Кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығын жақсарту жолдары курстық жұмыс

МАЗМҰНЫ

Кіріспе…….3-4
1 Нарық жағдайында өнеркәсптік кәсіпорынның инвестициялық қызметін арттырудың теориялық негіздері …..5
1.1 Өнеркәсіптік кәсіпорындарда инвестицияның мәні, мазмұны және инвестициялық қызмет түсінігі ……5-12
1.2 Өнеркәсіптік кәсіпорындардың инвестициялық қызметін анықтайтын көрсеткіштері…..12-17
1.3 Өнеркәсіптік кәсіпорындарда инвестициялық жобаларды ұйымдастыру жолдары…….17-20

2 «АТАМЕКЕН» АҚ-ң инвестициялық және экономикалық әлеуетін талдау…….21
2.1 «Атамекен» АҚ-ның экономикалық қызметін талдау…………21-27
2.2 «Атамекен» АҚ-ның қаржы экономикалық тұрғыдан талдау жасау………27-30
2.3 Кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығын бағалау……..30-35

3 Өнеркәсіптік кәсіпорындардың инвестициялық тартылымдылығын жетілдіру жолдары……….36
3.1 Қазақстан Республикасында инвестициялық ахуал және инвестициялық саясатты жүйелі түрде пайдалану…..36-44
3.2 Кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығын арттырудың негізгі бағыттары……….44-48

Қорытынды……49-50
Қолданылған әдебиеттер тізімі……51

Кіріспе

Курстық жұмыс тақырыбының өзектілігі, президентіміз Н.Ә. Назарбаевтың 2006 жылдың 1 наурызындағы халыққа жолдауында айтылғандай «елдің дамуын бәсеке қабілетті экономика құру арқылы жүргізу керек», сондай-ақ «Қазақстанның әлемдегі бесекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» болып табылады.

Экономикалық дамуға көптеген факторлар әсер етеді, олар табиғи ресурстардың саны мен сапасы, қолдану мүмкіншілігі, негізгі капиталдың көлемі мен сапасы, технологияның дәрежесі, жаңа техниканы қабылдау жүйесі, еңбек ресурстарынның кәсіптілік дәрежесі, оның ғылыми және мамандану сипаттамасы, өндірілген өнімге сұранысты арттыру және қолдана білу, ұлттық басқаруда бар ресурстарды тиімді қолданып өте көп мөлшерде сапалы өнім өндіре білу.

Әлемдiк тәжiрибенiң дәлелдеуi бойынша, инвестициялар кез-келген елдiң өркендеуiнiң маңызды факторы ретiнде қарас­тыры­лады.

Қазақстан халқына ел Президентiнiң жолдаған “Қазақстан-2030” Жолдауында республика экономикасына инвестицияларды тарту маңызды стра­тегиялық мәселе ретiнде қарастырылған.

Инвестицияларды экономикаға тарту iшкi жинақтардың және қаражаттардың жетiспушiлiгiнен құтылуға, өндiрiстiң өсуiне, экспорттың жоғарылауына, импорттың  төмендеуiне, тауарлық тапшылықтың қысқаруына және өндiрiстi ұйымдастырудың тиiмдiлiгiн жоғарылатуға көмектеседi.

Жалпы қазiргi кезде адамдар экономикаға салынған инвести­циялардың нақ­ты тиiмiдiлiгiн көруi тиiс, ол жұмыс орындарының көбеюiнен, жаңа өндiрiс­­тердiң пайда болуынан, еңбек өнiмдiлiгi артуы үшiн жағдайдың жақса­руы­нан танылады. Осыған орай Қазақстанда инвестиция саласын одан әрi жетiлдiру мәселесiнiң маңызы артуда.

Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы өз аймағы бойынша саяси-экономикалық маңызды мәселелерді шешуде жетекші орынға ие болып отыр.

