Есеп саясатын орындау аудитінің негізгі мақсаты – оның Қазақстан Республикасының іс жүзіндегі заңдылықтары талаптарына сәйкестігін және аудиттелетін тұлғаның қызмет ерекшеліктерін анықтау. Тек осының негізінде ғана аудитор бухгалтерлік (қаржылық) есептіліктің дұрыстығы туралы өз пікірін білдіре алады.
Аудит теориясындағы есеп саясаты аудитін жүргізудің әдістемелік тәсілдерін толықтырып және дамыта отырып, біз мәселелердің қойылуы жұмыстардың реттілігін анықтайды деп есептейміз. Тексерулерді жүргізген кезде есеп саясатының аудиті алдында тұрған мәселелердің шешуін қамтамасыз ету маңызды
Олардың шешуі жұмысты реттілікпен ұйымдастыруға және кәсіпорынның есеп саясатына қатысты барлық мәселелерді қамтуға мүмкіндік береді. Біз есеп саясатының аудитіне ұйымдастыру, техникалық және әдістемелік аспектілері бойынша сегменттеуді және есеп саясатын қалыптастыру, өзгерту және ашып көрсетілуі бойынша іс-шараларды жүргізуді ұсынып отырмыз
Есеп саясатының аудиті кезінде кәсіпорында бекітілген талаптар мен ережелердің сақталуына баға беру керек. ҰҚЕС олардың жабық тізімін бекітеді. Салық есебін жүргізу қағидалары Қазақстан Республикасы Салық кодексінің нормаларынан келіп шығады. Салық есебін жүргізу қағидалары келесідей жүйеленеді: құжаттау, негіздеу, үздіксіздік, таңдап алынған есепті жүргізу тәсілдерінің бірыңғайлылығы мен реттілігі. Салық есеп саясатын құрастырған кезде ұстанатын басты қағида: бекітілген ережелер Салық кодексінің талаптарына қайшы келмеуі тиіс [1,2,3].
Таңдап алынған есеп саясатына, оны қолдану әдістеріне және (немесе) қаржылық есепте ақпаратты ашып көрсету орындылығына қатысты басшылықпен келіспеушіліктер болған жағдайда аудитор шартты немесе теріс пікір білдіруі мүмкін.
Біздің пікірімізше, есеп саясаты тиімділігінің аудиті есеп саясатының толықтығы, ережелерінің нормативтік-құқықтық актілерге сәйкестігі, және ұйыммен таңдап алынған есеп әдістерінің нәтижелілігі мен үнемділігі туралы объективті мәліметтерді алудың жүйелі және мақсатты үрдісі деп анықталуы мүмкін. Аудитор есеп саясаты ережелерінің белгіленген критерийлерге сәйкестігі дәрежесін анықтайды, бұл оған есеп саясаты ережелерінің тиімділігі туралы пікір білдіруге және оларды жақсартуға бағытталған нұсқауларды ұсынуға мүмкіндік береді.
Жалпы, есеп саясаты тиімділігінің аудитін ұйымдастыру және жүргізу жұмыста келесі кезеңдерден тұратын іс-шаралардың жиынтығы ретінде келтірілген: жұмысты жоспарлау, аудиторлық дәлелдеулерді жинау, аудит нәтижелері бойынша есепті құрастыру және ұсыну, тәжірибеде есеп жүйесін жетілдіру бойынша ұсынылған шараларды ендіру бойынша жұмыстарды жүргізу [4, 5, 6].
Кесте 1. Тиімді есеп саясатының сапалық сипаттамалары
Тиімді есеп саясаты |
|
Бухгалтерлік есеп |
Салықтық есеп |
— ұйыммен таңдап алынған бухгалтерлік есепті жүргізу тәсілдерінің толық ашып көрсетілуі;
— шаруашылық операцияларды есепте тіркеу тәртібі Қазақстан Республикасының іс жүзіндегі заңдарына қайшы келмейді; — бухгалтерлік (қаржылық) есептіліктің мәліметтері пайдаланушылар үшін қол жетімді, шынайы; — есеп және есептілік үшін маңызы бар барлық операциялар есепте көрсетілген; — ішкі бақылау жүйесі қасақана заң бұзушылықтарды шектейді; — есеп жүйесі ұйымның даму стратегиясына сәйкес келеді. |
— ұйыммен таңдап алынған салық есебін жүргізу тәсілдерінің толық ашып көрсетілуі;
— есептік жұмыстың қызметі салық есептілігінің уақытылы, толық қалыптастыруға ықпал ететіндей ұйымдастырылған; — салық есебі жүйесі қол жетімді және шынайы болып табылады; — Қазақстан Республикасы заңдылықтарының шегінде салықтарды азайтудың негізгі бағыттарын қарастыратын салық есебінің оңтайлы жүйесі; — фискалдық органдар тарапынан мүмкін болатын айыппұлдар санкцияларымен байланысты тәуекелділіктер азайған. |
Есеп саясаты тиімділігі аудитінің негізгі мақсаты – бағалаудың белгіленген критерийі бойынша аудиттелетін тұлғаның есеп саясатының тиімділігі туралы пікір білдіру деп көрсетілген. Сапалық және сандық бағалаудың критерийін таңдау ашық және бірінші кезекте жүргізілетін аудиттің мақсаттарымен, аудиттелетін тұлғаның қажеттіліктерімен анықталады. Сондықтан есеп саясаты тиімділігінің сапалы аудитін жүргізу үшін мақсатты тексерулерді жүргізуге, оның тиімділігіне баға беруге мүмкіндік беретін тиісті өлшеу стандарттарын бекіту қажет.
ӘДЕБИЕТТЕР
1. Дарбека Е.М. Внутрифирменные стандарты аудита и оценка учетной политики организации.// Аудиторские ведомости, 2004 г. — №8, 23-39 с.
2. Залышкина Т.А., Баранов П.П. Формирование эффективной учетной политики организации.// Сибирская финансовая школа, 2006 г. — №4, 79-83 с.
3. Ивашкевич В.Б. Аудит учетной политики организации.// Аудиторские ведомости, 2007 г., №1, 3-8 с.
4. Ұлттық Қаржылық Есептіліктің №2 стандарты. — 27 маусым 2007 жыл.
5. Николаева А. Учетная политика организации: принципы формирования, содержание, практические рекомендации, аудиторская проверка, включая принципы налогового учета. — «Аналитика-Пресс», 2002 – 363 с.
6. Ержанов М.С., Ержанова С.М. Учетная политика на Казахстанском предприятии (практический аспект). -Алматы, 2007 – 312 с.