бойынша «қолданыстағы құқық»    деп  Конституцияның  нақты  кезеңге  күш  жойыомаған, ал халықаралық міндеттемелері бұзылмаған нормалары  және  осы  бапта  аталған  басқа да нормативтік  құқықтық актілері, сондай-ақ  Республиканың халықаралық міндеттемелер түсіндірілуі тиіс. Бұрын  қабылданған  актілерге өзгерістер  мен  толықтырулар  енгізілген, сондай-ақ  жаңа  актілер  қабылданған  жағдай  осы  актілердің нормалары  қолданыстағы  құқықтың  құрамына  қосылады, ал  күші  жойылды  деп  танылғандары – одан алып тасталды. Жаңадан  қабылданған нормалар  Конституцияның  77-бабының 3-тармағының 5)тармақшасында  орнықтырылған  заңның  кері  күші  туралы  қағиданы  сақтай  отырып  күшіне  енеді»

Конституциялық  Кеңестің  берген  түсіндірмесі   Қазақстан  Республикасы Конституциясындағы  «қолданыстағы құқық»  ұғымын  мәніне  сай  белгілей алмайды. Қазақстан  Республикасының Конституциясында «Қолданыстағы құқық Қазақстан Республикасында оның  заңдарына  сәйкес  келетін  Конституция  нормалары  болып  табылады» деп жазылған. Осы  конституциялық  ұғым  мәнінің  тереңдігі  мынада,  «қолданыстағы құқық»  ұғымына  тек  Конституция  нормалары  ғана  емес, заңда  және басқа  нормативтік  актілер  сәйкес  келуі  тиіс бүкіл Конституция  білдіреді. Кейінгі  баяндауларда  көрінетіндей, Қазақстан  Республикасының Конституциясы тек құқық нормаларына  ғана  емес, сондай-ақ  тиісті  субъектілер  үстем  қағидалар  ретінде  басшылыққа алуы  тиіс  құқықтық идеялардан, принциптерден  де тұрады.

Осыған  орай  Конституция  тура  белгілейді  немесе  оның идеяларын, қағидаларынан, принциптері  мен  нормаларынан  тек  өзіне  ғана тән  санаттар  туындайды. Меніңше, мұның қатарына төмендегідей  санаттар жатады.

