Қазақстан экономикасындағы шетел инвестициялары курстық жұмыс

Жоспар

Кіріспе….3

1–бөлім. Инвестицияның әлеуметтік – экономикалық мәні.
1.1 Инвестицияның мәні, қызметі, түрлері, есептеу әдістері…..4
1.2 Инвестицияның қызметі мен операциялары……13
1.3 Қазақстанда инвестициялық саясаттың қалыптасуы……18
2-бөлім.Негізгі бөлім.Қазақстан экономикасындағы шетел инвестициялары және Қазақстанның ұлттық мүдделерiн сақтай отырып шетелдiк инвестициялардың келуiн ынталандыру мен шетелдiк жəне отандық инвесторларды экономиканың басым салаларына тарту үшiн қолайлы жағдай жасау.
2.1 Қазақстан экономикасындағы шетел инвестицияларының рөлі және қызметтері…..21
2.2 Қазақстанның ұлттық мүдделерiн сақтай отырып шетелдiк инвестициялардың келуiн ынталандыру мен шетелдiк жəне отандық инвесторларды экономиканың басым салаларына тарту үшiн қолайлы жағдай жасау….27

Қорытынды……29
Пайдаланған әдебиеттер тізімі…..31

Кіріспе.

Қазіргі кезде Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан инвестициялық процесс әлеуметтік – экономикалық дамуымыздың негізгі алғы шартына айналып, еліміздегі реформаларды табысты іске асырудың басты себебі болып отыр. Инвестициялар кез – келген ұлттық экономиканың маңызды да қажетті қоры болып саналады. Инвестициялық жобаларды іске асыру өндірісті жетілдіріп, сатылатын тауарлардың сапасын арттыру онымен қоса жұмыс орындарының көбейіп, тұрғындарды еңбекпен толығымен қамтамасыз етуге, сөйтіп халқымыздың өмір деңгейінің өсуіне мүмкіндік береді. Сонымен, елімізде жүргізіліп жатқан инвестициялық процесті экономикалық пайда кіргізіп, әлеуметтік саланың өркендеуіне жағдай жасайтын қызмет деп қарастыруымыз керек. Осыған орай, инвестициялық іс — әрекетті талдауда оның тиімділігіне экономикалық шаралармен бірдей әсер ететін әлеуметтік шараларды ерекшелеудің маңызы зор.

Қазақстан экономикасын тұрақтандыру және дамытудың маңызды жолдарының бірі – инвестициялық қызметті ұлғайту, ең алдымен еліміздің ішкі резервтерін жұмылдыру және  көбірек тиімді пайдалану болып табылады.

Президент Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан Республикасына  Жолдауында өтпелі кезеңнің қиындығын және XXI ғасырдағы республиканың бет бейнесі айқын көрсетілді. Болашақта Орталық Азиядағы Барыс болу үшін, халықтың әл-ауқатын және қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін экономикалық күш-қуатты арттыру керек. Осы мақсатқа байланысты жеті стратегиялық басым бағыттарды жүзеге асырудың бір көзі – шетел инвестициясын пайдалану. Әрине Қазақстанның халықаралық байланыстары осы кезеңде де алдымен жақын көршілеріміз – Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей және басқа да ТМД елдерін қамтиды. Бірақ ірі трансұлттық капиталды, ҚХР, Батыс және Шығыс елдері, Мұсылман әлемімен де экономикалық қтынастар ұлғаяды. Мұны біздің республиканың геосаяси, геоэкономикалық, географиялық жағдайлары талап етеді.

Инвестициялар деп — өнеркәсіпке, құрылысқа, ауыл шаруышылығына және өндірістің басқа да салаларындағы шаруашылық субъектісіне мүліктей, заттай, сондай-ақ ақша қаражаты түрінде, яғни капитал түрінде салынып ол шаруашылықты әрі қарай өркендетіп дамыту үшін жұмсалынатын шығындардың жиынтығын айтады.

«Шетел инвестицияларын тиісінше қорғауды және пайданы кері қайтарып алу мүмкіндіктері бұрынғысынша назарда бірінші кезектегі мәселелер қатарында ұсталады.» -деп атап өтілуі инвестициялардың  еліміздің экономикасын дамытуға қажеттілігін көрсетеді.

Мұның бәрі де экономикалық өрлеудің жоғары қарқынын қамтамасыз етеді және демеп отырады.

 Курстық жұмыс / 31 бет