Қарт адамдарға қатысты мемлекеттік — саясаттың бағыттарынан бастайық: 1-ден, елімізде жүріп жатқан демографиялық өзгерістерге дайындау, 2-ден егде үлкен жастағы адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту, 3- ден халықтың өсу категориясына анықтайтын қажеттіліктермен мұқтаж сәйкес әлеуметтік қызмет терін әрі дамыту.
ҚР қарт адамдарға әлеуметтік қызмет көрсету жүйесінің инфрақұрылымы әлеуметтік қызмет көрсету стационарлық жартылай стационарлық және стационарлық емес түрлерінен тұрады.
2000 жылдардың ортасында қалыптасқан тұратын үйіне барып қызмет көрсету, әлеметтік тұрмыстық әлеметтік медициналық, құқықтық, қызмет көрсетудің муниципалдық орталықтары дамып келеді.
Әлеуметтік қызмет көрсету мекемелерінің стационарлық торабының дамуы брнеше бағыттар бойынша жүргізіліп келеді.
- Тұрақты өмір сүрудің ең бір қолайлы жақсы жағдайларын жасау;
- Медициналық, әлеуметтік көмек көрсету және реабилитациялаудың қайта қалпына келтірудің сапалы түрін ұйымдастыру;
- Әлеуметтік мәдени бағыттағы қызметтерді беру;
- Өзара қарым- қатынастарындағы байланыстарды нығайту;
- Интернат үйлер, герантологиялық орталықтар.
Еліміздің еңбек және әлеуметтік министірліктің 2006-2008 жж арналған жоспарларында келесідей шараларды жүзеге асыруға көзделген:
- әлеуметтік қызмет көрсету стационарлық мекемелерде 2000-4000 жаңа орындарды іске асыру;
- жүзден астам әлеуметтік қызметтің бөлімдерін ашу;
- үйге, тұрғын үй жайға әлеуметтік-медициналық қызмет көрсету қосымша мамандырылған бөлімшелерді ашу;
- үйге барып қызмет көрсету үлесін 10-12 пайызға көтеру [50].
Қарт адамдарға әлеуметтік қызмет көрсету жүйесі негізінен тұрақты жұмыс атқарылып отырғанымен осы адамдардың жеке қажеттіліктері толығымен есепке алынбайды.
Атаулы көмек көрсету әлеуметтік қызметтердің орталықтары маңызды рөл атқарылып келеді. Олардың тең жартысы кешендік орталықтар. Олардың әлеуметтік қызметтері бардық түрлерін бере алады деп айтуға болады.
Республиканың Солтүстік Шығыс облыстарында орталықтар кешенді қызмет көрсету негізінде жұмыс істейді. Орталықтың құрамында:
— герантологиялық бөлімдер,
— психикалық бөлімдер,
— психикалық жүктемені кеміту кабинеттері,
— сенім телефондары,
— қарым-қатынас клубы
Қарт адамдардың өмірінің қамтамасыз етудің болашақтағы моделі деп, егде жастағы жалғызбасты адамдардың арнаулы үйлерін айтуға болады яғни жалғызбасты адамдардың өмір сүру жағдайларын жақсартуға әлеуметтік қызметтің жаңа түрі — әлеуметтік пәтер [44].
Егде жастағы ерлер мен әлеуметтік жұмыс атқарудың қазіргі технологиясының ішінде «Өзіне-өзі көмек көрсету» және «өзара көмек» жүйелерін ажыратуға болады. Практика көрсетіп отырғандай өзіне-өзі көмек және өзара көмек көрсету топтары бұл шағын бес – жеті адамнан құрастырылатын ұжымдар. Олар кейбір жағдайларын алдын ала құрастырыла береді. Көптеген жағдайларда осы топтық белсенді мүшелерінің бірі ұйымдастырылуы мүмкін. Олар жақын тұратын, бір- бірімен ұдайы байланыста болатын адамдарды біріктіреді. Топ мүшелерінің проблемаларын, қажеттіліктерін олар оны бірігіп шешіп, бір-біріне көмектесу арқылы іске асады. Өзара көмек көрсету топтары өмірінің әр түрлі саласындағы мәселелерді шешуге көңіл аударуы. Олардың кейбіреулері өздерінің мүшелерінің проблемаларына қоғамдық пікірдің қалыптасуына ықпал жасап, қажетсінеді. Қоғам олардың көзқарасын өзгертуге тырысады. Мүгедекетрдің отбасылары бірін-бірі қолдауды қамтамсыз ету үшін. Осындай топтарды құруға мәжбүр болады. Мысалы шектелген мүмкіндігі бар адамдар қоғамның қандай да болмасын мүшелерінің қарым — қатынастар жасауға шын мәнінде құқылы болуға тиісті. Бірақ бұл біздің елде заң жүзінде бекітіліп негізделген.
