Қаржылық-шаруашылық қызметі туралы есеп беру

Нысаны табыс пен шығыс шоттарын ашып, оларға шолу жасайды.

Қаржылық-шаруашылық қызметі туралы есеп беру келесі көрсеткіштерден тұрады:

— өнімді, жұмысты, қызметті сатудан түскен табыс; ҚҚС, акциздер және басқа міндетті төлемдер мен салықтар шегертілген түрінде көрсетіледі, қайтарылған таувар құнын, бағадан және сатудан жеңілдіктерді қоспағанда;

— өнімнің, жұмыстың, қызметтің сатылған өзіндік құнына кәсіпорынның нақты шығындары, яғни жұмысты, қызметті өндірумен байланысты тікедлей шығындар кіреді;

— жалпы табыс өнімді, жұмысты, қызметті сатқаннан түскен табыстан өнімнің нақты өзіндік құнын алып тастағанан соң шығатын қаржылық нәтижесі;

— кезең шығыстары өнімнің, жұмыстың, қызметтің өндірістік өзіндік құнына енбейтін шығыстар: жалпы және әкімшілік шығыс, пайыздарды төлеу бойынша шығыс;

— негізгі қызметтен түскен табыс – жалпы табыс пен кезең шығыстарының айырмасы;

— негізгі емес қызметтен түскен табыс – кәсіпорнның негізігі қызметімен баланысты емес операциялардан алынған табысы;

— салық салынғанаға дейінгі әдеттегі қызметінен алынған табысы – негізгі және негізгі емес қызметтерін біріктіргенне алынған табыс;

— табыс салығы бойынша шығыс – 11 БЕС салынған, соның ережесіне сәйкес есептік кезең үшін анықталған табыс салығы бойынша шығысы;

— төтенше жағдайынан алынған табысы;

— таза табыс.

 Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп беру. Есеп беру 4 БЕС талаптары бойынша жасалады. Есепте негізгі (операциондық), инвестициялық және қаржы жөніндегі қызметін жүзеге асыру нәтижесінде алынған ақшалай қаражат ағыны туралы барлық деректері, қаржы қызметінде пайдаланатын таза ақшалай қаражаты, ақшалай қаражаттың және олардың эквиваленттерінің таза көбеюі, жылды басындағы және аяғындағы ақшалай қаражат пен оның эквиваленттері көрсетіледі.

4 БЕС стандартына сай субъекттер жасаған  «Ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп беру» заңды тұлғаның қаржылық жағдайындағы өзгерісті бағалауға мүмкіндік береді, бұл оларды есептік кезең ішіндегі операциондық, инвестициялық және қаржы жөніндегі қызметі тұрғыдан алғанда қаражаттардың түсуі мен жұмсалуы туралы хабарламамен қамтамасыз етеді. Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп субъекттің есепті жылдың ішіндегі қаржылық есебінің құрамында беріледі.

Ақша қаражаттарының қозғалысы операциондық, қаржылық, инвестициялық қызметі тұрғысынан алған мағлұматтардың мазмұнын ашу үшін керек, мұның өзі заңды тұлғаның қаржы жағдайын және қызмет түрлерін ықпалын бағалауға мүмкіндік береді.

Инвестициялық қызметтен түсетін ақша қаражаттырының қозғалысын ашып көрсеткен кезде тура әдіс пайдаланылуы мүмкін, бұл әдіс жағдайында ақшалай түсім қаражаттары мен төлемдерінің негізгі түрлері ашып көрсетіледі, не жанама әдіс пайдаланылуы мүмкін, бұл әдіс жағдайында ақшалай түсім қаражаттары мен төлемдерінің негізгі түрлері ашылып көрсетіледі.

Операциондық қызмететегіақша қозғалысын анықтау үшін тікелей және жанама әдістер пайдаланылады.

Тікелей әдісте ақша қозғалыстарының негізгі түрлері ашылады. Мысалға, өнімді сатудан түскен түсімнен сатып алынған материалдардың барлық төлем түрлерін, несие үшін пайыздық төлемдерін, бюджетке тиесілі төлемдерін шегереді.

Операциондық қызметет тікелей әдісті пайдаланған кезде ақша қаражаттарының түсуі мен шығуының нәтижесі; өнімді, жұмысты, қызметті сатқаннан түскен түсімнен, алынған аванстан, дивиденттерден, пайыздан, роялтиден, шығыстарынан тұрады.

