Объектілерді түгендеу жұмыстары

Аяқталмаған құрылысты түгендеу барысында оны бар-жоқтығы және заттай көлемі тексеріледі,сонымен бірге оның құрамына құрал-сайман, құрастырылмай есептен шығарылған монтаж кіретінін немесе кірмейтінін анықтайтау, құрылс монтаж жұмыстарының құрамында – жоспарсыз жұмыстың бар-жоғы анықталуы керек, тоқтатылған және уақытша тоқтатылған құрылыс объектілерінің жағдайын анықтайды.

Аяқталмаған күрделі жөндеулерді түгендеу нақты өндірістің заттай жұмысын, онң көлемін және құнын белгілеуді білдіреді.

Кассадағы ақша қаражатын кассадағы қолда бар ақшаны белгілеу жолымен және қатаң есеп берумен бланктерді, сақтандыру куәлігін қайта есептеумен түгендейді. Түгендеу нәтижесін жеке «Қолда бар ақшаны түгендеу актісімен» ресімдейді. Кассаны түгендеу ШЖС-нің басшылығымен әзірленген және бекітілген кассалық операияларды жүргізу ережесіне сәйкес жүзеге асырылады. Кассаны түгендеу, қатаң есеп берумен құжаттар және бланкілерді түгендеу әдетте бас бухгалтер мен кассирдің қатысуымен кенеттен болады. Түгендеу кезінде қолда бар ақша қайта есептеліп, кассада сақтаулы басқа да құндылықтар тексеріледі. Түгендеу басталғанша оларға сүргі алынады, яғни мөрленеді. Кассир түгендеу сәтінде кассалық есеп беруді жасау керек және кассалық кітапша бойынша ақша қаражатының қалдығын шығаруы керек. Кассирден барлық кіріс және шығыс құжаттары есеп беруге кіреді және «кассада кірістелінбеген, есептен шығарылмаған сома қалған жоқ» деген қолхат алады. Ақша қайта есептелінбегеннен кейін кассадағы ақша қаражатын түгендеу актісі жасалады. Түгендеу нәтижесі кассалық кітапша бойынша бухгалтерлік есеп деректерімен салыстырылады. Актіге анықталған жолсыздықтар туралы кассирдің түсініктемесі және түгендеу нәтижесі бойынша ары қарай шешім туралы субъект басшысының қарары жазылады. Түгендеу барысында мыналарды тексеру аса қажет: кассирмен толық материалдық жауапкершілік туралы келісімшарт бекітілді ме, касса талапқа сай жарақталған ба, сейф кілттерінің дубликаты қайда сақталады.

Банктегі шот, несие бойынша, салық бойынша банкпен есеп айырысу бюджетпен, қызметкерлермен еңбекақы бойынша, жабдықтаушылармен, мердігерлермен және басқадай несие берушілермен бастапқы құжаттардың негізінде түгенделеді, мұнда қалдықтардың нақтылығы белгіленіп, бұл шотқа жататын соманы мұқият тексереді. Берешектің пайда болған мерзімін, оның нақтылығын, талап мерзімін өткізіп алған кінәліні анықтайды. Барлық дебиторлармен және кредиторлармен кәсіпорын қағаздық шоттан көшірме алмасуы керек және оларға түгендеу комиссиясын ұсыну керек.

Баланстан берешектің есептен шығаруын тексеріп, 3 жылдың ішінде өндіріп алу мүмкіндігін бақылауды жүзеге асыру аса қажет.

Егер есеп айырысуларды түгендеу дебиторлық және кредиторлық және берешектер сомасы және негіздеу және қысқарту, айыппұл төлеуге, тұрақсыздық төлеміне және күмәнді қарыз бойынша резерв пайда болуына жол бермеу үшін төлем мерзімін нақтылау мақсатында жүргізіледі.

Тексеруге жататындар:

  • есеп беруші тұлғалармен есеп айырысу – ҚР заңында белгіленген іссапар және өкілдік шығындардың орнын толтыру нормасына, субъектінің кассалық операцияларды жүргізу ережесіне сәйкес шаруашылық, өкілдік және іссапар шығындарына арналған ақшалай қаражатты беру негіздемесінің дұрыстығын тексереді. Ақшалай қаражатты беру және шағын кәсіпорындарға 24 «Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің есебі және есеп беруі» стандартына сәйкес тексеріледі;
  • кредиттерді алу және өтеу бойынша банкпен есеп айырысу – тексеру барысында ағымдық, корреспонденттік немесе жинақ шоттары мен оларға тіркелген қосымша ақтау құжаттарына қатысты банк жазулары салыстырылады. Ақшалай кредит сомасынң есептелу мерзіміне және пайыз төлеміне сәйкес тексеріледі;
  • сатып алушылар және тапсырыс берушілермен, жабдықтаушылар және мердігерлермен есеп айырысу – субъект таңдаған есептік саясатқа сәйкес тексереді. Мынаны есте ұстау керек: талап қою мерзімі 3 жылды құрайды, талап қою мерзімі келісімшарт негізінде қарызды кешіктіру сәиінен басталады. Талап қою мерзімі біткен дебиторлық берешек субъект басшысының шешімі бойынша резерв есебінен есептен шығарылады немесе резерв құрылмағаннан болса, онда шаруашылық қызметінің нәтижесіне жатқызылып, салық салғанда түзетуге кіреді.
  • Еңбекақы бойынша субъектінің қызметкереге берешегі – комиссия істелінген және істелінбеген уақыт үшін есептелген соманы тексереді;
  • Есептеудің дұрыстығ, мөлшерлеме көлемі және салық төлеу мерзімдері – жинақтаушы зейнетақы қоры үшін ұсталымдар, сондай-ақ бұлардың бухгалтерлік есеп шоттарында көрініс табуы;
  • Алдағы кезең шығндары – құжат бойынша шотта көрініс табатын сома, сонымен бірге шығынға жатқызылатын сома белгіленеді;
  • Жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысу – жолдағы тауарлар сомасының бір бөлігі және фактурасы жоқ жеткізілім бойынша.

Инвестицияны түгендеуде құнды қағаздарға жұмсалған шығынд растайтын құжаттар, олардың дұрыс ресімделуі, құнды қағаз балансында ескерілген құнның нақтылығы, уақыттылығы және құнды қағаз бойынша алынған табыстардың бухгалтерлік есепте толық көрініс табуы тексеріледі.

Материалдық емес активтерді түгендеуде олардың есепте дұрыс әрі уақтылы көрініс табуы, субъектінің оны пайдалану құқын растайтын құжаттардың (патент, лицензия, тауарлық таңба т.б.) құжаттардың қолда бар болуы тексеріледі.

Материалдық емес активтерді қабылдау-тапсыру актілерінің қолда бар болуы және уақтылы жасалынуы, олардың бастапқы құны, амортизациялық аударымның анықталуы мен есептелуі және басқа да аса қажетті деректер тексеріледі.