Өзара көмек көрсету топтары өмірдің әр түрлі саласында мәселелерді шешуге көңіл аударады. Олардың кейбіреулері өздерінің мүшелерінің проблемаларына қоғамдық пікірдің қажетсуі. Қоғамдық оларға көзқарасын өзгертуге тырысады. Мүгедектердің отбасылары бір – бірін қолдауды, қамтамасыз ету үшін осындай топтарды құруға мәжбүр болады. Мысалы: шектелген мүмкіндігі бар адамдар қоғамның қандай да болмасын мүшелерімен қарым- қатынастар жасауға шын мәнінде құқылы тиіс. Бірақ біздің елде заң түрінде бекітіліп, негізделмеген. Бұл қарым- қатынастарға арналған қызмет арқылы іске асырылады. Көптеген топтар бірнеше бағыттарда жұмыс істейді. Бұл топтар өздерінің ресурстары таусылғанға дейін жұмыс атқарады. Өзара көмек көрсететін топтары әлеуметтік ұйымдардың негізінде құрылып, әрекет жасауға негізделген. Әлеуметтік қызмет белгілі бір жағдайда өзара көмек топтарының ішіндегі қатынастарының өзгешеліктерін айқындалып отыр. Сонымен әлеуметтік қызметтің осы топтарға жасайтын ықпалы әр түрлі бағыттарда болып отырады. Кейде өзара көмек тобы әлеуметтік қызметтің шеңберіде қайсібір жағдайларда өз бетімен дербес түрде рәсімдейді. Устав қабылдап, тіркеуден өтіп, қоғамдық ұйымның статусын алады. Мысалы ТМД ардагерлері құқықтарын сақтау мақсатында ауқымды жұмыс атқарып келеді.
Өзара көмек ұйымдастыруда топтардың әр түрлі міндетті қызметтері іске асырылады. Олардың мүшелері:
Бірінші, туындап отырған қиыншылықтарды шешу жөнінде ұсыныстар алады;
Екінші, керек болған жағдайда материалдық көмек алады;
Үшінші, өздеріне деген ықыласты қолдауды сезінеді;
Төртінші, Қарт адамдарға өзара көмек көрсететің қалыптасуына және дамуына тікелей немесе жанама келесідей факторлар әсерін тигізе алады;
Бесінші, өзара көмектің және мемлекеттік қолдаудың әлеуметтік саясаттың тиімділігіне ықпалы;
Алтыншы, әлеуметтік жұмыстың практикасында қарт адамдарға байланысты проблемалар болуы;
Жетінші, әлеуметтік терапия мен реабилитацияға жұмсалатын қаржылардың ұдайы өсуі;
Сегізінші, мүмкіншіліктерді іске асыруда қарт адамдардың бірдей жағдайда болмауы [45].
Өзара көмек- бұл жалпы қажеттіліктерді және проблемалары бар қарт адамдардың ерікті түрде өзара іс- әрекеті.
Өзара көмек әлеуметтік қолдаудың түрі ретінде өзінің құрамына төмендегілерді еңгізеді.
— рухани қолдау;
— ақпараттық көмек;
— статустық қолдау;
Өмір сүрудің субьективтілігін қолдау үшін- ақпараттық және статустық қолдаулардың маңызы зор.