Жанама әдістер – бұл әдісте таза табыс немесе зиян өзгерген ағымдағы активтер мен міндеттемелеріне, ақшасыз операцияларына, өткен жылдармен салыстыра отырып, қаржылық және инвестициялық қызметтердің нәтижесі болып табылатын табыстар мен шығыстарға түзету жасалады. Бұл әдісте баланс мәліметтері мен қаржылық-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есеп беру мәліметтерін негізге алады. Бұл әдісте қаржылық-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есеп берудің әрбір баптарына түзету енгізуді көздемейді. Тек қана таза табыс сомасын өткен жылдармен салыстыру арқылы есептік кезеңнің қкөрсеткіштеріне түзетулер енгізіледі.

Таза табысты түзететін операциялар Түзетуді жүргізудің тәртібі
Материалдық емес активтер мен негізгі құралдар бойыншаесептелген амортизациясы Есептелген амортизация сомасы таза табыс сомасына қосылады, өйткені ол ақша қаражаттарының шығысын әкелмейді
Ағымдағы активтердің сомасының өзгерістері: дебиторлық қарыздар, қорлар, болашақ кезеңнің шығыстары, басқа да ағымдағы активтер Егер ағымдағы активтер өсетін болса, онда ағымдағы ақша қаражаттары азаяды, ал егерде керісінше болса, онда ақша қаражаттары өседі, онда олардан түскен табысы да көрсетіледі
Ағымдағы міндеттемелердің сомасының өзгерістері, кредиторлық қарыздар, салық төлемдері, басқа да ағымдағы міндеттемелер Ағымдағы міндеттемелердің сомасы өссе, ақша ағынының сомасы да өседі, егер міндеттемелер азайса, онда ақша қаражаттары да азаяды, онда олардан алынған шығысы да көрсетеді

Инвестициялық және қаржылық қызмет. Инвестициялық қызмет – ұзақ мерзімді активтерді саиып алу,сату және берілген несиені өтеу және алу.

Инвестициялық қызметке мыналар жатады:

—         Негізгі құралдарды, материалдық емес активтерді және басқа да ұзақ мерзімді активтерді сатудан, қаржылық инвестицияны сатудан, басқа кәсіпорындардан алынған қарыз қаражаттары және басқа да түсімдер;

—         Негізгі құралдарды, материалдық емес активтерді және басқа да ұзақ мерзімді активтерді сатып алуға жұмсалған ақша қаражаттырының шығысы;

—         Қаржылық инвестицияларды алу, басқа кәсіпорындарға қарыз ақша беру, басқа да төлемдер.

Инвестицяилық қызмет бухгалтерлік баланстың ұзақ мерзімді активтерінің құрамына кіреді. Оған қаржылық инвестицияға әсер ететін операциялар да кіреді. Инвестициялық қызмет қаржылық-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есеп беруінде көрініс табады, онда ол акцияларды сатудан алынған табыс немесе шығыс ретінде көрінеді, сондай-ақ негізгі құралдарды және басқа да сатудың нәтижесі көрініс табады.

Қаржылық қызмет меншік капиталы мен қарыз капиталының құрамы мен мөлшерінің өзгерісінің нәтижесі болып табылады:

Оған мыналар жатады:

  • Шығарылған акциядан түскен ақша қаражаттары және басқа да бағалы қағаздарды сатқаннан алынған банктік және банктік емес несиелер, басқа да түсімдер;
  • Алынған банктік және банктік емес несиелерді өтеуге жұмсалған ақша қаражаттары, өз акционерлерінен акциясын сатып алу үшін жұмсалған қаражаттар, дивиденттер және басқа да жұмсалған қаражаттар.

Кәсіпорын қаржылық, инвестициялық және ақшасыз операцияларды жүзеге асыруы мүмкін. Оларға: материалдық емес активтерді және негізгі құралдарды ұзақ мерзімді несиенің есебінен алу, кредиторлық қарызды кредиторға акцияны және басқа да бағалы қағаздарды беру жолымен өтеу, басқа кәсіпорынның акцияларын сатып алынған тауарларға және дайын өнімге айырбастау жолымен алу жне т.б.

Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп беру үшін арнайы әзірленген кестелерді пайдаланады, онда келесі ақпараттар келтіріледі:

—         Өткен және есептік жылдағы баланс, оның барлық баптары салыстырылады және олардың әрқайсысы бойынша ауытқуы анықталады;

—         Өткен және есептік жылдағы қаржылық-шаруышылық қызметінің нәтижесі туралы есеп беру, оның барлық табыстары мен шығыстары, есептік кезеңнің соңындағы таратылмаған табысы салыстырылады;

Мәліметтерді салыстырудың нәтижесінде қандайда қызмет түріне сомалардың үлес салмағын анықтауға болады. Осы әзірленген кестелердің мәліметтеріне шолу жасап, есеп беруге түзетулер енгізу мүмкіндігі туады.

