Жаман иттің атын «Бөрібасар» қояды.
Ит ішіне сары май жақпайды.
Қабаған ит қайыр байлайды.
Жақсы ит иесінің көз-құлағы.
Бұралқы ит үріп жағады.
Итті тепкен, ырысты тебеді,
Итті күшігім десең – аузыңды жалайды.
Ит үреді, керуен жүреді.
Ит құтырса – иесін қабады.
Әр таудың түлкісін, әдісін білген тазы алар.
Иттің бәрі тазы болмас,
Еттің бәрі қазы болмас.
Ит атасын танымас.
Бір ит көріп үреді,
Екі ит еріп үреді.
Ит жемес асынан дәметеді.
Қазаныңнан қақпақ кетсе,
Иттен қанағат кетер.
Ит тойған жеріне,
Ер туған еліне.
Иттің табаны қышыса, керуенге ереді.
Ит итті жұмсайды,
Ит құйрығын жұмсайды.
Жақсы ит өлімтігін көрсетпес.
Ит иесі үшін жүгіреді,
Құс тамағы үшін ұшады.
Ит – жеті қазынаның бірі.
Итті тепкен ырысты тебеді.
Өлсе — ит терісі, өлмесе – қой терісі.
Иттің ырылдасқаны – амандасқаны.
Итке артқан қос жолда қалар.
Ит не жесе соны құсады.
Ит бір сүрінсе, қырық сүрінеді.