Ал эмоционалдық қолдау-әлеуметтік қолдаулардың басқа түрлерін қабылдау үшін маңызды.
Қарым-қатынас жасау-егде жастағы қарт кісілердің қызметінің жетекші түрі және эмоционалдық қолдаудың басты элементі. Сондықтан да эмоционалдық қолдауды қарт кісілердің өзара көмек түрінің негізі деп атайды.
Өзара көмек мазмұны бір жағынан үлкен егде жастағы адамдардың жалпы проблемаларына байланысты болып келсе, екінші жағынан өмірдің қиын кезіндегі қайғылы оқиғаларға мүгедектік алуына т.б. себептерге байланысты еңбектен қол үзіп, табысы азайып, қолдауды қажетсінеді.
Өзара көмек тобының қалыптасуы және даму процесінің үш кезеңдерін ажыратуға болады
1. Даярлап қалыптасу кезеңі;
2. Алғашқы жұмыс істеу кезеңі;
3. Іс- әрекеттерді іске асыру кезеңі.
Даярлау кезеңі көмектерден құрылады оның құрамына 2-3 зейнеткерлер немесе 1 қарт адам және әлеуметтік жұмыстың маманы болуы мүмкін, олардың әр қайсысы ұйымдастыру жұмысының белгілі бір бағытымен шұғылданады: жұмыс істеуге ғимараттарды іздеу, жарнамаларды ұйымдастыру, туындайтын қиыншылықтарды ойластыру қажет.
Топты ұйымдастыруды маманнан күш жігерді жұмсауды, қаражаттарды қажет етеді. Өзара көмек топтары үлкен және шағын болып келеді. Бұл қарт адамдардың қоғамдық ұйымдары. [46].
Қарт адамдарға қолдау қоғамдық түрлерінің дамуында әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарын қоғамдық ұйымдар мен бірлесіп жұмыс атқарып рөлі маңызы арта түседі.
Қарт адамдармен әлеуметтік жұмыс атқару қазіргі технологияның ішінде ортақ мүдделері бойынша клубтарды құру болып табылады. Клубтың басты мақсаты — бос уақытты тиімді, көңілді өткізуге әр түрлі мәдени ағарту қажеттіліктерін қанағаттандыруға мүмкіншілікт беру. Бұл мекемелер қарт адамдарға белгілі бір қызметтің түрін ұсынады: кеңес беру, көмек көрсету, демалысты ұйымдастыру.
Жалпы клубтың міндеті – әр түрлі рухани қажеттіліктерді қанағаттандыратын қарт адамдарға арналған клубтың екі түрін атап айтуға болады.
— жұмыс орны бойынша;
— тұрақты мекен жайы бойынша
Клубтың бірінші түрі бұрынғы кәсіпорындардың жұмыскерлері қазір зейнетақы үшін ұйымдастырылады. Мұндай клубта бірін- бірі танитын, көптен танитын елдер кездеседі. Бұл жолдастық қарым- қатынас қайта жаңғырту, нығайта түседі. Кәсіпорынмен байланыста болуын сезінеді, адамдарда кенеттен зейнетке шығу кезеңінде туындайтын стресс жағдайы кеми бастайды.
Мекен жайы бойынша ұйымдастырушылық клубтың артылықшылықтары олардың мүшелерінің бір-бірімен жақын жерде тұруы. Бұл қарт адамдардың клубтың жұмыстарына жиі қатысып тұруына қолайлы жағдай жасайды.
Клубтың табысты жұмыс істеуі. Оның бағдарламалық іске асуына болып келеді. Сондай-ақ оның жұмысына басшылық іскерлігі ықпалын тигізелді. Яғни оның біліктілігі, жұмыс жүргізу тәсілдері [49].
