Қазақ тіліндегі аударма саласының тарихы туралы қазақша реферат
Жер шарындағы алуан түрлі халықтардың сеніміне, тілі мен дініне, табиғи ортасы мен шаруашылық қалпына сәйкес рухани дүниетанымы қалыптасатыны мәлім. Міне, осы әлем халықтарының қордаланған бай рухани қазынасын ортақ пайдалану, кәдесіне жаратып, игілігіне айналдыру, сөйтіп, ғылыми танымының көкжиегін кеңейтіп, дамудың соны сатысына көтерілу — өте манызды мәселе.
Жер бетіндегі іргелі мемлекеттердің бәрі өсіп-өркендеу жолында өздеріне дейінгі елдердің озық тәжірибесінен үлгі-өнеге алып, қажетті ақпарат жаңалықтарымен танысып, дер кезінде алмасып отыру үшін бір тілдегі деректі екіншісіне түпнұсқанын маңызын,рухын сақтап дәлме-дәл көшірудің амалдары мен тәсілдерін үйренуге құлықты болды. Сондықтан қоғамдық кұрылыс жүйесінің қай деңгейінде болмасын, аударма саласының мұқтаждығы сол мемлекеттін стратегиялық қауіпсіздігі тұрғысынан тиімділігі мен аса қажеттігін айқындайды.
Қазақ тіліндегі аударма саласы — қоғамдық ғылымдар арасында салыстырмалы түрде кенжелеу қалғандығы жасырын емес. Дегенмен, бұл бағытта да қыруар іс біженіне әлем тілдеріндегі әдеби шығармаларды қазақша сөйлеткен көркем аударма үлгілері куә. Әрине, бұл шаралар әр дәуірдегі қоғамдық-саяси ахуалға орай қилы-қилы жүзеге асып отырды. Ай-талық, кеңестік идеология тұсында аударма өнеріне халықтар достығының дәнекері ретінде ерекше көңіл бөлді. Аударматану ғылымына тереңірек үнілер ізденімпазға ұлттың даму үрдісінің тарихымен сабақтастыра зерде-лесе, бірсыпыра беймәлім тың деректерді табары ақиқат. Оған қазақ тілінің лексикалык, қабатындағы қытай, моңғол, араб, парсы, орыс, Еуропа халық-тарының тілдерінен енген кірме сөздердің де сінісіп кетуінің жұмбақ сыры түгел ашылды деуге әсте ертерек. Мәселен, бағзы руникалық ескерткіш мәтінінде табғаш халқымен арадағы аумақтық-шекаралық тұтастықты мойындап, елдік мәселені бейбіт жолмен шешкен бітімгершілік миссиясы жиі әңгіме арқауы болатыны мәнгі тасқа шекілген. VII ғасырдан сыр шертетін әйгілі Күлтегін тас кітабының бір бетіндегі қытай тіліндегі аудармасы бүгінгі күнге дейін бұзылмай жетіп, уақыт пен кеңістіктің, сынына шыдап, қымбат қазынаның сол қалпында сақталуы — бұл саладағы ізашар еңбектің руна жазуын тұтынғаннан бастау алатынына ешкімнің қарсы уәжі бола қоймас. Өкініштісі, аударма тарихы сөз болғанда мәдениетімізге тікелей қатысты осындай түйінді дәйектерге мән беріліп, шынайы бағасын беру — бұрыннан қалыптасып қалған еуроцентристік ғылыми көзкарастың әсерінен шырматылып, шыға алмаудын. кесірі. Жалпы, аударма мәселесі ұлттық ғылыми танымның еркіндік алған соңғы жылдар көлемінде батыл ойларымен керінген зерттеушілермен толыға түсті. Аудару деген сөзді әркім-ақ оп-оңай түсінгенмен, оның теориялық-методикалық концепциясын таратып, аналитикалық тұрғыдан талдаған сүбелі жұмыс сирек. Орайы келгенде, күрделі тақырыпқа бел буып, аударматанудың лингвистикалық және лингвомәдени мәселелеріне кәдімгідей қалам сілтеп, тамаша құнарлы ойларымен куанткан Айман Алдашеваның монографиясын атап өту керек. Ғалым «Аударма және қазақтың ұлттық мәдениеті» деген тарауында қыры көп құбылыстың күллі ішкі иірімдеріне кәсіби маман ретінде пайымдама жа-сап, бұрын-соңды ескерілмеген жайттарға назар аудартады. Оның аударма туралы сипаттамасына бір сәт құлақ салалық: «Аударма — бір тілде жазыл-ған мәтінді екінші тіл арқылы жеткізу; сондай-ақ, осы іс-әрекет арқылы алынған нәтиже, текст, туынды. Тақырыбы,мазмұны, стильдік белгілері дайын мәтіннің екінші тілде функциональды теңбе-тең баламасы жасалуға тиіс. Функциональды теңбе-тен, балама — түпнұсқа мен аударылатын (аударылған) мәтіннің жанрлық-стильдік ерекшеліктері, атқаратын қызметі бірдей болуы керек, яғни түпнұсқа қандайлық ақпараттық ықпал ету, эстетикалық қызмет атқарса, аударылған мәтін де сондайлық қызметте көрінуі қажет деген сөз. Бұл жағдаят екінші тілдің (қазақ тілінің) лексикалық құрамына, грамматикалық-синтаксистік құрылымына қозғау салады, тілдік құралдар функциональды қызметіне қарай іріктеледі»1.