  1. Конституциялық кеңістік. Мұндай  ұғым арнаулы әдебиеттерде  қолданылмайды. Алайда, оны  пайдаланудың  айтарлықтай  іс  жүзіндегі  және   заңдық  негізі  бар. Конституция – мемлекеттің  негізгі  заңы, сондықтан  оның  барлық  аумағында қолданылады. Құрлықтағы, судағы, әуе кеңістігіндегі, жер қойнауындағы аумақтық шекарасы Қазақстан Республикасы Конституциясының қолдану болып табылады. Қазақстан Республикасы Конституциясының  «Республиканың бүкіл аумағында ол тікелей қолданылатындығы» (4-баптың 2-тармағы) туралы қағида, демек, құрлықтағы, атмосферадағы, сулардағы және жер астындағы осы аумақтың конституциялық кеңістік екендігін білдіреді. Осы кеңістікте Қазақстан Республикасының  Конституциясы өктемдік етеді.
  2. Конституциялық  заңдылық. Бүкіл  конституциялық  кеңістікке  Конституция пәрменін  жүргізу  онда  конституциялық  заңдылықтың  орныққандығын  білдіреді. Конституциялық заңдылық  Қазақстан Республикасы Конституциясында  бекітілген нормаларды, идеяларды, принциптерді мемлекеттің, оның органдарының, ұйымдарының, лауазымды адамдардың, қоғамдық  бірлестіктердің, азаматтардың, заңды тұлғалардың, шетелдіктердің  орындауынан көрінеді.   Қазақстан Республикасы Конституциясында Парламент «Республика Конституциялық  Кеңесінің  Республикадағы  конституциялық  заңдылықтың  жай  күйі  туралы жыл  сайынғы  жолдауын  тыңдайды» (53-баптың 11-тармағы) делінген.  Қазақстан Республикасы Конституциясында конституциялық заңдылықпен бірге  «заңдылық»  термині  қолданылады. Қазақстан Республикасы Конституциясының 83-бабында, прокуратураның «заңдылықтың кез келген бұзылуын  анықтау  мен  жою  жөнінде  шаралар қолданылатындығы» айтылады.
  3. Конституциялық тәртіп. Конституциялық  заңдылық  негізінде  конституилық  тәртіп,  режим  белгіленеді. Оған мемлекеттік  органдарды, қоғамдық  бірлестіктерді ұйымдастыру  мен  олардың  қызмет  тәртібі  жатады. Сөйтіп, қоғамдық және мемлекеттік институттардың  бірігіп  кетуіне, мемлекеттік органдарда  саяси  партиялардың  ұйымдарын  құруға  жол  берілмейді (5-баптың 1-тармағы). Конституциялық  режим  қоғамдық  бірлестіктер  ісіне, мемлекеттің  және  қоғамдық  бірлестіктедің  мемлекет ісіне   заңсыз  араласуына, қоғамдық бірлестіктерге мемлекеттік органдардың  қызметін  жүктеуге  қоғамдық бірлестіктерді  мемлекеттік қаржыландыруға жол  бермеуден көрінеді (5-баптың 2-тармағы).
  4. Конституцялық  бастама.  Қазақстан  Республикасының  Конституциясы оны өзгерту  мен толықтыру тәртібін  қарастырады. Конституциялық бастама – Конституцияны  өзгертетін  және  толықтыратын  құқытық  идеялардың  сипатталыун білдіруші  субъектілердің  белсенді  әрекеті. Оны  халыққа не  Парламентке үндеу  жолдау арқылы  жүзеге  асыра алатын Қазақстан Республикасының Президенті ғана бірден-бір конституциялық бастама субъектісі болып табылады.
  5. Конституциялық   мәртебе.  Қазақстан Республикасының Конституциясы халықтың, Президенттің, депутаттардың, өкілетті органдардың, азаматтардың, судьялардың, шетел азаматтаырының және азаматтығы  жоқ  адамдардың мәртебесін  белгілейді. Халықтың конституциялық  мәртебесі, ол  мемлекттік  биліктің  бірден-бір  қайнар көзі болып табылатыгдығынан  және  оны тура, жанама  түрде жүзеге асыратындығынан көрінеді.  Қазақстан Республикасы Президентінің  конституциялық  мәртебесі  оның  мемлекеттік билік жүйесіндегі  орынын анықтаудан  ған емес, сонымен бірге Конституцияда бекітілген  өкілеттігінен  де  көрінеді. Азаматтардың конституциялық  мәртебесі басты құқытарынан, бостандықтары мен  міндеттерінен  көрінеді. Конституция депутаттардың, соттардың  мәртебесін белгілейді.
  6. Конституциялық   орган.  Мемлекет  күрделі  тетіктен  (механизмнен) тұрады.  Тек  осы  тетікті негізгі  құрушылар  ғана  Конституцияда көрсетіліа бекітіледі. Сөйтіп конституциялық  органдарды  ажыратудың  басты  негізі  мемлекеттік  билікті  тармақтарға бөлу принципі  болып  табылады. Конституциялық органдар  конституциялық  құзіретті иеленеді.
  7. Конституциялық   іс  жүргізу – Қазақстан Республикасының Конституциясында  «конституциялық   іс  жүргізу» ұғымы өзінің  міндеттерін – импичментін жүзеге асыруға  Президент  қабілетсіз болған жағдайда оның қызметінен мезгілінен бұрын басталуына байланысты  қолданылады (47-бап). Сонымен бірге конституциялық іс жүргізу басқа да бірқатар конституциялық мәселелерді, мысалы, Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу үшін, Президенттің заңға қол қоюы үшін конституциялық және жәй заңдарды қабылдау үшін және басқалары үшін қарастырылған.
  8. Конституциялық  өкілеттік.  Республика  Конституциясы  жоғары және жергілкті  мемлекеттік органдарға  белгілі бір өкілеттіктерді бөледі.  Осы  өкілеттіктер  Конституцияда бекітілгендіктен, Конституцияның өзінде осылайша атлмаса да, олар конституциялық өкілеттіктер болып табылады.  Бұған «Қазақстан Республикасының Парламенті  және  оның  депуттарының  мәртебесі туралы» Республика Президентінің   Конституциялық  заң  күші  Жарлығы куә, оның 14-бабында Парламенттің Коституцияда көрсетілген өкілеттігі конституцилық заң деп аталады.

