“Қазақстан” газеті туралы қазақша реферат
Көпшілік одағының мүшелері 1910 жылы елден қаржы жинап, Орда қаласындағы А.Н.Щегкованың меншікеі барсханасын ұйымдастыруға көмектеседі. Сөйтіп, 1911 жылдың наурыз, мамаыр айларында орыс баспханасынан “ Қазақстан ” газетінің алғашқы екі нөмері жарық көрді. Бұл туралы газет қызметкері С.Меңдешев “Бөкей даласындағы 1916 жылғы көтеріліс” деген мақаласында сөз етен.
Газетті шығарушылар екі нөмері жарық көргеннен кейін редакцияны Орда қаласы- нан Орал қаласына көшіреді, оған патша әкімшілігінің цунзурасыз шыққан басылымның әр мақаласына кінә тағып, авторларды қуғындауы себеп болған.
Редакция құжымы Оралға көшіп келген соң Мұтиғолла Тухватулин,Ғабдолла Тоқай, Камин Тухватуллин, Мұхамед-Ғали Мусин сияқты татар қайраткерлерінің араб әрпәмен өз тілдерінде газет, журнал шығарып тұрған баспаханасын несиеге сатып алады. Қарыздан бірден құтылу оңайға түспейді. Соның зардабынан редакция қызметкерлері газет шығару- дың орнына үш-төрт ай бойы жекелеген мекемелер мен адамдардың заказдарын орындау үшін асыл уақыттарын кетіреді. Ақыры қарыздан құтылудың басқа амалдары болмаған соң, елден газеттің тұңғыш санына байғазы сұрап, ақша жинайды. Басылымның үш жыл ішінде 18 нөмірі жарық көрді. Оның кейбір нөмірлерінде орыс, қазақ, татар тілдерінде жазылған материялдар жарияланған.
Газет 1913 жылы жабылады. Редакция ұжымы басылымның жабылуы себебін “Құр- мет иесі оқушыларымызға” деген мақалада қаржының жетіспеушілігінен деп көрсеткен. Ал, негізгі себеп газеттің прогресшіл – демократиялық сарынынан қорыққан патша әкімдерінің кертартпа әрекетінен еді. Бпсылымның редакторы – Елеусин Бұйрин болды.
“Қазақстан” жариялаған материялдарында ел ішіндегі саяси мәселелерге баса көңіл бөлді. Мәселен, 1912 жылы Ленадағы жұмысшылар ереуіілін жергілікті қарапайым шаруа, кедейлердің сана-сузіміне түсінікті боларлықтай, яғни таптар арасындағы қайшылыққа те- рең талдау жасай жазған. Сөйтіп, капиталистер мен жұмысшылардың өзара келіспеушілік себеп-сырын ашып көрсеткен.