“Еңбек рыногы және жұмыспен қамту саясаты” деген проблеманыың мәселеде зерттеу арқылы жоба жасау туралы Қазақстан мен Германия арасында 1996-1997 жылдары келіс сөз жүргізіліпті. Ол жобаға кірісу 1998 жылғы ақпан айынан қолға алынған екен. 2000 жылдың басында “Техникалық ынтымақтастық жөніндегі неміс қоғамының”тапсырысы бойынша мамандардың халықаралық тобы “Талдықорған қаласындағы жұмыссыздық жағдайы және экономикалық дамудың жұмыспен қамтуға көмектесе алатын әлеуметтік мүмкіндіктері”деген тақырыпта жүргізілген жобалық зерттеу нәтижесі бойынша есеп даярлады. Бұл жұмысты орындауға Қазақстан Республикасы Экономика Министірлігінің экономикалық зерттеулер институтының (ЭЗИ), қоғамдық пікірді зерттудің бүкілресейлік орталығының (ҚПЗБО), Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігінің мамандары қатысты.
Мен ең алдымен талқылауға жиналып отырған тәжірибелік жобаны жасауға себепкер болған кейбір басты мәселелерге көңіл аударғым келеді. Қазір елімізде Президенттің тапсырмасы бойынша кедейлікпен жасалып және жұмыссыздықпен күрес жөнінде бағдарлама жасалып жатыр. Ол сәуір айында аяқталып жалпы ұлттық сипат және Президенттің бекіткен құжаттың мәртебесін алмақ. Бұл – мемлекеттік бағдарлама. Ол президенттің Жарлығымен іске қосылды. Мұнда күрделі мәселелер өте көп. Қазіргі кезде оның алғашқы нұсқасы ғылыми қызметкерлердің, жұмыс берушілердің, кәсіподақ ұйымдарының, үкімет орындарының көмегімен жазылып, дайындалған десекте, оның әлі де пісіп жетілмеген жерлері баршалық.
Біріншіден, тәжірибелік жобамен мұқият танысқан соң жобаның кейбір тұстарын жалпы ұлттық бағдарламаға кіргізу қажет деген қорытындыға келдім. Мен бұған үлкен мән беріп айтып отырмын. әңгіме тек жұмыссыздықтың ана түрін, мына түрін айқындаудың және еңбек ресурстарына қалай ықпал жасаудың сипаты жайында ғана болып отырған жоқ, мұнда әкімшіліктің қызмет жайлы нақтылы ұсыныстар бар. Сонымен қатар біздің ескеріп, бағдарламаға кіргізетін ұсыныстар да бар. Сондықтан жобаны жасаушыларға мен алғысымды айтамын.
Жұмыссыздық және кедейлік – бұлар экономикалық және әлеуметтік түсініктер. Балланс бойынша жұмыссыздық бүгінде 13,5 процент, ресми тіркелгені – 3,9 пайыз, ал шын мәнінде көптеген аймақтарда оның деңгеці әлдеқашан жоғары. Жұмыссздық неге көп, неліктен осылай болып отыр дегенде, кейбір саяси мәселердің толық шелілмегендігінен емес, жұмыспен қамтамасыз етуінің экономикалық тетіктерінің әлі де ойдағыдай қалыптаспағандығынан екеніне біздің сеніміміз мол.
Біздер жұмыссыздық пен кедейлік жөнінде материал жинағанда үкіметтің әр кездегі қимылының тиянақсыздау болғанын байқаймыз. Жұмыспен қамту қызметі жаңа жұмыс орындарын жасағаны үшін ынталандыруға бдағдар беру керек. Ол үшін 7 миллиард теңге бөлінгенді. Бұл қор 1999 жылы жойылып, тек жұмыссыздық жөніндегі борыш қана қалды. Екіншіден, бұрын жұмыспен қамтудың мемлекеттік қызметі болды, ол осы іспен шұғылданды, ал қазір мұнымен кәсіпорын құқығын пайдаланатын биржалар шұғылданады. Көбінесе кәсіпорын жұмысқа алған адамдарды “биржа қызметкерлері жұмысқа арнайы орналастырады” деген жалған анықтамалар жинайды екен. Сол үшін мемлекет бюджетінен олар ақша алады.
Бүгінгі күні экономикамыз біраз көтерілген тұста жұмыссыздық онша байқалмайды. Ал егер әлемдік бағалар өзгеріп, төмендесе, біздегі ахуал қиынға айналуы мүмкін. Біз жұмыссыздықпен күрес бағдарламасында біздің елдің өзін-өзі қамтамасыз етуінің элементі болуға тиіс салаларда қажетті жұмыс орындары жасаған жоқ деп мойындаймыз. Бұлар – жеңіл тамақ өнеркәсібі, бірінші кезекте қажет товарларды өндіру, құрылыс материалдарын өндіру, яғни біз Қытайдың, Ресейдің, Түркияның товарларын импорт жасадық та олар біздің рынокта лық толтырды, ал біз валютаны шетке жіберіп жатырмыз. Қазіргі күні бұған төзуге болады, өйткені, әлемдік бағалардың жоғары болуымен валюта көптеп түсуде. Жоғарыда айтқанымдай егер бағалар төмендесе онда біздегі әлеуметтік жағдай ауырлау болады. Себебі, жер асты кендерін қазып шығаратын өнеркәсіпте жұмысшыларды жұмыстан шығару күшейеді.
Осыларға сәйкес кейбір мәселелерді сіздермен талқылағым келеді. Біріншіден, айқын экономикалық тетіктерді жасамай тұрып, жұмысшылардың құрамын қайтадан жасау, өндірістің құрамын өайтадан жасау жайында сөз ету бұл шындыққа сай болмайды. Екіншіден, егер қазір жұмысшыларды қайтадан оқытуды сөз етсек, онда қазір бізде жұмыс күші артық және өте білікті. Біөге бір бос жұмыс орнына 29 маман етсек, оған жергілікті бюджеттен ақша бөлінеді. Бірақ та берешек көлемі өте үлкен, ол орындалмайды.