Конституция Президенттің, Парламенттің, Парламенттің Мәжілісінің, Сенаттың, Үкіметтің, Конституциялық Кеңестің, Жоғарғы Соттың, Прокуратураның, мемлекеттік басқарудың жергілікті  органдардың конституциялық  өкілеттігін  белгілейді.

  1. Конституциялық шектеу.    Қазақстан Республикасының Конституциясында қарастырылған  шектеу:

1)      Азаматтарға;

2)      Шетел азаматтарына;

3)      Республика азаматтары бірлестіктеріне;

4)      Шетел азаматтары бірлестіктеріне;

5)      Мемлекеттік органдарға;

6)      Мемлекеттік лауазымды адамдарға қатысты.

  1. 10.  Конституциялық  жауапкершілік – құқықтық жауапкершіліктің күрделі саяси-құқытық  сипаттағы  ерекше  түрі, конституциялық құқық бұзушылыққа  қарсы күреседі, субъект  үшін мейілінше  зардапты  жат пиғылдығы  конституциялық  құқық бұхзушылықтан  көрінеді.  Жоғарғы лауазымды адамдар және  мемлекеттік өкімет органдары:  Президент, Парламент, Үкімет, Премьер-министр және басқалары конституциялық  жауапкершілік  субъектілері  болып  табылады. Конституцияға  қайшы  келетін  актілерді  өзгерту,  қызметтен  алу, Үкіметті  тарату, сайлаудың  немесе  референдумның  қорытындыоларын  заңсыз  деп тану, мемлекеттік органдардың, жоғарғы  лауазымдаы адамдардың  қызметін  ресми  түрде заңсыз  деп тану  конституциялық  жауапкершіліктің  нысандары (санкциялары) болып табылады.
  2. 11.  Конституциялық-құқықтық реттеу объектісі болып табылатын, қоғамдық қатынастардың мазмұнын  айқындайтын  негіз боларлық  бастауы Конституцияда көделген  конституциялық принциптер. Конституциялық  принциптер  Конституцияның және  оны  дамыту  бағытында  соның  ішінде  жарияланатын  нормативтік-құқықтық  актілердің мазмұнын бегілейді.
  3. 12.  Конституциялық  құрылыс – республика  Конституциясымен  және басқа конституциялық-құқытық  актілермен  білгіленетін  және  қорғалатын  саяси, экономикалық  және  әлеуметтік  қатынастар  жүйесі. Конституциялық  құрылысты Конституция  белгілейді  және  мынадай: халықтық егемендік, мемлекетттік егемендік, мемлекеттік биліктерді  тармақтарға  бөлу, аумақтық тұтастық, басқарудың Президенттік жүйесі, мемлекеттік құрылымның біртұтас нысаны, азаматтардың негізгі құқықтары мен бостандықтарынан айырмау белгілерін иеленеді.
  4. 13.  Адамның және азаматтың конституциялық құқықтыры мен бостандықтары. Адам мен азаматтың Конституциясымен белгіненген құқықтыры мен бостандықтары  негізгісі  болып табылады  және  біртұтастығымен  сипатталады. Ол құқық  пен  бостандықты қоғамдық өмірдің  барлық  саласында  жан-жақты  реттеудің  базасы ретінде қызмет етеді.
  5. 14.   Адамның және азаматтың конституциялық міндеттері – Қазақстан азаматтарының, шет ел азаматтарының, республика  аумағындағы  азаматтығы  жоқ  адамдардың  тәртібі Конституциямен  көзделген  мемлекет  талабы. Кейбір конституциялық  міндет  тек  Қазақстан  Республикасының  азаматтарына (Отанды қорғау) арналған.

