Қазақстанда кәсіпкерліктің, әсіресе шағын және орта бизнестің дамуы экономикалық реформаларды жүзеге асыруда маңызды рөл атқарады. Ал, бизнестің жоғары деңгейде дамуын қамтамасыз ету үшін мемлекет тарапынан белгілі бір дәрежеде қолдау көрсетілуі керек. Осыған байланысты бизнес бастаманы қолдау және жеке бизнесті дамытуды ынталандыру мақсатында мемлекет тарапынан әр түрлі қолайлы экономикалық және құқықтық жағдайлар жасалуы тиіс. Қазақстан Республикасының «Жеке кәсіпкерлік туралы» Заңында елімізде жеке бизнесті қолдауға арнай тарау(4тарау) арналған. Осы заңда анықталған төмендегідей бағыттар мен жолдарды атап көрсетуге болады.
Жеке бизнестіті мемлекеттік қолдау мынадай негізгі бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
Жеке бизнесті мәселелері жөніндегі заңнаманы жетілдіру;
Жеке бизнесті қолдау орталықтарын, бизнес-инкубаторларды, технопарктерді, индустриялық аймақтарды және жеке бизнес инфрақұрлымының басқа да объектілерін құру және дамыту.
Бюджет қаражаты есебінен жеке бизнес субектілерінің қызметін оқу-әдіснамалық, ғылыми-әдістемелік және ақпараттық қамтамасыз ету.
Жеке бизнесті мемлекеттік қолдау және дамытуды жүзеге асыру жолдары ретінде келесілерді атауға болады:
Мемлекеттік органдар жанынан жеке кәсіпкерлік проблемеларын зерделеу және оны дамыту ұсыныстарын әзірлейтін ғылыми-зерттеу институттарын құру;
Орталық мемлекетік және жергілікті атқарушы органдардың жанындағы сарапшылық орталықтарды ұйымдастыру;
Жеке бизнесті мемлекеттік қолдау және дамытудың қаржы институттарын құу;
Бизнес-инкубаторлардың және идустриялық аймақтардың қызметін ұйымдастыру.
Шағын бизнесті мемлекеттік қолдау жоғарыда аталған бағыттармен бірге келесілерді де қамтиды:
Шағын бизнес субъектілерінің мемлекеттік, қаржылық, статистикалық, материалдық-техникалық және ақпараттық ресурстарды, сондай-ақ ғылыми-техникалық әзірлемелер мен технологиялады пайдалану үшін жағдай жасау;:
Шағын бизнес субъектілерін мемлекетік тіркеудің және таратудың оңайлатылған тәртібін белгілеу;
Шағын бизнесті дамытудың мемлекеттік, салалық және өңірлік бағдарламаларын әзірлеу;
Оңтайлы салық режимін белгілеу;
Шағын бизнеске кредит берудің бағдарламаларын қабылдау, сондай-ақ бюджет қаражаты еебінен гранттар мен займдар беру;
Шағын бизнесті қолдау мен дамыту үшін инвестицияларды, оның ішінде шетелдік инвестицияларды тарту мен пайдалану жүйесін жасау;
Мемлекеттік мұқтаждар үшін тауарларды сатып алудың кепілдендірілген көлемін қамтамасыз ету;
Жұмыс істеп тұрған оқу және зерттеу орталықтарын, консалтингтік ұйымдар мен шағын кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың ақпараттық жүйелерін дамыту және жаңаларын құру жолымен кадрлар дайындауды, қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастыру.
Шағын бизнесті мемлекеттік қолдаудың негізгі қағидалары:
Қазақстан Республикасында шағын бизнесті дамытудың басымдығы;
Шағын бизнесті мемлекеттік қолдаудың кешенділігі;
Шағын кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрлымының және жүзеге асырылатын шаралардың шағын бизнестің барлық субъектілері үшін қажеттілігі;
Шағын бизнесті қолдау мен дамыту саласындағы халықаралық ынтымақтастық;
Шағын бизнесті қолдау мен дамыту келесі жолдармен жүзеге асады:
Қаржылық қолдау көрсету;
Шағын бизнесті қолдау орталықтарының желісін ұйымдастыру;
Бизнес-инкубаторлардың қызметін ұйымдастыру
Бір жылдан астам пайдаланылмаған мемлекеттік меншік объектілерін шағын бизнес субъектілеріне сенімгерлікпен басқаруға немесе жалға беру;
өнеркәсіп саласын ұйымдастыру және халыққа қызмет көрсету саласын дамыту үшін немесе сенімгерлікпен берілген объектілерді шағын бизнес субъектілеріне 1 жыл өткен соң өтеусіз беру.