Саяси тұрақтылық, әлеуметтік-экономикалық рекформалардағы жетістіктер, табиғи және қоғамдық мүмкіншіліктеріміз біздің еліміздің іргетасы болып табылады. Егеменді ел болып жарияланғаннан кейін, шетелдік инвесторларды елдің экономикасына тарту стратегиялық мақсаттардың бірі болған еді. Нарықтық экономиканы тапқырлықпен жүзеге асырған өркенниетті елдердің тәжірибесі көрсеткендей, шетелдік инвестицияның экономиканы дамытуға, халықтың әл-ауқатын көтеруге үлкен септігін тигізетінін айғақтайды. Шетелдік инвестиция тарту жөнінде Қазақстан ТМД мемлекеттері арасында алдыңғы орында тұр. Өзіндік жинақтаған тәжірибесі бар және тәжірибе негізінде бағыт-бағдарын айқындауда. Қазіргі таңда шетелдік инвестицияларды елдің экономикасына жаңа әдіс-тәсілмен тарту мәселесі алға шығуда. Ол-дегеніміз көлемнен сапаға өту саясатын ұстану болып табылады.

Бұл диплом тақырыбының зерттеудегі маңыздылығы. Қазақстанның қазіргі кездегі экономикасы үшін инвестиция өте маңызды рөл атқарады десек те болады, яғни казіргі уақыттағы өнеркәсіптік-экономикалық дағдарыстан шығуға көмектеседі деп білеміз. Өнімділіктің негізгі құралы ретінде инвестициялық әрекет экономикалық ортаға жаңа элементтер енгізетін әрекетке ие. Бұл кәсіпорын шеңберінде өнім өндіруде  ұтымдылықты қамтамасыз етуге, ресурстарды тиімді пайдалануға және әрине өзіміз айтып өткендей экономикалық дамуға әкеледі. Қазақстанда дәл қазір бұған қолымыз жетпей отыр, өйткені нарық жағдайында қайшылықтар мәселесі шешімдер кезегін күтуде. Бір жағынан еркін кәсіпкерлік ортаны құру жене тұтынушылардың сұранысын ақтау өз бетінше әрекеттер жасауға әкеліп тірейді, яғни технологиялық жаңалықтарды енізіп, іске қосу керек. Екінші жағынан терең экономикалық дағдарыс, инвестициялық белсенділіктің төмендеуі, ҒЗТКЖ-ге жұмсалатын қаржының азаюын атап өтуге болады. Жоғарыда айтылып кеткен факторлардың әсері болу үшін, инновацияны енгізудегі ғылыми-техникалық қол жеткізушіліктерді қабылдап алу міндетті, өйткені олар жаңа  жаңалықтарды енгізушілікті бақылайды және оның іс жүзінде жаңа өнім ретінде сатылуын, қаржының жұмсалуы, техника мен технологияның жаңарып ауысуы, осы жаңа енгізулерді тиімді түрде пайдаланып экономикалық даму септілігіне ие болады

ҚР Президентінің халыққа 01.03.2006 жылғы  жолдауында былай делінген: «Біз ндустриалды-инновация стратегиясын жүзеге асыруды бастадық, бұл экономиканың әртараптануы, яғни болашаққа арналған бағдарлама».

Біз бәсекеге қабілетті және осы бәсекелестікті әлдеқайда жоғарылытатын экономикалық әлеуетке ие басымдықты саланы таңдадық, мұнымен біз Қазақстандық кластерлікті дамыту жүйесінің бастамасын құраймыз деп білеміз.

Еліміздегі кәсіпорындардың  экономикасын дамыту үрдісінде инвестициялар тарту саласында мемлекеттiк саясатты жетiлдiру мен оны дәйектi түрде жүзеге асыру үлкен мәнге ие болып отыр. Зерттеуге алынған тақырыптың өзектiлiгi осы жағдайлармен түсiндiрiледi

Қазіргі кезде индустриалды-инновациялық инфрақұрылымның дамуы  қалыптастырыла бастады. Мемлекеттік институттардың даму капитализациялары жылдың басында 730 АҚШ долларын құрады, ал инвестициялық болжамалар 1 млд.200 млн АҚШ долларын құрайды.

2004 жылы 204 инвестициялық жобалар іске асырылған, соның ішінде тең жартысы- даму институтының көмегімен жүзеге асқан.

Біздің стратегиялық алға қойған мақсатымыз- бәсекеге қабілетті елдердің қатарына қосылу. Сондықтан мемлекет пен жеке секторлар бір-бірімен екі жақты сенімділік пен табысқа негізделген жақсы қатынаста болу керек.

 Курстық жұмыс / 52 бет