Аталған  ұғымдар, санаттар  конституциялық  нормалармен  бекітіледі  және бүкіл мемлекеттік-құқықтық  ұғымдардың, санаттардың негізі болып табылады. Мұның тек ғылми ғана емес, сондай-ақ практикалық та мәні бар, өйткені ол конституция мен заңдардың, басқа да нормативтік-құқықтық  актілердің өзара таным қатынасының негізі болып табылады. Сондықтан Конституцияны қабылдаудың, оған өзгерістер мен толықтырулар егізудің ерекше тәртібі белгіленген. Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар егізудің ерекше тәртібі Қазақстан  Республикасының  Конституциясында көзделген.

Қазақстан  Республикасының  Конституциясындағы өзгерістер мен толықтырулар туралы бірнеше бапта айтылады. Конституцияның 53-бабында Палаталардың бірлескен отырысында Парламенттің Қазақстан  Республикасының  Президентінің ұсынысы бойынша Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізетіні, конституциялық заңдар қабылдайтыны айтылады. Мұнда үш жәйтке назар аудару керек:

1)      Президент ұсыныс енгізеді;

2)      Президенттің бұл ұсынысы «Конституцияға өзгеріс пен толықтыру» деп аталады;

3)      Өзгеріс пен толықтыру конституциялық заң қабылдау жолымен жүзеге асырылмайды.

Қазақстан  Республикасының  Конституциясы бойынша Президенттің заң  шығармашылық  бастама  құқығы  жоқ. Ендеше, Президенттің  Конституцияға  өзгеріс пен толықтыру  ұсыныс  құқығын  немен  түсіндіреміз? Ол заң шығармашылық бастама құқының  бір түрі немесе  басқаша құқытық құбылыс болып табылама? Бұл сұраққа мүмкін Конституцияның, Президенттің Қазақстан Республикасының «Парламент және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық заң күші бар Жарлығының, Мәжіліс  Регламентінің  және  Сенат  Регламентінің, Парламент  Регламентінің  тиісті нормаларын талдау негізінде жауап беруге болатын шығар.

Қазақстан  Республикасының  Конституциясы заң  шығармашылық  бастама ұғымын бермейді, тек заң  шығармашылық  бастама құқының Парламент депутатарына және Үкіметке берілетіні көрсетілді.

Президенттің Парламент туралы Жарлығында  заң  шығармашылық бастама ұғымы беріледі, онда: «Заң шығармашылық бастама құқы субъектісінің Парламентте міндетті түрде қаралуғы тиіс заңның немесе Парламенттің өзге де заң актілерінің жобасы мәтініне ресми түрде енгізуге заң шығармашылық бастама болып табылады» делінген (15-бап).  Заң шығармашылық бастама құқы депутат пен Үкіметке Парламентке тек заңның немесе Парламенттің өзге де заң актілерінің жобасын енгізуге заңдық мүмкіндік беретіні түсінікті. «Өзге де заң» актілері деп нені түсінеміз? Мұны анықтау үшін Республика конституциясына жүгінелік.

Конституция заң актілеріне қарағанда Конституциялық заңды шектейді. Олардағы шектеудің негізгі өлшемі мынадан көрінеді, конституциялық заң әр Палата депутаттарының жалпы санының кемінде -сінің  көпшілік дауысымен қабылданады. Ал Парламенттің заң актілері Палаталар депутаттары жалпы санының көпшілік дауысымен қабылданады (61-баптың 4-5-тармақтары). Демек, біріншіден, коституцилық заң, заң актілері тобына жатпайды, екіншіден, коституцилық заң, заңдық күші жағынан заң актілерінен жоғары тұрады.

