Еңбекақы түсінігі, түрлері

Еңбек – ақыны фирма өндіріс төмендегенде төмендетпейді, ал өрлеу кезінде квалификациясы жоғары жұмыскерлердің еңбекақысын күрт көтермейді. Ақшалай жалақының динамикасы тегістеледі. Өндіріс құлдырағанда жалақы төмендемейді, ал өрлеу кезінде күрт емес, бірте – бірте өседі. Жалақы дәрежесінің өсуі белгілі болжамдалған шеңберде өзгеріп отырады.
Нақты жалақы — бұл тауарлардың болып тұрған баға дәрежесінде төленген жалақының ақшалай сомасына жұмыскерлердің сатып алатын тауарлардың саны.
Еңбегіне қарай бөлу заңы социализмнің басқа да экономикалық заңдарымен тығыз қарым-қатынаста болады. Өйткені, еңбекақы жұмысшы күші ұдайы өндірісінің материалдық негізі — қоғамдық қажетті өнімнің бір ғана бөлігі. Бұл ұдайы өндірістің басқа да материалдық негізі бар, сол себепті еңбек ресурстарының ұдайы өндірісі оптимальды қалыпта өркендейді.
Қорыта айтқанда, жалақы еңбектің түпкі нәтижесіне сай келетіндей деңгейде болуы шарт.
Социализм тұсында игіліктерді бөлудің іріленген екі формасы бар. Олар еңбегіне қарай бөлу және қажеттіліктерді ескере отырып бөлу. Біріншісінің мақсаты, көрінісі — еңбекақы (жалақы), екіншісінің көрінісі — қоғамдық тұтыну қоры. Енді осыларды қысқаша баяндаймыз.
Еңбекке қарай бөлудің нақтылы формалары еңбекақы және жалақы арқылы жүзеге асады. Социализмде жалақы сипаты мүлдем өзгеше. Ол капитализм тұсындағы жұмысшы күші құнының және бағасының өңі өзгерген формасы бола алмайды. Жалақы қажетті еңбекпен жасалған қажетті өнімнің негізгі белігі. Күрделі экономикалық қарым-қатынастарды білдіреді. Оның негізгілері: қоғам мен жеке еңбекшілер, еңбек коллективтері, еңбек коллективі мен қызметкерлер арасындағы және т. б. экономикалық қатынастар. Демек, еңбекақы экономикалық қатынастар жүйесінің жиынтығы.
Социализмдегі жалақы дегеніміз не? Жалақы енбекке қарай бөлудің нақтылы формасы, халық табысының құрылуының және қалыптасуының қайнар бұлағы.
Жалпы халықтық кәсіпорындарында өндірілетін, қызметкерлердің қоғамдық өндірісте шығындалған еңбегінің саны мен сапасының нәтижесіне сай жұмысшы күшінің ұдайы өндірісіне әртектес тұтыну игіліктерінің келіп түсетін қажетті өнімнің негізгі бөлігін еңбекақы дейміз.
Еңбекақыны дұрыс ұйымдастыру жеңіл-желпі іс емес. Көптеген жағдайларды ескеруге тура келеді. Атап айтқанда: өнім шығаруға қажетті еңбек мөлшері, сапасы, нормасы; қызметкерлердің мамандық дәрежесі, жалпы және кәсіби білімі; халық шаруашылық саласының маңызы, территориялық ерекшелігі, жұмыс жағдайы т. б.
Еңбек сапасы орындалатын жұмыстың күрделілік, маңызын көрсетеді.
Еңбек мөлшері дегеніміз нақтылы өнім өндіруге кететін қызмет процесінде шығындалған бұлшық ет және жүйке энергиясының жиынтығы.
Белгілі бір өнім өндіргенде еңбек шығынының нақтылы қоғамдық қажетті көлемін (шамасын) еңбек нормасы деп атаймыз. Еңбек нормасы өндірістің нақтылы жағдайына байланысты оқтын-оқтын өзгеріп отырады. Еңбек нормасының көптеген түрлері бар. Олар: уақыт, өнім шығару, қызмет көрсету, еңбек істейтін адам саны және т. б. нормалар.
Еңбекті нормалаудын негізгі екі әдісі бар. Олар: тәжірибелі-статистикалық және ғылыми-техникалық негізделген әдістер. Кейінгісін аналитикалық әдіс деп те атайды.
Еңбекті дұрыс нормалау ақы төлеуді жетілдірудің негізгі жолдарының бірі.
Социализмде жалақынын, көптеген формалары мен жүйелері болады. Атап айтқанда қандай формалары бар? Ол екеу: мерзімді және кесімді жалақы. Жалақының мөлшері нақты істелінген жұмыс уақытының шамасына және қызметкерлердің мамандығына байланысты төленсе оны мерзімді жалақы деп атайды. Егерде жалақы мөлшері кажетті сапада шығарылған өнімнің мөлшеріне қарап төленсе, оны кесімді жалақы деуге болады. Екіншісі біріншісінің өңі өзгерген формасы. Ол еңбекті нормалауға тікелей байланысты. Ал еңбекті нормалау елімізде, сондай-ақ республикамызда өз дәрежесінде емес.
Нақтылы жұмыс жағдайын ескере отырып еңбекақы формаларының түрленуі жалақы жүйесі деген ұғымды береді. Бұл өндірістік қатынасты білдіретін экономикалық категория. Жалақы жүйесі алуан түрлі.
Мерзімді ақы төлеу негізінен екі жүйені қамтиды. Олар: жай мерзімді және мерзімді-сыйлықты жүйелер.
Кесімді жалақы жүйелері: тікелей кесімді, кесімді-сыйлық, кесімді прогрессивті болып белінеді. Кесімді жалақының түрленуін жеке, коллективті және аренда арқылы еңбекақы төлегенде қолданатындығынан анық көруге болады. Елімізде өнеркәсіпте 95 процент, құрылыста — 40 процентіне кесіміді сыйлық жүйесі бойынша еңбекақы төленеді.
Жеке және коллективтік кесімді, аккордты еңбекақы жүйесінде іс жүзінде қолданылады. Кейінгі кезде коллективтік еңбекақы төлеу кең етек жайды. Бұл формада ақы көлемі бригаданың, цехтың және басқа бөлімшелердегі жұмыс істейтіндердің ақтық еңбек нәтижесіне тәуелді. Еңбек өнімділігін арттыруға себепкер.
Халық шаруашылық саласының көпшілігінде жалақы екі бөліктен тұрады: Негізгі және қосымша жалақы.
Жұмысшыларға тарифтік ставка, ал басқа кызметкерлер мен қызметшілерге олардың лауазымдық окладтарына сәйкес төленген еңбекақы жалақының негізгі бөлігі ұғымын береді. Ал, берілген нормамен салыстырғанда қосымша нәтижелерге қолы жеткені үшін ынталандыру (сыйлық беру) және сан алуан басқа да нәтижелері мен игілікті істерді жүзеге асырғаны үшін үстеме ақы төленеді. Бұны жалақының қосымша бөлігі деп атаймыз.
Еңбекақыны ұйымдастырудың негізгі буыны — тарифтік жүйе. Ол не үшін қажет және қандай құрамдас бөліктерден тұрады?
Еңбекақы төлеуді ұйымдастырудағы күрделі мәселелердің бірі — еңбектің сапасын есепке алып, іс жүзіне пайдалану. Бұл мәселені дұрыс шешу тарифтік жүйені қолдануды қажет етеді. Сондықтан тарифтік жүйені дұрыс жасаудың маңызы зор.