Қаржылық есеп беруді жасау

 Қаржылық есеп берудің мақсаты пайдаланушыларды есептік кезеідегі қызметінің нәтижесі мен қаржылық жағдайы туралы пайдалы, әрі мәнді және сенімді ақпараттармен қамтамасыз ету болып табылады.

Қаржылық ақпаратты пайдаланушылар екі топқа бөлінеді:

Ішкі;

Сыртқы.

Сыртқы пайдаланушылар екі категорияға бөлінеді:

v Субъект қызметіне тікелей қаржылық мүддесі бар:

  • Қазіргі және болуы ықтимал инвесторлар;
  • Қазіргі және болуы ықтимал кредиторлар.

v Субъект қызметіне жанама қаржылық мүддесі бар:

  • Салық органдары;
  • Реттеуші органдар;
  • Статистикалық органдар;
  • Басқа топтар (аудиторлар, кеңесшілер, тұтынушылар топтары)