Қажеттіліктерге, іске асырылып жатқан жұмыс түрлеріне және ғимараттың мүмкіншіліктеріне байланысты құрал — жабдықтар, приборлар, құрал — саймандар мен жабдықталған шеберханалар ұйымдастырылуы қажет. Қазіргі тұрақсыз, ұдайы өзгеріп отыратын әлеуметтік — экономикалық жағдайда әлеуметтік қызметкер жаңа қажеттіліктерді табатын, мәнің және көлемін анықтау үшін зерттеу жұмыстарын жүргізу керек. Жаңа қызмет көрсету түрлерін ынталандыру, олардың тиімділігін, шығындардың азаюлығын қамтамасыз ету бүгінде өзекті мәселеге айналып отыр.
Әлеуметтік саясат – әлеуметтік дамудың мақсаттары,олардың талаптарына сәйкес келетін әлеуметтік көрсеткіштерге қол жеткізу қоғам мен мемлекеттік идеологиялық көз қарастырудың жиынтығы.
Қазақстанның қазіргі әлеуметтік саясаты 50 бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясында тұжырымдалған ол стратегияның 3 – ші басымдығы болып табылады.
Қазақстан Республикасының саясаты халықтың нашар қорғалған қатарларын әлеуметтік қолдауға бағытталған: көпбалалы отбасылар, қарт адамдар, зейнеткерлер, әйелдер мен жастар. Әлеуметтік саясаттың мазмұның қарастырған кезде өте кең мағынада қолдануға болады. Әлеуметтік құндылықтарға табиғи емес құбылыстардың барлығы жатады. Оның бәрі адамға арналған әлеуметтік саясаты іске асыруға процесіне қарастырылған. әлеуметтік саясат мазмұның анықтайтын қадамдардың айырмашылық әлеуметтік статистикадағы көрсеткіштердің сан алуан түрмен белгілейді.
БҰҰ әлеуметтік сясаттың көрсеткіштері келесідей бөлімдерін тұрады:
— Халық;
— Қоғамның әлеуметік құрылымы;
— Отбасы және тұрмыс;
— Табыстар және жинақталған қаражаттар;
— Өмір сүру деңгейі;
— Денсаулық сақтау;
— Азық- түлік тағамдарын қажетсіну;
— Тұрғые үй жағдайы;
— Білім беру және мәдениет;
— Еңбек және жұмыспен қамту;
— Елді мекендерде тұратын халықтың өмір сүру деңгейі;
— Әлеуметтік қамсыздандыру;
— Балаларды өсіріп жетілдіру және тәрбиелеу;
— Мүгедектердің жағдайы;
— Қарт адамдар мен зейнеткерлер;
— Рухани статистика;
— Қоғамдық қорлар.
Сонымен әлеуметтік саясат шекараларына адамдардың қоғамдық өміріндегі кең көлемді мәселелер еңгізіледі. Әлеуметтік саясат тың өрісі өмір сүрудің төменгі деңгейін қамтамасыз етуге қоғамның әлсіз қорғалған мүшелерін қолдауға бғытталған саясаттан бастап қоғамның қызмет көрсету ске дамуын қамтамасыз ететін шекараны алып жатады [48].
Қоғамдық дамудың саясаты- бәрі жеке адамдар үшін әлеуметтік қызмет көрсету мүмкіншіліктерін қамтамсыз ету және де олардың адамдардың теңіне, әлеуметтік статусына, физикалық және интеллектуалдық қабілеттеріне байланысты көрсетіледі. Сондықтанда қазіргі қоғамдағы әлеуметтік саясаттын жеке адамның еркіндік дәрежесін жоғарлатуға олардың таңдау мүмкіншіліктерін кеңейтуге, өзін- өзі жан жақты дамыту потенциалын іске асыруға бағыталған.
Жалпыға мәлім, әлеуметтік саясат қызмет көрсетудің шығындарын талап ететін қымбат түрі болып саналады.
Кәрілік (қартаю) мәселесі ХХ ғасырдың, әсіресе, соңғы онжылдықтардың жаңа әлеуметтік феномені болып отыр. Кәрілік жеке дамудың ұзақ та маңызды кезеңі болып, әрі макроқұрылымды деңгейдің әлеуметтік процесстеріндегі өзгерістер бағытының индикаторы, ғасырлар шенінде әлеуметтік саясаттың негізін тұжырымдап береді.
