Еңбек нарығы және табыстарды бөлу курстық жұмыс

Мазмұны

Кіріспе 3
1 Еңбек нарығының теоретикалық аспектісі 5
1.1 Еңбек нарығының пайда болуы және мәні 5
1.2 Еңбеқ нарығының құрылымы 7
1.3 Еңбек нарығын реттеудегі шетел тәжірибесі 9
2 Бөлу теориясы: өткені мен бүгіні. Бөлу принциптеріне теориялық көз — қарастардың эволюциясы 12
2.1 Жалақының мәні,түрлері мен жүйесі 12
2.2 Тұрғындардың табысы және оның құрылымы 15
2.3 Тұрғындарды әлеуметтік қорғаудың мәселелері 17
3 Қазақстан Республикасындағы еңбек нарығының басты проблемасы 23
Қорытынды 25
Қолданылған әдебиеттер тізімі 27

Кіріспе

Менің курстық жұмысымның тақырыбы «Еңбек нарығы және табыстарды бөлу».

Курстық жұмыстың мақсаты – еңбек нарығының теоретикалық аспектісі жағынан қарастыру және оның Қазақстан Республикасындағы пайда болуы мен ерекшеліктерін, артықшылықтары мен кемшіліктері жағынан жан-жақты қарастыру, және елімізде орын алған еңбек нарығы саласындағы мәселелерді талдау және оны жою жолдары қарастыру. Сонымен қатар курстық жұмыста бөлу теориясын, соның ішінде жалақы ұғымы, тұрғындардың табыстары сұрақтарын талдау және қарастыру орын алған.

Курстық жұмыстың көкейкестілігі қазіргі замандағы орын алған жұмыссыздық мәселесі, ондағы тұрғындардың табыстарын бөлу сұрағының ерекше орын алуында көрінісін табады, сонымен бірге бұл мәселелердің алдын алу немесе жою үшін жалпы еңбек нарығын және Қазақстанның еңбек нарығының ерекшеліктерін жан-жақты білу қажет.

Жұмыстың бірінші бөлімінде жалпы еңбек нарығы ұғымы теоретикалық аспектісі жағынан қарасытырылды. Оның ішінде негізінен еңбек нарығы  түсінігі, мәні, пайда болуы, құрылымы және шетелдегі тәжірибесі сұрақтарына тоқталып қарастырылды.

Курстық жұмыстың екінші бөлімінде бөлу теориясы қарастырылды, оның ішінде келесідей сұрақтардың талдануы орын алды: жалақының мәні,түрлері мен жүйесі, тұрғындардың табысы және оның құрылымы, тұрғындарды әлеуметтік қорғаудың мәселелері.

Курстық жұмыстың үшінші бөлімінде Қазақстандағы еңбек нарығы қарастырылды.

Еңбек нарығы дегеніміз бұл ең алдымен жұмыс күшіне сұраным мен ұсыным. Әрине, бұл тым ерекше, өзгеше нарық. Жұмыс күшін реттеуде оны әкімшілдік-әміршілдік әдіске қарама-қарсы әдіс деп қарауға болады. Еркін еңбек – бұл тиімді экономиканың негізі.

Осы уақытқа дейін біздің елімізде еңбек нарығы болмады. Мамандарды қайта дайындаудың тым қарапайым жүйесінің болуы – тұрғындарды толық, бірақ тиімсіз түрде жұмыспен қамтуға жағдай туғызды, өмір сүру ресурстарын бөлуде теңгермешілдікке жол берді, ал ол белгілі бір дәрежеде қоғамның өндіргіш күштерді орналастыру бағдарламасына сәйкес орталықтанған жоспар бойынша өндіріс салалары мен аймақтарына бөлу арқылы шешіп отырды. Жаңа жұмыс орындарын жасау еңбек етуге қабілеті бар тұрғындардың санына асып кетіп отырды, ал ол, өз кезегінде жұмысв күшінің тапшылығын тудырды. Және де, бұл кардарлық экстенсивті типтегі шаруашылық механизмінен қолдау тауып отырды: кәсіпорынның жалақы қоры жұмыскерлердің санынан тәуелді болды, олардың санының өзгеріп отыруы еңбек өнімділігінің төмендігінің және жұмыскерлерді өндірістегі негізгі жұмыстарынан ауыл шаруашылық және басқа жұмыстарға пайдаланудың орнын толтыруға тиіс еді.

Оның есесіне жұмыскерге, белгілі бір жұмыс орнына ие болуға нақты кепілдік берілетін және оны жұмыстан шығару іс жүзінде мүмкін болмады. Соның нәтижесінде жұмыс күшіне деген сұраныс еркіндігі мен ұсыным еркіндігі қатаң шектелді. Мемлекет жұмыскерлердің белсенділігі мен қозғалысына қатаң бақылау жасап отырды, олардың өздерінің жұмыс күшін қолдануына тек қана мемлекет белгіленген еңбек нысандарының шеңберінде ғана рұқсат етілді.

Қазақстан Республикасының 2005 – 2007 жылдарға арналған еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауды қамтамасыз ету бағдарламасын іске асыру бойынша мониторинг жүргізу және Қазақстан Республикасының 2008-2010 жылдарға арналған еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауды қамтамасыз ету бағдарламасын әзірлеу.

Балалар еңбегінің мәжбүрлі және ең нашар түрлерін пайдалануға жол бермеу және оларды жою мен балалар мен отбасыларға балама мүмкіндіктер беру жөніндегі іс-шараларға белсенді қатысу.

Қазақстан Республикасының Үкіметі өзіне мынадай міндеттемелерді қабылдайды:

Еңбек туралы, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, халықты жұмыспен қамту туралы заңнаманың сақталуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру, ұйымдарда кешенді тексерулер жүргізу, ұйымдар мен салаларда кешенді тексерулер өткізуде мемлекеттік атқарушы органдардың, қызметкерлер мен жұмыс берушілер бірлестіктерінің өзара бірлескен іс-әрекеттерін қамтамасыз ету.

Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңнамасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу кезінде қызметкерлердің республикалық бірлестіктерімен және жұмыс берушілердің республикалық бірлестіктерімен бірлесіп консультациялар өткізу.

Еңбекті қорғау жөніндегі заңнаманы іске асыруға жағдай туғызу мақсатында әлеуметтік әріптестермен бірлесе отырып, кәсіпорындардағы еңбекті қорғау мен еңбек қауіпсіздігі сапасын арттыратын, ұйымдарда апаттар мен жазатайым оқиғаларға жол бермейтін жұмыс берушілерді экономикалық ынталандыру шараларын әзірлеу;

Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша республикалық қоғамдық байқаулар, сондай-ақ салаларда, ұйымдар мен кәсіпорындарда кәсіби шеберлік конкурстарын өткізу.

Келісімдер мен ұжымдық шарттар жасасу арқылы қызметкерлердің және олардың отбасы мүшелерінің санаторий-курорттық емделуін және демалуын ұйымдастыру, бұқаралық туризм мен спортты дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау үшін бұқаралық-спорттық іс-шараларды, спартакиадалар, туристік слеттер мен фестивальдар өткізу жөніндегі жұмыстарды жүзеге асыру.

Мүгедектердің еңбек қатынастары саласындағы құқықтарының іске асырылуын қамтамасыз ету.

 Курстық жұмыс / 27 бет