Енді нормативтік-құқытық актілердің қандай түрлерінің заң актілеріне жататынын анықтайық. Заң актілерін Парламент қабылдайтынын атап көрсеткен жөн, бұл Конституцияда анық айтылған. Конституцияның 62-бабында республиканың заң және өзге   де  нормативтік-құқықтық  актілерін  әзірлеу, ұсыну, талқылау, күшіне енгізу және жариялау  тәртібі  арнаулы  заңмен  және  Парламент  пен  оның  Палаталарының  тегламенттерімен  реттелгендігі айтылған.

Қандай актілердің нақ Парламенттің заң актілерінежататындығын анаықтаудың үш қайнар көзі бар. Алдымен Қазақстан  Республикасының  Конституциясынан басталық. «Заң актілері» термині Конституцияда үш рет қайталанылады және үшеуінде жай заңдардың  синонимі ретінде қолданылады. (62-баптың 5,8-тармақтары және 69-баптың 3-тармағы). Сөйтіп, Конституцияда  заң  актілері  ретінде  тек  жай  заңдар  түсініледі. Алайда,  нормативтік құқықтық актілерді конституциялық сұрыптауда тіпті Конституцияның өзін заң актілеріне  теңестіруге ұмтұлушылық та кездеседі.  Бұлай істеуге болмайтын себебі,  біздіңше, нормативтік құқықтық актілерді  сұрыптау және олардың бір-біріне бағыну, қабылдау процесі тәртібінің бұзылатындығынан ғана емес. Одан да маңыздысы, мұндай жағдай заң шығарушылық бастама құқының мәні мен мазмұны түбегейлі түрде өзгереді. Жоғарыда айтылғандай, заң шығарушылық бастама құқы Парламентке тек заң жобаларын енгізудің заңдық негізін жасайды. Егер  заң  актілері Конституцияға теңестірілсе, онда  Президенттің  де заң  шығарушылық  құқы  болар еді.

Президенттің Парламентке немесе Референдумға Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу құқы ерекше, оның мемлекеттің басшысы ретінде, халықтың және мемлекеттің  атынан сөйлейтін  жағдайымен белгіленген арнаулы құқық. Мұндай құқықты  Президенттің  конституциялық  бастама  құқы  деп  атауға  болады. Бұл мазмұны терең құқық, өйткені Парламенттің қарауына немесе референдумға енгізілетін Конституция өзгерістері  мен  толықтыруларының  мазмұнын  Президенттің  өзі  белгілейді. Енгізілетін  өзгерістер  мен  толықтырулардың  мазмұнын  Президенттің белгілейтіні Конституцияның 91-бабында көрсетілген, онда былай делінген: «Егер Президент оны Парламенттің қарауына  беру  қажет  деп  ұйғарса, Конституцияға  енгізілетін  өзгерістері  мен  толықтырулар  жобасы  республикалық референдумға  шығарылмайды». Демек, «жоба» деген сөзді енгізілген мәселенің тұжырымдалуы деп  түсінген  жөн. Мұны Президенттің  1995 жылғы 2 қарашадағы «Республикалық референдум туралы» Конституциялық  заң  күші  бар  Жарлығының 18-бабындағы  қағида растайды.  Онда, референдум  тағайындау  туралы  шешімді  Республика  Президенті «оған енгізілетін (енгізілген) мәселенің (міселелердің) тұжырымдалуы»  белгіленетін тиісті  Жарлық  шығару  жолымен енгізіетіндігі  айтылған. Демек, конституциялық  азңда  Президенттің  конституциялық  бастама  құқына ие  екендігі  анық  көрсетілген. Президентте конституциялық бастама құқының болуы конституцияның тұрақтылық негізіне қызмет етеді.