Мемлекеттік даму институттары Қазақстан Республикасында жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қалыптасуы мен экономикалық өсуін ынталандыру, сондай-ақ елдегі жалпы иновациялық және инвестициялық белсенділікті арттыру, оның ішінде жоғары технологиялық, ғылыми сыйымдылықты өндірістерді, өндірістік инфрақұрлымды және өңдеуші өнеркәсіпті дамытуға жәрдемдесу, ел экономикасына ішкі және сыртқы инвестицияларды тарту мақсатында құрылады.
Жоғарыда аталған заңда (Жеке кәсіпкерлік туралы) алғаш рет индустриялық аймақтар құру мен дамыту мәселесі көтерілді. Индустриялық аймақ деп комуникациялармен қамтамасыз етілген, мемлекет және бизнес субъектілеріне өнеркәсіп объектілерін орналастыру және пайдалану үшін беретін ауыл шаруашылығы мақсатындағы емес жерді айтамыз. Индустриялық аймақтар жеке бизнесті дамыту үшін экономикалық және ұйымдық жағдайларды қамтамасыз ету мақсатында құрылады. Олардың негізгі міндеттеріне өнеркәсіп саласындағы жеке бизнесті жедел дамытуға жәрдемдесу; жаңа өндірістер инфрақұрлымын құруға және дамытуға арналған шығындарды оңтайландыру; өндіріс тиімділігін арттыру және халықты жұмыспен қамту жатқызылады.
Елімізде бизнесті, соның ішінде шағын және орта бизнесті, әсіресе инновациялық бизнес пен венчурлік бизнесті дамытуға мемлекеттік даму институттарының қызметін ұтымды пайдалану және үйлестіру едәуір ықпал етеді. Олар жеке бизнес субъектілерінің қалыптасуы мен экономикалық өсуін ынталандыру, сондай-ақ елдегі жалпы инновациялық және инвестициялық белсенділікті арттыру, оның ішінде жоғары технологиялық, ғылыми сиымдылықты өндірістерді, өндірістік инфрақұрлымды және өңдеуші өнеркәсіпті дамытуға жәрдемдесу, ел экономикасына ішкі және сыртқы инвестицияларды тарту мақсатында құрылады.
Қазақстан Республикасында бизнесті қолдау мен дамытудың бірнеше мемлекеттік бағдарламалары қабылданды. Атап айтсақ, қазіргі кезге дейін шағын бизнесті қолдау мен дамытудың 7 мемлекеттік бағдарламасы (1992-1994жж. 1996-1998жж. 1999-2000жж. 2001-2002жж. 2004-2006жж. 2005-2007жж. 2007-2010жж.) қабылданып, жүзеге асырылды.Соңғы бағдарлама экономикалық дамудың нақты жағдайына, елдегі шағын және орта бизнестің даму тенденциясын, шетелдік озық тәжірибелерді зерттей отырып, жан-жақты зерттеулер негізінде қабылданды. Ол Қазақстан Республикасында шағын және орта бизнесті дамыту бойынша жеделдетілген шаралардың 2007-2010 жылдарға арналған Бағдарламасы деп аталады.
Бағдарлама мақсаты – шағын және орта бизнес субъектілерінің қызмет сферасын барынша кеңейтуге және олардың қызметін барынша жандандыруға бағытталған институционалды шарттарды жетілдіру арқылы Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін арттыру болды.
Жалпы алғанда елімізде шағын және орта бизнесті қолдау мен дамытуға Елбасының өзі ерекше назар аударып отыр. Бұл мәселе еліміздің экономикалық саясатының маңызды құрамдас бөлігі ретінде барлық мемлекеттік мәселелерде, Қазақстан Республикасы Президентінің жыл сайынғы халыққа арналған Жолдауларында атап көрсетеді.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Қазақстан халқына жолдауында айтылған ішкі және сыртқы саясатымыздың 30 серпінді бағытының бірі – шағын және орта бизнесті қолдау жөніндегі дәйекті іс-қимыл деп аталады. Мұнда шағын кәсіпорындарды дамыту бойынша мынадай алты мәселе атап көрсетіледі:
Біріншіден, Үкімет іскерлік бастамашылық жолында заңнамалық, әкімшілік және бюрократиялық кедергілердің қашан және қалай пайда болатынын анықтап алуға, оларды барынша қысқартуға, сондай-ақ шағын және орта бизнес құрлымдарының мемлекет алдында қандай да бір негізсіз есепті болуына жол бермеуге тиіс. Сонымен қатар, салық заңнамасының бизнестің дамуын толығымен ынталандыруы, сондай-ақ бизнестің «қалтарыстан» шығуына жәрдемдесуі үшін одан әрі жетілдіре түсу қажет.