 

Қаржылық есеп беруге жасалған түсініктеме жазба.  Түсініктеме жазба – кәсіпорында жасалған негізгі аналитикалық құжат. Онда, бірінші кезекте, бизнес жоспарының барлық тауарлары бойынша негізгі себептермен қоса, орындалу жайына қысқаша баға беріледі және есептік кезеңде кәсіпорынның жұмысына оң және теріс әсер еткен жақтары да ашылады:

Түсініктеме жазба қаржылық есеп берудің бір бөлігі ретінде келесі негізгі мәселелерді ашуы керек:

  1. 1.     Есеп бөлігіне қатысты субъекттің есеп саясатында қаралған негізгі ережелері:

—         Материалдық емес активтер мен негізгі құралдар – бағалаудың тәсілдері мен амортизациясын есептеу;

—         Субъекттің инвестициялық саясаты – қаржылық инвестицияның баланстық құнын анықтау және қайта бағалаған ұзақ мерзімді қаржылық инвестицияның есептен шыққанын, қайта бағалаудан алынған табысын шығару, инвестицияны сатқаннан алынатын табысқа шектеулер қою, қайта бағалаудың кезеңділігін сақтау;

—         ТМҚ  — қорларды есепке алудың әдісі және оларды бағалау, сатып алынған тауарларды, аяқталмаған өндірісті және дайын өнімді бағалаудың әдісі;

—         Тапсырыс берушілермен және сатып алуышлармен, дебиторлармен, еншілес, тәуелді, бірлесіп бақыланатын серіктестіктермен есеп айырысудың нысаны;

—         Міндеттеме – несиелік саясатын, демалысқа шыққан еңбеккерлердің еңбекақысы;

—         Меншік капиталы – жарғылық және резервтік капиталын қалыптастыру;

—         Табыс және шығыс;

  1. 2.     Түсініктеме жазба баланс бойынша ұзақ және ағымдағы активтерді, меншік капиталын, ұзақ және ағымдағы міндеттемелерді ашып көрсетеді:

—         Ұзақ мерзімді активтердің бөлігіне қатысты;

—         Ағымдағы активтердің бөлігіне қатысты;

—         Меншік капитылының бөлігіне қатысты;

—         Ұзақ мерзімді міндеттемелерге қатысты;

—         Қысқа мерзімді міндеттемелерге қатысты.

  1. 3.     Қаржылық-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есеп беру бойынша жазылған түсініктеме жазбада мыналар қамтылуы керек:

—         кәсіпорынның барлық қызмет түрінен алынатын табыстың төмендеуіне әсер ететін факторлар, сатылған өнімнің өзіндік құнына әсер ететін факторлар;

—         төтенше жағдайлардан алынатын табыстар мен шығыстар;

—         есепті кезеңде орын алған және қаржылық шаруашылық қызметіне мәнді әсер ететін немесе етпейтін шаруашылық операцияларын баяндау керек.

  1. 4.     Ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп беру бойынша жазылған түсініктеме жазбада мыналар баяндалуы керек:

—         операциондық қызметтен түсетін ақша қаражаттарының қозғалысын ашу үшін кәсіпорын қандай әдісті пайдаланады;

—         түсетін ақша қаражаттары мен клиент атына төленетін ақша қаражаттары нетто негізінде ашыла ма, әсіресе кәсіпорынның өз ақша қаражаттарынан клиеттердің ақша қаражаттары асып кеткен жағдайда;

—         ақша қаражатының қозғалысы бойынша шектеулер және т.б.

  1. 5.     Түсініктеме жазбада кәсіпорынның қаржылық қызметі мен қаржылық жағдайына баға берілуі керек.

Бухгалтерлік есеп беру нақты бір кезең уақытындағы қаржылық-шаруашылық қызметінің бір-бірімен байланысқан кешенді көрсеткіштерін көрсетеді. Бухгалтерлік есеп берудің нысаны ақпараттылығымен және қисындылығымен өзара байланысқан, ал бұл кәсіпорынның қаржылық шаруашлық жағдайы туралы ақпараттарды динамикалық тұрғысынан жан-жақты қамтамасыз етеді және қаржылық талдау үшін толыққанды базасы ретінде қаржылық есеп берудің пайдалануына өз септігін тигізеді. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың әдісі қаржылық есеп беруге берілген ақпараттың көлеміне және мақсатына тәуелді болып келеді. Егер де талдаудың мақсаты ШЖС даму мүмкіндігі мен жағдайы туралы ақпараттардың көрнекті әрі жай ғана алу болса, онда талдаушы экспресс-талдаумен ғана шектеледі. Егер де талдаудың мақсаты ШЖС жағдайын толық түрінде талдау болса, онда қаржылық-шаруашылық қызметінің барлық талдау көрсеткіштерін пайдалануы керек.