Қазақстан Республикасының Конституциясында, Президенттің Президент туралы, Парламент және оның депутаттары туралы, Республикалық референдум туралы Жарлықтарында Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізуге болатын актінің бір ғана түрі қарастырылған – ол шешім. Қаулы емес, жарлық емес, конституциялық және жай заң емес, шешім. Осындай шешім қабылданғаннан кейін Конституцияға    өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі. Әрине,  өзгерістер мен толықтыруларға қажеттілік Конституцияның сапасына, конституциялық қағидалардың мемлекет пен қоғамның болашақтағы стратегиялық мақсттары мен міндеттеріне  қаншалақты  сәйкес келетіндігіне, конституциялық  идеялардың  қазіргі  деңгейіне, сондай-ақ  халықаралық құқық  нормаларын  қаншалықты   бейнелей  алатындығына  байланысты  туындайды. Егер  Қазақстан  Республикасының  Конституциясына  қатаң  талап  тұрғысынан  келсек, негізінен, ол  бұған  жауап  бере  алады. Қазақстандағы  саяси  тұрақтылық – бұл  көбіне  көп  Конституция  қызметінің нәтижесі. Мұны теріске шығаруға болмайды. Алайда, бұл Қазақстан Республикасының Конституциясы  жетілдірілмейді  деген  сөз емес.   Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін. Сонымен  бірге  Конституцияның  тұрақтылығына  қамқорлық  жасап  та  отыру  қажет.

Тұрақтылық, негізінен, екі жақты тәсілмен қамтамасыз етіледі. Бірінші тәсіл – Конституцияны жиі өзгертуге және толықтыруға құлшынған әрекеттің ықпалында кетпеуі. Мұндай әрекет конституциялық қағидаларды  негізсіз  сынға  алудың  тәтижесінде  туындайды. Тіпті  Конституцияның  кейбір қағидаларын айтылған орынды сынның  өзі  Конституцияға өзгерістер мен  толықтырулар  енгізу  туралы  асығыс  шешім қабылдауға негіз бола алмайды. Екінші тәсіл – Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізбеу. Конституция – тарихи мәні бар акт, елеулі мәдени құндылықты белгілейді. Халықтың, нақ сол кезеңнің саяси жетекшілерінің қайталанбас туындысы ретінде белгілі бір тарихи кезеңде, белгілі бір уақыт аясында қалай қабылданса сол күйінде сақталуы тиіс. Егер оған  өзгерістер мен толықтырулар енгізілсе, онда дәуір ерекшелігі жойылады және түптеп келгенде Конституция өзінің мәдени-құқықтық құндылық  ретіндегі мәнінен  айрылады. Сонымен бірге оның беделі де төмендейді. Құқық тарихындағы  көптеген  белгілі заң актілерінің  құндылығы оның  алғаш  қабылданғандығы түрінің сақталуында. Құлдық туралы қағида сақталған Америка Конституциясын мысалға күелтіруге болады. Сондай-ақ қазақ  құқығы тарихында  да  «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы», «Тәуке ханның Жеті Жарғысы» сияқты актілер белгілі.

Сірә, мүмкін  өзгерістер  мен  толықтыруларды  Конституцияға  енгізбей-ақ, ол туралы шешімді  Қазақстан Республикасының Конституциясына қосымша ретінде сақтаған жөн  шығар. Бұл Конституцияның тұрақтылығын қаматамасыз етіп, беделін көтереді, оны, әрине, қолданылып жүрген және қолдануға, конституция баптарының, өзгерістер мен толықтыруларының  мазмұнын түсіндіруге ыңғайлы құқықтық жәдігерлік ретінде сақтайды.

Енді Конституция мен конституциялық және өзге заңдардың өзара қатынасы туралы. Конституциялық және жай заңдар Конституция негізінде және орындау үшін қабылдануы тиіс. Егер заң шығарушы заң шығарушылық процесінде заң жобаларының Конституциясының идеяларымен, принциптерімен, нормаларымен тұрақты түрде салыстырып тексеріп отырса және оны қатаң сақтаса, Конституцияның қолданылатындығы, конституциялық заңдылықтың салтанат құратындығы туралы айтуға болады.

