Сопылық философиясы курстық жұмыс

Жоспар

Кіріспе…..2

I. «Диуани Хикмет» еңбегінің мәні….4
1.1 Шығармадағы даналық ойлар….7
1.2 Хикметтің идеялық мазмұны….9

II. Алғашқы бастама мәселесі…11
2.1 Адам сенімі мәселесі….16
2.2 Ақиқатқа жету жолдары жайындағы түсініктер…..20

Қорытынды….24
Пайдаланылған әдебиет…..25

Кіріспе

Түркі халықтарының орта ғасыр кезінде біржола араб жазуына көшуі өмірге көптеген ғылыми дүниелерді алып келді. Сонымен қатар бұл кез шығыс әлемінде суфизм ағымының әсері күшейіп, бірте-бірте қанатын кең жайып, дами бастаған кезі еді. Мұсылмандар үшін де аса жауапты уақыт болатын. Осы шақта елдің бірлігін, халықтың татулығын, адамгершілік пен имандылықты, Алла Тағалаға адалдықты көксеген, соны ту етіп, өз шығармаларына арқау еткен ақын-шайырлар тобы тарих сахнасына шыкты, соның бірін айтсақ Қожа Ахмет Йассауи.

Тақырыптың өзектілігі :

Қазақ жеріне ислам діні сопылық ілімді уағыздаған дәруіштер сұхбаты арқылы енді. Олар халық дүниетанымындағы құндылығын арттыра түсетін сопылық ілімді дамытқаны үшін әулиеге баланды. Сондықтан олардың қабірінің басына тұрғызылған кесенелер тәубе ететін киелі орын ретінде танылды. Түбі бір түркі халықтарының барлығы қазіргі күннің өзінде зиярат жасайтын қасиетті орын ретінде санайды. Соның ішінде даналық хикметтері арқылы халық сеніміне иман ұялатқан Ахмет Йасауи ілімнің орны ерекше. Ахмет Йасауи ілімінің маңызы мен негізгі мақсатын, даму ерекшелігін танып білу үшін ең алдымен түркі халықтарының ежелгі салт дәстүрлері мен діни сеніміне назар аударғанымыз жөн.

Теологтардың пайымдауынша, сопылық — не нәрсені де «әділдік», «ұят» және «сұлулық» өлшемімен бағалайтын ойлау жүйесі, Исламның қайнарынан бастау алатын рухани құндылық, Ислам дінінің дүниетанымдық, ахлақтық – этикалық, эзотерикалық қырлары көрініс беретін, адамның өзін-өзі тануы мен рухани адамгершіліктің кемелденуіне мүмкіндік беретін ілім, діни қозғалыс. Құран-хадисті ең жоғары дәрежеде тәпсірлеу. Сопылықты уағыздайтын тәлім — тасаууф. Ол тәңіртануды, адамзаттың этика – эстетикалық құндылықтарын терең түсіндіретін, рухани, ішкі дүниенің талаптарына жауап беретін білім ретінде қалыптасып, танылған. [1].

Тақырыптың мақсаты

  1. Ахмет Йассауидің діни ойларымен танысу.
  2. Ислам жолын уағыздаушы тарихи тұлға екенін білу.

  Тақырыптың міндеті

  1. Йассауидің философиялық ойын түсіну
  2. «Диуани хикметтің» идеялық мазмұнын ашу
  3.  Көркемдік ерекшелігін көрсету

Тақырыптың зерттелу деңгейі:

Сопылық жайында көптеген ғалымдар өз зерттеулері мен пікірлерінде өз ойларын айта кетеді. Соларға тоқтала кетсек:

Орыстың ғалымы И.М.Петрушевскийдің айтуынша, ағылшын шығыстанушысы Р.Николсон ХІ ғасырға дейінгі жазба материалдардан тасаууф яғни, сопылық сөзінің жетпіс сегіз мағынасының талқылағандығы анықталған.

Абу Саид әл-Хараз: «Сопы деп Тәңіріміз жүрегін нұрмен тазартқан және Алланың зікірінен ләззат алатын адамды айтамыз» деген.

Абу Мухаммед әл-Жаририй (һ.311 туылған): «Тасаууф сүнниттік мінез-құлықпен үйлесетін оған қарама-қарсы нәрседен аулақ болуды үйрететін жол»,-дейді. Абу Бакр әл-Каттаний (322х) : «Тасаууф – тәртіп. Кімнің тәртібі өзіңнен жақсы болса ол сенен таза адам. Тасаууф – тазалық»,-деген.

Жағфар әл-Хулдий (840х): «Сопылық құлшылыққа құлшыну, Алла Тағалаға толығымен берілу».

Бишр бин әл-Харис: «Сопылық Алла үшін жүрегін таза ұстанушы».

Әш-Шиблий: «Тасаууфтың басы Алланы танумен басталып, соңы таухидпен бітеді»,-дейді.

“Сопылық – көркем ахлақ (мораль)”; Абу Хафс ан-Найсабури (ө. ж. м. 883) “Сопылық – толығымен әдеп (этика)”; Абу әл Хусайн ан-Нури (ө. ж. м. 907) “Сопылық – нәпсінің құмарлықтары мен талаптарын тәрк ету” ретінде көрсеткен. Дж.Тримингэм «Суфийские ордены в Исламе» еңбегінде ХІІ-ХІІІ ғасырларда шығу тегі, діни дәстүрлері мен әдіс-тәсілдері жағынан бір-бірінен өзгеше бірнеше сопылық тариқатты атайды. Олардың ішінен түркі дүниесінің ұлы ойшылы Ахмет Ясауи құрған Ясауийа тариқаты да өзіндік орын алған.

 Курстық жұмыс / 25 бет