Микро және макроорталығының жағдайына байланысты ұйымдардың стратегиясы келесі түрлерге бөлінеді:
1. Белсенділер – шығармашылық, шабуылдық, озықтар;
2. Енжарлар – бейімдеулік, қорғанулар , аутсайдерлер;
Белсенді стратегияларға: шабуылдық, авангардтық стратегиялары кіреді.
Енжар стратегияларына — тірі қалу стратегиясы, қорғану стратегиясы, еліктеу стратегиясы, тұтынушылардың сұраныстары мен қажеттіліктеріне көңіл бөлу стратегиясы жатады.
С. Д. Ильенкова инновациялық стратегиялардың келесі үлгілерін белгілейді:
1. Шабуылдық–фирмалар, өз қызметін кәсіпкерлік бәсеке принциптерінің негізінде құрайтындарға мінездемелі;
2. Қорғану–нарықта фирманың бәсеке позицияларын ұстап қалу үшін бағытталған;
3. Еліктеу–нарық және технологиялық позициялары мықты қалыптасқан фирмалар ғана қолданады, пионерлерге жатпайды;
4. Инновациялық стратегия, оның негізі тауардың тіршілік цикл теориясына салынған, яғни еңгізу, өсу, ер жету, басылу.
Д. Н. Оголева инновациялық стратегиялардың матрицасын ұсынады:
1. Жаңарту;
2. Технологиялардың жарым-жартысын жаңарту, жабдықтаудың және өнімнің жаңартулары;
3. Өндірістің жүйелік жаңартуы, жаңалықтардың кластерлерінің негізінде;
4. Радикал технологиялық шешімдердің еңгізуі және өндірістің өзгеруі.
А.М.Аньшин, А.А.Дагаев стратегиялардың келесі турлерін ұсынады:
1. Ұлттық экономика деңгейіндегі макроэкономикалық инновациялық стратегиялары;
2. Аймақтық инновациялық стратегиялар;
3. Салалық деңгейдегі инновациялық стратегиялар;
4. Микро деңгейдегі инновациялық стратегиялар.
Қазақстандық экономист Абдыгаппарова А., инновациялық процестердің стратегия үлгілерін анықтап қарайды:
1. Қалдырылған стратегиясы — ескірген тауарлармен нарықта қалу ұмтылысын көрсетеді;
2. Қорғану стратегиясы- бәсекешілерден қалмау мақсатын көздейді;
3. Еліктеу стратегиясы — инновациялардың өндірісін патент лицензиясы мен франчайзинг негізіне бағытталған;
4. Технологиялық жұлқыну стратегиясы–алдыңғы сатылардың технологияларын өтіп кете отырып, жаңа өнімдерге көшу;
5. Артықшылықтардың салыстырма стратегиясы- кәсіпорынды дара қорлық потенциалымен қамтамасыз ететін өнімнің өндірісі;
6. Тәуелді стратегиясы- кіші фирмалар ірі фирмаларға тәуелді болғанда ғана;
7. Жаңа нарыққа шығу стратегиясы – нарыққа жаңа, ешкім өндірмейтін өніммен шығу;