Әлемдік аударма саласында тәжірибе алмасудың алуан түрлі әдіс-тәсілдері бар. Қоғамдық ойдың даму эволгациясы тарихында мемлекеттік құзырлы билік иелерінің құқықтарын шексіз пайдаланып, үстемдігін қалың бұқараға емін-еркін жүргізуіне шығармашылық зиялы топ үнемі қарсы кү-ресті. Міне, осындай қоғам өміріндегі қайшылық мемлекеттік билік тізгінін ұстағандардын, цензураны енгізуіне әкеліп соқты. Шығармашылық тұлғалар қоғамның дертін айтып, іштегі шерін ақтару үшін цензураны адастырудың күйтырқы амалдарын іздестірді. Сөйтіп, қоғам өміріндегі кемшілікті сынап, әлеумет санасын ұйқыдан ояту үшін мысал жанры әдеби үрдісте кең қолданылды. Мысал жанры туралы сөз болғанда, орыстың көрнекті қаламгері Иван Андреевич Крыловтың (1768-1844) есімі бірдең ойымызға оралады. Ал, қазақ топырағында бұл мысалшының көркем дүниелерін Абай, Спандияр Көбеев, Бекет Өтетілеуов, Ахмет Байтұрсынұлы сынды дарындар ана тілінде сөйлетті.
Мысал жанрының қазақ. әдебиетіне бойлап ену құбылысы әлемдік көр-кемдік дәстүрлердің типологиялық ұқсастығын көрсетеді. «Дала уалаяты» газетінде 1894 жылы августа И. Крыловтың «Инелік пен құмырсқа» (аудар-ған А. Құрманбаев) мысалының жариялануы — қазақ әдебиеті үшін жаңа бір арнасының басы еді». Бұл тұжырыммен келісе отырып, мысал өлең жанрының Отаны саналған грек пен римдіктерден көп бұрын «эзоптық тілдің хас шебері» Кіші Азия өлкесіндегі Шумерлерде пайда болғанына қыш таблицалардан табылған 295 мақал мен мысал өлеңдегі сан қилы жануарлар мен құрт-құмырсқалар туралы сюжет дәйек бола алатынын Сэмюэл Н. Крамер атап көрсеткендігін естен шығармағанымыз жөн.
ХҮШ-ХІХ ғасырдағы сыншыл-реалистік демократиялық бағыттағы орыс ақын-жазушыларының шығармашылығы бұған дәлел бола алады. Бұл тәжірибені ХІХ-ХХ ғасырда қыр елінің озық ойлы, ағартушы білімпаздары аударма арқылы көшпелі казақ қоғамының түкпір-түкпіріне таратты. Мәсе-лен, XX ғасырдың басында алаштың ардақтылары аударма саласына ерекше ат салысып, Еуропаның, орыстың классикалық әдебиет нұсқаларын ана тілінде сөйлетіп, ұлт мәдениетіне рухани қазына сыйлады. Өкініштісі, кеңес-тік дәуірде жүргізген солақай саясаттың зардабы алаш білімпаздарын қо-ғамнан аластап, олардың аударма саласына қосқан қыруар еңбегі санатқа қо-сылмай, ұлт мәдениетін жасанды түрде ваккумға айналдырды. Ел тәуслсіздігімен ортамызға оралған арыстарымыздың аударма шығармаларын ұлт мүддесі тұрғысынан қайта зерделеп, жаңаша баға беру, бұл саладағы соны бағыт-бағдарды айқындауға себін тигізері хақ. Қыскасы, жер бетіндегі сан алуан үлт пен үлыстан шыққан ғұлама тұлғалардың әлемдік мәдениетке қоскан даналық ойлары мен ғибратты тағлымдары, ізгілік пен имандылыққа, табиғатты сүю мен аялауға үндейтін толғаныстары, жасампаздық идеялары түпнұсқадан адамзаттық ортақ рухани игілікке айналудың кілті — аударма саласының ғылыми-теориялық және тілдік-гәжірибелік қолданыс аясы, шеберлік машығы өсу мен кемелдене түсуін қажет етеді.