Intranet қосымшаларын құру және жоспарлау туралы қазақша реферат
Intranet қосымшаларының түрлері:
Web-технология — кәсіпорындағы әртүрлі ақпаратқа ұжымдық енуді жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Сервердегі ақпарат келесі топтарға бөлінеді:
— кәсіпорынның ортақ саясаты
— кәсіпорынның мақсаты
— тауарлардың тізімі
— байланыс адрестері мен телефон тізімдері
— түрлі есеп ақпараттары
— жоспарлар
Web-технологиясының негізі – HTML тілі болып табылады. Мәтіндік
процессорлар, электронды кестелер және мәліметтер базасын басқару жүйесі ақпаратты осы форматта сақтай алады.
Интранетті өте жиі корпоративті телефонды каталогтарға арналған платформа ретінде қолданады.
FTP (File Transfer Protocol) файлдарының хаттамалары файлға енуді жүзеге асырады. FTP – бұл файлдарды беру, яғни бір компьютерден екінші компьютерге файлдарды беру ережесін анықтайтын хаттама. FTP қолданбалы жабдықтау бағдарламасының атауы болып табылады. FTP хаттамасын файлдарын қайта жіберу үшін пайдаланады. FTP хаттамасымен жұмыс жасау үшін файлдарды өзінізге алғыңыз келіп тұрған қашықтықтағы машинаға қол жеткізу қажет. Ол үшін кіру атауы мен тиісті пароль болуы керек. FTP хаттамасын қолдану үшін жұмыс машинасын ашып көрсету үшін FTP хаттамасына команда беру қажет. Сонда FTP хаттамасы қашықтағы машинадан файлды іздеуге мүмкіндік береді, яғни директориядан директорияға өтеді. Осы директориядан файлдарды қарайды. Файлдар сияқты олардың топтарын қайта жібере алады. Файлдарды деректерді қосарланған ақпарат ретінде ASCII-дегідей жібереді. ASC-ді қайта жіберу басқа алфавитпен кодталған компьютерден мәтінді қайта жіберу барысында деректерді автоматты түрде қайта кодтауға мүмкіндік береді. FTP хаттамасының түрінің ішінде анонимдік FTP хаттамасы болады. Анонимдік егер FTP хаттамасына жұмысты бастау үшін өзін дұрыс түрлендіру талап етілсе, онда ену атауын енгізеді. FTP хаттамалары деректер және командалар хаттамалары болып бөлінеді. Деректер шамамен барлық желілік кестелер түрлерін көрсетеді. Деректер – бұл кестенің 40%-н алып тұрады. Ал команда ретінде тек 4%-ы болады. Сонымен қатар FTP хаттамасын пайдалану мүмкіндігі пакеттік режимге эмайл бойынша кейбір серверлерінде тікелей диалогтың болмауы жұмысқа қолайсыз жағдай туғызады. FTP хаттамасы арқылы қызмет ететін арнаулы программасы бар желіге қосылған компьютер FTP-сервер деп аталады. Көптеген FTP-серверлер барлық адамдар үшін ашық болады, кез-келген адам одан администратор рұқсатымен әртүрлі мәліметтер ала алады. FTP-серверінің мәліметтермен қатынас құру үшін әркім стандартты кіру сұхбатын орындауы керек. Оның бір мысалы мынадай болады:
open ftp.relcom.su nameid password – FTP – серверге кірердегі сұраныс тізбегі, мұндағы:
open FTP – сервермен қатынас құру сұранысы;
ftp.relcom.su — FTP-серверінің қажетті ақпаратпен толықтырылған аты;
nameid – пайдаланушының кіру аты және оның почталық (E-mail) адресі;
Парольды немесе өз атын дұрыс енгізбегенде, FTP-сервер тек шектеулі командалар жиынын орындай алады, атап айтқанда:
help – сервер командалары бойынша анықтама беру;
quit – сеансты аяқтау.
Пароль мен атау дұрыс болса, қатынас құру құқығына байланысты командалар орындауға болады. Олардың құрамына мыналар кіреді:
сd каталог_аты – каталогты ауыстыру;
сd..- жоғарғы деңгейден каталогқа қайту;
get файл_аты — FTP-серверден файл алу;
binary – екілік файлдарды жіберу/алу режиміне ауысу (типтері exe, com, rar, tar, zip және т.б)
dir – ағымдағы каталог файлдары тізімін беру.
FTP-сервермен байланысу сеансында пайдалануға болатын командалар жиынтығын help командасы арқылы алуға болады.
Электрондық почта — хат алмасудың жаңа бір түрі болып табылады. Оның басты артықшылығы – жеделдігі болып келеді. Кәдімгі почтадан хат жіберу – бірнеше күнді алса, электронды почтамен хат жіберу – тек бірнеше секундтарды алады. Жер шарының кез-келген нүктесінен хаттың жауабын алу тек бірнеше минутта жүзеге асырылады. Сонымен қатар электронды почта көмегімен тек мәтіндік хаттарды ғана емес, графика мен мультимедия файлдары сияқты әртүрлі файлдарды қосуға болады. Электрондық почтаның хаттары – почталық жәшікте немесе жалпы бумаларда сақталатын ақпараттық ресурс болып табылады. Олар екі бағытқа бағытталған ағындарды құрайды, хаттарды браузерден шықпай тұрып та жіберуге және алуға болады. Жалпы бумаларда FAQ сұрақтары, кездесу жоспарлары және басқа топтық жұмыстар сақталады.