Екіншіден, біз әділ бәсекелестік орта қалыптастыру мен экономикалық ойыншылардың бәріне бірдей жағдай туғызу жөніндегі жұмысты тиянақтауға тиістіміз. Үкіметке антимонополиялық заңнамаға кешенді тексеріс жүргізіп, бәсекені шектеу мен нарыққа қатысушылардың ымыраластығы фактілерін анықтаудың, экономикамыздың іргелі салаларын «жасырын» монополияландыруға жол бермеудің айқын тетіктерін жасауды, сондай-ақ айыппұл санкцияларын қолдану туралы тиісті ұсыныстар әзірлеу.
Үшіншіден, біз табиғи монополиялар аясын барынша қысқартуға тиіспіз, біздің тиісті салалардағы бәсекелестік қатынастарды құрылымсыздандыру мен дамытудың жаңа бағдарламаларын жасап, қолданылып жүргендерін жаңалауымыз керек. Экономиканың табиғи монополиялар сақталып қалған телекомуникациялар мен аэронавигация, темір жол көлігі мен порттар, электр энергетикасы, мұнай мен газ құбырлары көлігі, сондай-ақ тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы сияқты секторларын реттеу мен бақылау мақсатында тәуелсіз салалық реттегіштер жасақтауымыз керек.
Төртіншіден, жаңа кәсіпорындар мен компаниялар құру барысын жетілдіру қажет. Мәселен, «жалғыз терезе» жүйесінің шеңберінде кәсіпкерге фирманы екі-үш күнде тіркете алатындай жағдай туғызу керек.
Бесіншіден, тұрлаулы және серпінді өсу үшін біздің Қазақстанның шағын және орта бизнесінің жоғары сапалы өнімдері мен қызметіне сұраныс туғызудың негізі ретінде мемлекет пен мемлекеттік компаниялардың ресурстарын жариялы әрі конкурстық негізде белсендірек пайдалануымыз керек.
Алтыншыдан, жаңа өндірістерді ашық және жариялық конкурстық негізде дамыту үші арнаулы бағдарламалар әзірлеу тиімді, онда үздік бизнес-идеялар, яғни жаңа бизнес қалыптастыру, айталық, заңгерлік және консультациялық шығындарды жабу үшін қаржылық және техникалық қолдау алар еді. Бұл міндет «Қазына» қоры арқылы шешілуі тиіс.
Ал, Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру – мемлекеттік саясаттың басты мақсаты деп аталатын 2008 жылғы жолдауында Үкімет шағын және орта бизнестің бәсекеге қабілеттілігін ынталандыру жөніндегі дәйекті жұмысты жалғастыруы тиіс, дамыған кәсіпкерлік сектор – кез келген ел экономикасының негізі деп атап көрсеткен.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Жарлығымен 2008 жылдың 14 ақпанынан бастап жылдың аяғына дейін шағын бизнес субъектілеріне мараторий жарияланғаны белгілі. Бұл мараторий 2009 жылы тағы да жарты жылға ұзартылды. Яғни, кәсіпкерлер жұмысын себепсіз тексеруге жол берілмейді және барлық тексерулер тоқтатылады. Бірақ, бұл адам өмірінің қауіпсіздігімен тікелей байланыты азық-түлік өнімдерін өндіру мен дәрі-дәрмек өндірісіне қатысы жоқ. Сонымен қатар 2008 жылы шағын бизнес мәселелері бойынша кәсіпкерлерге арналған интернет конференция өткізілді. Елімізде шағын бизнестің даму жолындағы үлкен кедергілердің бірі – әкімшілік кедергілер екені белгілі. Осыған байланысты әкімшілік кедергілерді азайту жөнінде Үкімет қаулысы қабылданып, шағын бинесті тіркеу, лицензия беру тәртіптері оңайлатылды. Сонымен бірге, өткен жылдың маусым айында шағын және орта бизнес үшін қолдаудың тағы бір іс-шарасы қолға алынды. Ол шағын кәсіпорындардың қосымша өндірістік қуатты енгізу үшін электр тораптарына қосылғаны үшін төлейтін төлемдерден толықтай босатылса, орта бизнеске электр қуаттарына 50 киловатқа дейін тегін қосылу мүмкіндігі беріледі. Бұл шығындар жергілікті бюджет есебінен жабылатын болады және 400млн теңгеден 1млрд теңгеге дейінгі соманы қамтиды.
Шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау жөнінде белсенді жұмыстардың жүргізілуі елімізде бизнестің дамуына оң әсер етеді.
