Қазақстан Республикасындағы жас отбасын тұрғын үймен қамтамасыз ету курстық жұмыс

ЖОСПАР

КІРІСПЕ

1. ОТБАСЫН ҚҰРУ ЖӘНЕ ОНЫҢ ПРОБЛЕМАЛАРЫ
1.1 Жас отбасының келіспеушілігі: себептері мен алдын алу
1.2 Мемлекет тарапынан жас отбасыларына қолдау көрсету

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЖАС ОТБАСЫНЫҢ ТҰРҒЫН ҮЙМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ
2.1 Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй қатынастарын реттеудің құқықтық негіздері
2.2 Жас отбасыны тұрғын үймен қамтамасыз етудің қазіргі деңгейі және динамикасы

3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЖАС ОТБАСЫНЫ ТҰРҒЫН ҮЙМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ
3.1 Тұрғын үймен қамтамасыз етудегі мемлекеттік реттеудің құралдары мен түрлері
3.2 Жас отбасыны тұрғын үймен қамтамасыз етудегі мемлекеттік бағдарламалардың орны

ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

КІРІСПЕ

Курстық жұмыстың өзектілігі: Бүгінгі таңда экономикамыздағы орын алған қолайсыз жағдайлар кезінде өркениетті даму жолына түскен Қазақстан Республикасы қоғамның барлық саласында аса маңызды саясаттарды жүзеге асыруда. Бұл саясаттардың ішіндегі ең күрделісі әрі өте байыптылықты қажет ететін бағыты  әлеуметтік саладағы саясат болып табылады. Өйткені, біріншіден, әлеуметтік мәселе адамдардың өмірі мен тұрмыс-тіршілігіне тікелей қатысты болғандықтан үнемі күн тәртібінде тұрады; екіншіден, мемлекеттің әлеуметтік саясаты әрқашан жас отбасының назарында болып, оның талқысы мен сынына түсіп отырады. Сондықтан да әлеуметтік саясат мемлекеттілікті орнықтыру мен мемлекетті басқаруда аса маңызды орын алады.

Жер бетіндегі дамудың тұрағы, тұтқасы, тірегі – адам, адамның қо­ғамдағы тыңғы­лық­ты іс-әрекеттері, сондай-ақ қоғамдағы тыныштық пен ынтымақты қамтамасыз ететін мемлекеттің әлеуметтік қыз­меті. Адамның денсаулығын қадағалайтын, бі­лім жүйесін жетілдіретін, мәртебесін көтер­ме­лейтін, аза­маттық жауапкершілігін арт­тыратын бастамалар – жас отбасының әл-ауқатын арттыруда, одан әрі ел экономикасының дамуында ерекше сипат алады. Сол бастаманың бірі жас отбасыны тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесі де – әлеуметтік саясаттың бас желісі болып табылады.

Жас отбасы үшін тұрғын үйдің қолжетімділігі мен сапалылығы – мемлекеттің барынша өмірлік маңызы бар басымдықтарының бірі болып келді және алдағы уақытта да солай болып қала бермек. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың 2008 жылғы  «Мемлекеттік саясаттың басты мақсаты – Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру» атты жолдауында тұрғын үйге қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін негізгі бағыттарды айқындап, тұрғын үй құрылыс саласы – экономикамыздың алға сүйреуші күші екендігін атап өткен болатын[1].

Жас отбасыны тұрғын үймен қамтамасыз етудегі мемлекеттік бағдарламалар және олардың рөлі, сол бағдарламалардың шеңберінде жас отбасыны тұрғын үймен қамтамасыз етудің құралдары мен түрлері қарастырылған. Сонымен қатар қазіргі экономикалық дағдарысқа байланысты құрылыс саласында туындаған қолайсыз жағдайлар, және одан шығу жолдары ауқымды сипат алған.

Тұтастай алғанда мемлекеттік бюджеттің адами капиталды дамытуға шығыстары жалпы шығыстар көлемінің кемінде 61% құрайды, бұл Үкіметтің экономиканың мәселелерін шешкен кезде әлеуметтік саланың басым артықшылықтарға ие екенін көрсетеді. Бұл Ұлттық экономиканың барынша өсуіне және болашақта одан асып түсуіне қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Курстық жұмыстың мақсаты: жас отбасыны тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесін жан-жақты зерттеп, соның ішінде жас отбасыны тұрғын үймен қамтамасыз етудің тетіктерін жетілдіру және қазіргі уақыттағы құрылыс саласындағы орын алған дағдарыстан шығу жолдарын анықтау болып табылады.

Курстық жұмыстың міндеті: Дұрыс мемлекеттік реттеу арқылы төмендегідей экономикалық маңызы жоғары мәселелердің шешім табатыны жайлы айтылған:

—  жас отбасының тұрғын үймен қамтамасыз етілуі;

—  құрылыстың дамуына байланысты осы салаға маманданған шағын және орта  бизнестің дамуы;

— құрылыстың жандануына және шағын және орта бизнестің дамуына байланысты жаңа жұмыс орындарының ашылуы.

Курстық жұмыстың құрылымы: Курстық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытынды және пайдаланған әдебиеттен тұрады.

 Курстық жұмыс / 34 бет