Конституция мен заңдардың өзара қатынасын белгілеген кезде Қазақстан Республикасының Перзидентінің заң шығарушылық өкілеттігі мәселе ерекше аталады. Бұл үшін екі мәселенің басын ашып алған жөн.

  1. Конституцияның 53-бабының 4-тармағында Президентке, оның бастамасы бойынша, әр Палата депутаттары жалпы санының үштен екісінің дауысыменбір жылдан аспайтын мерзімге заң шығару өкілеттігін беруге хақылы екендігі көзделген. «Заң шығару өкілеттігіне» кең мағынада:

1)            Конституцияға    өзгерістер  мен  толықтырулар  енгізу туралы шешім қабылдау құқы;

2)            Конституциялық заңдар қөабылдау құқы;

3)            Жай заңда қабылдау құқы ұғынылады.

Конституция  заң  шығарушылық   өкілеттілігін  Президентке беруге  қандай  да  бір шектеушілікті  белгілемегендіктен, Парламент  Президентке  барлық  үш  өкілеттікті  де бере  алады деген тұжырым жасуға болады. Алайда, олай емес. Парламенттің заң шығарушылық өкілеттігіне Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар қабылдау құқығы  кіргенмен, Парламенттің өзі Конституция бойынша өзгерістер  мен толықтырулар  енгізуге  жоқ  құқықты  Президентке  бере  алмайды.

Конституциялық заң қабылдау құқын Президентке беру мүмкіндігі туралы нақтылай түсуді қажет етеді. Конституцияның  45-бабының  2-тармағында  Парламент  заң шығарушылық  құқын берген жағдайда  Президенттің заң шығаратыны  жазылған. Мұны Конституциялық  Кеңес  түсіндіруі тиіс.

  1. Парламент қабылдауы мімкін конституциялық заңды Президенттің тоқтатып қою құқын тарату мүмкіндігі туралы мәселе де анық емес.

Ресей  Федерациясы  Конституциясында  Президенттің  Конституциялық заңды неліктен тоқтата ламайтындығы және қайталап қарау үшін оны неліктен Парламентке қайтаратындығын анықтайтын тәртіп белгіленген. Қазақстан Республикасының Конституциясында Президент конституциялық заңға емес, Парламент қабылдаған заңға қол қоғанға дейін оның Конституцияға сәкестігі туралы мәселені қарау үшін Конституциялық Кеңеске жүгінуге құқылы екендігі жазылған. Демек, Президент Конституциялық Кеңеске тек жәй заңдардың конституциялығына байланысты ғана жүгіне алады. Конституцияда Презитденттің конституциялық заңдардың Конституцияға сәйкестігіне орай Конституциялық Кеңеске жүгіну құқы көзделмеген. Бұған конституциялық заңды қабылдау процесі куә. Ол Парламенттің әр Палатасы депутаттарының  жалпы санының кем дегенде үштен екісінің көпшілік дауысымен қабылданады. Конституция бойынша  Парламент тек Президенттің қарсылығын туғызған заңдарды ғана қарайды және қарсылық әр Палата депутатарының жалпы санының үштен екісінің көпшілік дауысымен ғана ескеріледі (53-баптың 3-тармағы). Егер Президент Парламент қабылдаған конституциялық заңды қайтаруға құқылы болса, онда Парламент Президенттің қарсылығын, жай заңдарға қатысты бұрын істелгендей, үштен екісінің дауысымен емес, төрттен үшінің дауысымен еңсерер еді. Нақ осы тұс Конституцияда қарастырылмаған. Демек, Президент те, Конституциялық Кеңес те Парламент қабылдаған конституциялық заңның Конституцияға сәйкестігі туралы мәселені қарай алмайды.