Егер 1990 жылдары Батыс елдерінде халықтың 18 % зейнеткерлік жаста болса, бұл көрсеткіш 2030 жылы 30%-ға көбеюі мүмкін. 1939 жылы Ресейде егде жастағы адамдар 4%-ды құрса, 1996 жылы 12%-ға жеткен.
Біріккен ұлттар ұйымының сараптамасына ден қойсақ, егде жастағы адамдар 165 мемлекетте 4 % болса, ол мемлекет – жас мемелекет деп есептелінеді екен, ал 7%-ды құрса кәрі деп есептелеінеді екен [37].
Дамыған елдерде 65 жастан жоғары жастағы бір тұрғынға 4-5 еңбек ететін келеді. Осындай жағдайдан кейін 1991 жылы БҰҰ-ның егде жастағы адамдарға қатысты ұйымның қағидаларын қабылдап 1992 жылы кезегіндегі кәрілік мәселесіне байланысты үлкен мақсаттар айдарымен он жылдық стратегиясын белгілейді. Ал 1999 жылды Халықаралық қарттар жылы деп аталады.
Қазақстан Республикасындада қарт адамдар мен мүгедектер Қазақстан Республикасының Конституциясы бекіткен, сондай-ақ құрамына басқа заң қабылдаушы актілер кіретін республика конституциясы бекіткен әлеуметтік-экономикалық және жеке құқықтарға ие. Алайда, қарт және мүгедек адамның әлеуметтік статусының қоғамдық және еңбек қызметінің тоқтауына; құндылық ориентирлерінің трансформациясына, өмір салты мен қарым-қатынасына әлеуметтік-тұрмыстық және психологиялық жаңа шарттарға бейімделудің қиындығына байланысты өзгеруі айтарлықтай әлеуметтік мәселелерді туындатады [38].
Қарт адамдар мен мүгедектердің өмір қызметінің шектелуі – ең өткір мәселе болып табылады. Өмір қызметінің шектелуі барысында адамда өзіне қызмет көрсету мүмкіндігінің, қимыл-қозғалысының, жөн сілтеуінің, қарым-қатынасының, өз мінез-құлқына бақылау жасауының , сондай-ақ еңбек қызметімен айналысу мүмкіндігінің болмайтындығы байқалады.
Бұл мәселені шешуде бірінші деңгейдегі мағынаға қарттар мен мүгедектерге әлеуметтік көмек пен әлеуметтік реабилитация жүйесі жоғары деңгейге жетіп отыр.
Әлеуметтік реабилитация әлеуметтік-экономикалық, медициналық, юристік, кәсіби және басқа шараларға әкеледі. Олар қажетті шарттарды қамтамасыз етуге және осы топтардың қоғамда толыққанды өмірге келуіне бағытталады.
Мысалға әлеуметтік қызмет көрсету орталығының құрылымына тоқталайық. Оған бірнеше бөлімшелер кіреді. Күндізгі қабылдау бөлімшесі тамақтандыруды, медициналық және мәдени қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді. Арнайы шеберханалар да және жеке шаруашылықпен айналысу да қарастырылған [48].
Уақытша тұру бөлімшесінде емдік-сауықтыру және реабилитациялау қызметі, мәдени және тұрмыстық қызмет көрсету, тәулік бойы тамақпен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізіледі.
Үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесінде қарттармен мүгедектерге тұрақты немесе уақытша үйде әлеуметтік –тұрмыстық қызмет көрсету ұйымдастырылады.
Көптеген елдерде зейнетақымен қамсыздандыру жүйесін жақсарту әлеуметтік қамсыздандыру бағытының ең басты мәселесі болып отыр. Бұл мәселе әр елде өзіндік ерекшеліктермен шешіліп келеді.
Кейбір елдерде зейнеткерлер зейнетақысын оның көлеміне қарамастан толықтай алады. Ал кейбір елдерде жинақталған зейнетақы жүйесі жүріп жатыр.
