Карл Рэймонд Поппер

Карл Рэймонд Поппер туралы қазақша реферат

Карл Рэймонд Поппер (Popper, Karl Raimund) (1902–1994), австриядан шыққан британ философы. 28 шілдеде  1902 жылы Венада заңгер отбасыда дүниеге келді. Социалистер мен коммунистерге жақын болған ол кейіннен социалистік идеяларынан бас тартты, себебі олар түземіз дегенінен гөрі зияны көп деп түйді.  Попперге ерекше әсер еткен 20 ғасыр басындағы Вена мәдениеті: музыка, ғылым, философия, саяси идеялар болды.  К.П.  1918 жылы Вена университетіне түсті, онда математика мен теориялық физиканы оқыды, ал философиялық кітаптарды өз бетінше оқыды. В 1920–1922  кәсіби музыкант ретінде А.Шёнбергтің «Жеке концерттер қоғамына» мүше болды. Оның іліміне сай білімнің эмпирикалық және теориялық деңгейлері бір-бірімен тығыз байланыста болады. Кез-келген ғылыми білімге болжамдық сипат, қателесушілік тән. Ол ғылымда кез-келген тұжырымды теріске шығаруды білдіретін «фальсификация» (жалған деп тану) ұғымын енгізеді. Ғылыми білімнің дамуы батыл гипотезаларды ұсынып және оларды жоққа шығаруды жүзеге асырудан тұрады, сол арқылы ғылыми мәселелер шешіледі. Әлеуметтік философия саласында Поппер марксизиді сынға алады, ол қоғамдық дамудың объективті заңдылықтарын және әлеуметтік болжам мүмкіндіктерін теріске шығарады. Поппердің идеалы – «Ашық қоғам». «Ашық қоғам және оның жаулары» (1945) атты еңбегінде ол ашық және жабық қоғамдарды қарастырды. Алғашқы қоғам типіне батыс демократиясын, ал екіншісіне социалистік мемлекеттерді жатқызады. Соңғыларына тоталитарлық, қоғамның индивидтен жоғары тұруы, жеке жауапкерсіздік, идеялық догматизм тән. Оның пікірінше, бұл «трайболистік», яғни өзінің құрылымы жағынан алғашқы қайымдық құрылыстық тайпа тәрізді, өзін басқаларға қарама-қарсы қоятын қоғам. «Ашық қоғам» мүшелеріне рационаистік бағдар, әлеуметтік дамуды мақсатқа сай, саналы басқару, мемлекеттік институттарды азаматтардың қажеттілігіне сай біртіндеп қалыптастыру тән.