Инновация сөзі 1440 жылдары француз тіліндегі «жаңғыру немесе жаңару» әлде «зат жасаудың жаңа жолы» деген мағыналарды білдіретін, «innovacyon» сөзінен пайда болған.
Инновация дегеніміз ─ ғылыми техникалық прогресс жетістіктерінің нәтижесі болып табылатын жаңа технология. Бұл процесс негізгі капиталдың (өндірістік қорлардың) жаңаруын қамтиды.
Кәсіпорындағы инновациялық стратегияның қалыптасуы мынадай жағдайларға байланысты:
- жаңа техниканы жасап іске енгізудің тиімділігін арттырудағы ғылымның айрықша рөлі;
- өндірістің техникалық деңгейінің өсуі;
- жаңа техниканы жасап және іске асыру мерзімдерін қысқартудың қажеттілігі;
- өндіріс дамуының интенсивті факторларының артуы, олардың ғылыми техникалық прогресті экономиканың барлық саласында қолданылуына ықпал жасауы;
- ойлап тапқыштар мен рационализаторлардың творчествосын дамыту;
- жаңа өнімді шығаруда, кәсіпорындардың шығындарының көбейіп, экономикалық көрсеткіштерінің нашарлауы;
- техника мен технологияның тез арада моральдық тозуы;
- жаңа техника мен технологияны жылдам енгізудің қажеттілігі және т.б.
Инновациялық қызмет кәсіпорынның жұмыстары мен кезеңдерінің орындалуын қарастырады. Осы жұмыстардың көлемі мен мазмұны инновацияның түрлеріне және кәсіпорынның бар әлеуетіне байланысты. Инновацияның негізгі белгілерін қарастырайық:
Жаңалық (новизна). Бұл белгі негізінен өзгеру процесін сипаттайды. Жаңалық деңгейі жоғары болған сайын, материалды-заттай және адам ресурстарына инвестициялар көлемі үлкен болады.
Белгісіздік және теуекелділіктер. Сонымен қатар жаңалық деңгейі белгісіздік дәрежесін анықтайды, бұл жеткіліксіз тәжірибе мен жаңа идеяларды жүзеге асырудағы сәтсіздікпен түсіндіріледі. Тәуекелділік ең алдымен мынадан тұрады: нәтижелер тіпті жүзеге аспайды немесе кеш жүзеге асады және бұл бірінші кезекте кәсіпорынның имиджне әсер етеді. Нәтижелердің жүзеге асурылуы кезінде нақты шығандар елеулі түрде жоспардан артуы мүмкін, соңында бұл өнімнің бәсеке қабілеттілік деңгейін төмендетеді және нарықтағы орнын жоғалтады.
Жиынтылық. Инновацияларды жекеленген шаралар ретінде қарастыруға болмайды. Әр түрлі қатысушылардың жұмысын басқарушы қажеттілігі және инновациялық процестің бөлек кезеңдері жиынтылықтың белгісі болып табылады және бұл инновациялық процесстерді басқару бойынша дербес ұйымдық құрылымын қажет етеді.
Жанжалдық. Жоғарыда қарастырылған инновация белгілері тұлғааралық және іскерлік жанжалдардың себептері болып табылады. Негізінен көпшілік жағдайда жанжалдар кәсіпорын қызметкерлері жаңалықтар енгізу кезінде өзінің жұмыс міндеттерінен басқа жаңа қызметтер мен қосымша міндеттерді орындау уақытында пайда болады.
Инновацияның мынадай түрлері болады:
- Жаңалығына байланысты:
- базистік инновациялар, олар ірі зерттеулерді жүзеге асырады;
- жақсарту инновациялары, кіші және орташа зерттеулерді іске асырады;
- жалған инновация, техника мен технологияның ескірген бөліктерін біртіндеп жақсартуға қолданылады.
- Қолданылуына байланысты:
- өнімдік инновациялар ─ жаңа өнімдерді шығарып, қолдануға бағытталған;
- технологиялық инновациялар ─ жаңа технологияларды шығарып, қолдануға бағытталған;
- әлеуметтік инновациялар, жаңа құрылымдарды құруға бағытталған;
- нарықтық инновациялар, жаңа нарықтардағы өнімдер мен қызмет етуді тұтынуды іске асыруға бағытталған.
- Шығу көздеріне байланысты.
- ғылым мен техниканың дамуынан пайда болған инновациялар;
- өндірістің қажеттілігінен пайда болған инновациялар;
- нарықтың қажеттілігінен пайда болған инновациялар.
- Қайта өндіру процесіндегі рөліне байланысты:
- тұтыну инновациялары;
- инвестициялық инновациялар.
- Масштабына байланысты:
- күрделі инновациялар;
- жай инновациялар.
Инновациялардың классификациясына қарай отырып, жаңа енгізілімдердің көп түрлі болатынын байқаймыз.