Автор жұмыстың мазмұны әлеуметтік қызмет орталығын (қарт жастағы және мүгедек азаматтар үшін) қарастыруды ұсынады.Оған бірнеше бөлімдер кіреді. Күндізгі бөлімде (кемінде 30 зейнеткер мен мүгедектерге есептелген) тамақтану, медициналық және мәдени қызмет көрсету ұйымдастырылады. Қосымша шаруашылықта немесе шеберханада шамаға шақ еңбек қызметіне қатыстыру қарастырылған.
Уақытша болу бөлімі (кемінде 15 адамға есептелген) емдеу-сауықтыру және реабилитациялық шараларды, мәдени және тұрмыстық қызмет көрсетуді, тәулік тамақпен қамтамасыз ету шартын жүзеге асырады.
Үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімінде (ол қалада 120 адамға, ауылды жерде 60 адамға қызмет көрсетеді) үнемі немесе уақытша (6 айға дейін) зейнеткерлер мен мүгедектерге, басқаның көмегіне мұқтаж адамдарға (ақылы немесе ақысыз түрде) үйде әлеуметтік – тұрмыстық қызмет көрсетеді.
Үйде әлеуметтік көрсетудің негізгі тапсырмасы еңбекке қабілетсіз азаматтарды, үйде қызмет көрсетуге мұқтаждарды табу болып табылады.
Әлеуметтік көмек орталығының шұғыл қызметі қызметтің кең тізімін қарастырады. Тегін астың тамаққа немесе азық-түлік жиынына мұқтаждарды қамтамасыз ету; киіммен, аяқ киіммен және бірінші қажеттілікпен қамтамасыз ету, әр түрлі материалды көмек көрсету; уақытша баспана алуға көмектесу; шұғыл психологиялық көмек, соның ішінде «сенім телефоны» арқылы: өз компенсациясында юристік көмек көрсету; региондық және басқа ерекшеліктермен шартты көмектің басқа түрлерін және формаларын көрсету.
Қарт адамдарды адресті қорғау Қазақстанда айтарлықтай дағдарысты жағдайда. Ол біріншіден ең көп қажетсінулерге: жалғыз басты зейнеткерлерге, мүгедектерге, 80 жастан жоғарыларға көрсетіледі [45].
Біздің еліміздегі әлеуметтік зерттеулер қарттарға жағымды жағдайды қамтамасыз етудің негізгі бағыттары: зейнетақының көтерілуі, зейнеттік қамтамасыз етудің жоғары деңгейге жетуі, оларға үйде қызмет көрсетуді дамыту қарттарға арналған үйлердің көбеюі және өмір сүру жағдайының жақсаруы.
Қазіргі мемлекетте әлеуметтік қамтамасыз етудің басты бағыттарының бірі зейнеткерлік қамтамасыз етудің жоғарлауы болып табылады.
Біздің елемізде 2000 жылдан бастап, құрамына үйде әлеуметтік көмек көрсетумен қатар, тіпті жаңа бөлімдер күндіз келіп кететін бөлімдер кіретін зейнеткелерге қызмет көресету орталығы деп аталатын орталықтар ашыла бастады [46].
Мұндай бөлімдерді ұйымдастырудың мақсаты – жанұясымен бірге тұратын немесе жалғызбасты қарттардың қолыбос кездеріне арналған өзіндік орталықтар жасау. Мұндай бөлімдерге адамдар таңертең келіп, кешке үйлеріне қайтады деп қарастырылған: олар күні бойы жайлы ортада болуға, қарым-қатынас жасауға, уақытты мағыналы өткізуге, әртүрлі мәдени іс-шараларға қатысуға, бір мезгіл тамақ және керек болған жағдайда дәрігерге дейінгі медициналық көмек алуына мүмкіндік алады.
Мұндай бөлім қызметтерінің негізгі тапсырмасы қарт адамдарға жалғыздықты өткеруіне, тұйық өмір сүру салтына, жаңа мағыналардың пайда болуына, белсенді өмір сүруінің қалыптасуына көмектесу болып табылады.
