Карл Маркс

Карл Маркс туралы қазақша реферат

Маркс Карл (1818—1883) — немістің әлеуметтік ойшылы, саяси, экономикалық, философияық, әлеуметтанулық мәселелердің теоретикалық негіздемесін жасаған. Ол Бонн және Берлин универсиеттерінде құқықты оқыды, ерекше қызығушылығы тарихқа ауды. Маркс бірінші кезекте  — экономист («Капитал», 1867. Т. 1), әлеуметтанушы, тарихшы. 1818 жылы Трир қаласында (Германия) адвокаттың отбасында дүниеге келген. Германияда (Бонн, Берлин университеті) білім алады, оқуын бітірген соң баронесса Женни фон Вестфаленге үйленеді. Журналист болып істейді. Тұрақты жұмыс іздеп 1843 жылы Парижге келеді. Онда радикалды эмигранттар тобына кіріп, социалист болады. Парижде ауқатты фабрикант-тоқымашылар отбасынан шыққан Фридрих Энгельспен кездеседі. Кейіннен олар өмір бойы жақын дос болып кетеді. 1845 жылы Пруссия үкіметінің шешімімен Парижден жер аударылып, Брюссельге көшіп келеді. 1848 жылы Француз революциясы басталғаннан кейін Бельгия үкіметі оны тұтқындап, елден қуады. Маркс Парижге қайтып оралып, жаңа Коммунистер Одағының Орталык Комитетін қүрады. Осы жылдың сәуір айында Маркс пен Энгельс Кельнғе келеді. Мүнда Маркс “Жаңа рейн газетінің” бас редакторы болып істейді. 1849 жылы мамыр айында Пруссия үкіметі газетті жауып, Марксті елден қуады. Ол Парижге қайтып оралып, одан 1849 жылы тамыз айында Лондонға кетуге мәжбүр болады. Мүнда ол өмірінің соңына дейін, яғни 1883 жылға дейін өмір сүреді. Қатты мұқтаждық көріп, кездейсоқ журналистік табыспен күн көреді. Оның отбасына негізінен Энгельс қаржылық көмек беріп тұрды.