Кәсіпорында еңбек мотивациясын жетілдіру курстық жұмыс

МАЗМҰНЫ:

КІРІСПЕ………….. 3
1 ЕҢБЕК МОТИВАЦИЯСЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Мотивация ұғымы, түсінігі, маңызы………. 5
1.2 Кәсіпорындағыкеңбекомотивациясын қалыптастыру…… 11

2 НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКА ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ ЕҢБЕК ӨНІМДІЛІГІН АРТТЫРУЫ
2.1«Қазақмыс корпорациясы» ЖШС еңбекті ынталандыру арқылы өндірістік дамуыі…………..18
2.2«Самұрық-Энерго» АҚ еңбек өнімділігін көтеру саясаты……………..26

3 КӘСІПОРЫНДАҒЫ ЕҢБЕК МОТИВАЦИЯСЫН ЖЕТІЛДІРУ 31
3.1 Еңбек мотивациясын арттырудағы шетелдік тәжірибе…… 33
3.2.Кәсіпорында пайданы арттыру мақсатында еңбек мотивациясын жетілдіру жолдары…………

ҚОРЫТЫНДЫ………….
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕИЕТТЕР ТІЗІМІ………..

КІРІСПЕ

Бүгінгі таңда, Қазақстан Республикасында нарқытық қатынастардың даму жағдайында, ұйымдарды тиімді басқару үшін дамыған мемлекеттер өндіріс немесе қызмет көрсетудің барлық процестерін ғылыми тұрғыда және дұрыс басқарудың арқасында инновация және жаңа технологияларды енгізуде алдыңғы қатарлардан көрінуде. Сондықтан да, шетел мемлекеттерінде, сондай-ақ Қазақстанда басқару проблемалары мемлекеттік деңгейде және жеке әр ұйымдарда қоғам назарындағы жалпыұлттық идея болып қалыптасты.

Қазіргі кезде Қазақстан Республикасы экономикалық қатынастардың жаңа шыңдарына шығу үстінде, оның сыртқы экономикалық байланыстары дамып, жаңа сапалық өзгерістерге көшіп келеді. Қазақстан Республикасын  бүгiнгi таңда әлемдiк қоғамдастық нарықтық экономикадағы мемлекет ретiнде мойындап отырғанын атап өту керек, ол ТМД елдерiнiң iшiнде бiрiншi болып инвестициялық ел рейтингiне ие болды .

Республикамыздың экономикасының өңдеуші салаларындағы экономикалық тиімділіктің төмен болуы бізді елең еткізбей қоймайды. Бұл мәселені шешу барысында түрлі амал-тәсілдерді қолдануға болады. Соның бірі – еңбекті мотивациялау шаралары. Экономикалық тиімділікті жұмыстың жоғары нәтижелілігіне қызыққан жұмысшының өзін немесе өзгелерді қызметке тартуы арқылы көтеруге болары сөзсіз. Олардың істелген еңбектері сәйкесінше бағалануы да тиіс қой. Мәселен, қосымша төлемдер, сый ақылар және өзге де марапаттау шаралары жұмысшылардың көңілін жай қалдырмайтыны даусыз. Басқаша айтқанда, еңбек мотивациясының жеткілікті деңгейде жүзеге асырылуы, дербес алғанда — кәсіпорынның қызметіне, ал жалпы алғанда – ел экономикасына  оңтайлы ықпал етеді. Сайып келгенде, бұл еңбек мотивациясы тақырыбының  өзектілігін дәлелдейді.

Нарықтық  экономика жағдайында елімізде кез келген өндірістің әлеуметтік – экономикалық тиімділігін жоғарылатуға мүмкіндік беретін персоналды басқарудың қазіргі кездегі түрлері мен әдістерін тәжірибеде пайдалану мәселелері ерекше мәнге ие болып отыр.

Курстық жұмыстың мақсаты – кәсіпорындардағы еңбек мотивациясын ғылыми тұрғыда зерттеу және оны жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу.

Курстық жұмыстың міндеті: Белгіленген максатқа жету үшін зертеу жұмысының келесі міндеттер алға қойылады:

—       еңбек мотивациясының ықпал ету дәрежесі мен маңыздылығын анықтау;

—       кәсіпорынның жалпы тиімділігіне, еңбектің өнімділігіне мотивациялау жүйесі қалай әсер ететіндігін талдау;

—       еңбекті мотивациялау жүйесінің артықшылықтары мен кемшіліктерін ескере отырып, кәсіпорындағы персоналды ынталандырудың оңтайлы тәсілдерін қарастыру.

 Курстық жұмыстың өзектілігі: қазіргі кезде меншік түрі әр түрлі кәсіпорындарда нарықтық қатынастардың дамуы мен  кәсіпкерлікті ынталандыруға бағытталғангұйымдық құрылымды басқару әдістері мен түрлерін қайта өзгерту көбінесе тиімсіз және қойылған мақсатарға жеткізбей  отыр. Мұның негізгі себептерінің бірі – елімізде жүргізіліп отырған  реформаларды нарықтық экономиканың күрделі  мәселелерін жоғары кәсіптік деңгейде, дәстүрлі емес жолмен шешуге қабілеті бар қажетті кадрлардың аздығы. Бұл  мәселелерді шешу үшін персоналмен  жұмыс істеудің тиянақты жүйесі керек.

Курстық жұмыстың ақпараттық негіздері: кәсіпорында еңбек мотивациясын жетілдіру жөнінде жазған оқу-құралдары, оқулықтар, ақпараттық құралдардың мәліметтері, интернеттегі электронды басылымдар Талдау жұмыстары Қазақсатан Республикасындағы өндірістік салада қызмет көрсетіп отырған «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-ң бухгалтерлік баланс және өзге де қаржылық есеп беру құжаттарының нақты ақпараттары негізінде жүргізілді. Сонымен қатар «Самұрық-Энерго» АҚ-ның 2008-2010 жылдарға арналған Кадрлық саясатын еңбек мотивациясын жетілдіруде маңызды мысал ретінде келтірілді.

Кәсіпорындағы еңбек  мотивациясын жетілдіруді ғылыми зерттеу жұмысымның тақырыбы ретінде алғанымның себебі де сол, яғни еңбек мотивациясының маңыздылығына, оның кәсіпорынның экономикалық тиімділігін арттыруға қосатын үлесінің зор екендігіне көз жеткізу.

 Курстық жұмыс / 40 бет