Басында мұндай орталықтар қарттарға арналған интернат-үйлерінде пайда болды, өйткені бұл мекемелердің келушілерді ыстық тамақпен қамтамасыз ететін жабдығы бар, бөлімге сәйкес алаңы бар.
Бөлім күніне 25-50 адамға есептеген. Алғашында бөлімде уақыт өткізу уақыты шектелмеген еді. Тамаққа төлейтін ақша зейнетақы байланысты әртүрлі болды.
Алғашқы орталықтар ашылған кезде олардың келіп кету уақыты белгіленбеді. Бірақ, бұл мекемелердің тәжірибесі оларды зейнет жасындағылары арасында әйгілі етті, бөлімге күндіз келіп кеткісі келетіндер көбейді. Орталықтың қызмет көрсету зонасында тұратын және бөлімге келіп кетуге арыз беріп тіркелген зейнеткелердің санына қарап, көптеген территорияларда жыл бойына барлық қолдаушылар орталықта 2 немесе одан да көп рет болу үшін, бір топ жиналатын мерзім есептелді [47].
Бөлімге өзіне қызмет ету және белсенді қозғалу қабілеті сақталған, олардың жанұялық жағдайларынан тәуелсіз зейнеткерлер мен мүгедектер жеке арызы мен бөлімге қабылдауға болады деген медициналық мекеменің анықтамасы негізінде қабылданады.
Бөлімде дәрігерге дейінгі медициналық көмекке, клуб жұмысына, кітапханға, шеберханаға және тағы басқа кабинеттер берілген.
Қазіргі кездегі қарттық туралы әлеуметтік ғылымының дамуының негізгі үш бағытын бөліп көрсетуге болады:
- Қартаюды биологиялық және писхологиялық процесс ретінде меңгеру (игеру);
- Егде жастағылармен әлеуметтік орнын және әлеуметтік-экономикалық статус мәселесін сипаттайтын институтционалды қатынас;
- Әр халықтың өзіне тән кәрілік туарлы әр қилы тарихи мәдени сараптамасы.
Қазіргі қоғамдағы қартаюдың салдарын үш топқа бөліп қарауға болады. Біріншіден, бұл төмендегідей жағдайлармен сипатталатын әрі демографиялық және макроэкономикалық салдар:
— туылу көрсеткіші;
— өмір сүру ұзақтығы, әсіресе оның ең жоғарғы шегі, әрі егде жасқа жетуге талпынушылар саны;
— зейнеткер қарттар өмірінің тиесілі сапасы стандартын қамтамасыз етудің ұжымдық жауапкрешілікке қатынасы;
Екіншіден, әлеуметтік қарым-қатынас аумағында айтарлықтай өзгерістер болады:
— жанұялық-туысқандық қарым-қатынас құрылымында;
— әртүрлі ұрпақтардың бір-бірін қолдау жүйесінде;
— потенциалды еңбекпен айналысушылық құрылымында;
Үшіншіден, еңбек нарығында демографиялық құрылым өзгерісі байқалады:
— егде жастағы зейнеткерлер мен жұмыс берушілер арасында еңбек іс-әрекетіне байланысты қатынастар өзгереді, яғни зейнетке шығу мәселесі;
— әйелдер мен ерлер арасындағы еңбекпен шұғылданушылық пропорциясы өзгереді, себебі егде жастағы әйелдер саны ерлерден айтарлықтай көп.
Жоғарыда көрсетілгендей біздің елімізде де Қарт адамдармен әлеуметтік жұмыс жүргізіледі немес қарт адамдарға әлеуметтік көмек көрсетіледі. Оның басқа мемлекеттермен салыстырғанда өзіндік ерекшеліктері мен кемшіліктері бар. Алайда менің пікірімше еліміздің экономикасы дамыған сайын адамның өмір сүруі жақсарады, ал ол қарт адамдардың өмірінің ұзаруына алып келеді деген сенімдемін. Егер елімізде өмір сүру ұзақтығы жоғарыласа онда демографиямыз да жақсарады. Ал демографияны жақсарту қазіргі кезде еліміздің ең басты мақсаттарының бірі болуда [25].