Ұжымдық жұмыс жүйелері — соңғы уақытта ұжымдық жұмысқа арналған көптеген қосымшалар пайда болды. Бұлар талдау құралдары, қаржылық құрылымды мәліметтер базасын, программалық жабдықтауды жобалау, құру. Мұндай жүйелер ұжымдық жұмысты басқару процесін жеңілдетеді. Олардың құрамында жобаның ағымдағы күйі туралы ақпарат, өнім спецификациясы, тұтынушының интерфейсі мен жалпы түрі, жоба тізімі, жоспарлары жайлы ақпараттар болуы мүмкін.
Жаңалықтар — кешенді қосымшалардың құрамына топтық әдіс пен жаңалық топтамасы кіреді. Жаңалықтар – сыртқы және ішкі корпоративтік каналдың негізінде ұйымдастырылған динамикалық түрдегі өзгеретін ресурс. Жаңалықтарды көрсету тикер көмегімен жүгіртпе жолы режимінде немесе сұраныс бойынша жүзеге асырылады. Жаңалық топтамасы – бұл жай ғана электрондық почта емес, жаңалық топтамасы – бұл түскен хаттардық ішінен әртүрлі белгілері бойынша таңдалатын хаттар.
Көптеген орта және ірі кәсіпорында күнделікті немесе ай сайын жаңалық бюллетеньдерін шығарып тұрады. Кәсіпорынның жаңалық бюллетеньдерін Intranet арқылы тарату тиімді шығаруды әзірлеуге мүмкіндік береді. Аудио және видео ақпараты бар бюллетеньдер өте жақсы көрінеді.
Жарнама тақталары, форумдар — жұмыс орындарының тізімдері туралы және төлем кестелері туралы ақпарат жарнама тақталарында ілінеді.
Кәсіпорын ішіндегі ұйымдастырылған форумдар жеке кездесуді талап етпейді, бұл жұмыс орнында ұйымдастырылатын ақпаратпен алмасу тәсілі.
Конференцияларды өткізу жүйелері — Intranet-тің коммерциялық телекоммуникациялық жүйелермен бірігуі – телефондық жүйелерді басқаруға жол ашады. Intranet желісі болашақта кәсіпорынның кез-келген бөлімінде аудио және видеоконференцияларды өткізетін және кәсіпорынның барлық бөлімдерін байланыстыратын телефон жүйесі болады.
Intranet қосымшаларын құру құралдары
Intranet қосымшаларының жаңа тез дамитын секторы ақпараттың жүйелерді өңдеудің келесі құралдарына ие болады:
— құжаттарды жариялауға және іздеуге арналған гипермәтіндік ақпараттық жүйелерді өңдеудің дәстүрлі құралдары. Оған келесілер жатады:
- HTML құжатының тілі негізіндегі гипермәтіннің редакторлары мен құраушылары.
- гипермедия материалдарын (график, аудио, видео) шығару және дайындау программалары.
- браузерлер – гипермәтін және гипермедияны қарау программалары.
- браузердің кеңею модульдері.
— дәстүрлі Intranet қосымшаларынан басқа қосымшаларға ұйымдастыруға арналған құралдары. Олар CGI және API Web-серверлер интерфейстері негізінде CGI – процедураларды орындау құралдарына ие болып, мәліметтер базасымен байланысты кеңейтіп, HTML – шаблондарын толтырады. CGI интерфейсі кез-келген программаны қамтамасыз етеді, сонымен қатар мәліметтер базасына ену программасын да қамтамасыз етеді.
— Intranet қосымшаларының программалау құралдары. Олар программалаудың әртүрлі жүйелерімен Java, JavaScript, Tcl және тағы басқа тілдерінде көрсетіледі. Мұндай құралдарды қолданумен құрылған қосымшалар кез-келген Web-сервер желісінен ашылады. Бұл қосымшалардың қызмет етуінің кеңеюі кезінде платформалық тәуелділікті сақтайды.
Intranet-тегі қосымшалар Internet-технологиялардың қолданылуына және Web-технологиялардың ерекшеліктеріне: HTML форматындағы гипермәтін, HTTP гипермәтінін беру протоколы және CGI серверлік қосымшаларының интерфейсіне негізделеді. Intranet-тің құрамды бөліктері – ақпараттың статистикалық және динамикалық жариялануына арналған Web-серверлер және гипермәтінді қарауға арналған браузерлер болып табылады.
Intranet-ті жоспарлау және құру
Intranet-ті жоспарлау негізі – бұл ішкі корпоративтік ақпараттық алмасудың тиімділігі және белгілі-бір мақсатқа бағытталу болып табылады. Осы мақсаттардан 2-3 маңызды құраушыларды бөлу қажет:
— HTTP(HTTPS) Web Интранет сервер;
— SMTP/IMAP e-mail почталық сервер;
Келесі серверлер немесе сервистерөте тиімді болып келеді:
— Messaging хат сервері (MSN_Messenger, Jabber);
— NNTP News жаңалық сервері;
— VOIP ішкі корпоративті телефон сервері.
Intranet – бұл корпоративті локальды немесе территориялы-таратытылған желі. Қазіргі кезде көптеген фирмалар Internet-те электронды бизнеспен айналысады. Ол аралас желіге ие болады, мұнда корпорацияның көп ішкі түйіндері Intranet-ті құрайды, ал сыртқы түйіндер үшін, яғни Web-серверлер үшін Extranet термині ұсынылады.