Ел экономикасының ілгері басуына шағын және орта бизнестің қосар үлесі зор. Дамыған елдерде экономиканың қомақты бөлігін осы шағын кәсіпкерлік құрайды. Сондықтан біздің елімізде де шағын және орта бизнестің қанат жаюына жағдай жасап, табысты саланың өркендеуіне айрықша көңіл бөлуде.
Алакөл ауданында кәсіпкерлікті жүйелі түрде жүргізіп, оны одан әрі өркендету үшін 2008 жылы «Шағын кәсіпкерлікті дамыту мен қолдаудың 2008 – 2010 жылдарға арналған бағдарламасы» жасалды. Осы бағдарламаға сәйкес шағын кәсіпкерлікті тұрақты дамытуды қамтамасыз ету, жаңа жұмыс орындарының санын арттыру, нақты бәсекелестік орта құру, қоғамда халықтың орташа тобын қалыптастыру жолында жұмыс жасалуда.
Азаматтар жеке кәсіпкерлігін жүргізуге талпынса, ол ауданның атқарушы органдарынан да, кәсіпкерлік бөлімінен де қолдау тауып, көздеген мақсатына жедел қол жеткізеді. Соның нәтижесінде 2009 жылы ауданда 9 дүкен, 1 қонақ үй, 1 сауда үйі, 2 мейрамхана, 2 монша ашылып, халыққа қызмет көрсетуде. Шағын кәсіпкерлік саласындағылар саны жылдан жылға көбейіп келеді. 2008 жылы шағын бизнеспен 13551 адам айналысса, бұл көрсеткіш былтыр 16315 адамға жетті. Соған байланысты шағын кәсіпкерлік субъектілері өнім өндіру мен қызмет көрсету көлемін айтарлықтай арттырды. Атап айтқанда, 2008 жылы 598,5 млн. теңгенің өнімі өндірілсе, 2010 жылы бұл нәтиже 1 млрд.218 млн. 375 мың теңгені құрады. Бұл жаһандық дағдарыс кезіндегі жағдай. Дағдарысты толық еңсеріп, дамудың даңғыл жолына түскен кезде шағын бизнестің болашағы айтарлықтай болатыны күмәнсіз.
Дегенмен, табыс өздігінен келген жоқ. Осы орайда, салық комитеті, басқа да мекемелермен бірлесе отырып, кәсіпкерлерге, әсіресе, жұмысын жаңа бастаған адамдарға нарықтың талаптары мен ерекшеліктерін, салық төлеудегі өзгерістер мен толықтыруларды түсіндіру, бизнесті дамытудың жаңа жолдары туралы жиі-жиі сабақ өткізіп, «дөңгелек үстелдер» ұйымдастыруы өз нәтижесін беруде. Үкіметтің әлеуметтік-экономикалық дамудың тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі қаулысын жүзеге асыру мақсатында шағын кәсіпкерлік субъектілеріне несие беру мәселесі жөнінде екінші деңгейлі банктермен бірлесе жұмыс жасауда.
Бүгінде кәсіпкерлердің көбі несие алу арқылы аяғына тұрып, көпшілігі бизнесін шыр айналдырып әкетті. Бұл ретте несие беретін ұйымдар мен банктердің ауыл адамдарына көмегі айтарлықтай.
2010ж екінші деңгейдегі банктерден 50 кәсіпкер 190 млн.теңге несие алды. Шағын несиелік ұйымдар 15 адамға 20 млн.теңге несие берді. Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы ауданда 19 жобаға 25 млн.теңге, 13 кәсіпкерге 21 млн., 7 мемлекеттік емес ұйымға 10 млн.теңге несие берді.
Істің ілгері басуына оң ықпал ететін факторлардың бірі – инвестиция тарту. Кәсіпкерлік нысандары бойынша 2010 жылы 270 млн.512 мың теңге инвестиция тартылды.
«Самұрық–Қазына» ұлттық әл-ауқат, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі» қорлар, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мен «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясы бірлесе отырып ұйымдастырған «Кәсіпкерлік экспресс» курсы белсенді өткізіліп отырады және куәліктер табыс етілуде.
Шағын кәсіпкерлікті дамыту бағытында Қытайдағы «Достық–Алшаңқай» орталық сауда кешеніне күнбе-күн визасыз кіріп-шығу мәселесі қарастырылып, ол шешімін тапты. 2009 жылы 23 желтоқсанда визасыз кіріп-шығу жәрмеңкесі ашылды. Бүгінде ауданда визасыз кіріп-шығу жәрмеңкесі бойынша «Достық-тур» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі халыққа қызмет көрсетеді.